Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip_2042.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
885.25 Кб
Скачать

2.5.2 Ұңғыны бәз қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу

Бұл әдісті жуу суларын бойына сіңірген, тығындар жиі пайда болатын қысымы төмен қабаттардағы ұңғыманы жуу үшін пайдаланады. Қабаттардың жуу суларын сіңірмеуі үшін сулы-ауа қосындысын БӘЗ-бен бірге пайдаланады. БӘЗ мұнай су жапсарындағы беттік керілуді төмендету үшін қолданылады. Суға ол әрі түптік аймақтағы судың тез толық жойылуын да қамтамассыз етеді.

Ұңғыманы жуу үшін қолданылған өлі су жер асты қабаттарына терең еніп су мұнайды түптік аймақтан алыстатады. Осының әсерінен кеуек кеңістіктің бір бөлігіндегі су мұнайға өту жолын әлсіретеді. Түптік аймақтағы мұнай қабаттарын өндіруге кері әсерін тигізіп ұңғыманың шығымын төмендетеді. БӘЗ- дың біренеше түрлері бар: Сульфанол, сульфанатрий тұзы, т.б. аэрозольді сұйықтықпен жуу үшін құралды ұңғыма сағасына орналастыру жолдары мана суретте көрсетілген. Ұңғымаға жуу құбырын (10) түсіреді, ол құмды тығынан 10-15 м жоғары (12) тұрады. Вертлюгке жалғастырылған жоғарғы құбыр кері клапанға бекітілген (9). Аэраторға (5) ауа және су жіберіп тұратын клапандар (4) орнатылған. Ұңғыма сағасы сальникпен саңлаусыздандыралған. БӘЗ-бен өңделген су жуу агрегаты сораптың көмегімен (13) аэраторға түседі. Жуу процесін бақылау мен реттеу вентил (3), шыған өлшегіш (2), манометр (7) және шығару тетігі (6) арқылы жүргізіледі. Құбыр аралық кеңістік арқылы жоғары көтерілген жуылған тығын сызық (11) арқылы сыртқа шығарылады.

Жуар алдында БӘЗ-ды жеке ыдыста не агрегат ыдысында дайындайды. БӘЗ-ды су қосу арқылы (% суда) даярлау мөлшері:

Сульфанол — 0,1-0,3

Сульфанатрий тұзы — 1,0-2,0

ОП-7 және ОП-10 — 0,05-0,1

ДС-РАС — 0,5-1,0

Су мен ауаның мөлшерінің арақатынасы ұңғыманың аймақтық өткізу қабілеті мен қысымына байланысты болады. Агрегат сорабын іске қосып, ауа винтилін ашып, БӘЗ-бен өңделген сұйықтың аэрациялық процесін реттеп отырады.

Циркуляциясын қалыпқа келтірген соң ұңғыманы жууға кіріседі. Су мен ауаның арақатынасын реттеген соң жуу құбырларын жалғастырып отыру қиындық тудырмайды.

1-құбыр; 2- шыған өлшегіш; 3- реттеу вентил; 4- клапандар; 5-аэратор; 6- шығару тетігі; 7- манометр; 9-клапан; 10-жуу құбыры; 11- жуылған тығын сызық ;12-құмды тығын; 13-сорап; 14-сыйымдылық.

2.5.2.1-сурет. БӘЗ қосылған аэрозольді ерітіндімен ұңғыманы жуудағы жабдықтардың орналасу сұлбасы

2.5.3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту

БӘЗ-дың сумен белгілі дәрежедегі концентрациясын жасап алған соң (5 кг сульфанол 1м3 суға) бұл қоспаның ауамен қатынасында (1:20 — 1:40) тұрақты көбік пайда болады да, оны ұңғыманы жууға пайдаланады. Ұңғыманы көбікпен жуудың технологиялық процесі аэрозольді сұйықтың БӘЗ-бен қосындысымен жуу тәсілі сияқты жүргізіледі. Аэрозольді сұйыққа қарағанда көбіктің артықшылықтары бар: түптегі сұйықтың қысымы жуу процесі кезінде әлдеқайда төмен болады — себебі көбіктің тығыздығы төмен, көбік тығынды жақсы тазалайды, бұл жуу процесін жылдамдатады, көбік қабатқа сіңбейді.

Түптік аймақ қабаттарында бұзылуды болдырмау үшін жуудың үзіліссіз жуу қондырғысын пайдалану керек. Ол үшін ұңғыға құмды тығыннан 15 м биік 63 мм құбырды түсіріп ал ішіне штангамен 38 мм құбыр жібереді. 38 мм-лік құбырдың ұзындығы құмды тығынның биіктігінен 10-15 м биікте болу керек.

Тройникке планшайба орналастырылып, 38 мм-лік құбыр түсіріледі. Ең соңғысына манжета және тесікті ауыстырғыш кигізіледі. Сосын штанга түсіріліп, муфта мен сағалық білік орнатылады.

Көбік 63 мм-лік компрессорлық сорапты құбырға беріледі, аудармадағы тесік арқылы 38 мм-лік жуу құбырына енеді де, құбыр аралық кеңістік арқылы жоғары көтеріледі. Штангалар тоқтаусыз көбік жіберуін жалғастырады.

