
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.1 Әдеби шолу
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
- •2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері
- •2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы
- •2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары
- •2.3.2 Құбырларды дайындау
- •2.4 Құмды тығындардың пайда болуы
- •Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары
- •2.5.1 Ұңғыманы жуу
- •2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу
- •2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту
- •2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
- •2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
- •2.7.1 Якорьлер қолдану
- •2.7.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
- •2.7.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
- •3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
- •3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
- •3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар
- •3.4 Электр қауiпсiздiгi
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
- •3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
- •3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
- •3.7.1 Атмосфераны қорғау
- •3.7.2 Гидросфераны қорғау
- •3.7.3 Литосфераны қорғау
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
- •4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
- •4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
- •4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
- •4.3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштердің талдауы
- •4.4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік шығындырды есептеу
- •4.5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу
2.7.1 Якорьлер қолдану
Технологиялық шаралармен қоса сепарациялық (якорьлер) және фильтрлеуші (фильтрлер) әдістер қолданылады.
Көпсатылы және тарелкалы якорьлер
Көп сатылы якорь бұл параллель жұмыс жасайтын, қарапайым, бір корпусты якорьлер жүйесі. Өнеркәсіпте көбіне үшкорпусты 89 мм-лі якорьлер қолданады.
Тарелкалы якорьді В. Ф. Троицки және В. В. Сазонов жасады. Бұл якорь өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Басқа якорьлердің құрылымымен салыстырғанда бұл якорьдің сору құбыршасы толассыз. Бұл оның ішінде құмның жиналуының алдын алады. Құбыршаға газды көпіршіктердің енуін алдын алу үшін оның кірісіне арнайы воронка орнатады. Бұл воронка төменге қарай бағытталған.
Сорап кірісіндегі құмның сепарациясы
Құмды якорьлар әр түрлі құрылымды болады. Олардың жұмыс жасау принцип: ағыстың жылдамдығы аз болғанда мұнайдан құмды бөлу және сорап кірісіне бағытталатын ағыстың қозғалыс бағытын өзгерту.
Құмды якорьлердің ең тиімді жұмыс жасайтыны айналымды типті құмды якорь (Cурет 2.7.1.1). Якорьге бағытталған сұыйқтйқ А саңылауынан өтеді. Содан соң аз диаметрлі құбыршадан 2 өтіп, корпусқа 3 түседі. Онда сұйықтықтың жылдамдығы төмендеп ағыстың бағыты өзгереді. Құм корпустың түбінде тұнады, ал құмнан тазарған сұйықтық сораптың кірісіне бағытталады. Якорь корпусы құмға толған соң оны жер бетіне көтеріп құмнан тазартады.
Сурет 2.7.1.1-Айналым типті якорь қайтадан ұңғының түбіне түсіреді.
Газды-құмды якорьлерді құм мен газ көп өндірілгенде қолданады. Газды-құмды якорь ЯГП-1 (Cурет 2.7.2.2) келесі жабдықтардан тұрады: екі камера – газды камера 4 және құмды камера 7. Олар бір- бірімен арнайы муфта арқылы 5 байланысқан. Бұл муфтада саңылаулар бар.
Якорьдің жоғарғы камерасында сору құбыры 3 орнатылған, ал төменгі камерада саптамамен 8 жабдықталған жұмысшы құбыр 6 бар.
Якорьді аударым 2 арқылы сораптың кірісіне 1 жалғайды. Аударым якорьдің корпусын сору құбыршасымен де байланыстырады. Құмды камераның төменгі бөлігінде бітеу муфта 9 бұралған.
Сорап жұмыс жасаған кезде сұйық ұңғыдан газды камераның саңылауына А барады, сонда газ мұнайдан айырылады.
1-сораптың кірісі; 2-якорьді аударым; 3- сору құбыры; 4- газды камера; 5- муфта; 6-канал; 7- құмды камера; 8-саптама; 9- бітеу муфта.
Cурет 2.7.1.2-Газды-құмды якорь
Содан соң сепарациядан өткен мұнай арнайы муфтадағы саңылау Б және жұмысшы құбыр арқылы құмды камераға бағытталады. Онда мұнайдан құм бөлінеді.
1-якорьдің жинаушы денесі; 2-тетік; 3-құбыр; 4-сораптың сору клапаны; а).тура типті якорь; б).айналым типті якорь; I-өнімнің сұйық фазасы; II-сұйық және құм; III-құм.
Сурет 2.7.1.3-Құм якорінің ұстанымды сұлбасы.
Содан соң сұйықтық құмды камераның сақиналы кеңістігі бойынша көтеріліп арнайы муфтадағы саңылау арқылы сораптың кірісіндегі сору құбыршасына 3 барады