
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.1 Әдеби шолу
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде ұңғыны пайдаланудың тәсілдері
- •2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері
- •2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы
- •2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары
- •2.3.2 Құбырларды дайындау
- •2.4 Құмды тығындардың пайда болуы
- •Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары
- •2.5.1 Ұңғыманы жуу
- •2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу
- •2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту
- •2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
- •2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
- •2.7.1 Якорьлер қолдану
- •2.7.2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері
- •2.7.3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту
- •3 Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі бөлімі
- •3.1 Нысанада еңбек ету жағдайы
- •3.2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар
- •3.4 Электр қауiпсiздiгi
- •3.5 Өртке қарсы іс-шаралар
- •3.6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар
- •3.7 Ластаушылардың сипаттамасы
- •3.7.1 Атмосфераны қорғау
- •3.7.2 Гидросфераны қорғау
- •3.7.3 Литосфераны қорғау
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 "Кеңқияқмұнайгаз" мгөб-н ұйымдастырудың сипаттамасы
- •4.1.1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
- •4.1.2 "Кеңқияқ мгөб-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы
- •4.2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары
- •4.3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштердің талдауы
- •4.4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік шығындырды есептеу
- •4.5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу
2.6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі
Ұңғыдағы құм тығындары мұнаймен немесе сумен жуу жұмыстарын арнайы жуу агрегаттарымен жүзеге асырылады.
Бұл агрегаттар сорап орнатылған тракторда немесе бөлек сорапты жуу қондырғыларынан тұрады.
Төменде келтірілген ұңғыны жуу есебін, жуу агрегаттарының жұмысын сипаттайтын негізгі параметрлерді білу қажет.
ЗИС НГ30-320 екі жүрісті поршеньді жуу сорабы үшін келесі мәндерді қабылданады:
Сораптың өнімділігі Q-20,8л/сек
Бір минут ішінде поршеннің екі жүрісті жүріс кезіндегі саны n-55
Поршень жүрісі S-360мм
Двигатель қуаты N-320 л.с
Қондырғының ПӘК і -0,80
Сораптың беру коэффициенті-0,9
Ұңғыны мұнаймен жуу есебі
Берілгені:
Q-6,5 л/сек мұнай шығыны;
L-130 м жуу құбырлары тізбегінің ұзындығы;
ν- 1,4 сек мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы;
δ- 0,9 мұнайдың меншікті салмағы;
-28м/сек
критикалық жылдамдық, жуу сұйықтығы
ретінде қолданылатын мұнай құрамындағы
құм бөлшектерінің құлау жылдамдығы;
Рш- шланга мен вертлюгтегі жоғалған арын . (ат) Сумен жуу кезіндегідей анықталады:
А6,А7,А8,А9,А10,А11-
шегендеу және жуу құбырларының өлшемдері
константасы
[5; 100].
Жууға қажетті сораптың лақтырысындағы қысымы
Тура жуу үшін.
Ламинарлы режим.
Турбулентті режим.
Кері жуу үшін.
Ламинарлы режим.
Турбулентті режим.
Жауабы: жууға қатысты сораптың лақтырысындағы қысымы: тіке жуу кезінде ламинарлы режимде 168,9 ат. қысымға, ал турбулентті режимде 170ат. тең, ал кері жуу кезінде ламинарлы режимде 161,7ат. қысымға, ал турбулентті режимде 163,2 ат. қысымға тең.
2.7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар
Ұңғыларды қиын жағдайда штангілі сораптармен пайдаланған кезде арнайы қорғаушы аспаптар немесе технологиялық әдістер қолданады. Бұлар сораптың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Көбінесе қиыншылықтар ұңғыны пайдаланғанда өндірілетін өнімнің құрамында газ немесе құм кездескенде пайда болады. Мұнаймен бірге қабаттан келген құм сорапқа барады. Бұл сорап бөлшектерінің жылдам тозуына әсер етеді және цилиндр ішіндегі плунжердің жұмысын қиындатады.
Құмның зиян әсерінен сақтау үшін негізгі технологиялық шаралар:
Ұңғыдан алынатын сұйықтықтың мөлшерін реттеу;
Арнайы типті плунжері бар сораптарды қолдану;
3. Сұйықтық ағысындағы құмның концентрациясын азайту. Бұл мақсатта сақиналы кеңістікке мұнайды құяды. Осының нәтижесінде сораптан өтетін сұйықтықтың ағысы жоғарылайды;
Құбырлы штангілілерді қолдану.
Технологиялық шаралармен қоса сепарациялық (якорьлер) және фильтрлеуші (фильтрлер) әдістер қолданылады.
Жыныстардың бұзылысын алдын алу үшін, өнімділікті қажетті деңгейге дейін түсіруге болады. Осының әсерінен фильтрлеудің жылдамдығы мен қысымның депрессиясы төмендеп, жынысқа әсер ететін факторлардың әсері азаяды. Бірақ жыныстар аз цементтелген болса, мұндай ұңғыларды осындай режимдер арқылы пайдалану экономикалық жақтан тиімсіз болады. Сондықтан, негізінен әр түрлі түпті фльтрлерді қолданады немесе түп аймағында орналасқан жыныстарды қатайтады.
Жасалуының конструкциясы мен технологиясы бойынша фильтрлерді құбырлы және гравийлі деп бөледі. Құбырлы фильтрлерді шегендеу құбыры немесе СКҚ арқылы ұңғыдағы шегендеу тізбегінің ішіне түсіреді. Оларды жай (саңылаулардың мөлшері 2,5-20 мм немесе құбырлардағы тесіктердің мөлшері 0,4-0,5 мм), күрделі, сымның орамынан жасалған (сымды), батырмасы бар (батырмалы) немесе сақинасы бар (сақиналы), металды- керамикалық, 1200ºС-та сутегі ортасында қыздырылған сығылған ұнтақтардан жасалынған және т.б. деп бөледі.
Гравийлі
фильтрлер жоғарыда (екі перфорацияланған
құбырлар арасында 20-25 мм ара қашықтығындағы
4-6 мм гравий фракциясының қабаты) және
ұңғыда (перфорацияланған құбырлардың
қабырғасындағы бөлшектердің қабаты)
жасалына алады. Ұңғы қабырғасын құрайтын
бөлшектерді қатайту үшін келесі шарт
орындалу қажет:
және
.
Мұндағы
- гравий дәндерінің диаметрі, олар
диаметрлерді тұрақтандырудың
грануламетриялық қисығының 50% және 100%
- на сәйкес келеді;
- құм дәндерінің диаметріне ұқсас;
құбыртесіктерінің
ашылуы;
Түп аралық аймақтың жыныстарын қатайту – әртүрлі заттар арқылы бөлшектерді бір бірімен байланыстыру, яғни, цементтің қоспасы, цементті-құмды қоспа, фенолмормальдегидті шайыр және т.б. арқылы. Қатайтуға арналған заттарды түп аралық аймаққа СКҚ арқылы айдалады. Ұңғының жұтушылық қасиетіне және қабат қалыңдығына байланысты айдау процессі бір немесе бірнеше қайталанады.