Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip_2042.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
885.25 Кб
Скачать

2.2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері

Кеңкияқ кен орнының қабат мұнайының тұтқырлығы жоғары және механикалық қоспалары көп. Қазіргі танда ең басты қиыншылық болып құмның мұнаймен бірге ілесіп шығуы. Құм (жыныс бөлшектері) қабаттан ұңғы оқпанына шығарылады. Ол аз цементті, жұмсақ қабаттардың қысымның градиенті немесе фильтрлеуді жылдамдығындағы қарқын әсерінің бұзылуынан пайда болады. Қабаттан құмның шығарылуы әсерінен түп аймағындағы орналасқан жыныстардың беріктігін бұзады, соның әсерінен олар құлап, пайдалану тізбегін деформациялайды, кейде тіпті, ұңғыны да тоқтатады.

Ұңғыға келген құм, оның түбінде тұнып, нығыздауышты түзеді. Бұл ұңғының өнімділігін азайтады. Түп аймағынан құм нығыздауышын жою мақсатында жүргізілетін жөндеу жұмыстары мұнай өндірісін біразға тоқататады. Ұңғыдан шығарылып жатқан құм пайдалану қондырғыларын тоздыртады.

Құмды тығындарының түзілуі мұнай өндірісіндегі ең көне қиыншылықтардың бірі болып саналады. Тығындар көбінесе Азербайджан, Краснодар, Туркмения, Батыс Сібірдің горизонттарындағы ұңғыларын пайдаланғанда түзіледі. Осыған қоса олар қабатқа жылулық әсер еткенде де пайда болады.

Құм (жыныс бөлшектері) қабаттан ұңғы оқпанына шығарылады. Ол аз цементті, жұмсақ қабаттардың қысымның градиенті немесе фильтрлеудің жылдамдығындағы қарқын әсерінің бұзылуынан пайда болады. Қабаттан құмның шығарылуы әсерінен түп аймағындағы орналасқан жыныстардың беріктігін бұзады, соның әсерінен олар құлап, пайдалану тізбегін деформациялайды, кейде тіпті, ұңғыны да тоқтатады. Ұңғыға келген құм, оның түбінде тұнып, нығыздауышты түзеді. Бұл ұңғының өнімділігін азайтады. Түп аймағынан құм нығыздауышын жою мақсатында жүргізілетін жөндеу жұмыстары мұнай өндірісін біразға тоқататады. Ұңғыдан шығарылып жатқан құм пайдалану қондырғыларын тоздыртады.

Ұңғының қалыпты жұмыс жасауы қабаттан құмның келуінен бұзылуы мүмкін. Соның әсерінен ұңғының белгілі интервалында құмды тығындар пайда болады. Қабаттар борпылдақ құмды жыныстармен құрылған ұңғыларда құмды тығындардың ұзындығы 200-400 м-ге дейін жетуі мүмкін.

Екінші бір басты зияны құмның тереңдік сорап жұмысына тигізетін кері әсерлері. Мұндай өнім терендік сорапқа ене отырып сораптың цилиндр-плунжердің қажалуына әкеліп соғады, клапандардың істен шығуына ал кей кезде плунжердің цилиндар ішінде тұрып қалуына және штангінің үзілуіне әкеліп соғады.

2.3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы

2.3.1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары

Ұңғыманы күрделі жөндеу – шегендеу тізбегінің, цемент сақинасының, түп аймағының жұмысын қалыпқа келтіру, апатты жою, сонымен қатар ажыратып игеру және айдау үшін жабдықтарды көтеріп-түсіру, оқшаулағыш пакерлер мен клапандарды, газлифтілі жабдықтарды жөндеумен байланысты жұмыстар жиынтығын қамтиды.

Жұмыс көлемі, олардың мінездемесі мен қиындық деңгейіне қарай ұңғымаларды күрделі жөндеу екі сатыға бөлінеді:

1.тереңдігі 1500м дейінгі ұңғымаларды жөндеу;

2.тереңдігі 1500м жоғары ұңғымаларды жөндеу.

Екінші сатыға тереңдігіне тәуелсіз, апаттарды және қиыншылықтарды жою, шегендеу тізбегінің майысқан немесе зақымданған аралықтарын ауыстырумен байланысты жұмыстар, қабатты сұйықтықпен жару; қатты мұнай-газ көрінісі бар ұңғымаларда жүргізілетін жұмыстар; көлбеу-бағытталған ұңғымаларды жөндеу; жөндеу-айыру жұмыстарының барлық түрі және қабатқа изотоп айдаумен байланысты жұмыстар; және технологиялық қажетті бірнеше реттік цемент құю.

Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері 2 – кестеде келтірілген.

