
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.1 Әдеби шолу
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
- •2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері
- •2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы
- •2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары
- •2.3.2 Құбырларды дайындау
- •2.4 Құмды тығындардың пайда болуы
- •Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары
- •2.5.1 Ұңғыманы жуу
- •2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу
- •2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту
- •2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
- •2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
- •2.7.1 Якорьлер қолдану
- •2.7.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
- •2.7.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
- •3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
- •3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
- •3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар
- •3.4 Электр қауiпсiздiгi
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
- •3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
- •3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
- •3.7.1 Атмосфераны қорғау
- •3.7.2 Гидросфераны қорғау
- •3.7.3 Литосфераны қорғау
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
- •4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
- •4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
- •4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
- •4.3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштердің талдауы
- •4.4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік шығындырды есептеу
- •4.5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу
4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
алу ерекшеліктері
Еңбекті ұйымдастыру қай мекемені алса да, оның ішінде мұнай өндіру өнеркәсібінде өндірісті ұйымдастырудың бір бөлігі болып саналады. Оның үстіне тиімді жағдайды қарастыру, орналастыру және жұмыс уақытын, өндіріс құралдарын дұрыс пайдалануын карастырады.
Жұмыста жоғары көрсеткіштерге жету үшін әрбір жұмыс орнында еңбекті дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Жұмыс орнын ұйымдастыруда оның жұмыс көлеміне, операциялар құрамына, жабдық саны мен көлеміне, еңбекті механизациялау дәрежесіне, өндіріс процестерінің түріне және басқа да факторларына байланысты ерекшеліктерін ескеру керек.
Кәсіпшілікте еңбекті ұйымдастыруға: жұмыс режимі, жұмысшы кадрларды орналастыру, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, таңдау, дайындау жұмысшылардың іскерлігін арттыру, өзара жарыс ұйымдастыру жұмыстары жатады.
Мұнай газ өнеркәсібінде жұмысшылар бригадаға бірігіп сменмен ауыспалы түрде жұмыс істейді. Бұлай бірігіп бригада түрінде жұмыс атқару түрлі мамандықтарды және еңбек түрлерін бекіту, қатарлау-жұмыс уақытын пайдалануын жақсартады және жұмысшылардың тар мамандануын жетілдіріп, олардың жұмысының бір калыптылығын төмендетеді. Бұл еңбекті ұйымдастыруды, жетілдіруді және оның тиімділігін арттырады.
Кеңқияқ кен орнында мұнай және газ өндіретін комплексті 4 цехта бірнеше бригада жұмыс істейді. Әр бригадада 20 адам. Жұмысшы вахталы-экспедициялық әдіспен 15 күннен жасайды және 4күн күндіз, 4 күн түнде арасында 2 күн демалыс жұмыс режимімен жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты күніне 8 сағат. Цех бастығы мен оның орынбасары қалыпты режиммен (5 күн жұмыс, 2 күн демалыс) жұмыс жасайды.
Жұмысшылардың еңбек ақысы немесе жұмысшылардың еңбегіне қарай кәсіпорыннан төленетін қаржы тарифті жүйемен төленеді. Инженер - техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалпы сипатты кестемен төленеді.
4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
Техникалық басшылық органдары (техникалық, геологиялық, өңдірістік бөлімдері) өндіріс резервтері болып табылады және өнімнің сапасын арттыруға, техника-технологияны жетілдіруге тікелей қатысты. Еңбек бөлімі қызметкерлерінің жұмыс күнін пайдалануын бақылайды, өндіріс деңгейінде еңбек ақысын төлеуді басқарады.
Материалдық техникалық жабдықтау және финанс бөлімі материалды байлықтар қорының шығынын азайту шараларын қарастырады.
Жоспарлау бөлімі барлық техника-технологиялық жұмыстарды ұйымдастырады және әдістемелік нұсқау береді. Жоспарлау бөлімі сондай-ақ барлық жылдық жоспарлауын бақылап, оның орындалу барысын қадағалап отырады.
Техника-экономикалық бөлім тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жүргізілетін шараларды өткізіп, олардың жалпы тиімділігін есептеу түрінде береді.
Сонымен қатар мұнай газ өндірісінде мамандардың алатын орны ерекше. Жалпы қоғамның өндіруші күштерінің неғұрлым бағалы және маңызды бөлігі-мамандар. Еңбекшілердің мамандандыру дәрежесінің олардың дұрыс пайдаланудан айналып келгенде өндірілген өнімнің көлемі мен қосымша өсу қарқыны, ғылыми прогрестің өсу карқыны, материалды техникалық базаны пайдалану және жалпы өндіріс тиімділігіне тәуелді болады.
Мамандар коғамның өндіруші күштерінің неғұрлым жылжымалы бөлігі. Мамандардың құрамы мен құрлымы техника мен технологияның, өндірісті басқару мен ұйымдастырудың өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Жұмысшылар өндіріске қатысуына байланысты негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі жұмысшылар - өндіріс процесіне тікелей катысады. Қосалқы жұмысшылар жөндеу, көлік және энергия шаруашылықтарында жұмыс атқарумен айналысады. Барлық жұмысшылар қолданатын құралдарға байланысты мамандықтарға бөлінеді.
1.Инженер техникалық қызметшілер. Өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқару қызметтері жатады.
2.Қызметкерлер. Есепке алу мамандары, шаруашылық қызметкерлері, жобалаушылар жатады.
3.Қызметшілер. Қызмет бөлмелерін күтушілер, күзетушілер өрттен қорғаушылар жатады.