Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өндірістік менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
19.01.2020
Размер:
1.31 Mб
Скачать

3. Қысқаша дәріс кешені

1-тақырып. Өндірістік менеджментке кіріспе

1. Өндірістік менеджмент пәні, объектісі, мақсаты және міндеттері

2. Өндірісті басқару мәні, мақсаты және функциялары

3. Өндірісті басқару принциптері мен процестері

4. Өндірістің даму тарихы

1. Өндірістік менеджмент пәні, объектісі, мақсаты және міндеттері

«Өндірістік менеджмент» пәні жоғарғы кәсіптік білім беру бағытындағы барлық экономикалық және техникалық мамандықтарды дайындау бойынша оқу жоспарымен қарастырылған. Аталған пән әлемнің барлық университеттерінде әртүрлі профильдегі менеджерлерді, экономистерді, инженерлерді жалпы кәсіптік дайындаудың міндетті элементі ретінде қарастырылады. Бүгінгі күні, «Өндірістік менеджмент» пәнінің мазмұнын құрайтын білімдер мен дағдыларды қажет етпейтін кәсіптік қызмет саласында бизнес сферасы жоқ.

«Өндірістік менеджмент» пәнінің зерттеу объектісі кәсіпорын (ұйым) болып табылады. Кәсіпорын көлемі, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және салалық қатыстылығының мәні зор. Сондықтан, аталған пәнді зерттеу кезінде барлық кәсіпорындарға тән жалпы және де жекелеген кәсіпорындардың ерекшелігіне байланысты жекелей сипат беріледі.

Өндірістік менеджментті зерттеу пәні кәсіпорынның өндірістік қызметін басқарудың әдістері мен принциптері болып табылады.

«Өндірістік менеджмент» пәнінің мақсаты кәсіпорынның өндірістік қызметімен байланысты, басқарушылық шешімдерді қабылдау саласында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды студенттермен игеру болып табылады.

Пәннің міндеттері келесідей:

  • кәсіпорынның өндірістік қызметін басқарудың теориялық негізін зерттеу;

  • кәсіпорынның өндірістік қызметін басқару саласында стратегиялық және жедел шешімдерді қабылдау әдістерін игеру;

  • кәсіпорынның өндірістік қызметін басқару саласында талдау және синтездеу әдістерін меңгеру;

  • заманауи технологиялық ақпараттар заманында өндірістік менеджмент саласындағы шешімдерді қабылдау құралдары мен кең ауқымда әдістерді қолдануға дағдылану;

  • Пәнді зерттеу экономикалық статистика, экономикалық-математикалық үлгілеу, микроэкономика, салалық экономика, кәсіпорын экономикасы салалық өндіріс технологиясы, менеджмент негіздері, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру пәндеріне негізделеді.

Пәнді зерттеу нәтижесіндегі алған білімдер бизнес-логистика, бизнес-үрдістердің реинжирингі, бизнес-әкімшілік және халықаралық бизнес пәндеріне негіз болып табылады.

2. Өндірісті басқару мәні, мақсаты және функциялары

Кәсіпорының негізгі өндірісінде еңбек заттарын өнімге айналдыру жүзеге асады. Негізгі өндірістің өзара байланысқан әрбір цехындағы жұмысшылар мен қызметкерлер, сәйкес ұжымға біріктіріліп, өнімді дайындау бойынша алға қойған мақсаттарды жүзеге асырады және өндірістік процеске қатысады. Бұл жерде өндірістік және ақпараттық процестер тікелей байланыста болады.

Егер, олардың алғашқысы, өндірістік еңбекті сипаттаса, онда ақпараттық процестің нәтижесі шешім дайындау болып табылады. Ақпараттық процесс берілген өндірістік бағдарламаларды орындау үшін олардың іс-әрекетін нормативті тәртіп белгілеуін, жұмысшылар, бригадалар, өндірістік цехтар және цехтар арасындағы жұмыстың келісімді, нақты орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл шешімдер, басқару болмысы бола отырып, алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар ұжымын ұйымдастыруға әсер етеді. Басқару мақсаттылы ұжымдарға ғана әсер етіп қоймай, сонымен бірге, әртүрлі әдістермен жүзеге асырылатын және әртүрлі нысанда болатын, өндірістік процестерге де әсерін тигізеді.

Өндірістік процестерді ұйымдастыру нысандарына өндірістің автоматтандырылу деңгейі мен осы процесте қалыптасатын адамдар арасындағы қарым-қатынас әсер етеді. Өндірістік процестердің орналасқан орнына және ұйымдастырылу нысандарына қарамастан, басқару кәсіпорындағы өндірістің барлық деңгейін (цехтар, учаскілер, бригадалар, жұмыс орындарын) қамтып бір мақсатты жиынға біріктіреді.

Өндірісті тікелей басқару жоспарлау (мақсат қою), жұмысты ұйымдастыру (бөлу), үйлестіру, еңбекті ынталантыру (мотивация), шешімдердің орындалуын бақылау және өндіріс барысын реттеу негізінде жүргізіледі.

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшілері белгіленген мақсаттарға сай дамиды және іс-әрекет етеді. Жалпы алғанда, кәсіпорын үшін өнім сапасы және өндіріс көлемі, белгіленген немесе таңдалған ассортиментке сәйкес оның қызмет етуге бағыттылығын анықтайтын негізгі мақсат (стратегиялық, глобалды) тән. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру бөлімше ұжымының нақты міндетті, оларды орындау үшін іс-шараларды және де сәйкесінші ресурстарды айқын анықтауды талап етеді.

Мақсаттар мен міндеттер – бұл цех ұжымының қызметі нәтижесіндегі жететін жетістіктерінің соңғы шегі. Әр бөлімшенің өз міндеттері болады, олар кәсіпорынның мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мақсаттар мен міндеттер, әдетте, орындалудың соңғы нәтижесі бойынша бірдей болып келеді. Міндет дегеніміз - өндірістік бағдарламаның орындалуының соңғы нәтижесі болса, ал мақсат дегеніміз кәсіпорынның, оның бөлімшелері жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштері болып табылады. Яғни ағымдық айда өндірістік учаскенің шебері алдына бөлшектердің құндық, сапалық және сандық, белгіленген ассортиментті шығару бойынша міндеттер қоюға болады.

Кәсіпорын, цех басшыларының алдында мынадай мақсаттар тұруы мүмкін: төмен өндірістік шығындармен белгіленген көлемде өнім өндіру, өнімнің бүліну пайызын төмендету, жұмыс күшінің ағымдылығын болдырмау, жаңа қондырғыларды сатып алу және орнату немесе белгіленген мерзімге дейін жұмысшы қондырғылардың орын ауыстыруын іске асыру және т.с.с. Бұл сандық көрсеткіштер ұжымның мақсаты болып табылады.

Мақсаттың сапалық көрсеткіштері көмескі сипатта және белгілі кезеңде (жыл, квартал, ай) ұжымның міндетін көрсетеді. Мысалы, оларға келесі мақсаттарды жатқызуға болады:

  • бухгалтерлер, экономист, басқару бойынша мамандардың жұмыс орындарын автоматтандырумен байланысты өндірісті басқарудың ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;

  • кәсіпорынның, цехтардың функционалдық қызметтеріндегі кадрларды қайта дайындауды жүзеге асыру;

  • басқару және өндірістің тиімділігін арттыру үшін, мамандырылған кадрлар аппаратын ұйымдастыру және жинақтау;

  • қызметкерлер мен жұмысшылардың өндірістік емес уақытын жоғалтуды шектеу.

Цехтарда жұмысшылардың қызметі ұжымдық болғандықтан, әр қойылған мақсат топтық болып табылады. Осыған байланысты, мақсат әр жұмысшыға түсінікті нысанда болуы қажет, сонда ғана, оған жету мүмкін және ұжым жұмысы тиімділігін нәтижесін көруге болады.

Әрбір өндірістік бөлімшелердің міндеттері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі басқару мақсаты әрқайсысы үшін бірдей.

Өндіріс процесінде цехтар арасында белгілі өндірістік қатынастар және басқару қатынастары орнайды, ол басқару персоналы мен тікелей өнім өндірушілер арасындағы байланысты көрсетеді және де өндіріске қатысушылардың біріккен қызметін ұйымдастырады. Жалпы кәсіпорын үшін және әрбір цех үшін соңғы мақсат басқару мен өндіріс қатынасын өзгертуге бағыттылығын анықтау.

Көрсетілген ықпалды жүзеге асыру үшін уақыт пен кеңістікте өзара байланысқан және рационалды бөлінген басқарудың функциялары, әдістері және ұйымдастыру құрылымы қолданылады. Оларды өндірісті басқару жағдайына қатысты қарастырайық.

Өндірісті басқару функциялары алуан түрлі және оның барлық жақтарын қамтиды. Олар түрлі объектілерге, қызмет түрлеріне, міндеттерге және т.б. қатысты болуы мүмкін. Осыған байланысты, басқару функцияларын келесідей белгілері бойынша топтастыруға болады:

  • басқарылатын объекттің белгілері бойынша: кәсіпорын, цех, учаске, бригада, жұмыс агрегаты;

  • қызмет белгілері бойынша: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік;

  • біркелкілік белгілері бойынша: жалпы, арнайы;

  • еңбектің мазмұны бойынша: ғылыми зерттеулер, өндірісті дайындау, жедел басқару, қамтамасыз ету және өткізу, техникалық-экономикалық жоспарлау және талдау, бухгалтерлік есеп, кадрларды басқару, жоспарлау және еңбек есебі мен еңбекақы, жоспарлау және қаржы есебі;

  • міндеттердің сипаты бойынша: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, талдау және есеп, ынталандыру;

  • шешімдердің мерзімділігі бойынша: бір реттік, белгілі бір уақыттан кейін қайталанатын және т.б.

Өндірісті басқару функцияларының негізгілеріне (жалпы) келесілер жатады: ұйымдастыру, нормалау, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау және реттеу.

Ұйымдастыру функциясы басқару жүйесіне қатысты, ол өзіне тән қасиеттерді, құрылымды, құрамды, өзара байланысты және көрсетілген элементтердің өзара әрекеттесу процесін сипаттайды. Сонымен қатар, бұл функция әрбір басқару функциясын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басқару жүйесін ұйымдастыруға қатысты.

Басқаруды ұйымдастыру – бұл басқарылатын жүйенің буыны мен элементтерінің оңтайлы үйлесімділігінің тәсілдер мен әдістер жиынтығы және оның басқарылатын объектілері мен басқа да басқарылатын жүйелерінің өзара байланысы.

Мөлшерлеу функциясын басқару және өндіріс процесінде қолданылатын, әртүрлі элементтердің сапалық және сандық бағаларын орнататын, ғылыми негізделген есептік шамаларды дайындау процесі деп қарастыруға болады. Бұл функция объектінің іс-әрекетіне, өндіріс барысында біркелкілік пен ырғақтылықты және жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін өндірістік міндеттерді дайындау мен жүзеге асыруды тәртіптейтін нақты және қатаң нормалармен ықпал етеді.

Сонымен қоса, кәсіпорын және цехтарда шығарылатын өнімнің техникалық деңгейін анықтайтын (стандарттар мен техникалық жағдайлар) нормативтер, тұтас жүйедегі тәртіп ережелерін құрайтын, әр түрлі басқару буындарының құқықтары мен міндеттерін сипаттайтын нормативті құжаттар және т.б. құжаттар жасалады және жүзеге асырылады.

Жоспарлау фунциясы барлық басқару функциясының арасында орталық орынды алады, өйткені ол алдына қойған мақсаттарды жүзеге асыру процесінде объектердің іс-әрекетін қатаң реттеуге арналған. Ол өндірістік бағдарламаларды дайындау және әртүрлі жоспарлы кезеңдерде әрбір бөлімшенің нақты міндеттерін анықтауды қарастырады.

Үйлестіру функциясы кәсіпорын мен цехтардың өндірістік және функционалдық бөлімшелеріндегі жоспарлау міндеттерін орындау процесінде қатысатындардың келісімді және реттелген жұмысына қол жетуге мүмкіндік береді. Бұл функция өндіріс процесінде қамтылған адамдар ұжымына үнемі және оның қызметін жедел үйлестіретін кәсіпорын және цехтардың тікелей басшылар мен функционалды қызметтер жағынан ықпал ету нысанында жүргізіледі.

Мотивация функциясы тиімді еңбекке ынталандыратын себеп, қоғамдық ықпал, қоғамдық және тұлғалық марапаттау шаралары және т.б. нысандармен цех ұжымына ықпал жасайды. Көрсетілген нысандар басқару органдарының жұмысын жұмылдырады, өндірісті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін көтереді.

Бақылау функциясы әрбір цехтың өндірістік қызметін талдау, жалпылау, анықтау және басқару шешімдерін дайындау мақсатында басқару қызметтеріне және бөлім жетекшілеріне мәліметтерді жеткізу арқылы адамдар ұжымына ықпал ету нысанын білдіреді. Бұл функция жоспарлы міндеттерді орындау барысында, қойылған көрсеткіштерден ауытқуды көрсетеді және ауытқулар себебін талдау туралы ақпарат негізінде жүргізіледі.

Реттеу функциясы үйлестіру және бақылау функцияларымен бірге жүреді. Өндіріс барысында ішкі және сыртқы орта жағдайлары дайындалған бағдарламаларға ықпал етеді, соның нәтижесінде міндеттерді орындау процесінде бұзушылықтар пайда болады. Реттеу функциясы өндіріс барысында пайда болған залалдар мен ауытқуларды жою мүмкін болмаған жағдайда, оның алдын алу үшін жедел шараларды қабылдау арқылы орындайтын өндірісте қамтылған адамдар ұжымына ықпал ету арқылы жүргізіледі. Бір уақытта оның ырғақтығын сақтау үшін өндірістің өзара байланысқан буындарының ағымдық жұмысын үйлестіру жүріп жатады.

Өндірісті басқару процесінде бақылау және реттеу функциялары икемді құралдар рөлін атқарады, олардың көмегімен өндіріс барысында жоспармен ескерілген қатаң шектеулер үздіксіз енгізіліп отырады.

3. Өндірісті басқару принциптері мен процестері

Өндірісті басқару процесін жедел міндеттер мен экономикалық негізделген өндірістік бағдарламаларды құру мен бекіту, сәйкес ақпаратты өңдеу және тіркеу негізінде олардың нақты жағдайын білу және басқару объектілері үшін мақсаттарды анықтау бойынша басқару персоналының кезектілі әрекетінің жиынтығы деп түсінуге болады.

Басқару персоналының бұл кезектілі әрекетін теориялық ережелер мен ғалымдармен басқару принциптері (дара басшылық, міндеттерді оңтайлы бөлу, деңгейлердің оңтайлы саны, жетекшінің ақпараттық қамтылуы, бақылаудың болуы, алғашқы ақпараттың дәлдігі, ақпараттық жүктіліктің оңтайлығы, нәтижеге жетуге орындаушының ынталылығы) негізінде жүргізуге болады.

Егер де кәсіпорынды басқаруда әйгілі Макс Вебердің (1864-1920) басқару принциптерін қолданса, өндірісті басқару процесі тиімді болады.

1. Еңбекті дұрыс бөлу, осының нәтижесінде жоғары мамандандырылған мамандар пайда болады;

2. Басқару деңгейлерінің иерархиясы, соның нәтижесінде төмендегі деңгей жоғарыдағы деңгеймен бақыланады;

3. Әртүрлі міндеттердің бағыттылығын қамтамасыз ететін және қызметкерлердің өз міндеттерін бірдей орындауға арналған стандарттар мен ресми ережелердің өзара байланысқан жүйесінің болуы;

4. Өз қызметтік міндеттерін орындау барысында ресми тұлғалардың формальділігі;

5. Техникалық мамандандырылған талаптарға сай қатаң түрде жұмысқа қабылдауды жүргізу. Себепсіз жұмыстан босатылудан қызметкерлерді қорғау.

Негізгі өндірістің цехтары қойған мақсаттардың орындалуын және өнім өндіру бойынша еңбек ұжымының келісілген өзара іс-әрекетінің, олардың жұмысының айқын және қатаң тәртіп белгілеуін талап етеді. Бұл әрбір цехтың мақсаттарын анықтау, өндірістің нақты жағдайын зерттеу негізінде сол мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді және олардың тәжірибеде орындалуы бойынша шешімдер дайындау нәтижесінде жүзеге асады.

Кез келген цех әр жоспарлы кезеңде белгілі бір өндірістік жағдайымен сипатталады, ол қойылған мақсаттардың орындалуына сөзсіз әсер етеді. Бұл жағдайды ескермеуге болмайды.

Сондықтан, басқару процесіндегі (үрдісіндегі) маңызды фактор әрбір цехтағы өндірістің нақты жағдайын бағалау және өндіріс кезінде қалыптасқан өндірістік жағдаймен мақсаттың арасындағы қарама-қайшылықты жеңудің жолдарын анықтау болып табылады. Осыған сәйкес, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін максималды мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір цех нақты міндеттерін анықтайды.

Басқару процесінің соңғы кезеңі басқару шешімін дайындау және қабылдау болып табылады, онда жоғарыда айтылған қарама-қайшылықтар жойылып, міндеттерді орындау үшін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жолдар көрсетіледі.

Басқару процесін тәжірибеде іске асыру цехтарға, учаскелерге және бригадаларға өндірістік бағдарламаларды құру және олардың орындалуын үздіксіз қадағалау бойынша қайталанатын жұмыстар болып табылады.

Көрсетілген жұмыстардың бірінші бөлігі, өндірісті жоспарлауға қатысты, ол сәйкес белгіленген жоспарлы кезеңде (тоқсанда, айда, аптада, тәулікте, ауысымда бір рет) жүргізіледі. Екіншісі, өндіріс барысында реттеу үшін алынған ақпаратты қолдану мен жинауға қатысты жоспарлы міндеттердің орындалуын бақылаумен байланысты.

Өндірісті жоспарлау және реттеу үшін өндірісті дайындау туралы, өндірістік бөлімшелердің нақты міндеттері мен мақсаттары туралы және өндірістік бағдарламаларды цехтармен орындау барысында алынған, өндірістік процестің жағдайы туралы ақпарат қажет.

Мәліметтерді тіркеу және өндірісті дайындау бөлімшелері мен цехтардың жұмысының нәтижесі туралы ақпараттың жинақталу процесі және де оларды өндірісті басқару органдарына беру күнделікті және үздіксіз жүріп жатады. Осы процестегі ең күрделі, еңбек сыйымды, әрі жауапты жұмыс цех және оның бөлімшелерінде пайда болған ақпаратты уақытылы тіркеу болып табылады.

Бұл процедураның қиын жолы құжаттау арқылы немесе аса тиімді жолы – есептеу техникасының көмегімен іске асыруға болады

Өндірісті жоспарлау міндеттерінің тиімді нұсқау шешімін іздестіруде ЭЕМ-ды пайдаланылатына қарамастан, басқару процесіндегі соңғы кезең, яғни соңғы шешім қабылдау адаммен іске асырылады.

4. Өндірістің даму тарихы

Шамамен жүз жыл бұрын жаңа ғылым: өндірісті ұйымдастыру ғылымы немесе қазіргі уақытта «өндірісті ғылыми ұйымдастыру» деп аталатын ғылым пайда болды. Сонымен бірге, қазіргі уақыттағы әдебиеттерде «өндірісті ұйымдастыру» түсінігінің мазмұнына нақты анықтама берілмеген. «Өндірісті ұйымдастыру» түсінігіне анықтама беруге ХХ ғасырдың басында ресей ғалымдары К. Адамецкий, Аронов М., Будрянский М., Милонов Ю., Чахотин С., тырысты. Кейін 30-жылдардың соңында және 40-жылдар басында Коценбоген Б., Любович Ю., және т.б. ғалымдар нақтылау анықтама берді. 60-шы, 70-ші және 80-шы жылдардың көптеген ғалымдар «өндірісті ұйымдастыруға» өздерінің анықтамаларын беруге тырысты. Берілген анықтамаларды 2 топқа топтастыруға болады:

  1. Өндірісті ұйымдастыру – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіндегі объективті экономикалық заңдардың пайда болуын және іс-әрекетін зерттейтін ғылым.

  2. Өндірісті ұйымдастыру – белгілі бір мақсатқа жету үшін өндірістің заттық элементтерінің және жеке уақыт пен кеңістіктің ұтымды бірігуі.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде «өндірістік ұйымдастыруға» келесідей тұжырым қалыптасты - «кәсіпорынның мақсатына жету үшін минималды ресурс шығындарын жұмсай отырып өндіріс элементтерінің кооперациялау, бөлу және таңдау әдістері».

1956 жылы Американдық институт «өндірісті ұйымдастыру» анықтамасын қабылдады: «Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылым үлгілеу практикада интегралды жүйені, оның ішінде адамдар, материалдар мен техникаларды тексеру».

Тарихта ең бірінші «өндірісті ұйымдастыру» Египет фараонының өркениетінде байқалды. Сол кезде Египетте мемлекетті басқаруға ең көп көңіл бөлінді. Египеттегі пирамидалар мен суармалар жүйесін салу мыңдаған адамдарды тиімді басқару, ұйымдастыру және бақылау нәтижесі басқаруды қажет етті. Б.з.д. V-VI мың жылдықта әртүрлі «шағын» сұрақтар бойынша мамандардан кеңес алу және жазбаша жауаптар алу тәжірибеге енді.

Шамамен сол ғасырларда Вавилон өркениетінде патша болған Хамурапидің заңнамасы шыққан. Мұнда еркін жұмысшылардың еңбегі үшін ақы төлеу заңы қабылданды және басқарушылар өз жұмысын басқа адамдарға жүктеуге тыйым салынған. Мың жылдан кейін сол Вавилонда Навуходанасор ІІ былай деп жазған, - егер еңбек еткен адамға жалақы төленсе, онда оның жұмыс істеу ынтасы жоғары болады.

Сократ басқаруда «жүйелік принципті» енгізді, ал Ксенофон оны жеке бір өнер деп жазды. Парсылық Шах Кир: адамдардың ынтасын тудырушы қасиетін арнайы зерттеу керек, яғни мотивацияны зерттеу қажет деген. Кейіннен ол жоспарды қолдану тиімді деп жазған.

Грецияда еңбекті ұйымдастыру тереңнен зерттелді, Платон мамандандыру принципін енгізді. Ескендір өз әскери басшылығында ең бірінші – басшылар кеңесін ұйымдастырды, оны кейіннен «штаб» деп атаған. Антикалық дүниеде ең соңғы тұжырымдаманы «Жұмыс құқығын делигирлеу принципі» Диоклетианды енгізді.

Басшыларға қоятын талаптар жүйесін дамытқан, Шығыста екінші Аристотель атанған Әбу-Насыр Әл-Фараби және оның ойын толықтарған Шығыс философы, теолог Әл-Газали болды.

Кейінірек осы мәселелермен итальян ғалымы Маккиавелли айналысты, оның замандасы Томас Мор жаман басқарудың жағымсыз зардаптарын талдады.

XVIII ғасырда ғалымдар адам мотивациясына көңіл бөлді. 1651 жылы ағылшын философы Томас Гоббс өз «Левиафан» кітабында адамның негізгі мотивациясы билікке ұмтылу деген. Жүз жылдан кейін бұл мәселені толық талдаған, оның отандасы Джеймс Стюарт болды.

Басқару теориясы мен практикасының дамуындағы жаңа ғасырды XVIII ғ. аяғындағы және XIX ғ. басындағы өнеркәсіптік төңкеріс ашты. Ғылыми эксперимент кеңінен қолданыла бастады, оның көмегімен өндіру және еңбекақы нормалары, жабдық жұмысының максималды жылдамдылығы, оңтайлы өнім шығару есебі, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру анықталды.

