
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.1 Әдеби шолу
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
- •2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері
- •2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы
- •2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары
- •2.3.2 Құбырларды дайындау
- •2.4 Құмды тығындардың пайда болуы
- •Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары
- •2.5.1 Ұңғыманы жуу
- •2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу
- •2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту
- •2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
- •2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
- •2.7.1 Якорьлер қолдану
- •2.7.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
- •2.7.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
- •3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
- •3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
- •3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар
- •3.4 Электр қауiпсiздiгi
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
- •3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
- •3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
- •3.7.1 Атмосфераны қорғау
- •3.7.2 Гидросфераны қорғау
- •3.7.3 Литосфераны қорғау
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
- •4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
- •4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
- •4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
- •4.3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштердің талдауы
- •4.4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік шығындырды есептеу
- •4.5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу
3.7.3 Литосфераны қорғау
Мұнай газ кен орнын игергенде жер беті мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен және минералдылығы жоғары сулармен ластанады. Мұнай және басқа компоненттер жерге тамып, гидронизация цементтелу сияқты процесстердің жүруіне әкеп соғады.
Бұл процесстер өсімдіктер әлемінің және өнімділіктің нашарлануына әкеліп соқтырады. Жер бедерінің бұзылуына байланысты эррозия, дефляция, криогенез процесстері жүреді.
Кен орнының грунтары сазды және құмды фракциядан тұрады. Жер бедері жалаң, сұрғыш қоңыр топырақты, горизонт қалыңдығы 25 см-ге дейін.
Ауаның және судың эррозиясынан жер бетін қорғау үшін көпжылдық өсімдіктер өсіріледі. Жер қойнауын қорғау негізгі жағдайлары:
-сепарация, мұнайды дайындау, жинау және тасымалдаудың герметизациясының болуы;
-авария кезінде ұңғылардың автоматты түрде тоқтауы;
-қабаттық және өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп пайдалану;
-транспорттың тек автожолдармен жүруін қадағалау.
Жер бедерінің бүлінуі және оны дұрыс пайдаланбау – жер беті және жер асты суларының, атмосфераның, өсімдіктер дүниесінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Кен орнын бұрғылау кезінде және игергенде жер бедерінің тепе-теңдік режимі бұзылатындығы белгілі. Су көп айдалған сайын қабаттағы судың минерализациясы күшейеді. Мұнайда, қабат суында, газда күкіртсутектің болуы қабаттың өткізгіштігін нашарлатады.
Мұнай және газ ұңғыларын қазуда, кен орнын игеріп пайдаланылғанда, барлық технологиялық процесстерде жер қойнауын қорғау өте маңызды.
Жер қойнауын қорғау шараларына мыналар жатады:
-ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының құлауын, жуу сұйықтығын жұтылуын, ластанбауды болдырмау. Бұл үшін мұнайлы, газды және сулы интервалдар бір-бірінен изоляциялануы керек. Ұңғы оқпанын кондуктормен, жоғары сапалы цементажды аралық пайдалану колоннасымен қамтамасыз ету.
Технологиялық схемалық бөлімдеріне сәйкес:
-жерасты және жер бетіндегі құрал – жабдықтардың герметизациясы;
-мұнайды жинау, дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесінің авариясыз сенімді жүруін қамтамасыз ету;
-технологиялық режимдегі ұңғылар жұмысын қабат құрылымының бұзылмауын және ұңғының уақытытынан ерте суланбауын қадағалау;
-сумен қамтамасыз ету жүйесінің тұйық түрін қолдану, өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп қолдану.
4. Экономикалық бөлім
4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Кеңқияқ кен орындарының тарихы ертеден бастау алады, яғни тұз үсті кеішін барлау 1959 жылы басталған.
Мұнай-газ өндіру басқармасының құрлымы:
-басқарманың бастығы және орынбасарлары;
-бас мамандар;
-бөлім басшылары және бөлімдері.
Еңбекті ұйымдастыру мәселесін “Еңбек қорлары” департаменті шешеді. Еңбек қорлары департаментінің құрлымы:
-кадрлар бөлімі;
-еңбек ақы бөлімі;
-бухгалтерлік есеп бөлімі.
Өнеркәсіптің даму тарихы: “Кеңқияқмұнай“ мұнай-газ өндіру басқармасы 1966 жылы құрылған 40 жылдық тарихы бар мекеме. Өндіріс көлемі Шұбарқұдық мұнай кеніші, Жақсымай мұнай кеніші, Кеңқияқ мұнай кеніші, Жаңажол мұнай кеніші, Қаратөбе мұнай кеніші және Ақжар мұнай кеніштерін игеру. Аталмыш кеніштердің жабылуымен өзге мекемелерге берілуіне байланысты 1997 жылдан бастап өндіріс көлеміне байланысты Кеңқияқ кенішінің тұз үсті және тұз асты қабаттарын игеру бекітілді. КМГӨБ “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” Ашық Акционерлік Қоғамының филиалы. 1966 жылы Кеңқияқ кенішінің алғашқы 1400 тонна мұнай өндірілді, 2005 жылы мұнай өндіру көлемін жылына 690270 тоннаға жетіп отыр.
Кәсіпорынның әсіресе оның өндіріс жұмысы бірқалыпты үздіксіз өтуінің бірден-бір шарты жабдықты жұмыс күйінде ұстау, жұмыс орындарын энергияның әр түрімен, негізгі және қосалқы материалдармен және көлікпен қамтамасыздандыру.
Негізгі өндіріске мұнай мен газды өндіру, құрғату, сепарациялау кіреді. Көмекші өндіріске ұңғы жерасты жөндеу, жылумен қамтамасыз ететін және канализация учаскелері және тағы басқалар кіреді. Мұнай газ өндірісінің кәсіпорындарында қосалқы өндіріс бөлімдерінің үлесі өте жоғары. Мұнай газ кен орындарында шектеулі қуаттылығы өндірістің техникалық жете камтамасыздандыруы нашар. Әрбір жаңа кен көзінде қосалқы өндіріс шаруашылықтары ұйымдастырылуы нәтижесінде мұнай газ өндіру аудандарында кәсіпорын саны бірталайға жетті.
Көмекші учаскілер мен қызмет атқаратын бөлімшелерді құру техникалық прогреске және өндірісті ұйымдастыруды жақсарту шаралары жұмысшыларды біртекті және күрделі жұмыстардан босатты.
Өндірісті дұрыс жолға қою және оның үздіксіз жұмыс жасауы көбінесе көмекші шаруашылықтарға байланысты болады. Көмекші цехтарды ұйымдастыру мұнай өндіру жоспарын орындау талабына сәйкес болуы керек.