
- •4. Қазақстан территориясы түркілер кезеңінде
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •5. Ежелгі түркілердің шаруашылығы мен мәдениеті
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •6. Қазақстан территориясы XIII-XV ғ.Ғ
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •7. Қазақ хандығы
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •Мәдениеті және қоғамдық қатынастары
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
4. Қазақстан территориясы түркілер кезеңінде
ҮІ-ХІІ ғғ. қамтитын кезең Қазақстан тарихында қандай атпен аталады? Түрік кезеңі.
Қазақстан жері қай ғасырда құдіретті Түрік қағанатының ықпалына енді? ҮІ ғасырда
«Түрік» Этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездеседі? 542 жыл.
542 жылы «түрік» этнонимі бірінші рет қандай деректерде қолданылған? Қытай
Ерте Түрік феодалдық мемлекеттерін қалай атады Қағандық.
552 жылы Түрік қағанатының негізін қалаған кім? Бумын-Қаған
Бумын елді қай кезеңде басқарды? Түрік кезеңінде.
Мұқан қаған басқарған мемлекет: түрік қағанаты.
Түріктерді көрші тайпаларға щапқыншылық жасауының басты мақсаты не? Оларды құлға айналдыру.
Түріктердің этногенезінің жалпы ұқсастықтарын табыңыз.Түркі тілдес халықтардың Щығыстан Батысқа қоныс тебуі және түріктердің ерте феодалдық мемлекеттерінің құрылуы .
Шығыс Европадан Солтүстік манғолияға дейінгі жазық белдеуді мекендеген ең үлкен түркі тілдес тайпаларды атаңыз? Теле.
Қай қаған тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси Үстемдікке жетті? Мұқан.
Мұқан қай кезеңде ел басқарды? Түрік кезеңінде.
567 жылы Естеми қаған қай елге екі сауда елшілігін аттандырды? Иранға.
568 ж. Түрік қағанатының Константинапольге барған елшілігін кім басқарды? Көпес Маниях.
Түріктер мен соғдылар қандай жағдайға мүдделі болды?Византиямен тікелей сауда байланысын жасауға.
568 ж. Түрік қағанатының Маниях бастаған елшілігі Константинапольге барып, сауда келісімін жасады және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойды.
Түріктерге әскерін әкеткені үшін Ирандықтар жылына 40 мың алтын мөлшерінде алым- салық төлеп тұруға міндеттенді.
Эфталиттердің негізгі күштерін Түріктер Бұхар түбінде 587ж талқандап жеңді.
561-563 жж. Түріктер қай мемлекетпен эфталиттерге қарсы одақ құрды? Иранмен.
Түріктер қашан Жерорта теңізі елдеріне апаратын Жібек Жолы тармағының иесіне айналды? Орта Азияны жаулап алғаннан кейін.
Дала ақсүйектеріне үлкен олжаны не әкелді? Жаулаушылық соғыстар.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуіне байланысты Мүйізді ірі қара саны азайды.
Б.з.д.1ғ. ортасынан бастап Жібек жолы арқылы Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы буддизм тарай бастады.
7 ғ. Жібек жолы арқылы Сирия, Иран мен Аравиядан христиан діні тарады.
Түрік қағанатының шаруашылығы Жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы.
Түрік садақтары қандай болды Құрамалы.
Түрік қағанаттары әлемнің төрт патшалығының бірі болып есептелініп, қалай аталды? Солтүстіктегі жылқылар патшасының империясы.
6-10 ғасырда Қазақстанда болған мемлекеттер сипаты жағынан қандай болды? Ерте феодалдық мемлекеттер.
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына бөліну процесі қашан аяқталды? 603ж.
Батыс түрік қағанатына енген тайпалар «Он тайпа», 5 дулу, 5 нушиби
VI-X ғ Түрік қағанының сарайында мемлекет басқару ісінде маңызды рөл атқарған : Соғдылар
Батыс түрік қағанатының өзегін құраған жерлер. Қаратаудан Жоңғарияға дейін.
Батыс Түрік қағанатының орталық ауданы қай жерде болды? Жетісуда
Батыс Түрік қағанатының өзегі болған жерлер.Қаратау тауларынан Манчжурияға дейінгі жерлер.