XVIII ғасырдың басында француз ғалымы Шевалье «Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру техникасы» кітабында келесідей еңбектерді қарастырған: Аммонтонэнің «Кейбір жұмыстарды орындауда адамдар мен аттардың нақты жылдамдылығы туралы» баяндамасы; Вобанның «Кесімді еңбек ақыны қолдану үшін хронометраж жүргізу туралы» еңбегі; Перронның «Түйреуіш дайындау кезіндегі еңбекті бөлу мәселесі бойынша» еңбегі.

1798 жылы атақты физик Кулон «Адам еңбегінің өнімділігі туралы» баяндамасында хронометраж туралы ұсыныстар берген.

Ағылшын Р.Аркрайт игерілетін машинаның ресми құрастырушысы болып табылады. Ол өзінің фабрикасында тоқыма өндірісінің барлық процесін жүзеге асырды және оны ұйымдастырудың иерархиялық принципін ашты. Жабдықты орналастыруды жоспарлау, еңбекті бөлу, машина мен персоналдың жұмысын үйлестіру негізінде технологиялық процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етті. Осының негізінде шығындарды үнемдеу және бәсекелестерді жеңу мүмкін болды.

Еңбекті бөлу туралы ілім, өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның маңызды бір құраушысы болып табылады. Оны толық зерттеген шотландық экономист Адам Смит (1723-1790). Осы ілімдерді өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зерттеу» классикалық еңбегінің бірінші бөлімінде қарастырған.

Р.Оуэн бірнеше шотландық тоқыма фабрикаларының басқарушысы мен директоры болды. 1800-1828 жж. ол әлеуметтік-экономикалық тәжірибе өткізді, оның мәні жұмысшыларға тұрғын үй беру, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсарту, оларға бірінші кезектегі қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарларды қол жетерлік бағамен сататын дүкендер ашу. Оуэн осындай шараларды қолдану арқылы еңбек өнімділігін жоғарылатты.

Басқарудың теориясы мен практикасының дамуында маңызды қадам жасаған ағылшын Чарльз Бэббидж (1791-1871) алғашқы есептеуіш машинасын ойлап тапты. Ол әртүрлі операцияларды жүзеге асыру кезінде жұмыс уақытының шығындарын зерттеу әдісін және де біртекті кәсіпорындар жұмысын салыстырмалы талдау әдісін дайындады.

ХIХ ғасырдың соңында американдық Джозеф Вартон колледждерде оқыту үшін бірінші басқару курсын дайындады.

XX ғасырдың соңында өндірісте ірі өзгерістер болды. Біріншіден өндіріс ауқымы және көлемдері өсті, бұл әрине ғылыми техникалық прогрестің жетістігі арқасында. Соның нәтижесінде, өндірісті басқару үшін ғылыми ұстанымдар қажеттілігі туындады.

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1986-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы коммиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджменттің атасы» деп жазылған. Ф.Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Миндоейлде», кейіннен «Бетлехем Стилде» жұмыс істеген кезде Ф.Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.

Ф.Тейлордың концепциясының негізгі қағидалары:

1. Тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлділік қажет.

2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.

3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырған жүйесін тәжірибеге енгізу әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.

4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Ф.Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір опрацияны жекелеген құрамдас бөліктерге жүктеуге, және де хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ф.Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гант, Фрек Гилберт, Лилиан Гилберт, Хрейс Хеэуй, Сенфорт, Харригон, Эмерсон, Г.Форд және т.б. болды.

2-ші тақырып. Жаңа өнімді жобалау

1. Өнімнің өмірлік циклі және кезеңдері

2. Жаңа өнімді жобалау

3. Инновациялық процестің мазмұны және ерекшеліктері

4. Өнімді жобалау кезеңдері

1. Өнімнің өмірлік циклі және кезеңдері

Көптеген өнім түрлерінің маңызды белгісі оның сұранысының шектеулігінде. Әрбір өндірістік кәсіпорын үшін нарықта өнім қандай мерзімде өткізілуі мүмкін екені және оның ұзақтығына ықпал ететін факторларды білу маңызды. Әрбір өнім өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтеді:

  • Жасау;

  • Игеру;

  • Өсу;

  • Жетілу;

  • Ескіру.

Өнімнің өмірлік циклінің фазасы

Жасау

Игеру

Өсу

Жетілу

Ескіру

  • Инновациялық ойлардың пайда болуы

  • Маркетингтік зерттеулер және нарықты дайындау

  • Ойдың (лицензиялық) патенттік бағасы

  • Зерттеу жүргізу

  • Инвестициялық қажеттіліктерді және қаржылық мүмкіндіктерді бағалау

  • Өндірісті дайындау және өнімді өткізуді жоспарлау

  • Өндіріске конструкторлық дайындық жүргізу

  • Өндіріске технологиялық дайындық жүргізу

  • Өнідісті ұйымдастырушылық жобалау

  • Өндірісті ұйымдастырулы-жоспарлы дайындау

  • Инновациялық өнімнің бастапқы өндірісі

  • Өнімді өткізуге дайындау

  • Өндірістік қуаттылықты өсіру

  • Сату көлемдерін көбейту

  • Жаңа нарықтарды игеру

  • Жабдықтаушылардың тұрақты жүйесін құру

  • Менеджмент пен өндірістің ұйымдастырылуын және технологиясын жетілдіру

  • Жұмысшылар санын көбейту және жұмыс орындарының мамандандырылуын қамтамасыз ету

  • Жабдықтаушылардың андыру

  • Инновациялық өнімнің жекешеленуі мен модернизациясы

  • Жаңа нарықтарды іздеу

  • Қосымша зерттеулерді жүргізу

  • Инновациялық ойларды ұсынудың жаңа салаларын іздеу

  • Өнімінің кәсіпкерлік ілімін модернизациялау

  • Өндірістік базаны модернизациялау

  • Өндірісітк инфрақұрылымды қысқарту

  • Жұмысшылар санын қысқарту

  • Запастарды жою

  • Өзіндік жаңашылдықтарды, патенттерді, лицензияларды сату

  • Өндірістен өнімді алып тастау

ггг

3.2.1-сурет. Өнімнің өмірлік циклінің фазалары бойынша өндірістік менеджменттің негізгі міндеттерін бөлу

Жаңа өнімді жасау көбінесе белгілі бір инновациялық ойлардың пайда болуымен байланысты: жаңа нарықты игеру; бар қажеттілікті кеңейту немесе жаңасының пайда болуы; өнімнің жаңа қызметтерінің пайда болуы және т.б.

Өнімнің өмірлік циклінің фазалары бойынша өндірістік менеджменттің негізгі міндеттерін бөлу 3.2.1-суретте көрсетілген.

2. Жаңа өнімді жобалау

Нарықта және өндірісте жаңа тауардың пайда болуы инновациялық қызметтің нәтижесі, оның негізгі міндеті инновацияны жасау және тарату.

Нарықтық жағдайда инновацияның маңызды белгісі кәсіпорынның жоғары деңгейдегі бәсекелестігін қолдау және қамтамасыз ету мақсатында жаңа тауардың тұтынушылық қасиетін жақсарту болып табылады.

Инновация деп тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жақсартылған технологиялық процесс, нарықта өткізілетін жаңа немесе жақсартылған өнім түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Егер инновациялық өнім өндірістік процеспен игерілген немесе нарыққа ендірілген болса, онда инновация жүзеге асырылды деп есептелінеді.

Өндіру, жабдықтау, өткізу және басқару қызметінің әртүрлі салаларындағы өндірістің қызмет ету тәжірибесінде алуан түрлі инновациялар іске асырылады.

Инновациялық кәсіпкерлік жаңа өнім немесе қызмет жасау, игеру және коммерциялық қолданумен байланысты. Бұл процестің төмендегідей кезеңдері бар:

  • жаңа идеяларды іздеу, оны бағалау, бизнес-жоспар құру;

  • қажетті ресурстарды іздеу, тәжірибиелі үлгі мен сынақты құру;

  • өткізу нарығын зерттеу және нарықта тауардың қозғалысы.

Жаңа тауарды дайындаудың негізгі кезеңдері 3.2.2-суретте қарастырылған.

Инновациялық идеяларды іздеу

Е ң тиімді перспективті жолдарды іріктеу

Ойдың нақтылы орындалуы

Э ксперттік баға

Б изнес-жоспарды жасау

Тәжірибелі үлгілерді дайындау

Сынау

Маркетингтік зерттеулер

Н арықтағы тауардың қозғалысы

Нарықтың төменгі буындарын жаулап алу

Тауарды массалы дайындау

3.2.2- сурет. Жаңашылдықтарды дайындаудың негізгі кезеңдері

3. Инновациялық процестің мазмұны және ерекшеліктері

Жоғары техникалық, тұтынушылық және экономикалық өлшемдері бар жаңа өнімдерді жасау, үлкен көлемді уақыт пен ресурстар шығынын талап ететін қиын процесс болып табылады. Инновациялық процестің үш негізгі фазасын көрсетуге болады:

  • зерттеу фазасы немесе өнім концепциясын құру;

  • жаңа өнімді жобалау;

  • жаңа өнімді өндірісте игеру және оны нарықта өткізу.

Бірінші фазада – жаңа өнімге мүмкін сұраныс туралы экономикалық және ғылыми-технологиялық ақпараттарды, нарықтағы жағдайды, бәсекелестерді, кәсіпорындардың ғылыми-техникалық әлеуетін талдау кешені жүргізіледі. Бұндай зерттеу инновациялық маркетингтің аспаптары мен әдістері негізінде және ғылыми-техникалық болжау әдісі негізінде жүзеге асады. Инновациялық циклдің бірінші фазасының нәтижесі жаңа өнімнің экономикалық маңызы, техникалық мүмкіндігі және негізгі өлшемдері туралы қорытынды болады. Осы қорытындылардың жиыны өнім концепциясы деп аталады.

Инновациялық процестің екінші фазасында жаңа өнімді жобалау жүргізіледі. Бұл фазаның негізгі міндеті жаңа өнімге толық инженерлік талқылау жасау. Оған қажетті зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық дайындамаларды орындау, жаңа өнімнің тәжірибелік үлгісін дайындау мен зерттеу және оны дайындау үшін толық сызбаларды дайындау жатады. Инновациялық процестің осы фазасында болашақ өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық өлшемдері анықталады.

Инновациялық процестің үшінші фазасы – жаңа өндірісті жобалау бойынша жұмыстар кешенін орындау, яғни оны техникалық дайындаудан бастап, өндірістік процестерді жобалауды ұйымдастыру және өндірісті ұлғайту, жобалық қуаттылыққа және берілген өзіндік құнға жету. Инновациялық процесті кәсіпорынның жаңа өнімді нарыққа шығаруы және оны өткізумен байланысты жұмыстар аяқтайды.

Жоғарыда аталған инновациялық процестің фазаларының әрқайсысы жаңа өнімді жасау және жобалау бойынша дербес кезеңдерді орындайды.

Инновациялық қызметтің дамуы және оның ерекшелігі өндірістік менеджменттегі жаңа қызметтік бағыттың пайда болуына әкелді, ол инновациялық менеджмент деген атауға ие болды.

Инновациялық менеджмент – бұл материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды оңтайлы қолдану жолымен инновациялық мақсаттарды жүзеге асыруды қалыптастыру және қамтамасыз етуге бағытталған, тәжірибелік қызмет және менеджменттің қызметтік саласы.

Теориялық зерттеулер

Зерттеулерді іздеу

Қолданбалы зерттеулер

Өндіріс

Өткізу

Тұтыну

Тәжірибелік-констркторлық зерттеулер

Жаңа өндірісті жобалау

ИЦ

П

Өндірісті конструкторлық дайындау

Ц

ЖЦ

Өндірісті технологиялық дайындау

Өндірісті ұйымдастыру-жоспарлы дайындау

Өндірісті игеру

Өнімді өткізуге дайындау

Өнімді тұтынуға дайындау

3.2.3- сурет. Жаңа өнімді жасау инновациялық процесінің құрылымы

ИЦ – инновациялық цикл; ПЦ – өндірістік цикл; ЖЦ – өмірлік цикл

4. Өнімді жобалау кезеңдері

Бәсекеге қабілетті өнімді қазіргі заманда өндіруді дамыту ұзақ мерзімге бағытталған ғылыми зерттеулерсіз мүмкін емес. Ғылыми- технологиялық өндірісте қолданылатын және шығарылатын техника саласындағы тұрақты прогресс үшін алғышарт болып табылады. Жаңа өнімді жасау процесінің бастапқы кезеңін құрайтын, ғылыми зерттеулер нәтижесінде табиғат пен техникадағы құбылыстар, жаңа заңдар мен заңдылықтардың ашылуы, жаңа ғылыми білімдер пайда болады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл табиғатта, қоғам немесе техникада болатын құбылыстар немесе процестер, объектілер туралы жаңа ақпарат құру міндеті бар мақсатты қызмет. Нәтиженің мақсатына, мазмұнына және сипатына байланысты келесідей бөледі:

  • Теориялық (фундаментальды) зерттеулер;

  • Зерттеулерді іздеу;

  • Қолданбалы зерттеулер.

Фундаментальды зерттеулер жалпы және абстрактылы сипатта болады. Олар табиғатта, техника мен қоғамда іске асырылатын жалпы заңдылықтарды түсінуге және білімін кеңейтуге бағытталады. Фундаментальды зерттеулер нәтижесінің негізінде ғылыми-техникалық проблемалар анықталынады.

Алынған фундаменталды зерттеулер нәтижесінің негізінде зерттеулерді іздеу жүзеге асырылады. Зерттеуді іздеудің қажеттілігі алынған мәліметтерді қолдану бағытының анықсыздығынан, ғылыми-техникалық проблемаларды шешу үшін олардың трансформациялану мүмкін әдістерінің болмауынан пайда болады. Зерттеулерді іздеудің негізгі міндеті:

  • жаңа техника, технология немесе материалды жасау үшін белгілі немесе қайта ашылған құбылыстар мен заңдылықтарды қолдану мүмкіндігін зерттеу;

  • ғылым, техника және технологияның жекелеген бағыттарының дамуын болжау және бағалау;

  • жаңа шешімдер мен ашылымдарды қолдану жағдайын зерттеу және қолдану саласын іздеу.

Зертеулерді іздеу нәтижесінде конструкторлаудағы жаңа бағыттар, дәстүрлі міндеттерді шешуге жаңа ұстанымдар, технологияның жаңа түрлері және өндірістік процестерді басқару әдістері пайда болады.

Қолданбалы зерттеулер жобалық дайындамаларды орындаумен байланысты ғылыми-техникалық және ұйымдастырылған экономикалық проблемалардың нақты шешіміне бағытталады.

Қолданбалы зерттеулер келесілерден тұрады:

  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында қолда бар конструкциялар, технология немесе материалдарды жақсарту жолдарын іздеу;

  • жаңа бәсекеге қабілетті өнімді жасау үшін ғылым және техниканың жаңашыл жетістіктерін қолдану тәсілдерін анықтау;

  • нарық коньюнктурасын зерттеу және бәсекелестерінің тәжірибесін жалпылау бойынша аналитикалық жұмыстарды жүргізу;

  • үлгі дайындамаларды орындау, экспериментальды және сынақталған жұмыстарды жүргізу.

Бұл зерттеу түрі көбінесе тұтынушылар нарығына бағытталған.

Жобалау, көптеген макеттерді жасау, тәжірибе мен эспериментальды үлгілерді сынақтан өткізу, жұмыс құжаттарын түзету және өңдеу процестерінің нәтижесінде жаңа өнім пайда болады. Отандық тәжірибеде осы аталған барлық алуан түрлі жұмыстардың кешені, жаңа өнімнің тәжірибелік-конструкторлық дайындамасы мен өндірісті конструкторлық дайындау құрайды.

Тәжірибелік-конструкторлық дайындама – бұл оларды өнеркәсіптік дайындау және қолдану үшін, тәжірибе үлгісі, тәжірибе құрылғысы және жұмыс құжаттары түрінде техникалық-экономикалық өлшемдермен техниканың жаңа түрін жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстар кешені.

Жаңа өнімді конструкторлау бойынша жұмыстар кешені келесідей тәжірибелік-конструкторлық дайындама кезеңдерінен тұрады:

  • дайындау;

  • жоба құжаттарын өңдеу;

  • жұмыс құжаттарын өңдеу.

Жаңа өнімді конструкторлаудың дайындау кезеңінде оны жасау қажеттілігі негізделініп және оның негізгі техникалық-экономикалық өлшемдер құрамы келісіледі. Осы кезеңде нарықтық жағдай зерттеліп, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жаңа өнімге сұраныс болжанады және талданады, жаңа өнімді өндіру жағдайында ғылыми шектеулер бекітіледі. Есептеулер мен келісулер нәтижесі бекітілген дайындаманың техникалық тапсырмасында көрініс табады. Бұл маңызды құжатта жобаланған өнімнің сипаттамасы көрсетіліп, келесідей аспектілер бойынша нақтыланады: өнім құрамы және оның жинақтауға қойылатын талаптары, тағайындау көрсеткіштері, сенімділік, қауіпсіздік, технологиялық, бірыңғайлық және т.б. талаптар.

Жоба құжаттарын өңдеу жаңа өнім бойынша концептуалды шешімдерді анықтайтын, жұмыстар кешенін орындауды қарастырады: әрекет ету принципін таңдау, өнімді жалпы құрастыру, түйіндер құрамына қойылатын талаптар, өнімнің функционалдық құрылымын инженерлік және құндық талдау, эксперименттік жұмыстарды жүргізу және жеке түйіндерді сынақтан өткізу. Өнімді жобалаудың бұл кезеңі техникалық ұсыныс, эскиз жобаларын және техникалық жобаларын дайындау кезеңдерін орындаудан тұрады. Аталған кезеңдердің әрқайсысының аяқталуы сәйкесінше жоба құжаттарын дайындаумен орындалады.

Жұмыс құжаттарын өңдеу жаңа өнімді жобалауды аяқтайды. Бұл кезеңде конструкторлық құжат кешенін дайындау жүзеге асырылады. Жұмыс құжатына бөлшектердің жұмыс сызбасын, құрастырылатын біріліктер мен өнім түйінділерін, өндірістік және эксплуатациялық құжаттарды (өнім паспорты, қолданушылар үшін сипаттама, эксплуатация бойынша нұсқау, қызмет көрсету құжаты, кепілдемелік құжаттар) дайындау кіреді.

Өндірісті конструкторлық дайындау – жаңа өнімді шығаруға (сапа, өндіріс көлемі және шығын деңгейінің берілген параметрлерімен қойылған мерзімде) кәсіпорынның техникалық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы. Конструкторлық дайындаудың негізгі міндеті сапа өлшемдерін сақтай отырып, оның болашақтағы өндірісі жағдайына зерттелген конструкциялық өнімді мақсатты және тиімді лайықтандыру болып табылады.

Өндірісті конструкторлық дайындау өнімді тәжірибелік-конструкторлық дайындаудың құрама бөлігі немесе жалғасы болып табылады.

Өндірісті технологиялық дайындау - жаңа өнімді шығаруға (сапа, өндіріс көлемі және шығын деңгейінің берілген параметрлерімен қойылған мерзімде) кәсіпорынның технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы. Өндірісті технологиялық дайындау шеңберінде кәсіпорында жаңа өнімді өндіру жобасының негізгі міндеттері шешіледі:

  • өнім конструкциясының технологиясын сақтау;

  • өндірістің барлық кезеңдері бойынша технологиялық процестерді таңдау және дайындау;

  • өндірістік процестерді технологиялық жабдықтау құралдарын дайындау және жобалау;

  • жаңа өндірісті технологиялық дайындау процестерін басқару.

Сипаты бойынша технологиялық процестер жеке, типтік және топтық болады. Жеке технологиялық процесс бір атаулы, бағытты немесе өлшемді өнім өндіруге арналған. Типтік технологиялық процесс - технологиялық және конструкторлық белгілері бойынша біркелкі бөлшектер, жинақтау бірліктері немесе өнімдердің жиынтықтары үшін қолданылады. Топтық технологиялық процесс әртүрлі конструкторлы, бірақ жалпы технологиялық белгілері бар заттарды дайындау үшін қолданылады.

3- тақырып. Инновациялық жобаларды басқару

1. Инновациялық жобалардың мәні

2. Инновациялық жобалардың түрлері

3. Инновациялық жобаларды басқару мәні мен принциптері

1. Инновациялық жобалардың мәні

Өндіріс саласын инвестициялау жобадан басталады. Жоба – бұл белгілі бір шараның (оқиғаның) ойы, ойдың сипаттамасы және оны жүзеге асыру жоспары. «Инновациялық жоба» түсінігіне келесідей анықтамалар беруге болады:

1) инновациялық қызметті мақсатты басқару нысаны;

2) инновацияны жүзеге асыру процесі;

3) құжаттар жинағы.

Инновациялық жоба – бұл өзара байланысқан мақсаттар және оны жүзеге асыру бағдарламалары, ол ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, өндірістік, ұйымдастырушылық, қаржылық, коммерциялық және басқа да шаралардың кешені түрінде жасалған жобалық құжат.

Инновациялық жобаның негізгі элементтеріне келесілер жатады (3.3.1-сурет):

  • жобаның негізгі бағытын көрсететін, мақсаттар мен міндеттердің құрылуы;

  • қойылған мақсаттарды жүзеге асыру және инновациялық мәселелерді шешу бойынша жобалық шаралар кешені;

  • жоба шараларын орындауды ұйымдастыру;

  • жобаның негізгі көрсеткіштері, оның ішінде тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

Мақсаттар мен міндеттер

Жобалық шаралар кешені

Орындаушылар

Жобалық шараларды орындауды ұйымдастыру

Ресурстар

Уақыт

Сапа

Құн

Жобаның негізгі көрсеткіштерінің мониторингі

3.3.1- сурет. Инновациялық жобаның негізгі элементтері

Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін инновациялық жобаларды қалыптастыру келесідей міндеттерді қамтамасыз етеді:

  • ғылыми-техникалық дамудың нақты міндеттерін (мақсаттарын) шешуге бағытталған кешенді, жүйелі ұстанымдар;

  • ғылыми-техникалық дамудың мақсаттарының сандық нақтылығы және инновацияны басқаруда соңғы мақсаттарды және жоба нәтижесін қатаң көрсету;

  • инновацияны жасау, игеру, өндіру және тұтыну процестерін үздіксіз басқару;

  • жоба мақсаттарын ең тиімді жүзеге асыру жолдарын таңдау;

  • инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті, ресурстардың тепе-теңдігі;

  • жоба бойынша күрделі жұмыс кешенін тиімді басқару және мекмелер арасындағы үйлестік.

2. Инновациялық жобалардың түрлері

Ғылыми-техникалық дамудың алуан түрлі мақсаттар мен міндеттеріне байланысты, инновациялық жобалардың түрлері көп. Бірақ олардың жалпы қабылданған топтамасы жоқ. Инновациялық жобаларды мынадай белгілері бойынша топтастыруға болады: жобаны жүзеге асыру кезеңі, жоба мақсаттарының сипаты, қанағаттандырылатын қажеттіліктің түрі, инновация типі және шешімдер қабылдау деңгейі.

Жобаны жүзеге асыруға және оның мақсаттарына жетуге жұмсалған уақытқа байланысты, инновациялық жобалар ұзақ мерзімді (стратегиялық), орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Жоба мақсаттарының сипаты бойынша соңғы, яғни тұтас инновациялық міндеттерді шешу мақсаттарын көрсететін, және де аралық, күрделі мәселелерді шешуде аралық нәтижелерге жетумен байланысты.

Жобаның қанағаттандырылатын қажеттілік түрлері бойынша бар қажеттілікке немесе жаңасын жасауға бағытталған болады.

