Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip_2042.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
885.25 Кб
Скачать

2.5.1 Ұңғыманы жуу

Ұңғыманы жуу үш түрлі жолмен жасалады: тура, кері, аралас (комбинированный).

Тура жуу. Жуу құбырларына сұйықтық құйылып, жуылған құм құбыр аралығындағы кеңістікпен жоғары шығарылады. Кері жуу жолында, керісінше, сұйықтық құбырлар арасындағы кеңістікке құйылып, жуылған құм жуу құбырлары арқылы көтеріледі.

Cурет 2.5.1.1 Тура жуу әдісі.

Аралас жуу алғашқы екі тәсілдің де қосындысынан тұрады.

Жуу жылдамдығы мен әсері оны жууға алынған сұйықтықтың сапасына, жуу тәсіліне, өндіру тізбегінің диаметріне, тығын сипатына байланысты. Құмды тығындарды жою үшін үш түрлі сұйықтық пайдаланылады, олар – мұнай, су, саз ерітінді: мұнай – таза мұнайлы ұңғымалар үшін, су – таза мұнай және су араласқан мұнай үшін, сазды ерітінді – қабат қысымы гидростатикалық қысымнан жоғары жерде қолданылады. Жуу сұйықтығы ретінде мұнай мен сазды ерітіндіні қолданған кезде арнаулы науа жүйесі мен шығарылған құмды сұйықтықтан ажырататын тұндырғыш қажет болады. Тура жуу кезінде тірек, жууға арналған құбыр вертлюг арқылы тура жуу тәсілімен сұйықтықты құбырға сораппен айдайды. Көтеріліп келе жатқан ағын жуылған тығынмен бірге құбыр арасындағы кеңістік арқылы сыртқа шығады.

Вертлюг ұңғыма аузына жеткенше жуу құбырларын төмен түсіреді.

Сосын сұйықтықты тазаланған тығын жоғары таза суға көтерілгенше қайта айдайды да, жаңа құбырмен ұңғыманы жууды жалғастырады. Тура жуудың әсерін күшейту үшін түрлі қондырғылар (мундштук-перо, фреза, Мельников фрезері, карандаш-мундштук, т.б.) қолданылады. Бұлар жуу сұйықтығының бұзып-жару әсерін күшейтеді.

Кері жуу. Кері жуу кезінде сұйықтық жуылған құммен бірге жуу құбыры бойымен үлкен жылдамдықпен көтеріліп, сыртқа үлкен мөлшерде ірі құмдарды шығарады. Бұл жуу процесін жылдамдатады. Кері жууда ұңғыма сағасының саңлаусыздығы үшін қайта жуу сальнигі қолданылады. Бұл сальник өзінен-өзі бекемделетін поршень сияқты. Жұмыс орнының жоғары шығып сыртқа төгілетін жуу сұйықтығымен ластанбауы үшін жоғарғы жағында «сыртқа шығару» тетігі бар.

Кері жуу тәсілінің негізгі артықшылықтары: сұйықтықтың үлкен жылдамдықпен шығуынан құбыр бойы үнемі толық тазаланып тұратындығы, құбыр жалғау кезінде жуу процесінің аз үзілісте болатындығы

Жуудың бұл әдісінің негізгі кемшіліктері: сұйықтықтың атылып ағу жылдамдығының төмендігі, жуылған құмның жоғарыға жай көтерілуі, құбыр жалғаған сайын ұңғыманы міндетті тазалап жуу қажеттілігі, әр процесс арасындағы үзілістердің көптігі, т.б.

Бұл тәсілдің негізгі кемшіліктері: құбырдағы ағын жылдамдығының жоғарылығы әсерінен түптегі қысымның үлкен мәнде болуы, бұл қабаттарға жуу сұйығының мол мөлшерде енуіне жағдай жасайды. Ұңғымадағы жуу сұйығын сіңіріп алатын сүзгінің толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Бұдай жағдайда Сурет 2.5.2-Кері жуудың сальнигі. аралас тәсілді қолдануға тура келеді.

