
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.1 Әдеби шолу
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
- •2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері
- •2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы
- •2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары
- •2.3.2 Құбырларды дайындау
- •2.4 Құмды тығындардың пайда болуы
- •Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары
- •2.5.1 Ұңғыманы жуу
- •2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу
- •2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту
- •2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
- •2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
- •2.7.1 Якорьлер қолдану
- •2.7.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
- •2.7.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
- •3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
- •3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
- •3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар
- •3.4 Электр қауiпсiздiгi
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
- •3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
- •3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
- •3.7.1 Атмосфераны қорғау
- •3.7.2 Гидросфераны қорғау
- •3.7.3 Литосфераны қорғау
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
- •4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
- •4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
- •4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
- •4.3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштердің талдауы
- •4.4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік шығындырды есептеу
- •4.5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу
3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
Негізгі мақсат өндірістік жабдықтардың сәйкестілік дәрежесін бағалау, қорғау құралдарының және өндірістік ортаның стандарттарға сайлылығын, қауіпсіздік ережелерін мен нормаларын, және сонымен қатар басқарушылардың әсерін сәйкесінше орнату.
Еңбекті қорғау жағдайын келесі қатар бойынша тексереді:
-Тексеру объектілерін және оны мінездейтін параметрлерді таңдау;
-Тексеруді жүргізу жұмысын қадағалау;
-Алынған нәтижелерді қауіпсіздік нормативтерімен салыстыру;
-Нәтижелердің қауіпсіздік ережелері мен нормалардан ,жұмыс тәртібін орындауынан ауытқу себептерін анықтау;
-Ұйымдастыру-техникалық іс-шараларына керекті талдаулар мен толықтыру енгізу;
Еңбек ету жағдайын бақылаудың негізгі тәсілі- объектілерде профилактикалық жұмыстарын жүргізу, еңбек етуді қорғаумен байланысты сұрақтарды, жұмысшылар арасындағы жиналыстарда қарастыру керек. Және белгілі уақыт арасында нәтижелерді қортындылап отыру қажет.
Еңбек ету жағдайын тексеру жұмыстарын:
-Жұмыс істеу орындарында мастерлер мен бақылаудың бірінші сатысына жауапты мамандармен бірігіп күнде жүргізеді;
-Объекттер мен цех бөлімшелерінде- цех басшылары, олардың орынбасарлары, цех мамандары және т.б., бақылаудың екінші сатысына жауапты мамандармен бірігіп апта сайын жүргізеді;
-Цехтарда, кәсіпорын филиалдарында-ШМК(шектеулі мүмкін концентрация) жауапты мамандар және олардың жекелеген топтары, бақылаудың үшінші сатысына жауапты мамандар бірігіп жылына төрт рет жүргізеді;
-Филиалдар мен кәсіпорында- ААҚ “Ақтөбемұнайгаз” ШМК мамандары, оның жекелеген топтары, және бақылаудың төртінші сатысына жауапты мамандары жылына екі рет жүргізеді.
3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы жұмыстың көптілігімен және қиындылығымен ерекшеленеді және көптеген қауіпті сәттері болады. Қайғылы оқиғалардың басты себептері болып: дұрыс емес немесе қауіпті жұмыстарды қабылдау, қондырғының және аспаптардың жөнделмеуінен, жұмыс орнының нашар дайындалғаны , оқу ұйымының нашарлылығы және жұмыс аспаптарының дұрыстылығы.
Ұңғыны жөндеу жұмысы кезінде жиналған тәжірибеге сүйенсек қазіргі таңда еңбекті қорғау шараларында арнайы комплекстер жиналған, оның ішінде тенология және қондырғылардың сұрақтарына шешуге, жұмыс орнын дайындау және ұстау, жұмысты ұйымдастыру және өндіру ортасына жақсы жағдайлар құру.
Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін жер асты жөндеу жұмысының әрбір жұмысшысы қондырғыларды қалай қолдануының басты ережесін білуі қажет,механизмдер және аспаптардың қолдану ережесін және жұмысты орындау кезінде жұмысшының орындау ережесін білуі қажет.
Әрбір мұрананы периодты түрде тексеру қажет және 50 % жұмыс номиналынан асатын етіп статикалық жүктемеге сынау қажет. Пландық тексеру және мұнараны сынау реті мұнай газды өндіру басқармасымен және госгортехбасқармасының басшыларымен келісімімен жүргізіледі.
Жұмыс алдында аспаптардың, қолданылатын қондырғының жұмыс орнын тексеру қажет, егерде кемістік табылса оны жөндеу керек немесе ауыстыру қажет.
Көтеріп түсіру операциясы алдында тәльдік жүйені (арқан, шкив, блок, және тағы басқа) беріктікке және қауіпсіз жұмыс істеуіне сынау қажет. Бұл жұмыс тәльдік жүйені бос көтеріп түсіру арқылы жүзеге асады. Көп жағдайда тәльдік жүйенің қозғалмайтын қосылысына назар аудару қажет. Арқан брак болып саналады егер: арқан сымдарының 10% үзілсе немесе сыртқы сымдарының 40% үзілген жағдайда.
Элеваторды жұмысқа қоспас бұрын құлыптың дұрыстылығын қарау қажет, егерде құлып сау болмаса элеватор жүк көтеру кезінде, құлыптың ашылып кетуіне және жұмыс істеу персоналына зардап шегуіне және апатты жағдай туғызуға, ұңғыға құбырлардың немесе штангілердің құлауына әкеледі.
Жұмыс персоналына көтерілген жүктің астында тұруға болмайды.
Ұңғы сағасы аймақ күйіне басты назарын аудару қажет. Ол әрдайы таза және жөндеулі болуы қажет.
Ұңғыны жөндейтін бригада арнайы киімдермен, аяқ киіммен және арнайы қорғаныс қондырғылармен жабдықталған болуы қажет. Газды немесе токсикалық ортада жұмыс істегенде бригада арнайы противогаз немесе респератормен жабдықталған және үйретілген болуы қажет.