Инновация типі бойынша инновациялық жобалардың топтамасы келесідей жобаларға бөлінеді:

1) жаңа немесе жетілдірілген өнімді еңгізу бойынша;

2) жаңа немесе жетілдірілген өндіріс әдісін еңгізу бойынша;

3) жаңа нарықты ашу бойынша;

4) шикізат немесе жартылай фабрикаттарды жабдықтайтын жаңа көздерді игеру бойынша;

5) басқару құрылымын қайта ұйымдасытру бойынша.

Инновациялық жобалармен қабылданған шешімдер деңгейі бойынша: мемлекет аралық, президенттік, аймақтық, салалық және жеке кәсіпорындар болып бөлінеді.

Жоғарыда айтылған белгілерге сәйкес инновациялық жобалардың топтамасы 3.3.2-суретте көрсетілген.

Инновациялық жобалар

Инновация типі

Шешім деңгейі

Жоба мақсатының сипаты міндеттер

Қажеттілік түрі

Мемлекеттік аралық

Соңғы

Жаңа

Жаңа өнім

Өндірістің жаңа әдісі

Президенттік

Аралық

Қолда бары

Жүзеге асыру кезеңі мен міндеттері

Аймақтық

Жаңа нарық

Салалық

Шикізаттың жаңа көзі міндеттер

Жеке кәсіпорындар

Ұзақ мерзімді

Басқарудың жаңа құрылымы

Орта мерзімді

Қысқа мерзімді

3.3.2- сурет. Инновациялық жобаларды топтастыру

3. Инновациялық жобаларды басқару мәні мен принциптері

Инновацялық жобаларды басқаруды функциялар жүйесі ретінде, басқару шешімдерін қабылдау процесі және ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Инновациялық жобаларды басқару – бұл инновациялық ойларды жүзеге асыруға бағытталған мақсатты, ұйымдастыру құрылымын анықтау, шараларды жоспарлау және оның орындалуын бақылаумен байланысты басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру процесі.

Инновациялық жобаларды басқару екі кезеңнен тұрады: 1) инновациялық жобаны дайындау; 2) инновациялық жобаны жүзеге асыруды басқару. Бірінші кезеңде жобаның мақсаты мен күтілетін соңғы нәтижесі анықталады, жобаның болашақтағы нәтижесі мен бәсеке қабілеттілігіне баға беріледі, жобаның шаралар кешені мен міндеттер құрамы құрылады, жобаны жоспарлау және оны дайындау жүзеге асырылады. Бұл кезеңде ең маңыздысы жүзеге асырылатын жобаны бағалау болып табылады. Екінші кезеңде басқарудың ұйымдастырушылық нысандары таңдау, нәтижелерге жету бойынша болып жатқан жедел жағдайлардың өлшемдер, болжамдар және бағалау міндеттері шешу, уақыт, ресурс және қаржы шығындары, дайындалған жоспардан ауытқу себептерін жою және талдау, жоспарға түзету еңгізу жүзеге асырылады.

Инновациялық жобалады басқару ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген принциптер жиынтығына негізделуі қажет. Негізгі принциптерге жататындар:

  • сұрыпталған басқару принципі. Бұл принциптың мәні ғылым мен техниканың дамуының приоритетті бағыттары бойынша жобаларды және кешенді жобалардың инноватор-авторларын қолдау;

  • соңғы нәтижені қамтамасыз етуге жобалардың мақсатты бағытталу принципі. Бұл принцип инновацияға деген қажеттілік пен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы өзара байланысты көрсетеді;

  • жобаларды басқару циклінің толықтылық принципі. Басқару процесінің толық циклы, қажеттілікті анықтаудан бастап алынған нәтижелерді тапсыруды басқаруға дейінгі шешімдердің барлық жиынтығын көрсетеді;

  • инновациялық процестер және жобаларды басқару процестерінің қезеңділік принципі. Бұл принцип жобаларды жасау және жүзеге асырудың әр кезеңдерінің толық циклін көрсетеді;

  • инновациялық процестерді басқару және ұйымдастырудың иерархия принципі. Осы принципке сай инновациялық процестер белгілі иерархия деңгейіне сәйкес нақтыланған дәрежеде болу мүмкін. Қызметтің барлық деңгейлері бір-бірімен келсілген, төмеңгі деңгей жоғарғы деңгейге бағынады, ал жоғарғы деңгейдегі процесс жағдайы (қабылданатын шешімдер, мақсаттар, аралық және соңғы нәтиже) оның төмеңгі деңгейінің жағдайын анықтауда міндетті болып табылады.

  • басқару шешімдерін дайындау кезінде көп нұсқалық принципі. Инновациялық процестер басқару процесінде ескеру қажет белгісіз факторлар ықпалымен жүзеге асады. Белгісіздік деңгейін төмендету үшін жобаның соңғы мақсаттар құрамын, оларды жүзеге асырудың баламалы тәсілдерін, жұмысты қамтамасыз ететін кешенділік нұсқасы, орындаушылардың әртүрлі құрамын қоса, жұмысты орындау ұзақтығы мен құны, материалдық-техникалық ресурстар және орындаушыларды ынталандыру жағдайын таңдау туралы баламалы шешімдерді дайындауда көп нұсқалыққа өту қажет.

  • жүйелік принципі, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті, шаралар жиынтығын (ұйымдастырушы-экономикалық, заңдамалық, әкімшілік, технологиялық және т.б.) дайындаудан тұрады.

  • кешенділік принципі, шағын мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, жоба құрылымының жеке өзара байланысқан элементтері жобаның бас мақсатымен сәйкес жүзеге асырылып, дайындалуы қажет.

  • қамтамасыздық принципі, жобада қарастырылған оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық, ақпараттық, материалдық және еңбектік ресурстармен қамтамасыз етілетін барлық шаралардан тұрады.

4- тақырып. Өндірісті ұйымдастыру

1. Өндірістік процесс және оларды ұйымдастыру принциптері

2. Процестер типтері және өндіріс типтері

3. Өндіріс циклі және оның кезеңдері

4. Өндіріс қуаттылығы және өндірістік қуаттылықты есептеу әдістемесі

1. Өндірістік процесс және оларды ұйымдастыру принциптері

Өндірісті ұйымдастыру – өндіріс процесінде қамтылған адамдар мен заттық элементтердің уақыт пен кеңістікте оңтайлы үйлесуіне бағытталған шаралар жүйесі. Өндірістік процесті ұйымдастыру деп тиімді соңғы нәтижеге жету мақсатында уақыт пен кеңістікте оның элементтерінің үйлесу және іріктеп алу әдісін түсінеміз.

Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы.

Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптерден құрылады:

  • мамандандыру - бұл жалпы сұранысты қанағаттандыратын өнім шығару жолында конструкторлық және технологиялық күшті біріктіру;

  • үздіксіздік - бұл өндіріс операцияларын бірінен соң бірінің технологиялық процеске сай жүргізілуі;

  • пропорционалдық - бұл өндірістік процесс стадиялары мен операцияларын бір мезгілде жүргізу және материалдардың, құрылыстардың, еңбек ресурстарының саны өндіріске сәйкес болуы тиіс;

  • параллельділік - толық немесе жеке жұмыс процесін бір уақытта орындауын білдіреді;

  • тура дәлділік - өндіріс процесінде еңбек заттарының қозғалысының қысқа қашықтығын қамтамасыз етеді;

  • ырғақтық - тең уақыт аралықтары арқылы өндіріс процесінің жиі қайталануы;

  • икемділік - жаңа өнім шығаруға тез дағдылану мүмкіндігі.

Өндірістік процесс — белгілі бір өнімді өндіруге бағытталған, негізгі, көмекші, қызмет ететін және табиғи процестердің өзара байланысқан жиынтығы.

Операция — бір немесе бірнеше жұмысшылардың, бір немесе бірнеше өндіріс объектілерімен бірқатар әрекеттерден тұратын және бір жұмыс орнында орындалатын өндіріс процесінің бөлігі.

Өндірістік процестің операциялары негізгі, қосалқы қызмет ететін болып бөлінеді.

Шикізат пен материалдарды дайын өнімге айналдыру барысындағы өндірістік процестер негізгі деп аталады.

Көмекші процестер негізгі өндіріске қажетті өнімдер өндіру және қызмет көрсетуге бағытталады. Оларға аспаптарды, технологиялық жабдықтарды және бөлшек запастарын дайындау, жабдықтарды жөндеу және т.б. жатады.

Қызмет етуші процестер негізгі өндіріспен тығыз байланысты. Олардың негізгі міндеті – кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Оларға цех арасындағы және цех ішіндегі көлік, материалдық-техникалық ресурстарды сақтау және қоймалау және т.б. жатады.

Өндірістік процестер дайындау, өңдеу және құрастыру кезеңдерінен тұрады.

Дайындау өндірістік процесі шикізаттар мен материалдарды қажетті дайындамаларға (дайын өнімнің өлшемі мен формасына жақын дайындамаларға) айналдырады немесе сатып алады. Мысалы, машина құрылысында - темір соғу және құю процестері болса, ал тігу өндірісінде - пішу және материалдарды кесу процестері болады.

Өңдеуші процестер кезіңде дайындамалардан өңдеу (механикалық, термиялық, физика-химиялық) арқылы жаңа бөлшектер алынады.

Құрастырушы өндірістік процестер кезінде бөлшектерден жаңа өнімдер құрастырылады (құрастырылатын, аспатық процестер, ылғалды-жылу өңдеу және т.б.)

Еңбек затына жасалатын операциялардың сипаты бойынша өндірістік процестер қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым процесс – бұл еңбек затына өзара байланысқан бірқатар операциялардың кезекті ықпал ету өндірістік процесі, оның нәтижесінде дайын немесе жартылай өнім алынады.

Күрделі процесс – бұл бірнеше өнім бөлшектерін (жартылай фабрикаттарды) біріктіру жолымен, жаңа өнім (жартылай өнім) алу өндірістік процесі. Күрделі процесс әдетті, параллельді-кезекті орындалатын қарапайым процестердің жиынтығы болып табылады.

Жұмысты қамту деңгейі бойынша, процестің соңғы нәтижесіне жету үшін өндірістік процестер толық және бөлшекті болып бөлінеді.

Толық процесс – бұл берілген процестің соңғы нәтижесін алу үшін қажетті толық жұмыстар кешенін қамтитын өндірістік процесс.

Бөлшекті процесс - бұл берілген процестің соңғы нәтижесін алу үшін қажетті, бірақ жұмыстың бір ғана бөлігін қамтитын, толық өндірістік процестің аяқталмаған бөлігі болып табылады.

Өндірістік процестердің техникалық жабдықталуының деңгейіне байланысты, қол еңбегімен жасалатын, жартылай механикаландырылған және кешенді механикаландырылған деп бөлінеді.

Қол еңбегімен жасалатын процестер деп машина немесе механиканың көмегінсіз орындалатын өндірістік жұмыстарды айтамыз.

Жартылай механикаландырылған процестер қол еңбегін жекелеген операцияларды орындауда машиналармен ауыстыруды сипаттайды.

Кешенді механикаландырылған процестер барлық өндірістік операцияларды өзара байланысқан машиналар мен механизмдер жүйесімен орындау.

2. Процестер типтері және өндіріс типтері

Өндірістік тип – жасалатын өнімнің номенклатурасымен бір аттас өнімді дайындау номенклатурасы, көлемі және ретті өндіру деңгейі негізделген, өндірістің ұйымдастырушы-техникалық және экономикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен көлемі өндірістің бірлестіру және мамандану шоғырландыру деңгейін анықтайды. Өндірістің мамандану деңгейі өндірістік процесті ұйымдастырудың сол немесе басқа типін құруға ықпал етеді.

Тәжірибеде өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру үш типке бөлінеді: массалық, жекелеген және сериялық. Олар бір-бірінен номенклатура тұрақтылығымен, жұмыс орындарының мамандану деңгейімен, шығарылатын өнім көлемімен, жұмысшылар мамандануымен ерекшеленеді.

Жекелеген өндіріс өнімнің кеңейтілген ассортиментімен және бірдей өнімдерді аз көлемде шығарумен сипатталынады. Оның үлгілері қайталанбайды немесе жиі қайталанбайды. Жұмыс орындарында тереңдетілген мамандандырылу болмайды. Жекелеген өндіріс станок жасайтын, кеме жасау, ірі су турбиналарын өндіруге, жалға берілетін станоктар және басқа да бірегей жабдықтар жасайтын кәсіпорындарға тән.

Массалық өндіріс үшін үлкен өндірістік көлемдерде шығарылатын өнім номенклатурасы тән. Мұнда арнайы құрал-жабдықтар, арнайы аспаптар және технологиялық жабдықтар қолданылады. Жұмысшылар шектеулі шеңбердегі операцияларды орындайды, бұл өз кезегінде осы операцияларды тез және сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Сериялық өндіріс өнімнің шектелген ассортиментін жасаумен сипатталады. Оның салыстырмалы шағын номенклатурасында технологиялық және конструктивті ұқсас өнім шығарылады. Белгілі бір уақыт аралықтары арқылы өнім партиялары (сериялары) қайталанады. Өндіріс партияларының шығарылатын көлеміне байланысты, өндіріс шағын сериялы, орта сериялы және ірі сериялы болып бөлінеді. Сериялық өндірісте ұқсас технологиялық процестерді орындау үшін жекелеген жұмыс орындарын мамандандыруға болады. Өнімнің өзіндік құн деңгейі жұмыс орындарын мамандандыру, орташа мамандандырылған жұмысшылардың еңбегін кең қолдану, өндірістік аудандар мен жабдықтарды тиімді қолдану, жекелеген өндіріспен салыстырғанда еңбек ақыға кететін шығындардың төмендеу есебінен төмендейді.

3.4.1 кесте - Өндірісті ұйымдастыру типтерінің сипатаммасы

Фактор

Жекелеген

Сериялық

Массалық

Номенклатурасы

Шектелмеген

Сериямен шектелген

Бір немесе бірнеше өнім

Шығару қайталанғыштығы

Қайталанбайды

Кезеңдік қайталанады

Тұрақты қайталанады

Қолданылатын құрал-жабдық

Әмбебап

Әмбебап, жартылай мамандандырылған

Негізінде мамандандырылған

Құрал-жабдықты орналастыру

Топтық

Топтық және бағалы

Бағалы

Технологиялық процесті дайындау

Ірлендірілген әдіс

Толық, бөлшектенген

Бөлшектенген, операциялық

Станоктарға операцияларды және бөлшектерді бекіту

Арнайы бекітілмеген

Станоктарға белгілі операциялар мен бөлшектер бекітілген

Әрбір станокта бір операция орындалады

Жұмысшылардың квалификациясы

Жоғары

Орташа

Жоғары емес

Өзара ауыстырылуы

Толық емесе

Толық

Толық

Өнім бірлігінің өзіндік құны

Жоғары

Орташа

Төмен

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптерінің жүзеге асырылу деңгейі

Процестердің үзілмелділік деңгейі төмен

Өндірістің орташа деңгейде

Өндірістің ағымдылығы және үзілмелділігінің деңгейі жоғары

3. Өндіріс циклі және оның кезеңдері

Өндірістік цикл – бұл өндіріске шикізат пен материалдарды қосу кезінен бастап дайын өнімнің шығуына дейінгі күнтізбелік кезең уақыты.

Процесс циклінің ұзақтығы - оның басталу кезінен аяқталу кезіне дейінгі уақыт кесіндісі.

Өндірістік цикл – бұл өндірістік процесті орындау ұзақтығы. Технологиялық цикл - бұл берілген технологиялық процестің барлық технологиялық операцияларын орындау уақытының ұзақтығы. Операциялық цикл – бұл өнім партиясын орындау операцияларының ұзақтығы. Операцияны орындау уақыт нормасы – бұл бір өнім өндіру операциясының ұзақтығы.

Өндірістік цикл (Тц) екі кезеңнен тұрады:

  • өндіріс процесінің жүру уақыты;

  • өндіріс процесіндегі үзілістер уақыты.

Технологиялық цикл немесе жұмыс кезеңі деп аталатын, өндіріс процесінің жүру уақыты келесілерден тұрады:

  • дайындап-аяқтайтын операциялар уақыты (Тпз);

  • технологиялық операцияларға арналған уақыт (Ттехн);

  • табиғи технологиялық процестердің жүру уақыты (Тест.пр);

  • өндіріс процесіндегі тасымалдау уақыты (Ттранс);

  • техникалық бақылауға арналған уақыт (Ттехн.к).

Өндіріс процесіндегі үзілістер уақыты – бұл уақыт ішінде еңбек затына ешқандай ықпал жасалынбайды және оның сапалық қасиетінде ешқандай өзгерістер болмайды, бірақ өнім дайын деп есептелінбейді және өндіріс аяқталмаған болып табылады. Өндіріс процесіндегі үзілістер уақыты келесілерден тұрады:

  • операциялар арасындағы тоқтап тұру уақыты межопер.пролеж);

  • ауысым арасындағы тоқтап тұру уақыты(Тмежсмен.пролеж).

Осылайша, өндірістік цикл келесідей формуламен анықталады:

Тц = Тпз + Ттехн + Тест.пр + Ттранс + Ттехн.к + Тмежопер.пролеж + Тмежсмен.пролеж

Дайындап-аяқтайтын операциялар уақыты – бұл жұмысшының (бригаданың) өндірістік тапсырманы орындау үшін өз жұмыс орнын және өзін дайындауға және де оны аяқтау бойынша барлық әрекеттерге кететін уақыты. Оған материал, арнайы аспап және көмекші құрылғы, наряд алу және құрал жабдықты жөндеу уақыты жатады.

Технологиялық операциялар уақыты - бұл жұмысшының өзімен немесе оның басқаруымен машина және механизмдер арқылы еңбек затына тікелей ықпал ету уақыты.

Табиғи технологиялық процестердің жүру уақыты – бұл адам және техниканың ықпалынсыз еңбек заттарының қасиеттерінің өзгеру уақыты (боялған немесе қызып кеткен өнімді ауа арқылы кептіру, өсімдіктердің өсуі мен пісуі, кейбір өнімдерді ашыту және т.б.).

Техникалық қызмет көрсету уақытын құрайтын, өндіріс процесіндегі тасымалдау уақыты мен техникалық бақылауға арналған уақыт келесілерден тұрады:

  • өнімді өңдеу сапасын бақылау;

  • жабдық және машина жұмысының кестесін бақылау;

  • материалдар мен дайындамаларды әкелу, өңделген өнімді қабылдау және тазалау.

Операциялар (ауысымдар) арасындағы үзілістер келесілерге бөлінеді:

  • партиялық үзілістер – бөлшектерді партиямен өңдеген кезде пайда болады.

  • күту үзілістері – технологиялық процесстің аралас операцияларының ұзақтығының келісімсіздігіне байланысты пайда болады.

  • жинақтаудағы үзіліс – бір жинаққа кіретін кейбір бөлшектердің аяқталмауына байланысты пайда болады.

  • ауысым арасындағы үзілістер – жұмыс кестесімен (ауысым саны және ұзақтығымен) және жұмыс ауысымдары арасындағы демалыстар мен мереке күндері, тамақтану үзілістерімен анықталады.

4. Өндіріс қуаттылығы және өндірістік қуаттылықты есептеу әдістемесі

Қуаттылық – бұл белгілі кезеңдегі жүйенің максималды мүмкіндігі. Өндірістік қуаттылық өндірістің шығару мөлшерін күнтізбелік кезеңде (апта, ай немесе жыл) анықтайды.

Кәсіпорынның (цех, учаскенің) өндірістік қуаттылығы - бұл белгіленген мамандығына, өндірістің кооперациясына және жұмыс тәртібіне сәйкес, белгілі кезеңде (бір жылда, тәулікте, ауысымда) максималды өнім шығаруға оған бекітілген еңбек құралдарының (машина, құрал-жабдық және өндірістік аудандардың технологиялық жиынтығы) мүмкіндігі.

Өндірістік қуаттылық көбінесе, жоспарланған өнім шығару көлеміне сәйкес натуралды (натуралды-шартты) бірлікте, ал кей жағдайда құндық мағынада, станок-сағат ретінде есептелінеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын есептеу үшін келесідей бастапқы мәліметтер қолданылады:

  1. Құрал-жабдықтың саны, құрамы мен техникалық жағдайы және өндірістік аудандар туралы мәліметтер. Есепке кәсіби-техникалық оқыту үшін мамандандырылған учаскелер мен тәжірибелік-эксперитментальды құрал-жабдықтар және резервтегі құрал-жабдықтардан басқа, негізгі өндірістің барлық қолда бар құрал-жабдықтары (оның ішінде жөндеуге, ақауға және модернизацияға байланысты әрекетсіздер санына жататындар) кіреді.

  2. Құрал-жабдық өнімділігінің техникалық мөлшері және шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығы. Жаңадан салынған кәсіпорындар үшін құрал-жабдықтың өнімділігі негізінде құжаттық мөлшерлері, ал жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін – өнімділіктің техникалық негізделген (құжаттық мөлшерден төмен емес) көрсеткіштері алынады.

  3. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі және құрал-жабдықтың жұмыс уақытының қоры. Есептеу кезінде максималды мүмкін жабдық жұмысының жоспарлы жылдық уақыт қоры алынады.

Үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттар (домналық және мартендық пештер, химиялық агрегаттар және т.с.с) үшін жоспарлы уақыт қоры (Тнепр) келесі формуламен есептелінеді:

Тнепр = (365 - tк.р – tп.тех) х 24 ч

Мұнда tк.р – күрделі және жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізу үшін норматив бойынша қажетті уақыт;

tп.тех – жабдықтар мен агрегаттардың технологиялық тоқтап тұруы үшін қажетті уақыт;

Үзілмелі жұмыс істейтін жабдық үшін жоспарлы уақыт қоры (Тпрер) келесі формуламен анықталады.

Тпрер = [(365 – tв – tк.р.) х Kсм х tсм] х [(100 - Ппр) / 100]

мұнда tв – жылдағы демалыстар мен мерекелік күндер саны;

tк.р – күрделі және жоспарлы алдын-ала жөндеу күндерінің саны, егер жұмыс уақытында жүргізілетін болса;

Kсм – тәуліктегі жабдықтың ауысым жұмысының саны (кәсіпорындар үшін екі немесе үш ауысымдық жұмыс тәртібі қолданылуы тиіс);

tсм – ауысым ұзақтылығы;

Ппр – жоспарлы ағымдық тоқтап тұрулардың үлесі.

4. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы және оның бағдарламадағы сандық қатынасы. Есептеуде шығарылатын өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) қолданылады. Орташа жылдық қуаттылықты есептеу кезіңде өнім номенклатурасының өзгеру (азаю немесе көбею) есебінен қуаттылықты көбейту (азайту) көлемі толық өлшемде есептелінеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы негізгі (бастапқы) өндірістік бірліктердің (цехтар, учаскелер) қуаттылығы бойынша анықталады: Цехтардың, учаскелердің өндірістік қуаттылығы негізгі технологиялық жабдықтың (агрегаттар, қондырғылар, жабдықтар тобы және т.б.) қуаттылығы бойынша анықталады.

Бір типті затқа-мамандандырылған (тоқыма станоктары, иіретін машиналар және т.с.с.) жабдықпен жабдықталған цехтың, учаскенің өндірістік қуаттылығы (Мr) келесі формула бойынша анықталады:

Mr = Пч х Фпл х Н

мұнда ПЧ – жабдықтың сағаттық өнімділігі;

Фпл – жабдық бірлігінің жұмыс уақытының жоспарлы жылдық қоры;

Н – осы жабдық түрінің орташа жылдық паркі;

Кезеңділік жұмыс істейтін агрегаттардың (химиялық агрегаттардың және т.с.с.) өндірістік қуаттылығы (Мr) келесі формуламен есептелінеді:

Mr = Вм х (Фпл / tц.п) х КВГ

Мұнда Вм – шикі материалдар массасы;

ФПЛ - жабдық бірлігінің жұмыс уақытының жоспарлы жылдық қоры;

Tц.п – шикізатты қайта өңдеу циклінің ұзақтығы;

КВГ – шикі материалдардан шығатын дайын өнімнің коэффициенті.

