Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
95.15 Кб
Скачать

65. Азаматтық құқықтың қайнар көздрері:

-ҚР Конституциясы

-Құрамында азаматтық құқықтық нормалары бар нормативтік құқықтық актілер

66. Азаматтық құқык нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы катынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Кұқық қатынастарына катысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).

Жеке тұлға- белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.

Заңды тұлға- заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б.

Құқық қабілеттілік-құқықты иелену мен заңдық міндеттерді иелену қабілеттілігі.

Әрекет қабілеттілік- Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық ұқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

67.Мәміле-субъектілердің азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе толықтыруға бағытталған әрекеттері. Мәміле адамның еркіне байланысты болады. Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Келісімшарт-екі немесе одан да көп тараптардың нақты бір іс-әрекет жасау үшін немесе өз құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және толықтыруға байланысты келісімге келуі.

Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

  1. мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;

  2. әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;

  3. мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;

  4. мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

Мәмiленiң нысаны

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

68. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады.

Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.

1.Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.

2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

*Талап қою мерзiмiнiң өтуi:

1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса;

2) мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):

3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген әскери бөлiмшелер құрамында болса;

4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса;

5) тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру (Қайталау????)

1. Ерекше жағдайларда, талапкердiң жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсiз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде танылады.

2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуына байланысты заң құжаттарына сәйкес талапкердiң тап сол iс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды.

69. (тетрадь) Еңбек құқығы-азаматтардың еңбек етуіне байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.  Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада: ?????

1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларыныңбасты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының мəнін жəне оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек береді;

2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;

3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді, себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;

4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;

5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерінжəне олардың кепілдіктерін көрсетеді.

??? Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi: 

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу; 

2) еңбек бостандығы; 

3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу; 

4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 

5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы; 

6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 

8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi; 

9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету; 

10) әлеуметтiк әрiптестiк; 

11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу; 

12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.