Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip_2042.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
885.25 Кб
Скачать

1.2 Кен орнына жалпы шолу

Кеңқияқ мұнай кеніші Қазақстан Республикасының Ақтөбе обылысында орналасқан. Кеніш Ақтөбе қаласынан 220 км, Темір қаласынан 70км қашықтықта оңтүстікке қарай орналасқан. Кенішке жақын орналасқан Кеңқияқ және Саркөл елді мекені бар. Кеніш аумағын Темір өзені кесіп өтеді. Кеңқияқ кенішінен Россияның Орск қаласына ұзындығы 115 км мұнай айдау құбыры тартылған. Кеніштің тұз үсті мұнай комплексінің аумағы 2673,8 га ( 27,27 км2).

Географиялық жағдайы жазық, жартылай шөлейтті аймақ. Рельефі теңіз деңгейінен 170-230 м биіктікте, жазық-қыратты. Ауа-райы қатаң континентік, жазғы орташа температура +34 – 400С, қысқы орташа температура –35 – 400С. Желдің негізгі бағыттары шығыстан, оңтүстүк-шығыстан батысқа қарай. Орташа жылдамдығы 5-6 м/сек, кейбірде 28 м/сек жылдамдыққа дейін қатты желдер соғады. Қыста қардың орташа қалыңдығы 17 см, тоңның қалыңдығы 1,8м. Жылдық ылғал көлемі 250 мм.

1932 жылы ашылған Кеңқияқ кұрылымында геологиялық барлау жұмыстары 1956 жылы басталды, бірінші мұнай ағыны 1959жылы төменгі триас (К-34 ұнғысы) және орта юра (К-17 ұнғымасы) екі құрылымдық-іздеу ұнғыларынан алынады. Сол жылдан бастап 1961жылға дейін барлау- бұрғылау жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде барлығы 42 барлау ұнғылары, 1 параметрлік ұнғысы және 21 құрылымдық-іздеу ұнғылары бұрғылынады. Нәтижесінде жоғарғы пермь, төменгі триас, орта юра және бор шөгінді кабаттарынан мұнай кеніштері табылды.

Бұрғыланған ұңғылар нәтижесі бойынша кен орынының мұнай қоры есептелді, кейін 1962 жылы сол есептеулер КСРО ГКЗ-сінде В+С1 2

категориялары бойынша 110,9 млн.тонна болып бекітілді.

1966 жылы кен орының сынақтық игеру басталды. Бұрғыланған 210 ұнғылары нәтижесінде “Ембімұнай” жасаған дәлірек есептеулер бойынша мұнай қоры көлемі өзгертіліп, 1970 жылы А+Б+ С1+ С 2 котегориялары бойынша 100,6 млн. тонна мөлшерінде бекітілді.

1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері

Кен орнын игеруге берген 1966 жыл мен 2006 жыл аралығында кенішті игеру тарихын 4 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең- (1966-1971ж) кен орнын табиғи режиммен игеру кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде кенішті игеру көрсеткіштері былай сипатталады: ұңғылардың тәуліктік өнімі жоғары- 3,9-5,3т; өнімнің сулануы төмен- 0-6,5%, көтеру дәрежесі- 0,87%, аралас сулануы- 3,6%.

Екінші кезең-(1972-1982ж), қабатқа бу айдау арқылы әсер ету жұмыстары жүргізілді, жылына 19,9-30,1 мың тонна бу айдалды. Кенішті игеру көрсеткіштері өнімнің сулануының жоғарлауымен- 9,6- 54,9%, (1972-1978ж), мұнайды тәуліктік өндіру 4,6-1,6 тоннаға дейін төмендеді. (1972-1982ж).Мұнайды өндірудің жылдық көрсеткіші- 302мың тоннадан 425 мың тонна аралығында болды. Өнімнің аралас сулануы- 29,7% құрады.

Үшінші кезең- (1983-1996ж) кенішті игеру қабатқа бу айдау арқылы жүргізілді.

Оңтүстік қанаттың батыс бөлігінде кенішті игеру жаппай бу айдау арқылы жүргізілді, ал солтүстік қанатта және оңтүстік қанаттың шығыс бөлігінде кен орны табиғи режиммен игерілді.Көптеген ұңғылардың бу айдау арқылы игерілуі нәтижесінде, жылдық мұнай өндіру көрсеткіштері- 281,3 мың тоннаны құрады, бірақ мұнай өндіру (1983ж)- 1,7тоннадан (1986ж)- 0,9тоннаға дейін түсті. Қабатқа жаппай су айдау нәтижесінде өнімнің сулануы жоғарылады. Аралас сулану-49,7% құрады.

Төртінші кезең- (1997-2006ж) кенішті игеруді бақылау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде өнімі суланған ұңғылардың бірталай бөлігі жабылып қана қоймай, қабатқа су айдау ұңғылары да тоқтатылды.

Пайдалану ұңғыларының саны 420-430 құрады, тәуліктік мұнай өндіру- (1,3-1,7т), сулану- 54,4% құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]