Массалық және ірі сериялық өндіріс цехтарының өндірістік қуаттылығы (Мr) конвейер жұмысының тактісі немесе ырғағы және жоспарлы уақыт қорыны есебінен анықталады.

Mr = Фпл / tед х Н

мұнда ФПЛ - жабдық бірлігінің жұмыс уақытының жоспарлы жылдық қоры;

tед – өнім бірлігіне жұмсалған уақыт шығыны;

Н – бір типті жабдықтың орташа жылдық саны;

Бас цехтың өндірістік қуаттылығы (Мц) келесі формуламен есептелінеді:

Мц = М1 а1 + М2 а2 + … + Mn an

Мұнда М1 , М2, … Мn – бір типті жабдық түрлерінің жылдық өндірістік қуаттылығы;

а1, а2, …,an – осы жабдық түрлерінің бірліктер саны.

Тұтас кәсіпорын бойынша өндірістік қуаттылық бас учаскелер мен цехтар бойынша жүктілікті алдын-ала теңестіру негізінді анықтау, яғни жабдықтарды оның топтары және кезеңдері бойынша қолдану деңгейіне байланысты келістіру.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын қолдану деңгейі қуаттылықты қолдану коэффициентімен (Ки и) сипатталады, ол келесі формула негізінде анықталынады.

Ки и = Оф / Мср.r

мұнда Оф – нақты шығарылған өнім көлемі;

Мср.r – орташа жылдық өндірістік қуаттылық.

Өндірістік қуаттылық кіріс, шығыс, жобалық және орташа жылдық қуаттылыққа бөлінеді.

Кіріс қуаттылығы - бұл ағымдық жылдың 1 қаңтарындағы немесе нақты күніндегі кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаттылығы.

Шығыс қуаттылығы (Мк) – бұл жоспарлы кезеңнің соңындағы кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаттылығы, ол келесі формула негізінде есептелінеді:

Мк = Мн + Мс + Мр + Мn + Миз – Мв

Мұнда Мн – кезең басындағы өндірістік қуаттылық;

Мс – құрылыс нәтижесінде қуаттылықты енгізу;

Мр – кәсіпорынды реконструкциялау себебінен қуаттылықтың өсуі;

Мn – техникалық жаңғырту немесе басқа да шаралар нәтижесінде қуаттылықтың артуы;

Миз – өнім номенклатурасының (еңбек сыйымдылығының) өзгеру есебінен қуаттылықтың артуы (азаюы);

Мв – жабдықтың істен шығып қалу себебінен қуаттылықтың азаюы.

Кәсіпорындар (цехтар, учаскелер) бойынша іске енгізілген, бірақ игерілмеген қуаттылық, өндірістік қуаттылық ретінде жобалық қуаттылық алынады.

Орташа жылдық қуаттылық (Мгод) – бұл кәсіпорынның орташа есепті кезеңдегі немесе бір жылдағы қуаттылығы, ол баланстық әдіс негізінде анықталынады:

Мгод = Мн + ∑ (Мвв х Чвв) / 12 - ∑ (Мв х Чв) / 12

мұнда Мн – кезең басындағы өндірістік қуаттылық;

Мвв – бір жыл ішінде іске енгізілген қуаттылық;

Чвв – іске енгізілген қуаттылықтың эксплуатациялық айлар саны;

Мв – жыл ішінде есептен шыққан қуаттылық;

Чв – қуаттылықтың есептен шыққан кезеңінен бастап жыл соңына дейінгі айлар саны.

5-тақырып. Кәсіпорын орналасуы

1. Орналасу стратегиясының мазмұны және міндеттері

2. Орналасуға ықпал жасайтын факторлар

2. Кәсіпорынды орналастыру әдістері

1. Орналасу стратегиясының мазмұны және міндеттері

Материалдық ағымдарды басқарудың үнемдеген нұсқасын табу мақсатымен, орналастыру мәселесі өндірушілер мен өнімді тұтынушыларды экономикалық тұрғыдан дұрыс байланыстырады. Бұл бөлімде орналастырудың кемшіліктері мен ерекшеліктері, өндіріс пен қызмет көрсету салаларында орналастыру проблемаларын шешу жолдары сәйкес басқару стратегиялары, ауыспалы мәндерді есептеу әдістері, орналастыру талдауы кезінде қолданылатын әдістер, орналастырудың тиімді нұсқасын табу мақсатымен қолданылатын әдістемелер қарастырылады. Кәсіпорын орналасқан жерін таңдай отырып ұзақ уақыттық шығындар жасайды және орналасқан жері қызметінің нәтижесі ретінде табысты қамтамасыз етеді. Сондықтан орналастыру бөлуге ықпал етеді. Үлестірім жүйесін құру өндірісті орналастырудан басталады, содан кейін өндірістік қоймаларды орналастыру қарастырылады, қызмет көрсету жүйесі таңдалады, ол – көліктік желі және тағы басқа үлестері логикасына байланысты сұрақтар шешіледі.

Орналастыру. Кәсіпорын өз объектілерін орналастырғанда, өзіне ыңғайлы уақыт көлемін қамтитын қаражаттық салым салу туралы шешім қабылдайды. Ол оған таңдалған кәсіпорын жерінің қызметінің ұзақ уақыттық табыс табуына мүмкіндік береді. Тұрақты және ауыспалы шығындарды орналастыру өндірістік және сервистік фирмалар үшін ортақ өндірілген өнім өндіріс типіне немесе қызмет көрсету түріне байланысты тауарды реализациялау орнына әкелудің көліктік шығындары 25% реализациялау бағасын құрайды. Бұл ¼ табыс өнімді өндіруге шығындалған шикізатты әкелу шығындарын жабуға мүмкіндік береді. Басқа шығындар оларға өнеркәсіптің орналасу жері мен өнеркәсіп фирмаларының орналасу аймағы әсер етеді, олар: салықтар, еңбекақы, материалдарға қажет қаражат. Орналастыру өндіріс пен үлестірімге кеткен шығындарды өзгертеді, кәсіпорынның басқару жүйесінің 10% өндірістік шығындарды азайту саясатына қарағанда, жалпы шығын көлемінен 10% көбейтіп немесе кемітіп орналастырудың тиімді нұсқасы шығындарды азайтудың ең оңай тәсілі бола алады. Кәсіпорынның спецификасымен айқындалатын, белгілі бір уақытта жасалған шығындар, ұзақ уақыттық әсер етеді және оларды төмендету қиын. Мысалы, егер де зауыт энергоресурстардың қымбат тұратын аймағында орналасса, онда ең тиімді, дамыған стратегиялы басқару жүйесі де жақсы нәтижеге әкелмейді. Осындай түсінік еңбек ресурстарына да қатысты, егер сол аймақтың ең бек ресурстары таяз немесе кадрлардың жетіспеуі мен класификацияның төмен болуы. Осыдан шығатын түсінік объектілерді оптималды орналастыру – инвестрлеуге бағытталған басты бағыт, ол сәйкес стратегияны таңдау үшін нақты зерттелген экономикалық негіздерді қажет етеді. Кәсіпорын объектілерінің тиімді орналастыруын таңдау үшін, ең біріншіден фирманың сипаттамасын зерттеу керек. Өндірістің орналастыру талдауын өндірістің минималды шығындарға бағытталған. Өндірістің бөлшектеп сату саудасы мен сервис назарын жалпы өнім табысының максимализациялауға салады.

2. Орналасуға ықпал жасайтын факторлар

Орналастыру жолдарының ерекшеліктері әртүрлі аймақтарда орналастыру мәселелерін шешуге көптеген факторлар әсер етеді:

- еңбек өнімділігі;

- халықаралық айырбас;

- экономикадағы өзгерістер;

- жұмыссыздық;

- кәсіподақ;

- экономикалық аймақтар бойынша шекаралар;

- экология;

- салықтар және т.б.

Шығындар талдауына негізделген осы факторлардың объективті талдауы қажет. Бөлшектік өнімге жұмсалатын еңбек кейде өнімнің еңбектік жинағы деп аталады. Өндірушіге кететін шығынды еңбек өнімділігінің сағаттық критикалық бірлік өлшемі ретінде қарастырады. Еңбекақысының төмен мөлшері өнімділік төменділігінің және тұтынушыларға төмен деңгейде қызмет көрсетудің себебі.

Шығындарды екі категорияға бөлуге болады: тура анықталатын және тура анықталуға келмейтін. Тура анықталатын шығындар – фирманың бухгалтерлік есебінде тура, дәлдік деңгеймен сәйкестендіріледі. Бұл шығындар – еңбек, материалдар, салықтар, инфляция, пайдалылық, бағалылық, құнсыздану және т.б. Тура анықталуға келмейтін шығындарды келесі салаларда қарастыруға болады: білім сапасы, қоғамдық көліктің жұмысы, тұрғындардың құрылыс, өндіріс пен компанияға қарым – қатынасы, аймақта жұмыспен қамту деңгейі. Сонымен бірге, бұл шығындарға келешек кезеңдердің шығындары, климаттың өзгеруімен байланысты пайда болған шығындар, денсаулықты сақтау мәселелріне байланысты шығындар, денсаулықпен айналысу және демалыс орындарын құрастыруға жұмсалатын қаражат, өмір сүру деңгейін анықтайтын шығындар жатады.

Өндіріс пен қызмет көрсету салаларында орналастыру. Егер де өндірістік секторда орналастыру мәселелерін шешу шығындарын барынша азайтуда болса, ал қызмет көрсету саласында табысты барынша көбейтуде болады. Бұл ерекшеліктер бөлшектеп сату саудасына тән. Бұл өндірістік шығындар – өндірістің орналасқан жеріне біршама байланысты, ал қызмет көрсету саласы өндірістің орналасқан жеріне байланысты емес, олардың табысы стратегияға байланысты. Сондықтан қызмет көрсету саласының белгілі мөлшердегі қызметтерді атқару үшін, орналастыруды табыс мөлшеріне байланысты таңдау қажет.

Орналастыруды таңдаудағы шешімді қабылдау үрдісінде, сол аймақтың жағдайын зерттеу керек, соның ішінде нұсқа бойынша. Ол үшін келесі факторлардың есебімен талдауы қажет:

  1. Тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі;

  2. Демографиялық жағдай

  3. Имидж және фирманың қызмет көрсетулерінің сәйкестігі;

  4. Фирма мен бәсекелестердің орналасу ерекшеліктері;

  5. Фирма, бәсекелестер және бизнес бойынша серіктестердің тұтынушыларына қызмет көрсету деңгейі;

  6. Фирманың операциялық саясаты;

  7. Менеджмент сапасы.

Бұл факторлардың талдауы орналасқан жердің жағдайына объективті баға беруге және орналасу нұсқалары бойынша күтілетін табыс мөлшерін болжауға мүмкіндік береді.

3. Кәсіпорынды орналастыру әдістері

Орналастыру мәселерін шешу үшін төрт топ әдістері қолданылады:

  1. Салмақтау (таразыға тарту) әдісі – таразының арналуы және әртүрлі факторлар үшін шектеулі мәндер есебі және материалды шығындарды өлшеу (салықтар, шығындар, еңбек шығындары) материалды емес шығындарды зерттеу, қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық шығындарды қарастыру қалыптасқан.

  2. Сындық нүкте (шығынсыз орналастыру) әдісі – (location break – even methods) критикалық нүктенің арнаулы қосымша талдауы және орналастыру мәселесінде қалыптасатын сұрақтар.

  3. Гравитациялық әдіс. Әртүрлі нарықтардағы бағалардың өзара әсер ықпалы гравитациялық әдіс – математикалық процедура, бірліктік қойманың орналасуына қолданылады, бөлшектік сауданың белгілі сан сақтау қоймаларына қызмет ету.

  4. Тасымалдау әдіс – сызықтық бағдарламалау әдістері, қамтамасыз ету пункті – тұтыну пункті сызығын құру техникасына негізделген.

Бағалауды салмақтау немесе таразыға тарту әдісі. Қиын өлшенетін шығындарды айтарлықтай оңай анықтайды, оған көбінесе орналастыру үрдісі жатады. Орналастыру мәселелеріне - әдістер көлемдік баға беруге көмектеседі. Үрдіске байланысты сұрақтарды шешу факторларын жүйелейді. Өндіріс шығындарының ақпараттарын талдай отырып, экономикалық көрсеткіштердің өзгеру қарқынын, әр фактордың маңыздылығын бағалай отырып, оларға білім деңгейі, демалу орындарымен қамтамасыздандырылуы, еңбек сапасы, фирма әртүрлі орналастыру нұсқалары туралы ақпарат алады. Критикакалық нүктені талдау – бұл орналастыру нұсқалары шығындары бойынша талдауды салыстыру. Ол берілген альтернативалар жиынынан ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді. Орналастыру кезінде критикалық нүкте талдауы үш нүкте құрайды:

  1. Әр нұсқа үшін тұрақты және ауыспалы, өзгермелі шығындар анықтамасы.

  2. Шығындар нәтиже графигін салу, көлденең осі үшін – орналастырудың әр нұсқасының шығыны және тік осі үшін – жылдық нәтиже мәндері.

  3. Берілген нәтижеге ең кіші шығындар қосындысының орналастыру нұсқасын талдау.

Гравитация орталығының әдісі – бұл математикалық әдіс. Ол көбінесе ірі көтерме қоймаларын орналастыру үшін қолданылады. Ал ірі көтерме қоймасы, сол аймақтың бөлшектеп сату саудасының қоймаларын қамтамасыздандырады. Бұл әдіс орталық қойманың қасында орналасқан бөлшектеп сату саудасының дүкендеріне де назар салады, оларға әкелінетін тауар көлемі, тасымалдауға кеткен шығын. Гравитация орталығының әдісі бірнеше кезеңдер қадамдарын орындауды қарастырады. Бірінші қадам, координат жүйесінде орналастыру мәселелерін қарастырады. Жүйе басы мен пайдаланылатын шкалаға қатысты арақашықтыққа негізделініп, сәйкестендіріледі.

Тасымалдау әдістері, бірнеше қамтамасыз ету пунктерімен жүктерді жақсы тасымалдауды анықтайды, өндірісте аз шығын жұмсауды қамтамасыз етеді және тауарды көліктендіреді. Әдетте әр тауар көздерінің қуаттылығы қарастырылады және әр тұтынушы пунктерінің осы тауарға деген ұсынысы. Жеткізуші аппараты мен тұтынушылары бар әр фирма, осындай жағдайға кезігеді. Ол мәселені барынша тиімді етіп жасау, шешім қабылдауға арнайы тасымалдау әдістер қолданған жөн. Тасымалдау әдістер қолмен шешім қабылдауға, шығаруға тиімді.

Тасымалдау желіні құрастырып талдау жасау үшін фирма әр зауыттың қуаттылығын анықтау керек, әр тұтынушының қажеттілігін анықтау, тасымалдаудың шығындар мен маршруттарын анықтау керек.

6- тақырып. Кәсіпорынның өндіріс құрылымы

1. Өндірісті басқару құрылымын ұйымдастыру

2. Кәсіпорынның өндіріс құрылымының белгілері, факторлары, параметрлері және көрсеткіштері

3. Өндірісті басқару жүйесінің элементтері

4. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру

1. Өндірісті басқару құрылымын ұйымдастыру

Өндірісті басқару жүйесінің өз құрылымы бар. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы - бір тұтастың дамуын және оның қызмет етуін қамтамасыз ететін, өзара тұрақты қатынаста болатын өзара байланысқан элементтердің реттелген жиынтығы.

Кәсіпорын және оның бөлімшелерінің қызметі, сәйкесінше жетекшімен немесе арнайы органмен үйлестірілуі және бағытталуы тиіс. Кәсіпорындағы еңбекті бөлу ауқымды және сәйкесінше қызмет түрлері мен бөлімшелері көп болғанда, оның барлық басқару органдарының құрылымы күрделенеді, ондағы иерархия деңгейлері көп болады.

Кәсіпорын қызметінің ауқымын әрі қарай кеңейту кезінде сәйкесінше иерархия деңгейлерінің саны өседі.

Басқару органдары әрқашан нақты бөлімшелерге немесе олардың топтарына қатысты болады, сондықтан олардың құрылымы кәсіпорынның жалпы ұйымдастырушылық құрылымымен сай келуі керек. Сәйкесінше, келесідей басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын бөліп көрсету керек:

1. Сызықтық

Жетекші

3.6.1- сурет. Сызықтық құрылым сызбасы

2. Сызықтық-штабтық

Жетекші Штаб

Штаб

3.6.2- сурет. Сызықтық-штабтық құрылым сызбасы

3. Функционалды

Жетекші

Функционалды жетекшілер

3.6.3- сурет. Функционалды құрылым сызбасы

4. Мақсатты-бағдарламалы

Жетекші

Бағдарлама

жетекшісі

3.6.4- сурет. Мақсатты-бағдарламалы құрылым сызбасы

5. Дивизиондық

Бас директор

А

Б

В

Өндірістік

қызметтің

жетекшілері

Функционалды

бөлімшелер

3.6.5-сурет. Дивизиондық құрылым сызбасы

6. Матрицалық

Бас директор

Функционалды

қызметтер

а

б

в

жетекшілері

А

Б

В

3.6.6- сурет. Матрицалық құрылым сызбасы

7. Бір стратегиялық бизнес құрылымы

Бас директор

Жоғары жетекшілер

тобы

а

б

в

г

Функционалды қызметтерінің

жетекшілері

А

В

Б

Өндіріс қызметтерінің

жетекшілері

Сызықтық қызметтер

3.6.7- сурет. Бір стратегиялық бизнес құрылымының сызбасы

2. Кәсіпорынның өндіріс құрылымының белгілері, факторлары, параметрлері және көрсеткіштері

Менеджелердің міндеті ұйымның мақсаты мен міндеттеріне сай келетін, және де ішкі және сыртқы факторларға әсер ете алатын тиімді құрылымды таңдау болып табылады. Кәсіпорынды басқарудың нақты ұйымдастыру құрылымын белгілер, факторлар, параметрлер және көрсеткіштер тобы анықтайды:

1. Бастапқы ақпарат

Басқару объектісінің сипаттамасы

Объектінің ақпараттық байланысы

Объектінің материалдық байланысы

Басқару міндетінің құрамы

2. Әсер етуші факторлар

Технология

Қолда бар персонал

Сыртқы орта

Шешімдер жүйесі

Кәсіпорын көлемі

Қалыптасқан құрылым

Бизнес стратегиясы

3. Құрылымдық белгілері

Функционалды тағайындау

Жұмыс уақытының аралығы

«Қызмет көрсетілетін» өнім

Бағыныштылар саны

Қызмет көрсетілетін тұтынушылар тобы

Қызмет көрсету процесі

Қызмет көрсету аймағы

4. Анықталатын параметрлер

Басқару деңгейлерінің саны

Жұмысшыларды бөлу

Бөлімшелер саны

Жұмыстарды автоматтандыру деңгейі

Бағыныштылар саны

Ақпарат қозғалысының бағыты

Міндеттерді бөлу

5. Бағалау параметрлері

Басқару жұйесін ұстау (содержание) шығындары

Бөлімшелердегі еңбек шиеленісі

Жұмысшылардың ақпараттық жүктелімі

Ақпаратты өндеу уақыты

Өндірістік кідірістерге назар аудару уақыты

Жедел сауалдарға назар аудару уақыты

Басқару міндеттерін шешу уақыты

Басқару шешімдеріндегі қателіктер саны

6. Оңтайлы құрылымның белгілері

Жоғары мамандандырылған персоналы бар шағын бөлімшелер

Басшылық деңгейінің аз саны

Топ құрылымында мамандардың болуы

Жұмыс кестесінің тұтынушыларға бейімделінуі

Өзгерістерге шұғыл бейімделене алуы

Жоғарғы өнімділік

Төмен шығындар

7. Қорытынды сипаттамалар

Кәсіпорын пайдасы

Өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы (нұсқау)

Директор

Орынбасарлар:

  • экономика

  • кадр және еңбек

  • жабдықтау

  • құрылыс

  • тасымалдау

- жалпы мәселелер бойынша

Бас бухгалтер

Бас инжерер

Бухгалтерия

ВЦ

Бас мамандар:

- бас технолог

- бас коструктор

- бас метролог

- бас механик

- бас энергетик

ЦЗЛ

Бөлімдер:

- заң

- ОТК

Бөлімдер

Жоспарлау

Қаржылық

Стратегиялық жоспарлау

Өндірістік

Техникалық

Қауіпсіздік техникасы

Техникалық ақпарат

Жобалық

Өткізу

Жабдықтау

Маркетинг

Кадрлар

Еңбек және еңбек ақы

Техникалық жабдықтау

Бас механик

Бас энергетик

Темір жол көлігі

Автотранспорт көлігі

Әкімшілік-шаруашылық

Тұрмыстық-коммуналдық

Сыртқы-экономикалық

3.6.8-сурет. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы

Цехты басқарудың ұйымдастырылу құрылымы (нұсқау)

Цех басшысы

Бюро

Еңбекті ұйымдастыру

Экономикалық

Жоспарлы-бөлу

Технологиялық

Бухгалтерия

Жабдық бойынша көмекші

- механикалық

- электрлік

- крандық

Өндіріс бойынша орынбасар

Жабдық топтары бойынша аға шебер

Учаскенің аға шебері

Ауысым басшысы

ВЦ

Бригадалар

Бригадалар

3.6.9- сурет. Цехты басқарудың ұйымдастырылу құрылымы

3. Өндірісті басқару жүйесінің элементтері

Өндірісті басқару жүйесі – бұл қойылған мақсаттарды өндірістік бөлімшелердің жүзеге асыруындағы өзара әрекетінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін, құрылымдық элементтердің өзара байланысының жиынтығы.

Басқару жүйесінде басқару функциялары жүзеге асырылады. Бұл жүйеде жалпы элементтерді бөліп көрсетуге болады. Бұндай элементтерге келесілерді жатқызуға болады: басқару процесі, жүйе мақсаты, басқару объектісі, басқару субъектісі және басқалар.

Өнім өндіру кәсіпорын жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Осы процестерді басқару кәсіпорын шегінде, әрбір негізгі цехта ұйымдастырылады. Өндірісті басқару бойынша ең жауапты жұмыс өнімді жоспарлау болып табылады, яғни цехтар, учаскелер үшін өндірістік бағдарламалар және оларды орындау үшін қажетті жағдай жасау. Бұл жұмыс белгіленген жоспарлы кезеңдерге сай жиі қайталанылады, өндірістік бөлімшелердің функционалдық қызметтермен және сызықтық басшылармен орындалады.

Кәсіпорын бөлімдерінің және цехтардың басқару персоналдары бұл процеске қатысады, жоғарыда айтылған барлық функциялар жиынтығы реттейді, кәсіпорын тиімділігінің жетістіктері мен бағдарламаны орындауда тұрақты қолдаулар көрсетіледі. Көрсетілген процедуралар кәсіпорын және цехтардың ұжымына басқарушы персоналдың әсер етуімен жүзеге асырылады.

Өндірістік бағдарламаларды жасау және өндірісті басқару бойынша басқа қызметтерді орындау, басқару персоналының өндіріс барысы туралы мақсаттылы ақпаратын, және де оны өндеу үшін есептеуіш техника құраларын қолдануына негізделеді. Мұндағы персонал, ақпарат, есептеуіш техника материалдық элементтер ретінде, басқару процесінде қолданылады. Осы элементтер арасында басқару қатынастары және белгілі байланыстар бар. Материалдық емес элементтермен өзара байланысқа түсуі, өндірісті басқару жүйесін құрайды.

Өндірісті басқару жүйесі элементтерінің өзара байланысы 3.6.10- суретте көрсетілген.

