Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip_2042.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
885.25 Кб
Скачать

3.7.1 Атмосфераны қорғау

Атмосфераны зиянды заттармен ластау көздеріне мұнайды ысытатын пештер, резервуарлар, аппараттар (буфелік ыдыстар, сораптар, сепараторлар) жатады. Атмосфера зиянды бүлінгенде, ауаға көмірсутектер, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртті газ тарайды.

Жұмыс зонасы үшін ПДК:

Көмірсутектегі 300 мг/м3, азот оксиді 5 мг/м3, көміртегі оксиді 30 мг/м3, күкірт газ 10 мг/м3 дейін, ал елді мекендер үшін: көміртегі 5 мг/м3, азот оксиді 0,085 мг/м3, көміртегі оксиді 5 мг/м3, күкіртті газ 0,5 мг/м3 дейін ғана рұқсат етіледі.

Ауаның ластануының негізгі көздері. Құмкөл кен орнында қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар мұнай ысыту пештері, резервуарлар, аппараттар, газды турбиналық двигательдер, жылумен қамтамасыз ету орындары, факельдік жүйелер болып табылады.

Технологиялық құрал – жабдықтардың әсерінен ауаның бүліну себептері: коррозия әсерінен болатын авариялар, құбыр өткізгіштердің жарылуы, олардың дұрыс жалғанбауы, амбарлардың пайда болуы және тағы басқа жағдайлар.

Кен орнын пайдалану кезінде жыл бойына ауаның ластануы 27728 т/жыл. Оның ішінде азот оксиді – 472 т/жыл, көміртегі оксиді 13916 т/жыл, күкірт оксиді 102 т/жыл құрайды.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;

-магистральды құбыр өткізгіштерді конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газбен, конденсатпен, мұнайдың булану өнімі арқылы ластаудан сақтау;

-мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер кезінде жөндеуден өткізу;

-факельден бөлінетін зиянды заттарды 15 % азайтатын арнайы қондырғылар орнату;

-өндіру техникаларын, мұнай мен газды дайындап, тасымалдауға қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен, тұрған үйлердің шекарасында орналасуы керек. Өлшемі СН-245-71 және ОДН-86 сәйкес 300-1000 м болуы керек. Зонада зиянды заттар концентрациясы ПДК төмен болуы керек.

Мұнай ысытатын пештерде газ жанып болған кезде, кешендерде түтіндік газ пайда болады. Зиянды заттар атмосфераға аз таралуы үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-Жанудың оптимальды режим параметрін бақылау үшін пеш жұмыстары түгелдей автоматты түрде болуы керек.

Ауаның ластануын бақылау тапсырыс арқылы арнайы СЭС қызметкерлерінің көмегімен анықталады. Олар көмірсутектерді, азот оксидін, көміртегі оксидін, күкіртті газдарды бақылайды.

Бақылау нүктелері – түтіндік құбырлар, қондырғылардың технологиялық жағдайлары кем дегенде 3 аптада 1 рет, технологиялық құралдары зерттеу жылына 1 рет жүргізіледі.

3.7.2 Гидросфераны қорғау

Жер бетіндегі және жерасты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.

Су мен қамтамасыз ету көздеріне жерасты сулары жатады. Ішуге және технологиялық сумен жабдықтауға сеноман шөгінділеріндегі сулар пайдаланылады. Оның минерализациясы 1-1,2 г/л аспайды. ГОСТ 2874-82 бойынша «ішуге жарамды» деп табылған. Санэпидемстанция пайдалануға рұқсат еткен.

Техникалық сумен қамтамасыз ету үшін альбсеномандық су қолданылады. Ол кен орының шығыс шекарнасына таяу орналасқан.

Жерасты суларын қорғау мақсатында санитарлық қорғау зонасы жұмыс істейді. Ол жерасты суларын химиялық және бактериялық лас нәрседен қорғауға арналған.

Кеңкияқ кен орнындағы өнімді су қабаттары мергельді қабаттармен қорғалған.

Жерасты суларын қорғау үшін мына шарттардың орындалуы қатаң талап етіледі:

-сулы қабаттарды бұрғылау кезінде су алу және бақылау ұңғыларының дұрыс толық жұмыс істеуі;

-кен орнын игеру кезінде мұнай өндіру, айдау ұңғыларының жұмыстарының дұрыстығы;

-амбарлардың дұрыс изоляциялануы.

Ішуге жарамды су сумен қамтамасыз ету құралдары арқылы шаруашылықтарға, өртке қарсы, өндірістік технологиялық қажеттерді өтеуге таратылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]