Батыс түрік қағанатына қандай тайпалар енді? Усундер,қаңлылар, түркештер
VII ғ. Мемлекет "10 тайпа" мемлекеті атына ие болды? Батыс түрік қағанаты
Батыс түрік қағанатының астанасы Суяб
Батыс түрік қағанатының жазғы ордасын атаңыз? Мың бұлақ
Батыс түрік қағанаты басып алған жерлерде әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы Сақталды
Батыс түрік қағанатында сот билігін кім атқарды? Бұйрық
Батыс түрік қағанатында сот қызметін кім атқарған? Тархан
«Күлтегін-лабан», «инал-тегін», «яланшах» терминдері нені білдірді? Ортағасырлық қалалар билеушілерінің титулы.
Батыс түрік қағанатының орынбасары, алым-салықты бақылаушы Тұдын
Батыс түрік қағанатында ябғу, шад, елтебер титулдарына кім ие болды? Қағанның туысқандары
Батыс түрік қағанатының негізгі халқын кім құрады? Қара бодандар
Батыс түрік қағанатындағы еркін малшылар қауымдастығы.Қара бодандар
VII ғ. Батыс түрік қағанатын қай мемлекет басып алды? Қытай
704 ж. Жетісуда түрік тайпаларының қайсысы батыс түрік басшылары ішінде саяси гегемонияға жетті? Түргештер
Түргештер әулетінің рубасы кім болды? Үш Елік қаған
Түргеш династиясының негізін қалаған, Қазақстанда арабтарға қарсы күресті басқарған қай қаған? Үш Елік қаған
Үш Елік қағанның мұрагері кім болды Сақал қаған
715-738 жж., қай қаған тұсында Түргеш қағанаты күшейді? Сұлу
Түргеш қағанатындағы барлық жерді үлестіріп беруші Қаған болды
Түргеш қағанатының астанасы Суяб
Түргештер қай қалада өзінің екінші ордасын жасады? Күнгіт
Түргеш қағанаты билік басына қай қағанның келуімен нығайды? Сұлу қаған
Түргеш қағанатына Оңтүстіктен қандай мемлекет әскері қауып төндіріп тұрды? Қытай
Батылдығы мен шешімділігі үшін Түргеш қағаны Сұлуға арабтар қандай атақ берді? Сүзеген
751 ж. Қай қала маңынды арабтар мен қытайлар арасында шайқас болды? Атлах
751 ж. Атлах қаласы маңындағы арабтар мен қытайлар арасындағы шайқас қанша күнге созылды бес күн
Атлах шайқасының үлкен маңызы болды, себебі: Қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Атлах шайқасында 751 ж. Қарлұқтар Арабтар жағына шықты
Әл-Бирунидің мағлұматы бойынша Түркеш қағанатында шығарылған өте қымбат өнім? Мускус.
Түрік және түркеш қағанатының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғаны белгілі. Малдың қай түрі көбірек өсірілді? Жылқы мен қой
Түркеш қағанатында жайылым жерлер кімнің қолында болды? Ақсүйектердің
Түркеш қағанаты не себептен ыдырады? Араб - Қытай шапқыншылықтары
Түргеш қағанатында ірі сауда орталығы қай қала болды Тараз
Белгілі түрколог Клоусонның айтуынша алғашқы түргеш ақшалары қай қалада шығарылды Ақбешім
8 ғ. 10 ғ.соңына дейін Қазақстан аумағында түргеш теңгесі айналымда болды
Арабтар Орта Азия мен Қазақстанға қай ғасырда шабуыл жасай бастады? VІІІғ. I жартысында
705- 706 жж. Мәуренахрда араб әскерлеріне кімдер елеулі соққы берді? Түргештер мен соғдылардың біріккен күштері
VIII ғ. Ортасында түргештер мұрасы үшін кімдер күрес жүргізді Қарлұқтар мен оғыздар
V ғ. Қарлұқтар қай атпен белгілі болды? Болат (бұлақ)
Қарлұқ бірлестігінің құрамына кірген тайпалар: Болат, шігіл, талшық
746 ж.қарлұқтар ұйғыр қағанатынан жеңіліп, қайда қоныс аударды? Жетісуға
Араб географы Ибн Хаукаль (Xғ.) мәліметтерінде былай жазды: «... жерінің батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күндей жүру керек» Бұл кімнің жері? Қарлұқтар
746 жылы Жетісуға кімдер қоныс аударды Қарлұқтар
Қарлұқ феодалдары қанша жыл Жетісуда билік етті? 200 жылдай
Қарлұқта тұсында Шу және Талас Өзендері маңында қандай жаңа қалалар пайда болды? Құлан, Мерке, Қойлық
Қарлұқ қағанаты 200 жылға жуық өмір сүрді (170жыл)
Қарлұқ қағанатында қай дін кең тарады? Мұсылман діні
Патриарх тимофей кезінде (780-819жж.) христиандықты қабылдаған түрік «патшасы» Қарлұқ жабғуы
Қарлұқ тайпалары көсемдерінің 840ж дейінгі иеленген лауазымы:Жабғу
Қарлұқ тайпаларының көсемдері Елтебер лауазымын иеленді
Патриарх Тимофейдің тұсында (780-819жж.) түріктердің қарлұқ жабғуы христиандықты қабылдады, IX-X ғғ. түйісер кезінде қарлұқтар митрополиясы құрылды.
