Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.75 Кб
Скачать

2008 Жылы қосылған сұрақтар

    1. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім: тотемизм

    2. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 ж.ж.

    3. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: Арабтардың келуімен

    4. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ:Жетісу

    5. Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты: 633 ж.

    6. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы: Күтейба ибн Муслим

    7. Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет: Қарахан

    8. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазған араб ғалымы: Әл - Макдиси

    9. Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін: Ислам

    10. Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт: X ғ.

    11. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл: араб

    12. Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама:М. Қашғари

    13. М.Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра: «Түрік тілдерінің сөздігі»

    14. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы: Ұлы хас - хажип

    15. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама: Ж. Баласағұни

    16. «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі қай ғұламаның еңбегінде кездеседі Ж. Баласағұни

    17. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын: А. Иүгінеки

    18. Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан: «Ақиқат сыйы»

    19. VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы

    20. Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты: б.з.б. І мың жылдығы

    21. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны: 200 астам

    22. «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты: ХІ ғ.

    23. «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады: 12

    24. Қорқыт атаның туған жері: Қазақстан

    25. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк»

    26. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған: Ұмай анаға

    27. Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен және IX-X ғасырларда ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді: Қимақтар

    28. Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым: Ш.Уәлиханов

    29. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған: Әл-Фараби

    30. Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастаған уақыты б.з.д. ІІ ғасыр

    31. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі: Шығыс пен Батысты байланыстырды

    32. Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған: Үйсін мемлекеті

    33. Жібек жолының басы басталатын аймақ: Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені

    34. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: б.з.б. І ғасырдың ортасы

    35. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі: қытай немесе болгар бұрышы

    36. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: Соғды

    37. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония

    38. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала: Тараз

    39. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: б.з.б. ІІ ғ.ортасы

    40. Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды: 13 жылдан кейін

    41. Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар: жібек

    42. Қазақстанның Оңтүстік-Шығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы: Жетісу

    43. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік–шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук

    44. XVIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға: Монғол шапқыншылығы

    45. Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға: ХVІІ ғасырдан бастап теңіз жолдарының ашылуы

    46. Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:Иран шахына

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]