Қандай жөндеу жұмысы болмасын, бірінші ұңғыманы жөндеуге дайындау керек. Жерүсті қондырғылары, жабдықтар және өлшеу-бақылау аспаптары тексерілуі және қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін талаптарға сай болуы тиіс.Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын, өндірістік қызмет көрсету базасы (БПО) тапсырыс бойынша келесі жұмыстарды атқарады:

  • су және жарық желілерін жүргізеді, жолдарды, мұнара немесе мачта орналастырылатын фундаментті жөндейді және көтеру қондырғысы немесе көтеру тракторына арналған алаңды дайындайды;

  • жаңа мұнараларды орнатады немесе ескілерін жөндейді, мұнара немесе мачта жабдықтарын тексеріп, жарамсыздарын алмастырады, «оттяжной» ролик орнатады;

  • ұңғымаға қажетті бұрғылау немесе сорапты-компрессорлы құбырларды жеткізеді.

Қалған жұмыстарды ұңғыманы күрделі жөндеу цехы атқарады.

Күрделі жөндеу шебері бригада келгенге дейін ұңғыманы тексеріп, дайындық жұмыстарының кемшіліктерін дер кезінде жоюы керек. Бригада келгеннен кейін көтергіш-трактор, қозғалмалы агрегатты орналастырып, талаптарға сәйкес жұмыс орнын дайындайды. Егер ұңғымада «оттяжной» ролик монтаждалған болса, онда көтергіш-тракторды жерүсті жабдықтарынан 10м биіктікте орнатады.

Күндізгі уақытта тәл жүйесін жабдықтау, жуу қондырғысын монтаждау, шлангіні манометрмен жабдықталған тұрық арқылы жуу желісімен жалғастыру, машина кілттерін жинау және оларды қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу керек. Жоғарғы машиналық кілт еркін ілулі, ал төменгісі арқанмен мұнара немесе мачта аяғына байланып қойылуы керек.

Кесте 2.3.1

Күрделі жөндеу жұмыстары

Шифр

Жұмыс түрлері

Техника-технологиялық талаптар

КР1

КР1-1

КР1-2

КР1-3

Жөндеу-айыру жұмыстары

Қабаттың суланған аралықтарын сөндіру

Бөлек қабаттарды сөндіру

Цемент сақинасының саңылауын жою

Жобаланған жұмыс көлемін орындау, өнімнің сулануын төмендету

Сөндірілетін қабат аралығындағы тізбек, цемент сақинасының немесе пакерлеуші қондырғының саңылаусыздығы

КР1-4

Пайдалану тізбегі сыртындағы цемент сақинасын арттыру

Өндірістік-геофизикалық зерттеулермен дәлелденіп, жобаланған жұмыс көлемін орындау, мұнай дебитін сақтау немесе арттыру кезінде өнімнің сулануын төмендету

Сұйықтық пен газдың беттік шығуын және тізбек сыртына өтуін болдырмау

КР2

Пайдалану тізбегінің саңылауын жою

Сынау кезінде тізбектің саңылаусыздығы

КР3

Бос бекітілген түп аймағы жыныстарын бекіту

Ұңғыманы пайдалану барысында құм шынымының болмауы (төмендеуі)

КР4

Ұңғыманы пайдалану және жөндеу барысында болған апаттарды жою (БОТЭС, СКҚ шығару, оқпанды тазалау, т.б.)

Жобаланған жұмыс көлемін орындау, қажетті тереңдікке дейін шаблон жүргізу

КР5

КР5-1

КР5-2

Басқа қабаттарға көшу және қабаттарды біріктіру

Басқа қабатқа көшу

Қабаттарды біріктіру

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

өнімнің сулануын төмендету және мұнай дебитін арттыру

КР6

Ұңғымаларды категориядан арнаулы категорияға ауыстыру

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

КР7

Ажыратқыш-пакерлермен (ОРЗ,ОРЭ) жабдықталған ұңғымаларды жөндеу

Жобаланған жұмыс көлемін орындау, пакер саңылаусыздығы. Мұнай дедитін арттыру

КР8

Екінші оқпанды кесу және бұрғылау

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

КР9

Айдау ұңғымаларын жөндеу

Жобаланған жұмыс көлемін орындау, тізбек пен кондуктордың саңылаусыздығы. Қоршаған ортаны қорғау.

КР10

Жұтатын және артезианды ұңғымаларды жөндеу

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

КР11

Өнімді қабаттың қанығуын зерттеу, ұңғыманың геологиялық қимасын нақтылау, пайдалану тізбегінің технологиялық жағдайын бағалау

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

КР12

КР12-1

КР12-2

КР12-3

КР12-4

КР12-5

КР12-6

КР12-7

Ұңғыманың өнімбергіштігін арттыру және қалпына келтіру

Қышқылмен өңдеу

Қабатты сұйықтықпен жару

ГПП жүргізу

Түп аймақты дірілмен өңдеу

Түп аймақты термо өңдеу

Түп аймақты еріткіштермен жуу

Түп аймақты БӘЗ-бен жуу

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

Мұнай ұңғымаларының өнімбергіштігін және айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын арттыру

КР13

КР13-1

КР13-2

КР13-3

Қабылдау профилін тегістеу

Суспензиямен өңдеу

Коагулянтпен өңдеу

Полимер және смоламен өңдеу

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

Су айдаудың тегіссіздік деңгейін азайту

КР14

Қосымша перфорациялау және торпеділеу

Жобаланған жұмыс көлемін орындау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]