Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.75 Кб
Скачать

2008 Жылы қосылған сұрақтар

  1. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды: Моңғол шапқыншылығы

  2. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдесі неше жылға кешеуілдеді: 150-200 жылға

  3. Этносаяси қауымдастық дегеніміз:белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары

  4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған:Ақ Орда тайпалары

  5. Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орынына уақытша аталған тайпалар: дулаттар

  6. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы Жетісу жері

  7. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын кім жазған: Рузбихан

  8. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді: Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде

  9. XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ... әсер етті.Ұлттық мемлкет болып құрылуына

  10. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы

  11. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басы

  12. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар: Керей мен Жәнібек

  13. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған: Есенбұға хан

  14. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: Мұхаммед Хайдар Дулати «Та’рих-и-Рашиди»

  15. Қазақ хандығының алғашқы территориясы: Шу мен Талас өзендері маңы

  16. Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны: 200 мың

  17. Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар : Сыр бойындағы

  18. XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Шайбани хан

  19. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты: Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды

  20. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы: Қасым хан

  21. Бұрындық хан билеген жылдар: 1480-1511 жж.

  22. Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді: Түркістан қаласына

  23. Қасым ханның билігі жүрген жоқ: Қырғыздарға

  24. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан Мұхаммед Шайбани

  25. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деп жарлық шығарған хан: Мұхаммед Шайбани хан

  26. Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары: 1503,1505,1506 жылдар

  27. Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер етті:Шайбанидың қаза болуы

  28. XVI ғасырдың I жартысындағы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды: Орта Азия мен Шығыс Еуропаға

  29. Хақназар хан билеген жылдар: 1538-1580

  30. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға: Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы

  31. Моғолстан ханы Жетісу мен Ыстық көлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастаған кезең: XVI ғасырдың 50-60 жылдары

  32. XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға: Ойраттардың тонаушылық жорықтары

  33. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті: Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары

  34. Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580

  35. Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген: Шығай хан

  36. Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл: 1582

  37. 1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам

  38. Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл: 1598

  39. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

  40. Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс: Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқандауы

  41. Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі: Қазақ хандығының жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алуы

  42. Есім ханның билік құрған жылдары: 1598-1628

  43. XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан: Есім, Тұрсын

  44. Есім ханның басты мақсаты:Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру

  45. 1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер: Айғыржар

  46. Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі Қорғанысты шайқас

  47. Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл: 1613

  48. Тұрсын ханның сенімді тірегі: Саны көп қатаған руы

  49. Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды: Ақша

  50. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты: 1627

  51. Тұрсын ханның бүлігі: «Қатаған қырғыны»

  52. XVII ғасырдың II жартысындағы қазақ хандығының астанасы: Түркістан

  53. XVII ғасырда қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған:Кіші хандардың дара билікке ұмтылуы

  54. 1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір

  55. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: Салқам Жәңгір

  56. Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ

  57. Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643

  58. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны: тоғыз

  59. Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680-1715

  60. Тәуке ханның тұсындағы астана: Түркістан

  61. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер: Күлтөбе

  62. Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті жарғы»

  63. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

  64. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды: Қарусыз келген адам

  65. «Жеті жарғы» бойынша хан:Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы

  66. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты:Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату

  67. 1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан

  68. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру

  69. Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі: Сот билігін, атқарушы өкімет билігін атқарды

  70. XVII ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы:Батыр

  71. Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл 1718

  72. 1728 жылы қазақ жасақтарының жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берген жер: Бұланты өзені

  73. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан: Әбілқайыр

  74. Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде жоңғарларға күйрете соққы берген жыл: 1729

  75. Сібір атауы түркі тілдес тайпалармен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған осы этникалық тобының атауынан шықты: «Сыпыра»

  76. Көшім Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар» жинағындағы дерек бойынша осы әулеттің ұрпағы: Шайбани

  77. Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін: Ислам

  78. Патша өкіметінің Сібір ханы Көшімді талқандап, жаулап алған жыл: 1598

  79. 1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке

  80. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша: I Петр

  81. В. Степанов бастаған орыс елшілерінің Қазақ хандығына келген жыл: 1595

8. XV-XVIII ғғ. Қазақтардың шаруашылығы,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]