Ескертулер:

1. Басқару деңгейі бойынша жүйе элементтерінің арасындағы горизонтальды байланысы, оларға сәйкес басқару процесін сипаттайды.

2. Вертикальды байланыстар өндірісті басқару процесінде АСУ ұйымдастырушылық құрылымдарының, функционалды қызметтер мен сызықтық басшылардың өзара әрекетін көрсетеді.

3.6.10-сурет. Өндірісті басқару жүйесінің элементтерінің өзара байланысының сызбасы

4. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру

Басқару құрылымы шеңберінде басқару процестері (ақпараттың қозғалысы және басқару шешімдерін қабылдау) жүзеге асырылады, олардың қатысушылары арасында басқару қызметі мен міндеттері бөлінеді, демек оларды орындау үшін құқық пен жауапкершілік беріледі. Осы тұрғыдан басқару құрылымын менеджменттің белгіленген мақсаттарына жетуге бағытталған, басқару процесінде болатын, басқару қызметінің кооперациясы мен бөлініс нысаны ретінде қарастыруға болады. Басқару процесінде басқару функциялары бір-біріне кіреді және толықтырады, олардың жиынтығы мен өзара байланысы басқару циклін құрайды және өндірісті күнделікті басқарудың мәнін көрсетеді (3.6.11- сурет).

Айтып кететін жайт ұйымдастыру, үйлестіру, мотивация функциялары белгілі өндірістік жағдай үшін нақтыланған, сыртқы және ішкі орта факторларының ықпалына тұрақты, сондықтан ұзақ кезеңге қатысты өзгермейді.

Тұтас кәсіпорын үшін басқару жүйесінің экономикалық мазмұнын көрсететін арнайы функциялар тән. Олардың ішінде - «Өндірісті басқару» жүйесі бар. Әрбір жүйенің қызметтік бөлімшелері кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын сипаттайды. Әрбір бағынатын және өзара байланысқан басқару жүйесінің буындары басқару процесінің белгілі бөлігін жүзеге асырады.

Өндірісті басқару қызметтік жүйесі үшін басқару аппараты кәсіпорын және әрбір цех деңгейінде ұйымдастырылады. Өйткені, өндірісті басқару жүйесі кәсіпорынның мақсатын жүзеге асырудағы шешушісі болып табылады, оған барлық басқа қызметтік жүйелер тікелей қатысты.

Басқару нысанының мақсаты мен міндеті

Өндірістік қызметтің талдау

Жоспарлау (өндірістік бағдарлама)

Өндірістік бағдарламаның орындалуын бақылау

Өндіріс барысын реттеу

Жұмыстарды ұйымдастырылуы

Жедел есеп

Үйлестік

Ынталандыру

Өндірістік процесс

Өнім

Ішкі және сыртқы әсерлер

3.6.11- сурет. Өндірісті басқару циклының сызбасы

Әрбір негізгі цехтар үшін төрт негізгі қызметтік жүйелерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Экономикалық қызметті басқару;

  2. Өндірістің технологиялық дайындығын басқару;

  3. Өндірісті жедел басқару;

  4. Өндіріске техникалық қызмет етуді басқару.

Мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, басқару объектілеріне ықпал ету басқарудың ұйымдастырушылық, экономикалық, және әлеуметтік әдістер көмегімен орындалады.

Әрбір басқару шешімдерін орындау басқару аппаратымен жүзеге асырылады. Бұл басқару процесінің қорытындылаушы кезеңі, онда ұйымдастырушы-тәжірибелік жұмыстарда сызықтық басшылар мен функционалдық қызметтер жоғарыда айтылған және әрбір цех үшін ерекше басқару әдістері қолданылады.

Жоғарыда келтірілген әрбір басқару функциясының сипаты, оның басқару процесінде белгілі бір орны және мәні бар екенін көрсетті. Олардың барлығы өзара байланысқан және басқару шешімдерін дайындау кезінде бір-бірін толықтырады.

Қазіргі заман жағдайында, ірі кәсіпорындарды басқаруда басқару аппараты іске кірістірілген, себебі көптеген мәселелерді шешу қажет, ал әрбір басқарудағы жұмысшының ресурстары шектеулі. Сонымен қоса, мәселелер алуан түрлі және ерекше болғандықтан, кәсіби талдау жасау және дұрыс шешім табу үшін, бір ғана тұлғаның білімі мен тәжіребесі жеткіліксіз.

Осыған байланысты бөлімшелер мен оның жеке басқару деңгейлері арасындағы басқару құрылымы аясында, басқару жауапкершілігі мен өкілеттілікті орынды бөліп беру міндеті тұр. Сонымен бірге, бірінші кезекте менеджмент деңгейлерін қабылдау қажет (3.6.12- сурет).

Басқару төрағасы

Жоғары Бас директор, директор, директор

деңгейдегі орынбасары, бас маман

басшылар

Орта деңгейдегі Бөлім бастығы, цех бастығы,

менеджерлер цех бастығының орынбасары

Бірінші деңгейдегі Цехтық бюро бастығы,

менеджерлер топ жетекшісі, мастер,

бригадир

3.6.12- сурет. Менеджменттің деңгейлері

Сол немесе басқа басқару деңгейіне бағытталған, өкілеттілік пен жауапкершілік ауқымы бірқатар факторлармен анықталады. Біріншіден, бұл күрделі, маңызды және алуан түрлі шешілетін мәселелер. Менеджмент деңгейлеріне сәйкес келесідей өкілеттіктер, жауапкершіліктер мен міндеттерді бөлуді ұсынуға болады:

Жоғарғы деңгейдегі менеджерлер

1. Мақсаттарды анықтау.

  1. 2. Стратегиялық ресурстарды бөлу.

  2. 3. Ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру.

  3. 4. Пайданы басқару.

Орта деңгейдегі менеджерлер

1. Тапсырма беру. Жоспарлау. Шешім қабылдау.

2. Кадрларды іріктеу. Персоналды оқыту.

3. Жұмысты үйлестіру және бақылау.

4. Қызметкерлердің жұмысындағы дербестікті қолдау.

Бірінші деңгейдегі менеджерлер

1. Өзінің хабардарлық аясында дербес шешімдер қабылдау.

2. Егер өзінің хабардарлық аясы шегінен тыс шешімдер шығып жатса, басшыға хабарлау.

3. Өз пікірін ашық түрде айту.

4. Өз қызметін жақсартудың мүмкіншіліктерін ойластыру.

  1. Өз қызметі туралы жетекшіні хабардар ету.

  2. Өз қызметін басқа қызметкерлермен үйлестіру.

  3. Өз біліктілігін жоғарлату.

7- тақырып. Өндірісті ағынды әдістермен ұйымдастыру

1. Ағымдық өндіріс түсінігі

2. Ағымдық линиялар түрлері

1. Ағымдық өндіріс түсінігі және ағымдық желі түрлері

Ағымдық өндіріс – бұл өндіру ұжымының формасы, техникалық операция негізінде ырғақтық қайталымға негізделген, мамандырылған жұмыс жерлерінде жасалған. Технологиялық үрдісте дайындалған бір немесе бірнеше бұйым орналасқан орны.

Ағымдық әдісті пайдаланған ұжымның жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тиімді өндіріс. Бірақ та аталған артықшылық ұқсас өндіріс құрылымының қатты детерминирлендірілген болып келеді және тез икемділікті шектейді. Сондықтан да ағымдық желіні қолданған орталығы үнемі айтарлықтай тар жаппай немесе ірі сериялы шығарылған өнім мен шектелген сол кезде де ағымдық өндірістегі артықшылықтар дүние жүзіндегі ғалымдарды техникалық және ұжымдық шешу жолдары және оны қолдануды табуға міндеттейді.

Ағымдық өндіріс ұжымының алғы – шарттары мыналар:

  1. Болашақта жеткілікті өнімге деген тұрақты сұраныс;

  2. Бар программада шығарылым маркетингті стратегия кәсіпорынның рұқсатымен, жеткілікті көлемдегі бұйым, конструктивті – технологиямен және ұжымдық жоспармен сәйкес келетін бірдей немесе ұқсас компоненттер (бірегейлі элементтер, модульдер);

  3. Конструкцияда бар әртүрлі деңгейдегі бір бұйым жеткілікті мөлшерде бірдей немесе ұқсас компоненттер техникалық қоймада үнемі болып жатқан өзгерістерге қарамастан өнімді өндеуді қамтамасыз етеді.

  4. Кәсіпорында компьютерлік қойма деректері жетілген, конструкторлық, технологиялық және ұжымдық – жоспарлық мінездемеге ақпаратты қамтамасыз етеді.

Ағымдық өндірістің негізгі құрылымдық элементі – ағымдық желі болып табылады. Жұмыс орындарының жиынтығын операцияны орындау үшін керекті материалдармен жабдықтау және техникалық үрдісте қатал орналастыруын бақылайды.Әдетте ағымдық желі бар алаң жоспарына тәуелді түрлі конфигурациясы болуы мүмкін: тіксызықты, дөңгелек, өзіндік және тағы басқа. Сонымен қатар, өндіріс алаңдарын және ғимарат көлемдерін ұтымды қолдануды, маршруттардың ұзақтық қозғалысын, құрал – жабдықтарды және жұмыскерлерді ауыстыру, қысқарту, қызмет көрсететін бірнеше бәірлік жабдықтар немесе операциялар. Дәлдік үрдісі осыдан тұрады. Ырғақтық үрдіс ағымдық желісінен ырғақтық өнім шығаратын және ырғақтық қайталанатын жұмыс, жұмыс орындарында ағымдық желі бір қайталана беретін операциямен орындалады немесе бірнеше ұқсаса операциямен, белгілі бір уақытта кездесіп орындалады.

Ырғақ барлық ағымдық желілердің түрлерін есептегенде негіздік параметр болып табылды.

Ағымдық желінің жіктелімі, жүзеге асырылатын екі басқа үрдістің ұтымды ұжымдық өніммен негізделеді. Олар: мамандандыру және үздіксіз жұмыс орының тар мамандандыру, бір өнім түрін шығаруды бағдарлау, толық мүмкіндіксіз немесе жоғарғы күрделі қайта дұрыстау – бірзаттық ағымның белгісі; Жұмыс орындарында үздіксіз бұйымдарды ауыстыру – үздіксіз желісі.

Көпзаттық ағым белгілі бір шекке дейін қайта дұрыстауға жіберіледі. Үздікті желі параллельді – тізбектелген қозғалыс түріне бұйым операцияларын қолданумен негізделеді, осының салдарынан қолданыстан қалып қойған бөлшектер, дайындама және қорларды қалыптастыру жұмыс орнында рұқсат етіледі.

Сондықтан екі атаулы жіктелім белгілерінен төрт әртүрлі желіні ерекшелеуге болады:

  1. Бірзаттық үздіксіз ағымдық желі

  2. Көпзаттық үздіксіз ағымдық желі

  3. Бірзаттық үздікті ағымдық желі

  4. Көпзаттық үздікті ағымдық желі

2. Ағымдық әдіс

Ағымдық әдіске менездеме:

  1. Аз мөлшерде өнім шығару номенклатурасын қысқарту;

  2. Операцияда өндірістік үрдістін бөлшектенуі;

  3. Белгілі бір операцияны орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;

  4. Ағымда барлық жұмыс орнын параллельді операция жүргізу;

  5. Технологиялық үрдіске байланысты жабдықтарды орналастыру;

  6. Жоғары деңгейлік үздіксіз өндіріс үрдісі, теңдікті қамтамасыз ету үшін немесе әр ағымдық операцияны қысқаша жалғастыруды қолдану;

  7. Бір операциядан екінші операцияға жұмысқа қажетті зат тасу үшін арнаулы көлік беру;

Ағымдық желі такті (r) – екі бөлшек немесе бұйым арасындағы уақыт аралығы :

r= (Tcм-t) / N

мұндағы:

Tcм – ауысым жалғасы

T – уақыт жоғалту регламенті

N – ауысымға ақпарат өндірісі

Ағымдық өндіріс құрылым бірлігі ағымдық желі болып табылады. Ағымдық желі, жұмыс орнындарының жиынтығын технологиялық үрдіске байланысты орналасқан. Белгіленген технологиялық операцияларды орындау және бір – бірімен байланысты мамандырылған көлік құрал – жабдықтарын қамтиды.

Ағымдық желі жіктелімі

Жіктелім белгілері

Ағымдық желі түрлері

  1. Өндейтін бұйым номенклатурасы (ағымдық желіге белгіленген объект көлемі)

Әрдайым – ағымдағы: бір – заттық, көпзаттық, үзілісті – ағымдық, топтық - көпзаттық

  1. Үздіксіз өндіріс үрдісінің дәрежесі

Үздіксіз: регламенттелген ырғақпен, еркін ырғақпен үздікті

  1. Механизация және автоматизация деңгейі

Механизацияланған кешенді – мехенизациялау автоматтандырылған

  1. Өндіріс үрдісінің қамту деңгейі

Телімді цехті

8-тақырып. Өндіріске техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

1. Кәсіпорынның сайман шаруашылығы

2. Кәспорынның жөндеу шаруашылығы

3. Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығы

4. Кәсіпорынның көліктік қызметі мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру және басқару

1. Кәсіпорынның сайман шаруашылығы

«Кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымы» ұғымын негізгі өндірістік процесті шикізатпен, құралдармен, жанармай және қуатпен, жабдықтармен, сонымен бірге технологиялық және энергетикалық жабдықтарды жұмыс күй-жағдайда ұстайтын көмекші өндірістерге қызмет көрсететін кешен ретінде түсінуге болады.

Осы жұмыстардың жиынтығы өндірістің техникалық қызмет көрсетуінің мәнін құрайды. Демек, техникалық қызмет ету бөлімшелерінің құрамы көмекші цехтер, қызметтер немесе жөндеу, энергетикалық, құралдық, көліктік, қоймалық қамтамасыздандыру және т.б. шаруашылықтары кіретін кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын құрайды.

Кәсіпорынның бұл бөлімшелерінің құрамы мен көлемдері, негізгі өндірістің ерекшеліктерімен өндірістің түрі және мөлшерімен, оның ішкі және сыртқы ортамен байланысы анықталады.

Өндірісті барлық сайман түрлерімен қамтамасыз етуді кәсіпорынның сайман шаруашылығы іске асырады. Сайман шаруашылығы келесідей міндеттерді шешеді:

  • кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерін сайманмен тоқтаусыз қамтамасыз ету;

  • саймандар мен құралдарды орынды қолдануды ұйымдастыру;

  • өндірістік процеске зиян келтірмей, сайман запастарын қысқарту;

  • сайман шаруашылығын ұстауға кететін шығындарды төмендету.

Сайман шаруашылығы келесілер құрайды: сайманмен қамтамасыз ету, қалпына келтіру, жөндеу, реттеу және ұштау бөлімшелері; сақтау, жинақтау және сайман берумен айналысатын орталық қойма және үйлестіретін қоймалық бөлімдер.

Сайманды бірнеше белгілері бойынша топтауға болады.

Өндіріс процесіндегі рөлі бойынша:

  • жұмыс істейтін;

  • көмекші;

  • бақылап-өлшейтін аспап;

  • құрылғылар;

  • штамптар;

  • пресс-формалар.

Сайманды қолдану сипаты бойынша:

  • арнайы;

  • әмбебап (универсальный).

Кәсіпорынның сайман цехтары мен қызметтері негізгі өндірісті жоғары сапалы жабдықтардың даярлауына ең аз көлемде шығындар жұмсай отырып, камтамасыз етуге тырысады. Сайман шаруашылығының негізгі міндеттері:

  • барлық цехтар мен жұмыс орындарын жоғары сапалы саймандармен тоқтаусыз қамтамасыз ету;

  • сайманды дұрыс қолдануды бақылауға алу әрі оның шығынын қысқарту;

  • құрал-жабдықтарды даярлауға, сақтауға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруіне шығындарды аз жұмсау;

  • сайманның ең қажетті қорларын сүйемелдеу болып табылады.

2. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы

Жөндеу қызметінің орындары мен цехтары өндірістік менеджменттің маңызды нысандары болып табылады. Бұл, технологиялық құралды қолдану барысында, оның физикалық және моральдық тозуға ұшырайтындығынан үнемі техникалық қызмет етуді қажет етуімен байланысты. Құралдың жұмысқа қабілеттілігі, оны жөндеу жолымен қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру, кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымындағы өндірістік менеджменттің негізгі мәнін құрайды.

Кәсіпорынның жөндеу цехтары мен қызметтері технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңарту әдісімен оның тұрақты эксплуатациялық даярлығын қамсыздандырады. Бұл цехтер мен қызметтердің мақсаты құрал-жабдықтарды жөндеу және жаңарту жұмыстарының сапалы әрі жұмсалған шығындарға қарамастан белгіленген мезгілде орындалуында.

Жөндеу жұмыстарының пайда болуының экономикалық негізі техника бөлшектері мен түйіндерінің беріксіздігі болып табылады.

Жөндеу (француз тілінен аударғанда – дұрыстау, толықтыру, қайтадан жинау дегенді білдіреді) - бұл жеке қолданыстағы заттардың немесе негізгі қорладың тұтыну құнының жарым – жартылай қалпына келтірілуі және қолдануымен байланысты техникалық-экономикалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы. Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес жөндеу – бұл бұйымдардың немесе оның құрама бөлшектерінің жұмыстық қабілеттілігін қалпына келтіру операцияларының кешені болып табылады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • технологиялық жабдықтардың қалыпты эксплуатациялық даярлығын және оның жаңартылып отыруын қолдау;

  • құрал-жабдықтардың қолдану мерзімін жөндеу жұмыстарынсыз ұзарту;

  • құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру;

  • жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды азайту және технологиялық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету

Бұл мәселелерді келесі жолдармен шешуге болады:

  • апаттар мен тозудың алдын-алу мақсатында, эксплуатациялық процесс барысындағы құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік менеджменттің рационалды жүйесін дайындау;

  • жабдықты жоспарлы-алдын-ала, сапалы, дер кезінде жөндеу;

  • ескірген жабдықты жаңарту;

Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарда негізгі қорларды жөндеу жұмыстарын келесі дербес қызметтер орындайды: бас механик, бас энергетик, бас құралшы және бас сәулеткер. Осы аталған қызметтер кәсіпорынның (шаруашылықтың) жөндеу өндірісін құрайды.

Кәсіпорынның көлеміне және өндіріс сипатына байланысты, жөндеу қызметтерінде келесідей басқарудың ұйымдастыру құрылымдары қолданылады: орталықтандырылмаған, аралас және орталықтандырылған.

Бас механик

БМБ

Жөндеу-механикалық

цехы (ЖМЦ)

Негізі және қосалқы цехтардағы жөндеу бөлімшелері

әкімшілік басқару

---------------- функционалдық басқару

3.8.1-ші сурет. Кәсіпорынның жөндеу-механикалық қызметінің орталықтандырылмаған ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың аралас құрылымы кезінде технологиялық жабдыққа ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету негізгі цехтың жөндеу бөлімшелерін күшімен, ал күрделі жөндеу жұмыстары – жөндеу механикалық немесе басқа арнайы мамандандырылған жөндеу цехтарымен жүргізіледі.

Бас механик

БМБ

ЖМЦ

Арнайы мамандандырылған

жөндеу цехтары

Негізі және қосалқы цехтардағы жөндеу бөлімшелері

3.8.2- сурет. Кәсіпорынның жөндеу-механикалық қызметінің аралас ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың орталықтандырылған құрылымында жөндеу жұмыстарының барлық түрлері және технологиялық құралдарға техникалық қызмет көрсету, орталықтандырылған жөндеу өндірісінің құрамына кіретін, арнайы мамандандырылған бөлімшелермен орындалады. Жөндеу жұмыстарын орталықтандыру қызмет көрсету сапасын жақсартады, жөндеушілердің еңбек өнімділігін көтереді, жұмыстың өзіндік құнын төмендетеді.

Бас механик

Басқару аппараты

ЖМЦ

Арнайы мамандандырылған цехтар

Құралдарға техникалық қызмет көрсету бригадалары

3.8.3- сурет. Кәсіпорынның орталықтандырылған жөндеу өндірісінің ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың орталықтандырылмаған құрылымында технологиялық құралдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлері өндірістік цехтардың құрамына кіретін жөндеу бөлімшелерінің күшімен жасалады.

Жөндеу жұмыстарына ағымдық (шағын), орта және күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстары негізгі қорлардың барлық түрлері бойынша жүргізіледі.

Ағымдық деп көлемі бойынша минималды жөндеу жұмыстарын айтады, оларға кезекті жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін механизмдерді жөнге салу және тез тозатын бөлшектерді ауыстыру мен қалпына келтіру жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа жөндеу күрделілірек болып табылады. Бұнда жабдықты жарым-жартылай бөлшектеу арқылы тозған бөлшектерді ауыстыру және қалпына келтіру қажет .

Күрделі жөндеу жұмыстары – көлемі және қиындығы жағынан ең үлкен, барлық бастапқы бөлшектерді жөндеу мен толық бөлшектеп жинауынды, түйіндер мен бөлектерді ауыстыруды, кейбір бөліктерін қалпына келтіруді, олардың дәлділігін тексеруді қажет етеді.

Жөндеудің барлық түрлеріне кететін шығындар жөндеу қорынан қаржыландырылады, ол кәсіпорында өзіндік құн есебінен норматив бойынша құрылады.

3. Кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығы

Өндірістік менеджмент жүйесінде өндірісті энергияның барлық түрлерімен, сумен, байланыспен және энергия жүйелері мен энергиялық жабдықтарды жөндеумен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Бұл аталған функцияларды кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы жүзеге асырады. Энергетикалық цехтер және қызметтер кәсіпорынды энергияның барлық түрлерімен қамсыздандырады, оның орынды қолдануын ұйымдастырады, жөндеу және жаңарту жолдары арқылы энергия қондырғылары мен жабдықтардың эксплуатациялық даярлығын қамтамасыз етеді, жаңа энергетикалық жабдықтарды енгізеді, негізгі өндірістік цехтерде энергия қондырғыларының дұрыс қолданылуын қадағалайды сонымен бірге оларды телефондық әрі радиобайланыспен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығындағы өндірістік процесс өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезеңдерінен тұрады.

Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығының негізгі міндеттері төменде көрсетілген:

  • аз шығындармен кәсіпорынды энергияның барлық түрлерімен тоқтаусыз қамсыздандыру;

  • энергия көзін үнемді шығындау;

  • жаңа энергетикалық техникаларды енгізу және энергия қондырғыларының қуатын толық пайдалану;

  • еңбек өнімділігін көтеру және энергиялық өнімдердің өзіндік құнын төмендету;

  • технологиялық және басқа да цехтарда энергетикалық құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің орындалуын қадағалау мен бақылау;

  • энергетикалық құралдарды жөндеу және техникалық тексеруді ұйымдастыру.

Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығындағы жекеленген өндірістік процестердің құрамы мен сипаты оның өндірістік құрылымымен анықталады.

Өндірістік құрылым басқару объектісі ретінде энериямен қамтамасыз ету шаруашылығының технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол өндіріс барысындағы еңбек затының, құралдардың және процестердің бірігуінің сипатын, сонымен қатар монтаждық және жөндеу жұмыстары барысындағы энергияның әр түрлі түрлерін пайлану мен таратуының сипатын көрсетеді. Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығының өндірістік құрылымы оның басқаруының ұйымдастырушылық құрылымымен анықталады (3.8.4- сурет).