Аралас (комбинированный) жуу. Жуудың аралас әдісінде инж. Б.И.Арутюновтың ПУ-1 жуу қондырғысы қолданылады. Бұл қондырғы екі циркуляциялық муфтадан, сақиналы кеңістіктен құбырға сұйықтықты бағыттау үшін ұзыны мен көлденеңінде тесіктері бар және керісінше жұмыс атқарады. Жуу қондырғысы ПУ-1-мен жұмыс мына тәртіппен жүреді. Ұңғымаға жуу құбырларын түсіреді, сосын оған осы қондырғыны жалғастырады, жоғарғы жағын құбырмен мықтап винттеп ұңғымаға түсіреді. Жуу құбырларының башмағы құм тығынынан 15-20 м жоғары тұру керек. Тізбектен шығатын жуу құбырларындағы сұйықтықты сыртқа шығаруға отводной головканы пайдаланады. Қайта жуу сальнигін ұңғыманың сағасына орнатып сол арқылы жуу сұйығын құбыр арты кеңістігіне айдайды. Жуылған тығын қоспасы құбыр арты кеңістігі арқылы циркуляциялық муфтаға шығарылады да, жуу құбырларына құйылып барып сыртқа шығарылады.

Құбырды жуып болғаннан кейін тізбекті құбырларды элеватор сальникке отырғызады, 1-2 м3 сұйықтықты айдайды (жуылған тығынды қауіпсіз биіктікке көтеру үшін, сосын жаңа құбарды жалғастырады). Бұл операциялар тығынның қуатына байлынысты бірнеше рет қайталанады. Жуып біткеннен кейін сағадағы сальникті орнынан алып құбырларды жуу құрылғысынан шығарады.

ПУ-1-ді ұңғыға түсірмес бұрын мыналарды тексеру керек: арнайы муфталардың тұрықпен резьбалық байланысының мықтылығын; циркуяциялық муфта мен тұрықты, құбырлы жеткізуші мен циркуляциялық муфтаны, көлденең және ұзына бойы тесіктердің байланысын, резиналы манжетаны қысу гайкасының мықты ұстап тұрғандығын анықтау және ол ішкі бетінен тұрыққа тығыз орналасқандыған, ал төменгі беті сақиналы қону жылғасына кіргендігін. ПУ-1-ді ұңғыға түсірмес бұрын резиналық манжетаға тавот жағу керек.

Ұңғымадағы сұйықтықты бойына тартып алатын құмды тығындарды жою. Қабат қысымы төмен болған ұңғыларды жуу кезінде сүзгілік аймақта жуу сұйығын сіңіру процесі жиі кездеседі. Осыдан кейін шығым азайып кетеді.

Таза мұнайлы ұңғыманы сумен жуу кезінде бірінші кезеңде мұнай шығымы тез азайып, ал кейбір жағдайда ұңғы бірнеше күн су беріп тұрады, сосын сұйық ағынында пленка тәріздес мұнай пайда бола бастайды.

Қайталап жуу кезінде де осылай болу жиі кездеседі. Пайдалану құбырын тесу кезінде төменгі қабатқа түскен құм ұңғыманы игеру кезінде ыңғайсыздық туғызады. Құм тығындарын жою кезінде жуу сұйыған қабатқа жібермес үшін аз қысымды ұңғыларда келесі әдістер қолданылады: қауға көмегімен, ауа үрлеу не ПАВ қосылған аэрозольді сұйықпен жуу және т.б.

Ұңғыманы қысылған ауамен тазарту. Бұл әдістің маңызы мынада: қысылған ауа сақиналық кеңістік арқылы түпке беріледі де тығынды босатып, оны жоғары қарай ұңғы ішіндегі сұйықтықпен шығарып тастайды. Сұйықты құбырдан сыртқа шығару үшін жуу головкасын қолданады. Қалыпты қысымды есептеуші манометр орналасқан ауа айдаушы сызықты сальникпен жалғастырады. Қысылған ауаның берілуін винтильмен реттеп отырады.

Терең сорапты ұңғыларда тығандарды жою үшін құбыр сорғышының плунжерін, не өзін пайдаланады.

Ұңғыны сығылған ауамен тазалау мына ретпен болады: пайдалану тізбегі мен жуу құбырларының арасындағы сақиналы кеңістікпен айдалған ауа құбырдағы сұйықтықты шығарып тастайды. Сұйық деңгейін түсіре отырып құбырды тығынға дейін жеткізеді және қалыпты қысымды бақылай отырып ауаны айдауды жалғастырады. Ескерту үшін кіру тесіктерінен 10-15 см-лік 4,6 шелді басының ұшынан оны айналдыра тесіп шығады. Сүзгіні бірте-бірте аша отырып жуу құбырын түпке түсіреді. Ұңғымаға ауа жіберуді тоқтатып сақиналы кеңістіктегі қысымды төмендетпей құбырды көтере бастайды. Терең сорапты ұңғымаларда ұңғыма қысымды жайлап төмендетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]