«Хұдұд -әл- ғалам» кітабында (Хғ.) кімдердің еліндегі 25 қала мен мекендер туралы айтылған Қарлұқтар
Атлах шайқасында (751ж) қарлұқтар Арабтар жағына шықты.
Қарлұқ мемлекеті қай жылы өмір сүруін тоқтатты? 940 ж.
Қарахандар әулеті қай тайпаның өкілдерінен болды? Яғма
8-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы қай мемлекетке мұсылман діні ресми дін болып жарияланды? Қарахандар мемлекетінде
Қарахан әулетінің негізін салушы кім? Сотук Богра хан
Бограхан елді қай кезеңде басқарды? Түрік кезеңінде
XI-XIIғғ. Қарахандықтар мемлекеті өзіне Мәуренахр мен Жетісу жерлерін қосып алды
Қарахан мемлекеті қашан батыс хандығы (орталығы Бұқара) және шығыс хандығы (орталығы Баласағұн) болып екі топқа бөлінді?XІ ғасырдың 30 жылдарының соңында
Қарахандықтар мемлекетінің Батыс бөлігіндегі хандықтың астанасы Бұқара
960жылы Қарахандықтар мемлекеті исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
Қай жылы қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті? 1141жылы
Қарахандар тұсында пайда болған ихта термині не мағына береді? Салық жинау құқығы
Қарахандарда салық жинаушының лауазымы қандай? Ихтадар
Қарахандар жаулап алған елдердің бірі Мәуреннахр
Қарахандықтардың мал шаруашылығында жетекші орынды не алды?Жылқы шаруашылығы
Қарахандықтардың сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Қарахан кесенесі
Қарахандар мемлекетіндегі ақша айналымында ақшаның қандай түрі қолданылды? Дирхемдердің барлық түрі
Қарахандар мемлекетіндегі ұлыс билеушілерінің құқықтары кең болғаны сондай ... олар өз аттаынан ақша шығаруға құқылы болды
Қарахандықтардың шекарасы шығыста шектесті: Ұйғырлармен
Қарахандардың жылқы шаруашылығымен айналысқаны жайлы жазған кім: Ж.Баласағұн
Қарахан мемлекетінің басшысы: Хан
1102ж Мәуреннахрға шабуыл жасаған Баласағұн мен Тараздың билеушісі (Шығыс Қарахан хандығы): Қадырхан Жебірейіл
Қыпшақ ақсүйектерінің қарахандықтар әулетімен қарым қатынасы күрделі болуына қарамастан олар Туысқандық қарым- қатынаста болды
X ғасырдың басында қидан мемлекеті қалай аталды Ляо империясы
Жетісуда Қарақытай мемлекетінің негізін салған кім?Елюй Дашы
Қарақытай билеушісі Елюй Дашы Жетісудағы өз мемлекетін 1128ж. Құрды
Қарақытайлар мемлекетінің өмір сүрген уақыты 1128-1213 жж.
Жетісудағы жергілікті халықпен арласып кеткен қидандар қарақытайлар деп атала бастады
Қарақытайлар Қараханидтер династиясын жойған жоқ, тек оларды...вассал болуға мәжбүр етті
Қарақытайлар тілі тілдерінің қай тобына жатады? Монғол
Иран деректері бойыша қарақытай билеушілері қалай аталды? Горхан
Қарақытай мемлекетіндегі ақшаның қандай бірлігі тарады? Динар
Қарақытай мемлекетіндегі басшының орталығы Баласағүн
Қидандардың б.з.б. уақытта өмір сүрген аумағы: Қытайдың солтүстігінде.