Бас энергетик

Электротехникалық бөлімнің орынбасары

Жылутехникалық бөлімнің орынбасары

Кәсіпорынның диспетчері

Энергожүйенің диспетчері

БАС ЭНЕРГЕТИК БӨЛІМІНІҢ БЮРОСЫ

Электрлік

Вентиляциялық

Электро конструкторлық

Жоспарлы алдын ала жөндеу

Жылутехникалық

Жоспарлы-экономикалық

Кезекші энергетик

Электрлі цех

Жылулық цехы

Смена

басшысы

Өндірістік учаскелер

Өндірістік учаскелер

Өндірістік цехтардың энерго учаскелері

Электрлі жөндеу цехы

Өндірістік учаскелер

3.8.4-сурет. Ірі өндірістік кәсіпорынның энергиямен қамту шаруашылығын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

4. Кәсіпорынның көліктік қызметі мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру және басқару

Кәсіпорындардың күнделікті қызметі әртүрлі қөлемді жүктерді тасымалдауды қажет етеді. Кәсіпорын ішінде шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды тасымалдау, және де оның сыртына дайын өнімді жіберу қызметін кәсіпорынның көліктік шаруашылығы қамтамасыз етеді.

Көліктік, қоймалық әрі жабдықтау шаруашылықтары, цехтар мен қызметтер, өндіріс барысында барлық заттық қорлардың дер кезінде жеткізілуін, олардың сақталуы мен қозғалысын қамсыздандырады. Олардың жұмысына кәсіпорынның жұмыс ырғақтылығы және заттық қорлардың үнемді қолданылуы тәуелді болып келеді.

Кәсіпорынның көліктік шаруашылығының негізгі міндеттері:

- өндірістік процесс талаптарына сәйкес еңбек затын, отынды және дайын өнімді тез арада жеткізу;

- көлік құралдарын және көлік жүргізушілердің еңбегін тиімді пайдалану;

- көліктік және тиеу мен түсіру операцияларын автоматтандыру және механикаландыру;

- көліктік операциялардың өзіндік құнын төмендету;

- технологиялық және көліктік операцияларды катаң келсімділігін камту;

- көлік құралдарын үнемі жұмысқа қабілетті жағдайда сақтап тұру.

Кәсіпорында алуан түрлі көлік құралдарының паркі қолданылады. Көлік түрлері бойынша рельсті (темір жол), рельсті емес (автокөлік, электркөлігі) суда жүретін (теңіз, өзен көлігі), құбырлы (пневматикалық құбырлар, мұнай құбырлары, гравитациялық өнім құбырлары және т.б.), арнайы (технологиялық) көлік, көтеру-көлік құралдары (конвейерлер, крандар, тиеуіштер, лифтер және т.с.с.).

Әрекет ету тәсілі бойынша көліктер үзілмелі (мысалы, элекртлі тиеуіштер және толассыз (мысалы, конвейерлер) болады.

Жүктерді тасымалдау бағыты бойынша: тігінен, көлденен (лифт, көтергіштер), тігінен-көлденен (көпір крандары, арқалықтық крандар, электрлі тиуіштер), жантайған (жантайған арқандар, бір рельсті жолдар).

Орындайтын жұмыс түрлері бойынша:

- цех арасындағы көлік, ол кәсіпорын территориясындағы цехтар мен қоймалар арасындағы жүкті тасымалдау бойынша операцияларды орындайды;

- цех ішінде көлік, технологиялық процесс барысында аппараттармен жұмыс орындары арасындағы еңбек заттарын тасымалдауды қамтиды.

Қойма шаруашылығы өндірістік менеджменттің маңызды объектісі болып табылады. Қойма шаруашылығының негізі міндеттері:

- өндірісті дер кезінде шикізатпен, материалдармен, жабдықтармен, бөлшектермен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз ету;

- қоймаларда материалдық құндылықтардың амандығын қамту;

- қоймаларды ұстаумен және қойма операцияларын орындаумен байланысты шығындарды төмендету;

- қоймада қамтылған жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбек өнімділігін көтеру.

Осы аталған міндеттерді орындау барысында қойма шаруашылығы келесі функцияларды орындайды:

- өндіріс процесінің тұрақты ырғақтығы үшін қажетті материалдық ресурстардың көлемі мен номенклатурасына шоғырлану;

- еңбек заттары мен дайын өнімді сақтау жағдайы және есебі;

- цехтар мен учаскелерді материалдық ресурстармен жоспарлы, тоқтаусыз, жинақталған қамту;

- тікелей тұтынуға материалдарды дайындау;

- тұтынушыларға дайын өнімді жеткізу;

- дайын өнім запастарын сақтау.

Қойма шаруашылығы жүйесіндегі маңызды элементтердің бірі қойма бұл - келіп түскен тауарларды қабылдау, орналастыру, сақтау, оны тұтынуға дайындау және тұтынушыға жеткізу үшін арналған ғимараттар, құрылыстар және алуан түрлі құрылғылар.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қоймалардың атқаратын қызметі келесідей:

- сатып алынатын жинақтауыштардың қоймасы;

- материалдар (шикізат, көмекші және өндірістік бағыттағы) қоймалар;

- жартылай фабрикаттар қоймасы;

- аралық өндірістік қоймалар;

- дайын өнім қоймалары.

Өнімді бөлу және өткізу жүйесінде қоймалар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болады. Біріншісі – зауыт қоймаларының бір бөлігі немесе орталық қоймалар. Орталықтандырылмаған қоймалар көлемі жағынан, тұтынушылар талабы мен сақталатын тауар санына бағдарланған.

9-тақырып. Материалдық-техникалық жабдықтау

1. Өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалдық-техникалық жабдықтау шаруашылығының маңыздылығы

2. Өндірісті материалдық-техникамен жабдықтауды басқару

3. МТЖ жөніндегі дирекцияның функциялары

1. Өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалдық-техникалық жабдықтау шаруашылығының маңыздылығы

Материалдық-техникалық жабдықтауды оңтайлы ұйымдастыру, кәсіпорынның өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін, еңбек өнімділігіннің өсуін, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, пайда мен рентабельділіктің өсуін алдын ала анықтайды. Осы арқылы өндірістік менеджмент жүйесіндегі материалдық-техникалық жабдықтаудың рөлі анықталады.

Өндірісті қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету өндірістік процестің бастапқы буыны, ал дайын өнімді өткізу – оның аяқталуы болып табылады. Кәсіпорынды материалдық-техникамен жабдықтау дегеніміз оның өндірістік-шаруашылық қызметін дұрыс жүргізуге үшін қажетті, көлемдер мен талап етілетін мерзімдерде материалдық-техникалық ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз ету процесі.

Кәсіпорынның материалдық-техникамен жабдықтауын басқару мен ұйымдастырудың негізгі міндеттері бекітілген жоспарға сай өндірістік процесті жүргізу үшін, барлық қажетті материалдық ресурстармен өндірісті қамтамасыз етудің дер кезділігі, тоқтаусыздығы және жинақтылығы болып табылады.

Кәсіпорынның қызмет ету тәжірибесінде жабдықтаудың екі нысаны қалыптасқан: транзиттік және қоймалық.

Кәсіпорынды жабдықтаудың транзиттік нысанында шикізат пен материалдар тікелей өндіретін, шығаратын немесе әсемдейтін кәсіпорындардан алынады. Бұл нысан экономика тұрғысынан тиімді болады, егер белгілі бір уақыт аралығындағы тұтынылатын шикізаттар мен материалдардың көлемі транзиттік мөлшерге тең немесе одан көп болса.

Жабдықтаудың қоймалық нысанында, кәсіпорын қажетті материалдық ресурстарды жабдықтау-өткізу ұйымдарының қоймалары мен базаларынан алады, экономикалық тұрғыдан бұл нысанды аз көлемде тұтынылатын материалдарды сатып алу үшін қолдану қажет.

Аталаған жабдықтау нысандарынан басқа, қазіргі уақытта кәсіпорындарды материалдық ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да әдістері мен нысандары кеңінен қолданылуда:

  • тауарлы-шикізатты биржалар арқылы;

  • аукциондар мен байқаулар;

  • демеушілік;

  • көтерме сатып алу арқылы;

  • шағын париялармен үнемі сатып алу;

  • қажеттіліктің туындауына байланысты сатып алу;

  • тапсырыстар бойынша өндірістік жабдықтау;

  • өзіндік өндірісі және тағы басқа.

Кәсіпорын материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтаудың нақты нысанын (әдісін), ресурстардың ерекшелігі, оны алудың ұзақтығы, ұсыныстар саны, ресурстың бағасы мен сапасы және басқа да факторларды ескере отырып тандайды. Кәсіпорынды ресурстармен жабдықтау нысанын анықтаған кезде, жабдықтаушылардың сенімділігін және олардың шығаратын өнімдерінің бәсеке қабілеттілік деңгейін зерттеу қажет.

Жабдықтаушылармен қарым-қатынас жасауда бірнеше негізгі принциптерді сақтаған жөн:

  1. Жабдықтаушыларды, өз өнімін тұтынатын тұтынушылар сияқты бағалау.

  2. Екі жақты қызығушылықты, іс жүргізуде көрсетіп отыруды ұмытпау.

  3. Жабдықтаушыларды өз жоспарларымен және мәселелерімен таныстырып отыру. Сонымен бірге, оның іскерлік операцияларынан хабардар болу.

  4. Іскерлік тәжірибеде жабдықтаушының қызығушылығын ескеру. Онда қиындық туындағанда көмектесуге тырысу.

  5. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау.

  6. Жабдықтаушылармен тұрақты іскерлік қарым-қатынаста болуға тырысу.

Кәсіпорын үшін несие берушілермен дұрыс қарым-қатынас жасау маңызды болып табылады. Себебі олардың сенімі, өндірісті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықытауға және бәсекені жеңуге көмектеседі.

2. Өндірісті материалдық-техникамен жабдықтауды басқару

Кәсіпорынды шикізатпен, негізгі және көмекші материалдармен, жанар-жағармаймен және тағы да басқа материалдық-техникалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз етуді материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі іске асырады.

Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдерінің функциялары келесідей:

  1. Негізгі және көмекші өндірістің қызмет етуі, және де күрделі құрылысты эксплуатациялауы үшін, кәсіпорынға қажетті материалдық-техникалық ресурстарды жоспарлау.

  2. Қажетті материалдық-техникалық ресурстарға тапсырыстар құру және оларды материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі мен жоғары тұрған жоспарлау бөліміне ұсыну.

  3. Жабдықтау жоспарларын іске асыру бойынша барлық жедел қызметтерді (келісім-шарт жасау, жабдықтаушылармен жасалған келісім-шарт бойынша және бөлінген қорға сәйкес материалдық ресурстарды алу) орындау.

  4. Қабылдау, орналастыру, сақтау, жіберуге дайындау және кәсіпорынның қызметтері мен цехтарына материалдық-техникалық ресурстарды жіберу.

  5. Кәсіпорынның жоспарлық-экономикалық, техникалық және қаржы бөлімдерінің бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде, материалдық-техникалық ресурстардың запастарын құру, реттеу және бақылау жұмыстары қолға алынады.

  6. Материалдық-техникалық ресурстарды үнемдеу бойынша ұйымдастырушы-техникалық шараларды дайындауға қатысу, тапшы материалдар мен шикізаттарды қол жеткізуге болатындарға алмастыру.

  7. Цехтар мен қызметтердегі материалдық-техникалық ресурстардың шығындарына бақылауды ұйымдастыру.

  8. Кәсіпорынға келіп түскен материалдық-техникалық ресурстарға жедел есеп жүргізу, олардың цехтар мен бөлімшелерге бөлінуі және өндірістік запастардың жағдайы.

Материалдық-техникамен жабдықтау бөлімінің ұйымдастыру құрылымы өндірістің түріне, оның көлеміне, қолданылатын шикізат пен материалдардың номенклатурасына және кәсіпорынды өндіріс құралдарымен жабдықтау нысандарына байланысты болады.

Шағын кәсіпорындарда жабдықтау функциясын шаруашылық бөлімінің құрамына кіретін жекелеген жұмысшылар немесе топтар орындайды. Ал, орта және ірі кәсіпорындарда материалдық-техникамен жабдықтау бөлімшелері айналысады.

Көптеген кәсіпорындарда жабдықтау қызметін материалдық-техникамен жабдықтау бөлімдері іске асырады. Олардың құрамына келесілер кіреді: жоспарлық-экономикалық топ; материалдардың түрлері бойынша мамандандырылған, материалдық топтар; диспетчерлік топ; материалды қоймалар.

Коммерциялық сұрақтар бойынша директор орынбасары

Жабдықтау бөлімін басқару

Жоспарлық-экономикалық топ

Материалдық топтар

Диспетчерлік

топ

Қойма шаруашылығы

Өнім және материал түрлері бойынша

арнайы мамандандырылған қоймалар

Техникалық бюро

3.9.1- сурет. Кәсіпорынның МТЖ ұйымдастыру қызметінің типтік сызбасы

Кәсіпорында материалдық-техникалық жабықтауды басқару қызметі директор орынбасарына жүктеген. Оның қарамағында материалдық-жабдықтау бөлімі бар, ол жабдықтаудың келесідей міндеттерін шешеді:

  • тапсырыс берілген ресурстар санының есебі және қажеттілікті анықтау мен талдау;

  • жабдықтаудың нысандары мен әдістерін анықтау;

  • материалдық ресурстарды қамтамасыз ететін жабдықтаушыларды таңдау;

  • тапсырыс берген ресурстардың бағасына келісу және жабдықтаушылармен келісім-шарт жасасу;

  • ресурстарды жеткізу мерзімін, көлемін және сапасын бақылауды ұйымдастыру;

  • кәсіпорын қоймаларында ресурстарды дұрыс орналастыруды ұйымдастыру.

Осы міндеттердің көп бөлігі материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау кезеңінде шешіледі.

3. МТЖ жөніндегі дирекцияның функциялары

Тапсырыс берілген ресурстар санының есебі және қажеттілікті анықтау мен талдау. Материалдық-техникалық жабдықтаужы жоспарлау процесінде келесілерді анықтау қажет:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық ресурстардың түрлері;

  • өндірістік бағдарламаны орындау үшін қажет болатын материалдық ресустардың саны;

  • түрлері және келіп түсу мерзімі бойынша тіркелген материалдық ресурстарға деген сұраныс;

  • жабдықтаушыларды таңдау және олардың мүмкіндіктерін анықтау;

  • материалдық ресурстарды сақтау үшін қолданылатын қажетті қойма ауданы;

  • материалдық-техникалық жабдықтауға кететін шығындар;

  • өз кәсіпорынында кейбір материалдық ресурстарды (жартылай фабрикаттар, бөлшектер, жинақтаушы өнімдер және т.б.) өндіру мүмкіндігін ұйымдастыру.

Жабдықтаудың нысандары мен әдістерін анықтау. Тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер мен нысандарды қарастырайық:

1. Тауарды (материалдық ресурстарды) бір партиямен сатып алу. Тауарларды бір рет (таурлы-шикізат биржаларынан, байқаулардан, аукциондардан, жабдықтаушылардан көтерме сауда арқылы) үлкен мөлшерде сатып алуды болжайды. Оның артықшылығы: құжаттарды әзірлеудің тездігі, барлық партияның келеп түсуінің кепілдігі, сауда жеңілдіктерінің болуы. Кемшіліктері: үлкен көлемдегі қойма орындарының қажеттілігі, капиталдың аз айналымдылығы.

2. Шағын партиялармен үнемі сатып алу. Бұл жағдайда, сатып алушы тауарды қажетті көлемде сатып алады. Негізгі артықшылығы: капитал айналымдығының жеделдігі, жекелеген партиялардың келіп түсуіне байланысты тауар құны төленеді; қойма орындарын қолдану үнемделеді және артық запастарды сақтау шығындар төмендейді. Кемшіліктер: тауарға тапсырыстың көп болу мүмкіндігі; белгілі тапсырыстың барлық тауар құнын төлеу қажет.

3. Бағаның өзгеру байланысты күнделікті (ай сайын) сатып алу. Арзан және тез тұтынылатын тауарды сатып алу үшін қолданылады. Артықшылығы: капитал айналымдығының жеделдігі; сақтау мен қоймада ұстауға кететін шығындарды төмендігі; жеткізудің уақыттылығы.

4. Тауарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты сатып алу. Бұл әдіс тауардың үздіксіз келіп түсуімен байланысты, келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • тауар саны қатаң қойылмайды, жай ғана жуықтап алынады;

  • әр тапсырысты орындау алдында, жабдықтаушылар сатып алушымен хабарласады;

  • жеткізілген тауар көлеміне ғана төленеді;

  • келісім-шарттың мерзімі өтіп кетсе, тапсырыс беруші тауарды алуға немесе құнын төлеуге міндетті емес.

Артықшылығы: белгілі көлемдегі тауарды сатып алу барысында тұрақты міндеттемелердің болмауы капитал айналымдығының жеделдігі, құжаттарды дайындаудағы жұмыстардың аздығы.

Жабдықтаушыларды таңдау. Әлеуетті жабдықтаушылардан келіп түскен ұсыныстарды бағалау мен алу процедурасы алуан түрлі болады. Ең көп тарағаны және тиімдісі төмендегілер:

1. Бәсекелік сауда (тендер) – үлкен қаражатты соммаға шикізат, материал, жинақтауыштар сатып алу қажет болғанда немесе тұтынушы мен жабдықтаушы арасындағы ұзақ мерзімді қатынастарды орнату үшін қолданылады. Бәсекелік сауда жабықтаушыларға да, тұтынушыларға да тиімді.

2. Жабықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы жазбаша келіссөздер екі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін:

  • тауар жабдықтаушысы тарапынан келіссөздер жүргізу ынталылығы;

  • сатып алушы тарапынан келіссөздер жүргізу ынталылығы.

Жабдықтаушыны таңдауда негізгі критерий келесідей болуы мүмкін:

  • қызмет немесе тауарды сатып алу бағасы;

  • қызмет көрсету сапасы.

Жабдықтаушымен келісім-шарт жасау. Жабдықтаушымен келісім-шарт жасау, әдетте «Жеткізуге тапсырыс» бері бланкісін толтыру арқылы жүргізіледі, онда келесілер көрсетілуі тиіс:

  • құжаттың атауы;

  • реттік нөмірі;

  • сатып алушының аты мен мекен-жайы;

  • тапсырысты орындалмаған жағдайдағы жауапкершілік пен қолданылатын шаралар;

  • жабдықтаушының атауы мен мекен-жайы, мерзімі;

  • жеткізу мерзімі мен жеткізілетін тауар көлемі;

  • тауар сипаты;

  • жеткізу орнының мекен жайы;

  • тауар бағасы;

  • банк реквезиттері.

Ресурстарды жеткізу көлемі мен сапаны бақылауды ұйымдастыру. Жеткізілетін тауарлардың сапасы келісім шартта көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Тауардың сапасын қамтамасыз ету бойынша әдістерді келесідей топтастыруға болады:

1. Жеткізілген партияларды қабылдау әдісі:

а) жаппай бақылау;

б) таңдау әдісі арқылы бақылау.

2. Қабылдау орнындағы бақылау әдісі:

  • сапалы жақсарту барысындағы жабдықтаушының жүйелік әдістері

  • сапалы жақсарту барысындағы жабдықтаушының сатып алынатын тауардың сапасын бақылау

  • салыстырмалы сапа бағасы, жабдықтаушыға байланысты.

  • жеткізілетін тауар сапасын және оның өндіріске келу уақытын анықтау кәсіпорындағы қоймалық шаруашылық бөлімі айналысады.

10- тақырып. Өнім сапасының стратегиясы

1. Өнім сапасы және оған қойылатын талаптар

2. Сапа көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері

3. Сапаны басқау жүйесі

4. Кәсіпорында өнім сапасын басқару қызметі

1. Өнім сапасы және оған қойылатын талаптар

Нарықтық жағдайда көптеген кәсіпорындар, өз өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін сапа менеджментінің қажеттілігін түсінді. Өнім сапасы – бұл шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыра алатын, өнімнің сипаты мен қасиеттер жиынтығы.

Халықаралық стандартқа (ИСО 8402) сәйкес сапа - шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыратын объектінің (қызмет немесе процесс, өнім, қызмет көрсету және т.б.) сипаттар жиынтығы ретінде анықталады.

Қазіргі уақытта көптеген дамыған мемлекеттерде, өнім сапасы келесі негізгі факторлардың ықпалымен құрылады:

1. Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың жедел бейімделе алуы;

2. Халықаралық және ішкі нарықтардың талаптарын, әртүрлі категориядағы тұтынушылардың қажеттіліктерін мұқият зерттеу;

3. «Адами факторды» қарқынды қолдану, яғни оқыту (жұмысшылар мен жетекшілерді), тәртібиелеу, мамандығын жүйелік жоғарылату, моральды және материалды сипаттағы ынталандыру арқылы оның шығармашылық әлеуетін қолдану.

Өнім сапасына қойылатын талаптар өнім өндіруші мен тұтынушы үшін қажетті маңызды көрсеткіштермен анықталады:

1. Сапа мен өндіріс тиімділігі арасында тікелей байланыс бар, олар бір-бірін толықтырады.

2. Сапа шығындардың төмендеуінің, ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекелестік жағдайында тірі қалуының негізі болып табылады.

3. Тұтынушы көзқарасы бойынша, өнім сапасы – олардың қажеттілігін қанағатандыратын деңгей.

4. Қазіргі заман тұтынушысы, өнім сапасына деген талаптарды үнемі жоғарылатып отырады, сондықтан ол:

- тауардың сапасына мән беріп, оның бағасы екінші орында қалады;

- әрбір ақау бойынша кемшіліктерді көрсетеді;

- сапаның үнемі жақсаруын талап етеді;

- өндірушіден, бастапқы технологиялық процесте барысында өнім сапасын қадағалауды талап етеді;

- өндірушінің технологиялық процесіндегі өзгерістерге аса мән береді;

- қажетті сапамен қамтамасыз етілген жағдайда өндірушіден тауарды еркін сатып алады;

- егер сапасы жоғары болса, онда тұрақты осы өнімді тұтынады.

Тұтынушылардың өнім сапасына қоятын талаптарының үнемі өсуіне байланысты, кәсіпорындар келесідей негізгі жағдайларды орындауы қажет:

  • тұтынушыға осы процестің маңызды қатысушысы ретінде қарау;

  • фирманың басқару жүйесі аясында, сапаны жақсартудың барлық жұмыстары бойынша ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеу және әске асыру;

  • өз кәсіпорынында келесідей ұранды ұстану: «Жетілгендікке шек жоқ»;

  • мәселелерге назар аудармағаннан гөрі, оларды уақытылы шешкен дұрыс;

  • сапаны жақсарту жұмысына жетекшілердің тікелей қатысуы мен қызығушылығын ынталандыру;

  • кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде жұмыс стандарттарын енгізу;

  • сапаны жақсарту процесіне фирманың барлық жұмыскерлерін қатыстыру;

  • сапа жұмыстары бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен жұмысшыларды марапаттау.

2. Сапа көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері

Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері келесідей топтастырылады:

Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нәтижесін сипаттайды және өнімді қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.

Сенімділік көрсеткіші – өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, және де ұзақ қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.

Технологиялық көрсеткіш – өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін сипаттайды. Әрине, тек технология көмегімен өнімді массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт және еңбек құралдары, өнімді дайындау және қолдану қамтамасыз етіледі.

Стандартизациялау және бірыңғайлау көрсеткіші – бұл өнімді стандарттармен, бірыңғай және түпнұсқалық құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай және түпнұсқаулық деп бөлінеді.

Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара әрекеттестігін, өнімді қолдану кезінде пайда болатын адамның гигиеналық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерімен сәйкестігін көрсетеді. Мысалы, мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазытқыш есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сәулелену, иісті газ концентрациясы және т.б.

Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы, орындау ерекшелігі және тауар түрінің тұрақтылығы.

Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сәйкестігін көрсетеді.

Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.

Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде сәулеленуі.

Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.

