
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.1 Әдеби шолу
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
- •2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері
- •2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы
- •2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары
- •2.3.2 Құбырларды дайындау
- •2.4 Құмды тығындардың пайда болуы
- •Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары
- •2.5.1 Ұңғыманы жуу
- •2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу
- •2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту
- •2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
- •2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
- •2.7.1 Якорьлер қолдану
- •2.7.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
- •2.7.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
- •3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
- •3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
- •3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар
- •3.4 Электр қауiпсiздiгi
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
- •3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
- •3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
- •3.7.1 Атмосфераны қорғау
- •3.7.2 Гидросфераны қорғау
- •3.7.3 Литосфераны қорғау
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
- •4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
- •4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
- •4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
- •4.3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштердің талдауы
- •4.4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік шығындырды есептеу
- •4.5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу
3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
“Өртке қарсы жөніндегі Қазақстан Республикасының заңының” 3-ші статьясы бойынша өртке қарсы іс-шаралардың негізгі принциптері, олар адамның өмірі мен денсаулығын қорғау. Бұл дегеніміз- еңбектегі адамдардыда қорғауды талап етеді. Соның ішінде- мұнай өнеркәсібі алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан бұл сала ерекше көз қарасты керек етеді.
Мұнай кәсіпорындарындағы кез келген бөлімшелердің өз өрт қауіпсіздік бөлімшелері, бұрышы болады. Және әр мекеменің өз өрт сөндіру машиналары болуы шарт.
Мұнай және газды өндіру обьектілерінде жұмыс істеу кезінде және өрт қауіпсіздік ережелрін сақтамаған жағдайда өрт немес жарылыстар болуы
мүмкін, ол газ жүйесінің саңылаусыздығының және мұнайдын төгілуінен болады. Сондықтан жер асты жөндеу жұмысы кезінде жұмыс алаңы мұнай төгілмеуі қажет, ал егерде төгілген жағдайда ол тазартылуы қажет және құммен көмілген болуы қажет. Әрбір өндіру обьектілерінде құм және өрт сөндіргіш болуы қажет. Әрбір жұмысшы өрт сөндіргішпен қолдануды жақсы білуі қажет.
Өрт сөндіргіш зат есебіне су немесе қатты заттарды қолдануға болады (құм, киіз), арнайы газдар оларға: азот, көмірқышқыл газы, көпіршік. Өртті сөндіру үшін жалынға механикалық әдіспен әсер етеді, оны ауадан шектеиді, суытады немесе жанғыш затты жану ошағынан алады. Бұл үшін су гидраннтарын, шлангілер, сағалар, көпіршік генераторларын, көпіршік камераларын, және тағы басқалар.
Өрт болған жағдайда өрт қорғаушыларына белгі беруі қажет ол радио байланысы, телефон байланысы арқылы немесе өрт дабылы арқылы хабарлауы қажет.
3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
Мұнай-газ өндіретін өнеркәсіп қоршаған ортаны ластайтын құрылымдарының ең негізгілерінің бірі болып саналады№ Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану жұмыстары қоршаған табиғат ортасы мен жер қойнауына техногендік әсер етеді.
Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау ҚР-ның күші бар заңдылықтары мен халықаралық нормалары мен ережелеріне сәйкес іске асырылу қажет.
ҚР-ның «Жер қойнауы», «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы», «Рұқсат ету туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану», т.б. актілер Заңының негізінде негізінде қаралып, 1996 жылдың 18 мауңсымында бекітілген «Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың жалпы ережелерінде» мұнай және газ кен орындарын өңдіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары бекітілген.
3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
Мұнай газ кен орнындарын өңдеуде гидросфераның (жер асты сулары мен ашық су жиналатын ашық керлер), атмосфера мен литосфераның (сыртқы жер қабатының) ластануы айтарлықтай қатер тудырады. Құрамында әртүрлі химиялық заттар бар қатты қалдықтар, сондай-ақ үстіртін ағынды сулар, жер үсті суларын, жерді, топырақты ластап, олардың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен биологиялық өнімділігін төмендетеді.
Біздің қарастырып отырған дипломдық жобада Кенкияқ кен орнында күрделі жағдайда ұңғы жұмысының тиімділігін арттыруда шығымның азаюынан негізінен СКҚ-дағы парафиннің жиналуы, су мен газдың көрінісі беруі, түбіне құмның жиналуы себеп болды. Қазіргі кезде Кенкияқ кен орнында ұңғы суларуы шамамен 80 пайызды құрайды. Ұңғыдан шыққан суды жер бетіне, су қоймаларына төкпей қайтадан қабатқа айдау керек. Өйткені ол су жоғары минералданған болып табылады және де оны тұрмыста қолдануға болмайды.
Кенкияқ кен орнында тұрмысты және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма қондырғыларынан алынады. 50-70 метр тереңдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады. Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді.
Жобамен таңдап алынған объектілерді іске асырған уақытта, қоршаған ортаға зиян келтіретін төменде көрсетілген факторлар болуы мүмкін:
1)ұңғыны жууға арналған сұйықтың буға айналуна байланысты улы газдар бөлінуі мүмкін.
2)осы сұйықтың жүретін жолдарының ашық тесігінен сыртқа төгілетін бөліктерінің жерге сіңіп өсімдіктерді құртуы.
Осы ай-толғақ факторлардың қоршаған ортаға зиянын келтірмеу үшін, біздің жобамен төмендегі шаралар болады:
1.Су қоймасын бі шықпайтындай етіп бекіту керек.
2.Су жүретін жолдардың ашық тесігі болмас үшін күнделікті бақылау
жасап, уақытында жөнделіп тұруы керек.
3.Ұңғыны пайдаланып біткеннен кейін, су қоймасының түбіндегі тұнбаларын айналадағы ортаға зияны шықпайтындай жерге көшу керек.
Олардың орнын ауданымен бірге ұңғы болмаған уақыттағыдай табиғи түрге келтіру керек.
Технологиялық құрал-жабдықтардан (резервуарлар мен аппаратар) зиянды заттардың бөлінуінің себептеріне төмендегі жағдайлар жатады:
а)фланц қосындысының саңылаусыздығы сақталмауы;
ә)коррозияның нәтижесінде апаттың болуы;
б)құбырлардың жарылуы;
в)жөндеу және алдын алу жұмыстарын кезіндегі ақаулардың орын алуы;
Үстінгі су сақтағыш қабаттар мұнай өңдіру кезінде мұнаймен және жол-жөңекей алынған сумен ластанады. Мұнайдың құрамында улы заттың болуы ауыз су мен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын сулар кері әсерін тигізеді.
Жер асты суларының ластануының негізгі көзі болып өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың, сонымен бірге ыдыстардан, құбырлардан т.б. қондырғылардан улы заттардың төгілуы болып саналады.
Мұнай өңдіру кезінде алынған қабат сулары жоғары минералданған болып келеді. Ол су жер үсті және жер асты суларының құрамына аз мөлшерде болса да қосылып кетсе, ауыз су ішуге жарамсыз болып табылады.
Мұнай жер қойнауы мен өсімдіктерге жағымсыз әсер етеді. Мұнаймен ластану негізінде жер қойнвуында көміртегі мен азот қатынасының артуы жер қойнауы мен өсімдік тамырларының қоректенуін бұзады.