Құмды тығындарды көбік арқылы жою процесі мына тәртіппен іске асырылады: ұңғы сағасын берілген схема-сурет (IV-10) бойынша реттейді. Түсірілген жуу құбырларында (құмды тығыннан 10 м жоғары) тура жууды сулы БӘЗ қоспасымен іске асырады. Егер ұңғымада мұнай болса, алдын ала сулы БӘЗ қоспасымен сәйкес ыдыстарға итеріп шығарады да, бірте-бірте айдау сызығымен смеситель арқылы ауа береді. Пайда болған көбік жуу құбырына айдалады. Көбіктің тұрақты айналу режимі қалыптасқан соң, сулы БӘЗ қоспасының айналу шығыны 1,5-3,0 м/с азаяды. Бұл аэрация дәрежесіне, қабаттың қысымына байланысты.

Көбікті пайдаланған кезде мына нәрселерді есте ұстау керек: ұңғымадағы компрессор мен сорап жұмысын аяқтаған кезде де көбіктің қозғалуы жалғаса береді. Бұл ұңғыдығы қысымның төмендеуіне әкеледі. Көбіктің тұрақты айналуы жуу құбырының батырылуы ұңғыманың жуылуын қамтамасыз етеді. Кезекті қосқұбырды құмды толық жойған соң өсіреді. Сондықтан қатты бөлшектерді жою биіктігі 50-60 метрлік құм тығындарын жуғаннан кейін іске асырылады. Бұл операцияны мына тәртіппен жүргізеді: құм тығынын жууды ұңғымаға қосқұбырды толық түсірген соң жүргізу, осыдан кейін келесі

қосқұбырды салу. Осы тәртіпті 50-60 метрлік құм тығынды жуып біткенше қайталайды. Тығынды толық шығару үшін ұңғымаға көбік айдау жалғастырылады. Егер құм тығынның биіктігі 60 метрден көп болса, онда барлық құм тығындарын жоя отырып, осы реттілікпен ұңғыманы жуады.

Жуу аяқталған соң сүзгілік аймақты саздардың жұқа дисперстік бөліктерін толық шығару үшін көбікті айдауды 1 сағаттан көп жүргізеді. Сұйықтың қабаттан ерте құйылуын және түптік аймақтың бұзылуынан сақтау үшін ұңғыманың түбінде қарсы қысым туғызатындай аэрация дәрежесін азайту үшін компрессор мен сорапты тоқтату керек.

Көбік жасауға анионактивті БӘЗ-ды қолдануға болады. Ұңғыманы көбікпен жуу тәжірибесі көрсеткендей БӘЗ мөлшерін сұйық көлеміне байланысты 0,4-0,6% қолдану керек. Жуып болған соң көбікті азайту үшін жуу құбырларына БӘЗ-бен өңделген мұнай, не судың белгілі көлемін айдайды. Мұнда кері клапан астында ауа жиналады, яғни қалдық қысым пайда болады. Бұл өте қауіпті.

ВНИИТБ жуу құбырындағы қысымды азайту үшін қондырғы ойлап шығарды. Бұл еңбек қауіпсіздігін арттырады, еңбек жағдайын жақсартады.

Қондырғы тұрықтан, оқпаннан, манжетпен нығыздалған басу втулкасынан, наконечниктерден, муфтадан, шығару бөлігінен, лақтырыс желісінен тұрады. Оқпанға төменгі жағында 4 тесігі бар конус бегітілген. Конустың төменгі жағында кері клапанның құрылысына байланысты оның ұзындығын өзгерту үшін қолданатын алмалы наконечник бұралатын бұранда болады. Ұзындықты өзгерту үшін арнайы кілт қолданылады. Қысымды азайту мына ретпен жасалады. Кілтті айналдырғанда втулка оқпанға тіреліп наконечникті төмен түсіреді, ол кері клапанның табағының сырығына тіреліп келесісін ашады. Қысымдығы көбік не ауа конус тесігі арқылы шығару бөлігіне, атмосфераға шығарылады да, қондырғының жоғарғы бөлігін алып тастап алғашқы жағдайға келтіріледі.

Ұңғыманы аэрозольді сұйықпен, көбікпен жуу қабат қысымы аз болған жағдайда және судың жұтылуы көп болғандықтан басқа әдісті қолдану мүмкін болмайтын жағдайда қолданылады.

Құм тығынын аэрацияланған сұйықтықпен, көбікпен және сығылған ауамен тазарту.

Бұл әдістерді ұңғымадағы сұйықтық деңгейі төмен болса және тығын борпылдақ жыныстардан тұрған жағдайда қолданылады. Ұңғыма сағасын герметизациялау үшін сальник қолданылады. Жұмысшы агент ретінде сұйықтық, көбік және сығылған ауа қолданылады.

Ұңғымадағы құм тығынын осындай әдіспен тазалаудың артықшылығы:

1) жуу сұйықтығы жұтылуының аз болуы немесе мүлдем болмауы;

2) құм тығынынан тазартылған ұңғыманы іске қосудың жылдам болуы;

3) тізбектің сүзгі бөлігінің төменгі жағын тазалау мүмкіндігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]