Өнім сапасының сандық мәніндегі көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады:

- экпериментальды, өнім сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолдануға бағытталған;

- органолептикалық, балдық жүйе бойынша сезім органдары көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік береді;

- әлеуметтік, өнім тұтынушысынан алынған мәліметтер есебі мен талдауды қолдануға негізделеді;

- эксперттік бағалау, берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға негізделеді. Сапа деңгейі инновациялық үрдістің барлық кезеңдерінде бағаланады.

Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің және бөлімдерінің біріккен қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер және бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады. Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.

1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы

  • түзетулер мен ақаулар көлемі;

  • жұмыс нарядтарындағы қателіктер;

  • ақаулықтары бар өнім пайыздары;

  • дайын өнімінің бастапқы өндіру көлемі.

2. Қаржылық бөлім және бухгалтерия

  • мерзімі өтіп кеткен төлемдер;

  • қате бухгалтерлік жазбалар;

  • ақпаратты алуға берілген тапсырыстарды қанағатандыру уақыты;

  • шоттарды дайындау мен есептеудегі қателіктер.

3. Жоба-конструкторлық бөлім:

  • бір сызба есебіне өзгерістер саны;

  • жобаны талдау барысында пайда болған қателіктер саны;

  • зерттеу барысында пайда болған қателіктер саны.

4. Маркетинг бөлімі:

  • болжамдық жорамалдардың дәлдігі;

  • дұрыс құрылмаған тапсырыстар саны;

  • келісім-шарттағы қателіктер;

  • өнімді көптеп сатып алу.

5. Материалдық-техникалық қамту бөлімі:

  • артықшылық запастар;

  • материалды алу уақыт циклы;

  • материалдардың жетіспеушілігінен туындаған өндірістік тоқтау.

6. Ақпараттық қызметтер:

  • кестеден тыс шығарылған өнімдер есебінің саны;

  • бағдарламада табылған қателіктер;

  • мәтіндегі қателіктер саны;

  • ақпаратты алу уақыт.

7. Жабдықтар саны:

  • техникалық көрсеткіштер (қуаттылық, дәлділік, ресурс шығындарының үлесі);

  • сенімділік;

  • эргономикалық (ыңғайлылық, автоматтандыру, қауіпсіздік) және эстетикалық қасиеттер;

  • экономикалық параметрлер.

3. Сапаны басқау жүйесі

Сапа аясындағы саясат – бұл сапа аясындағы ұйымның мақсаттары мен негізгі бағыттары, ол сапа жүйесі түрінде жоғарғы жетекшілермен ресми қабылданған және құжатта бекітілген.

Сапа аясындағы саясат кәсіпорынның қызмет принципі немесе ұзақ мерзімді мақсат ретінде құрылуы мүмкін. Оған кіретіндер:

  • кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;

  • жаңа өткізу нарықтарын игеру немесе кеңейту;

  • өнімнің техникалық деңгейін жетілдіру;

  • белгілі салалар немесе белгілі аймақатрдың тұтынушыларының талаптарын қанағаттандыруға тырысу;

  • жаңа принциптерде жүзеге асатын функционалды мүмкіндіктерді, өнімдерді игеру;

  • маңызды өнім сапасы көрсеткіштерін жақсарту;

  • дайындалатын өнімнің ақаулық деңгейін төмендету;

  • өнімінің кепілдік мерзімін ұзарту;

  • қызмет көрсетуді дамыту.

Сапа жүйесі – жалпы сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылым, әдістер, ресурстар мен процестер жиынтығы.

Стандартизациялау бойынша халықаралық ұйымның техникалық комитеті, сапа жүйесіне кіруі үшін қажетті сапа жүйесінің талаптары бар және оның элементтерінен тұратын, 9000 сериялы стандарттарды даярлады.

Сапа жүйесінің маңызды элементі өнімнің өмірлік циклі болып табылады. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақты қызметіне ескере отырып дайындалады, бірақ сонда да, өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс:

1) мар­кетинг, нарықты зерттеу және іздеу;

2) өнімді дайындау, техникалық талаптарды дайындау және жобалау;

3) материалдық-тех­никалық қамту;

4) өндірістік процестерді дайындау және өңдеу;

5) өндіріс;

6) байқау және тексеру жүргізу, бақылау;

7) орамалау және сақтау;

8) өнімді бөлу мен өткізу;

9) жөндеу және қолдану;

10) техникалық қамту және қызмет көрсету;

11) бұйымды қолданғаннан кейін жою.

Сапаны басқару - экономикалық тиімділікке жету үшін басқару процесіне бағытталған және сапа бойынша талаптарды орындау үшін қолданылатын жедел сипаттағы қызметтің түрлері мен әдістері.

Кәсіпорынның сапаны басқару жүйесіне басқару құжаттарының, шаралары мен орындау тәртібінің тізімі кіруі қажет, олар келесідей көрініс тапты:

  • басшылықтың міндеті (сапа аясындағы саясат, оларды орындау үшін жұмысты ұйымдастыру);

  • құжаттау және жоспарлау жүйесі;

  • бағдарлама мен жоспарларды дайындау уақытындағы сапа;

  • сатып алу уақытындағы сапа;

  • өндіріс кезеңіндегі сапа;

  • сапаны тексеру;

  • зерттеу құралдарын бақылау;

  • ақаулы өнімдерді мұқият зерттеу;

  • сақтау, орнын ауыстыру, орама, тасымалдау кезіндегі сапа;

  • сапаны құжаттау;

  • сәйкес шараларды қабылдау және сапаны талдау;

  • сапаны сақтау жүйесінде фирма ішіндегі бақылау;

  • персоналды оқыту.

4. Кәсіпорында өнім сапасын басқару қызметі

Әрбір кәсіпорынның немесе ұйымның негізгі міндеті өндірілген өнім немесе көрсетілген қызметтің сапасы болып табылады. Кәсіпорынның табысты қызметі қызмет көрсету немесе өнім өндірумен қамтылуы керек, олар:

  • арналу немесе қолданылу саласындағы белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға дәл келеді;

  • қолданылатын стандарттар мен техникалық жағдайларға сәйкес келеді;

  • заң және қоғамның басқа да талаптарына сай келеді;

  • бәсеке қабілетті бағалар бойынша тұтынушыларға ұсынылады;

  • пайда алуға бағыттылығы.

Бұл талаптарды орындау өнім сапасын басқарумен қамтамасыз етіледі, яғни кәсіпорында өнім сапасын басқару жүйесі қызмет етуі қажет. Өнім сапасын басқару жүйесі – бұл сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, жауапкершілікті бөлу, процедуралар, процестер және ресурстар құрайды.

Кәсіпорында өнім сапанын басқару жүйесінде маңызды орынды сапаны басқару қызметі алады, оның негізгі міндеттері:

  • фирманың беделін қорғау;

  • ақаулы өнімдерден тұтынушыларды қорғау;

  • өнімділігі жоқ жұмысты қысқарту;

  • ақаулықтардың алдын алу.

Негізгі міндеттерді шешу процесінде сапаны басқару қызметі көптеген функцияларды орындайды, оның ішінде ең маңыздылары:

  • өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңінде (ғылыми зерттеулер, дайындау, бақылау, қызмет көрсету) талап етілетін сапа деңгейіне жету бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

  • тұтас кәсіпорында және оның цехтарында өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша шығындарды есептейді;

  • қалдықтарды азайту және жою мақсатында талап етілетін сапа деңгейіне жетуге ықпал ететін әртүрлі факторлармен шартталатын, шығындарды анықтайды;

  • сапа мәселелері бойынша бірігіп жұмыс істейтын барлық қызметтердің қызметін үйлестіреді;

  • материалдық-техникалық жабдықтау қызметімен бірігіп жұмыс істейді;

  • Өз қызметкерлерін және басқа бөлім қызметкерлерін сапа мәселесі бойынша оқытады.

Сапа аясындағы көптеген басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру техникалық бақылау процесінде іске асады. Техникалық бақылау – цехаралық нормалар мен стандарт талаптарына сай дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізат сапасын идентифицирлеу нәтижесіндегі әдістер, құралдар мен шаралар жұйесін көрсетеді, және де осы стандарттар мен нормативті құжаттарға сай жоғары сапалы өнімді дайындауды қамтамасыз етеді.

Техникалық бақылау міндеттері:

  • дайын өнім сапасын қою;

  • шығарылатын өнім сапасына ықпал ететін кездейсоқ және субъективті факторлардың алдын алу;

  • берілген технологиялық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.

Техникалық бақылау функциялары кәсіпорынның техникалық бақылау қызметі жүзеге асырады. Оған техникалық бақылау бөлімі, орталық зертхана, цехтардың зертханалары, бақылау топтары және т.с.с кіреді. Техникалық бақылау қызметі тікелей кәсіпорын директорына бағынады. Кәсіпорындарда техникалық бақылау екі бағытта жүзеге асырылады:

  • шикізат, жартылай фабрика және тауарлы өнімінің сапасын бақылау;

  • технологиялық тәртіптің өлшемдерін бақылау.

11-тақырып. Өндіріс запастарын басқару

1. Өндірістік запастардың түрлері

2. Өндірістік запастарды дайындау және сақтаумен байланысты шығындар

3. Запастардың функциясы мен типтері

4. Өндірістік запастарды басқару

1. Өндірістік запастардың түрлері

Кәсіпорында запастардың екі үлкен тобы құрылады: дайын өнім және материалық ресурстар.

Кәсіпорын қоймаларында дайын өнім запастарының пайда болуын қарастырайық. Оларды төрт топқа біріктіруге болады.

1. Дайындау, өткізу және тасымалдау партиялары тең, бірақ тұтыну партиялары кем.

Жабдықтаушы

Тұтынушы

2. Дайындау және тұтыну партиялары тең, бірақ тасымалдау партиялары кем.

Жабдықтаушы

Тұтынушы

3. Дайындау, өткізу, тасымалдау және тұтыну партиялары тең, бірақ жабдықтаушылар мен тұтынушылар жұмыс уақыты келісілмеген.

Жабдықтаушы

Тұтынушы

4. Жабдықтаушы «жаса да – бер» режимінде жұмыс істейді.

Жабдықтаушы

Тұтынушы

Өнімнің қоймаларда жатып қалмауы үшін партияларды кезеңдермен, олардың жылжу кестелерімен реттеп, теңестіру қажет.

Кәсіпорындағы материалдық ресурстардың запастары басқа да себептермен пайда болады және құрылады.

Өндірістік запастардың түрлері:

Сериялық запас өндіру және сатып алу үшін тауарлар санын дөңгелектеу нәтижесінде құрылады. Мысалы, жабдықтаушы еселенген шикізат санын ұсындан жағдайда, немесе өндірісті толық жәшіктермен қамтамасыз ету кезінде.

Циклдік запас белгілі бір уақыт кезенінде белгілі жиілікпен тауарды өндіру немесе жөнелту нәтижесінде пайда болады. Сериялық запасқа қарағанда циклдық запас үнемі толықтыру нәтижесінде құрылады. Айырмашлығы сериялық запас кезінде шектейтін сандық аспект, ал циклдық запас кезінде уақыттық аспект болып табылады. Мысалы, жабдықтаушыдан белгілі бір тауарды әкелетін көлік әр айдық бірінші аптасында немесе әр жұмасында келетін болса, және де бір тасымалдаудан келесі аптаның қажеттілігі толық қанағаттандырылса циклдық запас қолданылады.

Қуаттылықты қолдану запасы өндіріс (тасымалдау) үшін бос қуаттылықтарды қолдану кезінде құрылады. Мысалы, тапсырыс берілген, бірақ сұратылмаған тауарларды жабдықтаушының жөнелту кезіндегі тасымалдаудың бос жүрісін болдыртпау.

Қауіпсіздік запасы өнімді өндіру, жөнелту және жеткізуді кепілдірумен байланысты, сенімсіздікті болдырмау үшін құрылады. Мысалы, жабдықтаушыға сенімді болуға байланыссыз, қоймаларда шағын запастар құрылады, оның көлемі ұсынылатын сапа мен жеткізілу сенімділігіне тікелей байланысты.

Ескертілген запас жеткізу, өндіру немесе жөнелту кезінде алдын-ала болжанған ауытқуларды болдырмау үшін құрылады. Бұндай ауытқулар сапа немесе шығындармен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, күтілетін бағаның өсуіне байланысты, үлкен көлемде шикізат алу. Маусымдылыққа байланысты күтілетін сұранысты қанағаттандыру үшін запастар жасау.

2. Өндірістік запастарды дайындау және сақтаумен байланысты шығындар

Өндірістік запастарды жасау мен сақтауға кеткен шығындардың ең көп тараған түрлері:

1. Запастарды қажетті жағдайда ұстауға кеткен шығындар, яғни запасқа иелік етумен байланысты:

- коммерциялық шығындар – запасқа салынған капиталға салық, сақтандыру, несиенің пайызы;

- сақтау шығындары – қоймаларды ұстауға кеткен шығындар (амортизация, жылу, жарық, персонал, еңбек ақы), запастардың орнын ауыстыру операциялары;

- тозу, бүліну, төмендеген бағамен сату, материалдық ресурстар түрлеріне тұтыну көлемінің төмендеуі салдарынан болатын тәуекелмен байланысты шығындар;

- өндірістік запастарға салынған қаражаттарды басқа альтернативті бағытқа жұмсау нәтижесінде, түсетін табыстан айырылып қалумен байланысты шығындар: өндірістік қуатты өсіру; өнімнің өзіндік құнын төмендету; басқа кәсіпорындарға капитал салу.

2. Өндірістік запастарды басқаруға кеткен шығындар

- басқару және техникалық персоналды оқытуға кеткен шығындар;

- басқару және техникалық персоналға жағдай жасауға кеткен шығындар.

3. Запастардың дефицитіне байланысты шығындардың түрлері, кәсіпорында қажетті материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен туындайды:

  • қажетті материалдарды жедел жеткізуге кеткен шығындар: байланыс пен жол жүру шығындары; матералдарды тез жеткізгендігі үшін сыйақы; материалдардың аз партиясын жеткізу есебінен қымбаттауы;

  • күнтізбеге сәйкес емес дайындалған дайын өнімді жедел өткізу үшін, өндірістік бағдарламаға түзету еңгізумен байланысты шығындар;

  • коммерциялық зияндар мен шығындар; запастарда қажетті материалдық ресурстардың болмауына байланысты, сату көлемінің азаюынан туындаған үстеме шығындарының өсуі және пайданы жоғалту:

  • сұранысы қанағаттандырылмаған тапсырыс берушілер бәсекелестермен жаңа байланыс орнатуы мүмкін;

  • тапсырыс берушілер басқа жабдықтаушылармен жұмыс істеуге мәжбүрлейді;

  • жаңа келсім-шарттар құру үшін қолдануға болатын, уақыт және қосымша құралдарды клиенттермен қайта қарым-қатынасты орынатуға жұмсау;

  • сату көлемін сақтап тұру бойынша сыйақылы шараларға қосымша шығындарды жұмсау қажеттілігі.

Запастардың өсуiн шектейтiн факторлар бұл - шығындар Кәсіпорында запастармен байланысты шығындардың 4 түрi байқалады:

1. Ресурстарды сатып алуға кеткен шығындар, оны сатып алу көлемімен және бағасымен анықталады. Кейбір жағдайларда бұнда жеңiлдiктер ескерiледi;

2. Тапсырысқа кеткен шығындарға келесілерді жатқызуға болады: тасымалдаушылармен қарым-қатынас құруға кеткен шығындар; келсім-шартты дайындауға кеткен шығындар; транспорттық шығындар және т.б.

3. Өндiрiс шығындары - тапсырыс кезiнде туындаған, кәсiпорынның iшкi запастарын толтыруға кеткен шығындар, және де тапсырысты орындау үшін өндірісті дайындауға кеткен шығындар;

4. Запастарды сақтауға кеткен шығындардың үнемі өсіп отыруына байланысты, кәсіпорындар олардың көлемін азайтуға мәжбүр болады.

3. Запастардың функциясы мен типтері

Запастар үш маңызды функцияны орындайды: 1) жинақтау функциясы; 2) бағаның өзгеруi және инфляцияның тууы; 3) запастарды басқару функциясы.

Запастардың бірінші функциясы - бұл қордың жинақталуы және олардын ұйымдағы материалдық топтың құрылуы мен тиiмдiлiгiн жоғарлатуға жәрдемдеседi. Кәсiпорындағы өндiрiс процесiн мақсатты iс- қимылын және кәсiпорын шығындары мен материалдары және материалдық топтың құрылуына септiгiн тiгiзетiн болады, ұйымдағы өндiрiстiк менеджменттiң қажеттi және басты мақсаты болып оның үздiксiз жүруiнде болып табылады. Алайда үздiксiз жүруiн, қамтылуын сақтау мүмкiн емес. Бұл жағдайда, аяқталмаған өндiрiс қалдықтары және запастардың материалдық топтың құрауына әкелiп соктырады. Соңында өндiрiстiк менеджменттiң сатысымен анықталады. Запастардың жинақталуы кәсіпорын жұмысының тұтынушылығын жоғарлатады. Дайын өнiм запастары тұтынушылык қызметтi жоғары сатыға көтередi. Клиенттер жиi қанағаттанатындай болады, егер қажеттi өнiмге запастардың жеткiлiктi жағдайында. Мысалы, өндiрiстегi өнiмге сұраныс жазғы уақытта ғана жоғары болса, фирма қысқы уақытта сол өнiмнiң сұранысы төмен кезде запастарды жазғы уақытқа байланысты жинауға мүмкiндiк туғызады.

Екінші функция - инфляция және бағаның құбылмалылығын байқап, ақша қаражатын сақтауды керек етедi. Банктегi бос акша қаражаттарын сактай отыра оны, яғни одан үлкен пайда түсiре алуы мүмкiн. Баскаша карағанда запастардың құны өсуi мүмкiн. Бұл кезде запастар келешекте инфляция немесе қайта өткiзуде қолданысқа түседi. Запастардың жинақталуы кезiнде шешiмдердi және сақталу тәуекелiн катаң мiндеттi түрде бағалап шығу керек.

Үшінші функция запартардың толықтырылуымен байланысты болып келедi. Запастармен ұйым шығындары тiкелей байланысты. Бұнда запастарды басқару жүйесiнде 2 негiзгi сұрактар аныкталады ресурстарды толығуына байланысты қандай тапсырыстар керек және бұл тапсырыстарды қай уақытта қолдану керек екендiгi. Көбінесе тасымалдаушылар үлкен тапсырыс кезiнде және белгiлi уакытта жеңiлдiктер көрсетедi. Транспорттық компаниялар өз кезегiнде үлкен жүк тапсырыстарда жеңiлдiктер жасайды. Сонымен үлкен сападағы ресурстарды сату кезiнде белгiлi уақытта өндiрiс шығындарының төмендеуi байқалады, запастарды толыктыру, экономикалық қаражат және ол кәсiпорынның iшкi және сырткы факторына әсерiн тiгiзедi.

Функциялардың орындалуына байланысты кәсiпорын 3 типке бөлiнуi мүмкiн: сактандыру, айналыстағы және спекулятивтi. Сақтандыру запастары кәсiпорынның небiр жағымсыз факторын қамтамасыз етуге әсерiн тiгiзедi. Резервтiк запастар ресурстардың қалыптасуы мен туындайтын өндiрiстiк процестiң бастапқы және соңғы жүйесiнде байқалады. Кезеңдiк запастар кезек iшiнде ресурстардың қалыптасып немесе дайын өнiмге сұраныс байқалғанда құрылады. Спекулятивтi запастар кәсiпорынның ақшалай қаражатын сақталуына және оның көбеюiне кызмет етедi. Жоғарыда айтылып кеткен запастардан басқа 2 типтi запастарды айтуға болады: транспорттық запастар, транспорт процесiндегi запастар және олардың жұмыс iстеуге қажетi жок, технологиялық қайта өндiруге байланысты запастар.

Запастарды басқарудағы бағыттылық практика жүзiндегi жағдайды анықтауға мүмкiндiк туғызады. Оларға қатыстылар: 1-запастарды бақылауға алатын қажеттi құралдардын болуы; 2-запастардың клaссификациясы; 3-запастарды есепке алудағы олардын пайдалануға рұқсат; 4-запастардың мерзiмдерiн аныктау. Көп жағдайда ресурстар складтардан алынады және олардың соншалықты көп болуы, әрбiр бөлек ресурстардың өзiндiк ерекшелiктерiн көрсетедi.

4. Өндірістік запастарды басқару

Запастарды басқару – бұл өндірістік қызметтің белгілі бір түрі, оның объектісі запастарды жасау және сақтау болып табылады.

Кәсіпорындағы запастарды басқарудың негізгі мақсатытұтынушыларды толығымен қанағатандырған жағдайда ғана, запастарды сақтауға кететін жылдық шығындардың жалпы сомасын минимумге дейін келтіру.

Запастарды басқару тәжірибесі запастармен қамтамсыз етуге кететін жылдық шығындардың жалпы сомасын азайту мақсатында шаралар дайындаудан тұрады. Белгілі сұранысты қанағаттандыру үшін запасқа капитал салу көлемі және де запастарды құруға кететін жылдық шығындар әр түрлі шаралар жиынтығына байланысты. Алдымен, запастарды қамтамасыз ету үшін кететін жылдық жалпы шығындар сомасына ықпал ететін келесідей қызмет түрлерін қарастырайық:

- өнімді жобалау;

  • құрал-жабдық талдау;

  • кәсіпорын үшін орын таңдау;

  • қоймаларды орналастыру;

  • жабдықтаушыларды таңдау;

  • тауарды тасымалдау әдістерін таңдау;

  • өндірісті ұйымдастыру және басқару әдістерін таңдау;

  • жеткізілетін өнім көлемін анықтау;

  • болжау үшін мәліметтер дайындау.

Запастарды басқару тиімділігін анықтау үшін, келесідей нәтижелерге жету қажет:

  1. Запастарға кететін жалпы шығындарды 10% - дан жоғары төмендету.

  1. Запастарға салынатын капиталдың орташа сомасын төмендету.

  1. Дефицитті материалдық ресурстардың санын төмендету.

Запастарды баскару – өндiрiс менеджментiң небiр қиын жағдайы болып табылады, ал менеджменттiң бұған байланысты тапсырыстардың орындалуы өндiрiстiк құралдардың жұмысымен байланысты болуы керек.

Запастарды басқару өндiрiстiк менеджменттiң 2 негiзгi жағдайынан шешуге бағытталған.

  • запастар тұтынушының қажеттiлiгiн қанағаттандыратындай дайын өнiмнiң складта көп болуы, онын азайюына соқтырмайды, дәл сол кездегi тасымалдаушылардың қажетiне әсерiн тигiзбейтiндей етедi;

  • ұйым ресурстарын рационалды пайдалану; запастар өндiрiс бөлiмiнiң арасында басты рөл атқарады, олардын келiсiмдi жұмыстарымен бiр ауқымды жүйеде болады.

12-тақырып. Өндірісті жоспарлау

1. Кәсіпорын жоспарының міндеті мен құрамы

2. Өндірісті жоспарлаудың принциптері мен ұйымдастырылуы

3. Өндірісті жоспарлау әдістері

4. Өндірісте ағымдық жоспарлауды ұйымдастыру

5. Өндірістік стратегияны дайындау

1. Кәсіпорын жоспарының міндеті мен құрамы

Жоспарлау – бұл болашақта фирманың дамуы мен қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, шешімдерді дайындау мен қабылдау процесі.

Жоспарлы шешімдердің объектілері: мақсат қою және фирманың стратегиясын дайындау, фирма қызметінің ішкі және сыртқы орта жағдайлары өзгерістеріне сай ресурстарды (материалдық, ақшалай, еңбектік) бөлу және қайта бөлу. Кең мағынады, осындай шешімдерді қабылдау, жоспарлы шешімдердің маңызды жағы болып табылады.