1125ж Қидан қолбасшысы Елұй Дашы тұрғызған қала орналасты: Еміл жағасында
Қарақытай мемлекетіндегі салық жинау жүйесі: Түтін басына.
1211 ж. Наймандар Күшілік басшылығымен Қарақытай мемлекетін құлатты
XIII ғ. Басында қай тайпалар қарақытайларды Жетісу өңірінен ығыстырды? Наймандар
Жетісу хандары арасында найман ханы Күшіліктің Мұсылмандарды қудалауы наразылық туғызды
Қасындағы адамдардың күшеюінен сескенген қарақытай горханы Туыстарына жер бөліп берген жоқ
Қимақтар Қазақстанның қай жерін мекендеген?Солтүстік шығысында
Қимақ қағанының орталығы қайда орналасқан? Ертіс
656 ж.Батыс түрік қағанатының құлауынан кейін қимақ тайпалық одағы пайда болды. Қимақтардың басшысы қалай аталды? Шад-Тутук
Қимақтар тарихының ертекезеңі қай тайпалармен байланысты? Яньмо
Ерте қытый деректеріндегі қимақтардың атауы: Яньмолар
Қимақтардың шығуы туралы аңыз кімнің еңбегінде сақталған Гардези
Қимақтар жайлы XI ғасырда қай парсы тарихшысы жазды? Гардези
Қимақ қағанының тұрағын атаңыз? Имақия
Қимақтар жылжи отырып қай тайпаның жерін басып алды Оғыздардың
Әл-Идриси Алакөл мен Ертіс бойындағы кімдердің қалалары туралы жазды Қимақтардың
Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі ықпалды тайпа қыпшақтар
Қимақтардың басқа елдермен қандай зат ең басты роль атқарды? Бағалы аң терілері
Қимақ қағанатының ыдырау себебі: Өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, Орталық азия көшпелі тайпалар арасында қақтығыстар жиілеп, жат жерлік тайпалардың қоныс аударуы.
Қимақ қағанаты қашан ыдырады? XI ғ. басында
XIII ғ. Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы барлық түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан ең көп тайпа: қыпшақтар
Дешті Қыпшақ қай тарихи- географиялық территорияны қамтыды? Ертіс өзенінен Днестр өзеніне дейін
Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталды?Дешті қыпшақ қағанаты
XII ғ. Тілдік дінді ұстанған қыпшақ тайпалары қай территорияда орналасқан? Жент пен Фараб арасында
Қыпшақтарды орыс жылнамаларында қалай атаған? Половецтер
Қыпщақтардың иран шахымен соғысы туралы XIII-XIVғғ. Эпосы Қобыланды батыр
XI ғ. Русь, Византия, Венгрия халықтарымен Қыпшақтар жан-жақты байланыс жасай бастады
Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан кімдер ығыстырды? Қыпшақтар
8-11 ғғ. Қыпшақ тайпалары қай мемлекеттің құрамында болды? Қимақтардың
Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктерінің шартты шекарасы не болды? Волга (Еділ)
Қыпшақтардың хорезмшахтарымен ұзақ бәсекесін тоқтатқан не? Манғол шапқыншылығы
Қыпшақтардың көшу жолдары туралы мәлімет қалдырған кім Әл-Омари
Қыпшақ хандығына байланысты Хорезмшахтар саясатының басты мақсаты не болды мұсылмандындыру (ислам дініне енгізу)
Қыпшақтардың байлығының көрсеткіші болып не саналады Жылқы саны
XI-XIII ғғ. өздерінің бір этносқа жататынын пайымдаған түркі тілдес тайпалар қандай этноним қабылдай бастады? Қыпшақ
Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіне не бөгет болды Монғол шапқыншылығы
Қыпшақ хандары шыққан әулеттің руы: Елбөрілі
Қыпшақтардың оң қанаты: Жайық өзеніндегі Сарайшық.
Қыпшақтардың Сеңгір қалалары қай жерде салынды: Талас өзені жағасында.
Орталық шығыс Қазақстандағы Дешті қыпшақ кейіннен: Сарыарқа деп аталған
Қыпшақ бірлестігіне енген ХІІ ғасырда Арал маңын жайлаған тайпалар: Қаңлы, қарлұқ.
Қыпшақтардың Шығыстағы Алтай мен Ертіс бастауындағы көршілері: Найман, Керей, Қаңлы.
Қыпшақ бірлестігінің сол қанатының орталығы болған қала: Сығанақ
XІ.ортасында қыпшақтар қай өзеннен батысқа қарай жылжыды Еділ
Кімнің еңбектерінде ең алғаш рет оғыз мемлекеті туралы айтылды? Әл-Якуби
М.Қашқаридың жазуынша оғыздар 24 тайпадан тұрып, бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінген.
IX-X ғасырларда Оғыз этникасы қай аймақта құрылды?Жетісу
Оғыз мемлекеті қай кезеңде өмір сүрді? 9-11 ғғ. Басы
Ябғу сөзінің мағынасы Оғыз билеушісінің титулы
IX-Xғғ.Оғыз тайпаларының саяси бірігуіне қандай тайпамен ұзақ күрес әсер етті печенегтермен
X ғасырда қай қала Оғыз мемлекетінің астанасы болды Янгикент
Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскер басы қандай лауазыммен аталды? Сюбашы
Оғыз қоғамында жеке меншік дамып, бай ақсүйектердің пайда болу процесі қарқынды жүрді. Мүлік теңсіздігінің негізін не құрды? Малға жеке меншік
Оғыздар қандай дін ұстанды? Пұтқа бақсыларға табынушылық
Оғыз мемлекеті кіммен одақтасып 965 жылы Хазар қағандығын, 985 жылы Вольга Булгариясын талқандады? Киевтік Русьпен
X-XI ғасырлар шекарасында Оғыздардың әлсіреуінің және халық көтерілістерінің жиілеуінің себебі неде? Салықтың жоғары болуы
XІ ғасырда оғыздар қай тайпаның соққысынан кейін талқандалды? Қыпшақтардың
Қай жылы соңғы жабғу Шамәлік Хорезмді бағындырды? 1041ж.
Жабғудың орынбасарларын қалай атады? Күл еркін
Оғыздарда мүлік теңсіздігінің негізі не болды? Малға меншік
М.Қашғаридің айтуы бойынша «бұзұқтар мен ұшұқтар» болып екі ірі топқа бөлінген мемлекет: Оғыз.
Оғыз тайпаларының ІХ- ХІ ғғ ұзаққа созылған соғысы барысында қай мемлкетпен саяси бірлестігі нығайды? Печенгтермен.
Оғыздардың көпшілігі қыпшақтардың қысымымен қайда көшіп кетті? Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға.
Ұйғыр қағанаты қай жылдары өмір сүрді? 744-840жж.
Ұйғырлар қай территорияда тығыз орналасты? Шығыс Түркістан
744ж. Шығыс түрік жерінде Ұйғыр қағанаты пайда болды
Ұйғырларды Турфан оазисі мен Гоньчжоу ауданына көшуге кім мәжбүр етті? Енисей қырғыздары
Ұйғыр қағанатының өмір сүруін кімдер тоқтатты? Енисей қырғыздары
Найман мемлекеті X-XII ғғ. қай жерде орналасқан? Хангайдан Тарбағатайға дейін
Найман конфедерациясына қанша тайпа кірді? 8
Наймандардың Шығысындағы көршісі: Керейлер
1211-1218ж Жетісуда билік құрған Найман ханы: Күшлік хан
Наймандардың билеуші тобы қай діннің несториандық бағытын ұстанған? Христиан
ХІІІғ. Басында Шығыс, Оңтүстік шығыс Қазақстанға монғолиямен Алтайдан қоныс аударған :Наймандармен, керейлер.
1007 жылы наймандар мен керейлер қай дінді қабылдады? Христиан
Найман билеушісі Күшліктің кімдерді қудалауы Жетісу тұрғындарының ашу ызасын туғызды? Мұсылмандарды
Тұғырыл хан елді қашан басқарды? Түрік дәуірінде
Керейттер тайпасы христиандықты қабылдағандығы туралы деректер сақталған ғасырды атаңыз XІғ.
Керейлер мен наймандарға мемлекеттік аппарат жұмыс істеп Іс қағаздарын жүргізу енгізілді
Керейттердің хан сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері мен көсемдері тәрбиеленді
Орхон өзенінде керейлердің бас ордасы қала Қатын-балық
Қимақ қағанаты қай ғасырда құлады:ХІғ. бас кезінде
YIIIғ соңы-XІ ғ басында Қыпшақтар кімдердің құрамында болды: Қимақтар.