Ал тар мағынада, жоспарлау дегеніміз алдағы (жоспарлы) кезең ауқымында алда тұрған мақсаттарға жету үшін фирманың нақты іс-әрекетін анықтайтын арнайы жасалған құжаттар.

Фирма ішіндегі жоспарлау келесідей негізгі міндеттерді орындайды:

  • оның қызметінің мақсатын және оған жетуге көмектесетін нақты міндеттерді құрады;

  • фирманың және оның басқару жүйесіндегі құрылымды қайта құру үшін қажетті негізді құрайды;

  • осы мақсатарға жету процесінде жұмысшылардың қызметін үйлестіру үшін негіз құрады;

  • шешімдердің жақсы нұсқасын таңдауды қамтамасыз етеді;

  • фирма қызметінің нәтижесін бағалауға көмектесемін, стандарттар мен көрсеткіштер жүйесін құрады.

Жалпы айтқанда, жоспарлау арқылы фирма барлық құрылмдарының тиімді ырғақтық нәтижесіне жетеді, болашақта белгісіз теріс нәтижені жояды, қолда бар өндірістік әлеуетті толық қолдануды қамтамасыз етеді.

Нақты кәсіпорын қызметінде келесідей жоспарлардың түрлері болады:

  • стратегиялық жоспар – ұзақ мерзімді жоспар, көбінде 10 – 15 жылға құрылады.

  • ұзақ мерзімді жоспарлар – бір неше жылға жасалынады және фирма стратегиясының жекелеген мәселелерін шешуге бағытталған жоспарлар. Бұндай жоспарлар стратегиялық жоспардың бір бөлігін құрайды;

  • ағымдық жоспарлар – ағымдағы қаржылық жылдағы фирма қызметінің барлық бағыттары бірігетін жоспарлар;

  • жедел жоспарлар – қысқа мерзімде кәсіпорын қызметінің нақты мәселелерін шешуге арналған жоспарлар;

  • инвестициялық жобалар – өндірістік қуаттарды модернизациялауға немесе жаңартуға бағытталған, капитал салымдарының жоспары;

  • бизнес‑жоспар – жаңа фирма ашуға арналған жоспарлар, онда кәсіпорын қызметінің бағдарламмасы, кәсіпорын қызметінің нақты жетістіктері бойынша нақты шаралардың жоспары, күтілетін шығындар мен табыстар көрсетіледі. Бұл жоспар маркетингтік зерттеулер негізінде дайындалады.

Жоғарыда көрсетілген жоспарлар тәжірибеде үш негізгі типке біріктірілуі мүмкін.

Біріншіден, жоспар‑мақсат, болашақта басқару объектісі мен оның жекелеген элементтерінің жағдайынан күтілетін сандық жыне сапалық қасиеттерінің жиынтығын көрсетеді.

Екіншіден, қайталанып отыратын іс‑әрекеттер үшін жасалатын жоспар, стандартты ситуацияларда орындау тәртібі мен оның мерзімін көрсетеді. Мысал ретінде, транспорттың жүру кестесі мен кино сеанстардың кестесін және т.б. айтуға болады.

Үшіншіден, қайталанбайтын іс‑әрекеттер үшін жасалатын жоспарлар, қайта туындаған мәселелер, ерекше шешімдер үшін құрылады. Олар фирма қызметінің дамуы мен өзгерісін сипаттайды. Бұндай жоспарлар бюджет, бағдарлама, жүйелік кесте нысанында құрылуы мүмкін.

2. Өндірісті жоспарлаудың принциптері мен ұйымдастырылуы

Жоспарлау процесі бірқатар принциптерге немесе ережелерге негізделеді.

Негізгі, бас принциптерге, өндірістік демократия жағдайында нарықтық жоспарлауда, оның бастапқы кезендеріндегі жоспарлау жұмысына қызметкерлердің максималды санының қатысуы болып табылады.

Жоспардың басқа принципіне, фирманың шаруашылық қызметі сипатына сай үздіксіздікті жатқызуға болады, нәтижесінде жоспарды бір реттік акті ретінде емес, яғни өзгеріп жатқан жағдайларға сай ұйымды қайта жаңарту жобаларын құру, ресурстарды бөлу, стратегияны дайындау, мақсат қою, жоспар құру процесінің үнемі жаңартылып отыруы деп қарастыруға болады.

Жоспар процесінің негізінде үйлестік және интеграция принциптері жатыр. Жоспарлы қызметтің үйлестігі бір деңгейдегі бөлімшелер арасындағы «горизонталдық бойынша» жүргізілсе, ал интеграция - жоғары тұрғандар мен төменде тұрғандар арасындағы ‑ «вертикалдық бойынша» жүргізіледі.

Жоспарлаудың маңызды принципі үнемділік болып табылады. Оның мәні, жоспардан алынатын нәтиженің максималдығымен байланысты, мақсаттарға жету жолдарын қарастыру болса, ал жоспарды құру шығындары одан көп болмау қажет.

Тағы бір принцип, жоспарды орындауға жағдай жасалмаса, онда ол қағаз бетінде орындалмай қала береді.

Жоғарыда аталған принциптерден басқа, тәжірибеде басқа да принциптер (жоспарлаудың ғылыми сипаттамасы, пропорционалдық, жоспарлардың әдістемелік бірлігі, жинақтаулық, оңтайлық және т.б.) қолданылады.

Жоспарлау принциптерін жүзеге асыру кейбір ережелер мен талаптарды қолдануға жағдай жасайды:

  1. Басқару деңгейлерінің байланысы

  • «Жоғарыдан төмен» жоспарлау (жоспарды нақтылау)

  • «Төменнен жоғары» жоспарлау (жоспарды ірілендіру)

  • Жоспарсыз жұмыс жасау (толық өкілеттілік)

  • Нәтиже аймағындағы жоспарлау (жартылай өкілеттілік)

  1. Күнтізбесіне байланысы

  • Күнтізбе аралығы бойынша көлемді жоспарлау

  • Жұмыстың аяқталу мерзімі бойынша қатаң жоспарлау

  • Жұмыс кезектілігін еркін жоспарлау

  1. Жоспарлау шегінің ұзақтығы

  • Бір аралыққа жоспарлау (дискреттік жоспарлау)

  • Жылжымалы жоспарлау (жоспарлы шек есепті мерзімнен ұзақ)

  • Қалдық жоспарлау (жоспарлы шектік азайюы)

  • Икемді жоспарлау (жоспарлы шекті таңдаумен байланысты)

  1. Алдыңғы нәтиженің ықпалы

  • "Нөлдік" деңгейде жоспарлау (бұрынғы міндеттер жойылады)

  • «Қайталанатын» жоспарлау (бұрынғы міндеттер орындалады)

  1. Жоспарлау кезіндегі айнымалылар

  • Тапсырыс бойынша жоспарлау

  • Өнім тобына бойынша жоспарлау

  • Техникалық‑экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау

  • Құрамдасқан жоспарлау

  1. Жоспарлау объектілері арасындағы байланыс

  • «Тар» орын бойынша жоспарлау

  • «Шығудан кіруге дейінгі» жоспарлау

  • «Кіруден шығуға дейінгі» жоспарлау

  • Өнім бірліктерін рет ретімен «өткізу»

  1. Жоспарлау ағымдары

- Өнім ағымы (шикізат, материалдар - дайын өнім қоймасы - сатып алушыларға жеткізу)

- Шығын ағымы (шикізатқа, жұмыс күшіне, құралдарға кеткен шығындар - дайын өнімнің құны - өндіріс - өткізуге кеткен шығындар)

- Ақша ағымы келесілердің есебімен бағаланады (сату көлемі, баға динамикасы, сауда және көлік шығындары, үстеме шығындарының динамикасы, өнімнің өмірлік циклы, табыс және шығын арасындағы өсім қатынасы)

  1. Жоспарлы жұмысты ұйымдастыру принципі

  • Жоспарлы қызметтің мамандандырылуы

  • Жоспарлау процесттерін бөлу және жоспарды түзету

  • Нормативтік жоспарлау және жоспарды күнтізбелік мерзіммен байланыстыру

  • Компьютерлік жүйе арқылы жоспарлы жұмысшылардың өзара іс-әрекеті

  • Кәсіпорынның бір сызықтық құрылымы ретінде жоспарлауды іске асыру.

3. Өндірісті жоспарлау әдістері

Қазіргі уақытта жоспар құрудың бірнеше әдістері бар, олар: баланстық, нормативтік, математикалық‑статистикалық.

Баланстық әдіс, фирмада бар немесе болатын ресурстардың өзара байланысына және жоспарлы кезең (жоспарды құруға қажетті мерзім) ауқымында ресурсқа деген қажеттілікке негізделеді. Егер тұтынуға қажетті ресурстар аз болса, онда дифицитті жою үшін қосымша көздерді іздеу басталады. Қажетті ресурстарды сырттан тартуға болады, немесе өз шаруашылығында рационализациялау жолымен алуға болады. Егер тұтынуға қажетті ресурстар аса көп болса, онда мәселені керісінше шешу керек немесе артықшылықтан құтылу қажет.

Ресурстардың көздері

Ресурстарды бөлу

  1. Кезең басына қалған қалдық

  2. Сырттан келген түсімдер

  3. Ішкі резервтер

  1. Ағымдық тұтыну

  2. Сыртқа өткізу

  3. Кезеңге соңына қалған қалдық

Барлығы

Барлығы

Баланс

Баланс

Бұндай кестелер негізінде баланстық басқару жатыр, кезең басына қалған қалдық, оларға ішкі және сыртқы көздерден келген түсімдер шығындар сомасына (сыртқа тұтыну мен сату) және кезең соңына қалған қалдыққа тең болуы қажет.

Жоспарлауда натуралды баланстармен қатар, құндық баланстар да кеңінен қолданылып жатыр. Бұл бірнеше жағдайлармен түсіндіріледі:

Біріншіден, фирма нарықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, ол қызметінің жағдайын жасауға қажеттінің барлығын сатып алады және өндірілген өнім мен қызметін ақшаға сатады. Демек, ресурстар мен дайын өнімнің барлық ағымы басынан ақшалай сипатта болады, бұл жоспар құру үшін ыңғайлы болып табылады.

Екіншіден, кейбір ресурстар мен өнімдер тәжірибеде тек қана құндық өлшемде айтылады, мысалы, ақпарат, интеллектуалдық меншік және т.б.

Үшіншіден, әр тектілі ресурстар мен өнімдерді жалпылайтын көрсеткіштер тек ақшалай көріністе болады, өйткені әлі күнге дейін бір тонна қартоп пен бір литр сүтті немесе темір массасымен электрэнергиясының килловатын қосу әдісін ешкім ойлап таппаған.

Еңбектік баланстар да алуан түрлі болуы мүмкін. Жұмыс уақытының балансы бір жағынан фирмада бар кезеңдегі (сағаттағы) оның ресурстары, және, екінші жағынан, осы уақыттың әр түрлі жұмыстарға бөлінуі. Сонымен қатар, еңбекке жұмыс күшінің балансы және олардың қозғалысы жатқызылады.

Нормативтік әдіс белгіленген кезеңде жоспарлы міндеттер негізіне өнім бірлігіне жұмсалған әр түрлі ресурстар (шикізат, материалдар, жабдық, жұмыс уақыты, ақшалай ресурстар және т.б.) шығындарының нормасы кіреді.

Жоспарлауда қолданылатын мөлшерлер натуралдық, құндық және уақыттылы болуы мүмкін.

Натуралдық мөлшерлер өнім бірлігін өндіру үшін қажет материалдық ресурстар (шикізат, энергия және т.б.) шығынын көрсетеді.

Құндық мөлшерлер әр түрлі ресурстарды жалпылайтын шығындар, немесе ақшалай нысанан басқаша көрсете алмайтын шығындарды (амортизация), немесе тікелей ақша шығындарын (өнім бірлігіне төленетін еңбек ақы) көрсетеді. Уақыт мөлшерлері жұмысты орындауға немесе олардың жеке элементтеріне кеткен шығындарды көрсетеді. Осылайша, жедел уақыт мөлшері, жұмыс орнына қызмет ету уақыты, жеке үзілістер уақыты, дайындау-аяқтау уақыты және т.б. бөлінеді.

Жоспарлау әдісінің үшінші тобын математика‑статистикалық әдіс құрайды, ол әр түрлі үлгілер негізінде оңтайландырылған есептер арқылы орындалады Қарапайым үлгісі статистикалық болып табылады. Статистикалық үлгілер қаржылық операцияларды жоспарлауға, ағымдағы салымдар мен берілген пайыздық мөлшерлерге негізделе отырып, болашақта алатын табысты есептеуге мүмкіндік береді. Әсіресе қаржалақ жоспарлау саласында кеңінен қоланылады.

4. Өндірісте ағымдық жоспарлауды ұйымдастыру

Өндірісті тактикалық жоспарлау бір жылға немесе одан да қысқа мерзімге арналған. Ол ағымдық (қысқа мерзімді, жедел) жоспалар негізінде құрылады, жоспарлы кезеңде фирманың алдында тұрған мәселелерді шешудің тактикасын құрайды. Ағымдық жоспарлау дегеніміз қойылған мақсаттарға жету үшін, өндірістің барлық элементтерінің тұтас әрекетін қамтамасыз ететін, фирма қызметінің процесін дайындау мен жүргізу тәжірибесі мен теориясының жиынтығы.

Ағымдық жоспарлау фирманың стратегиялық жоспарын іске асырудың кезеңі болып табылады. Нарықтық экономикада ағымдық жоспарлаудың негізі ағымдық жылдағы өнімді өткізу болжамы болып табылады. Сонымен бірге, стратегиялық жоспарға қарағанда ағымдық жоспардың нәтижесі өзгеше. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағымдық жоспарлаудың құрылымдық сызбасын келесідей бейнелеуге болады (3.8.1- сурет).

Ағымдық жоспарлау кәсіпорынның әртүрлі қызмет түрлері бойынша жоспарлар жиынтығын көрсетеді. Ағымдық жоспарды дайындау бөлімшілерден басталуы қажет. Олардың алдарында тұрған (стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру қажеттілігін туындайтын) міндеттер, оларды шешу үшін қажетті ресурстардың болуы мен әрекеттер жоспарын дайындауды талап етеді. Соңында жоспарлар бөлімшелер үшін бюджет немесе смета түрде жасалады. Өткізу болжамы – бөлімшелердің барлық бюджеті құрылатын негіз болып табылады. Кәсіпорынның ағымдық жоспарын дайындаудың кезектілігі келесі кестеде келтірілген.

Қ ысқа мерзімді жоспарлар, ағымдық жоспарлардың құраушы бөлігі, тұтас фирмаға және жекелеген бөлімшеге бір жылға дейінгі мерзімге күнтізбелік жоспар түрінде жасалады. Олар қызметтің мынадай салаларын қамтиды: ғылыми зерттеулер, маркетинг, материалдық-техникалық қамту, өткізу, өндіріс, қолда бар материалдық және қаржылық ресурстар және бюджет түрінде болады.

Стратегиялық жоспар

Ағымдық жоспарлау

Өткізуді жобалау

Өндірістік

жоспар

Маркетингтік

жоспар

Сауда

шығындар

Еңбек бойынша жоспар

Өндірістік

жоспар

НИОКР бюджеті

Әкімшілік шығындар бюджеті

Жалпы зауыттық үстеме шығындар

Қаржылық операциялар, активтерді сату және сатып алу

Өткізуден түскен түсім

Қаржылық

жоспар

Өзіндік құн

Ақша ағымы

Пайда жоспары

3.8.1 - сурет. Ағымдық жоспарлаудың құрылымдық сызбасы

Өткізу жоспары

Басқа да табыстар

Қойма жоспары

НИОКР жоспары

Табыс жоспары

Өндірістік жоспар

Қаржылық жоспар

Несиелік жоспар

Персонал бойынша жоспар

Сатып алу

жоспары

Инвестициялық

жоспар

Басқа да

шығындар

Шығындар

жоспары

3 .8.2 - сурет. Кәсіпорын қызметін ағымдық жоспарлау кезіндегі жоспарлар артықшылығы

Жедел жоспар бір күннен он жұмыс күніне (екі күнтізбелік аптаға) дейінгі аралықты қамтиды, көбінде тәуліктік болып табылады. Мұндай жоспарлар көбінесе үш негізгі элементтен тұрады:

  • өндірістік қуаттың нақты жүктілігін көрсететін учаскелердің, цехтардың өндірістік бағдарламасы;

  • осы бөлімшелердің жедел міндеттері;

  • технологиялық тізбек бойынша өнімдер мен оның жекелеген бөліктерінің қозғалыс жоспар‑күнтізбесі.

Жоспарлау кезеңдері және басқару деңгейлері бойынша ағымдық жоспарларды жасау кезектілігі төмендегі суретте көрсетілген.

Стратегиялық жоспар

Салалық

басқару

деңгейі

Жылдық (ағымдық) техникалық‑экономикалық жоспар

Аванстық

бағдарлама

Кәсіпорын

деңгейінде

басқару

Кварталдық

өндірістік бағдарлама

Кварталдық

тапсырыс сілемі

Цех

деңгейінде

басқару

Айлық

өндірістік бағдарлама

Айлық

тапсырыс сілемі

Айлық

жоспар‑күнтізбесі

Апталық

өндірістік бағдарлама

Учаске

деңгейінде

басқару

Тәуліктік‑ ауысымдық

тапсырма

3.8.3 - сурет. Ағымдық жоспарлау барысында жедел және қысқа мерзімді жоспарларды дайындау кезектілігі

Осылайша, жедел жоспарлар технологиялық циклдің жекелеген операцияларын орындау кезектілігін, жабдықтың жүктілігін; осыған кететін уақытты; қолда бар өндірістік қуаттардың, материалдық ресурстардың, персоналдың есебімен адамдарды орналастыруды анықтайды. Осының барлығы өндіріс процесінде өнімдер мен оның жекелеген элементтерінің қозғалысын уақытылы үйлестіруге және кеңістікте ыңғайлауға, өндірістік процесті жүргізуде оңтайлықты қамтамасыз етуге, ресурстарды рационалды қолдануға, өндірістік міндеттерді толық көлемде және уақытылы орындауға, бөлімше жұмысының қажетті ырғақтығын сақтауға мүмкіндік береді.

5. Өндірістік стратегияны дайындау

Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, ал стратегиясы осы нәтижеге жету жоларын, бағыттарын анықтайды.

Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайының қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкен жөн;

  1. Қандай өндірістерді тоқтату керек?

  2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?

  3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?

Қазіргі нарықтық жағдайлар іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Олар үш топқа бөлінеді:

1 - топтағы стратегиялар:

    • өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;

    • жаңа өнім өндіруді бастау;

    • нарықта өзінің артықшылығын көрсету.

2 - топтағы стратегиялар. Стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады.

3 - топтағы стратегиялар. Бұл мақсаттылық пен қысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, нарықтағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.

Кәсіпорын алға қойған стратегиясының жүзеге асыру үшін өзінің іс-әрекетін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:

  • кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне түсінікті болу керек;

  • стратегияны орындауға қажетті қор уақытылы жеткізіліп тұруы қажет;

  • қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымының тиімділігіне аса көңіл бөлінуі қажет.

Өндірістік стратегия деп жүйенің дамуының негізгі мақсатына жетуге көмектесетін тәсілдер мен ережелер жиынтығын түсінеміз.

Экономикалық басқарудың стратегиясы немесе экономикалық стратегия:

а) стратегиялық мақсаттарға экономикалық тиімді жетуді қамтамасыз ететін ережелер мен әдістерді даярлайды;

б) осы мақсаттарға тиімді жетуде стратегиялық бағдарламаларды даярлау мен өткізуде барлық қатысушыларды қызықтыруға бағытталған, стратегиялық мақсаттарға жету ережелері мен әдістерін даярлайды.

Басқаша айтқанда, экономикалық стратегия дегеніміз мақсаттарға тиімді жетудің экономикалық әдістері мен құралдары.

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы оның бөлімшелерімен жүргізіледі. Өндіріс стратегиясы кәсіпорынның экономикалық стратегиясы негізінде жасалады, сондықтан ол кәсіпорынның әр құрылымдық бөлімшесі үшін элементтер мен факторлар нақтылайды.

Кәсіпорынның стратегиясы өзінің өндіріс функциясы арқылы тұтынушыларға қажетті өнім немесе қызмет етуді қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы келесідей элементтерді қамтиды:

1. Мақсаттар жүйесі – кәсіпорынның басты бағыты, оның жалпы және спецификалық мақсаттарын мүмкін мерзімдер мен оларды өткізу сатыларын ескеру мен ранжирлеу. Стратегиялық шешімді қабылау кезінде, көбінде стратегиялық сипаттағы мақсатты таңдауда, кәсіпкер таңдаған мақсаты басқа мақсаттар мен басқа да нарық субъектілерінің қызығушылықтарын сипаттайтын мақсаттарына әсер етпейтінін бағалау және стратегиялық әлеуетте анықталған тиімділік әкелетінін анықтау қажет. Стратегиялық мақсаттарды таңдау әрқашанда альтернативаларды анықтаумен байланысты, яғни осы мақсатқа жету үшін, нені жоғалтуға болатынын бағалау.

2. Ресурстарды бөлудегі артықшылықтар. Кәсіпорынның ресурстары әрқашанда шектеулі болғандықтан, кәсіпкер осы ресурстарды қолданудан үлкен өнімділікті қамтамасыз ететін қандай мақсаттарға жету керектігін анықтайды, оған бәсекелік артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

3. Осы немесе басқада басқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу ережелері. Көбінде олар кәсіпорынның қазіргі және болашақтағы қызметін бағалауға, кәсіпорын ішіндегі қатынастарды реттеуге, жекелеген операцияларды орындауға, сыртқы ортамен қарым-қатынасты реттеуге арналған.

Экономикалық стратегияны даярлау кәсіпорын қызметінің жалпы бағытын анықтаумен аяқталады, осы бағытпен жүру оның мақсаттарына жетуге, кеңейтуге және позицияларын қатайтуға мүмкіндік береді. Осы бағыттар кейін әртүрлі деңгейдегі жобаларда, бағдарламаларда, өндірістің ағымдағы жоспарларында және стратегияны өткізуге бағытталған, тәжірибелік іс-әрекеттерде нақтыланады.

Стратегияларды жасау – ұзақ және еңбек сыйымды процесс, сондықтан оны бірнеше жыл сайын қарастырып отырады. Кәсіпорындар өмір талабына сай бірнеше стратегиялар жасайды. Олардың ішінде ең бастысы – бас стратегия, кәсіпорынның басты бағытын жүзеге асыру әдісін көрсетеді. Қызметтік стратегия жекелеген бөлімшелер алдында тұрған, кәсіпорынның ерекше мақсаттарға жету жолдарын көрсетеді.

Менеджмент саласындағы белгілі батыс маманы Б.Карлоф кәсіпорынның стратегиясын анықтайтын тоғыз негізгі факторларды атап өтті.

1. корпоративтік миссия;

2. бәсекелестік артықшылықтар;

3. бизнесті ұйымдастыру;

4. кәсіпорынмен шығарылатын өнім;

5. ресурстар;

6. кәсіпорын құрлымындағы күтілетін өзгерістер;

7. нарық және олардың шекаралары;

8. жетілдіру бағдарламалары;

9. менеджерлер мәдениеті.

Өзінің мазмұны бойынша жергілікті мақсаттар бағынышты сипаттағы мақсаттар болып табылады, яғни өндірістік мақсаттар кәсіпорынның экономикалық стратегиясының кең ауқымды мақсатын жүргізуге мүмкіндік беретін жетістіктер жиынтығы.

Жергілікті мақсаттарға қойылатын жалпы талаптар келесідей:

  • мақсаттар нақты және өлшенетін болу қажет;

  • мақсаттар уақыт бойынша бағытталған (ұзақ мерзімді, орта мезімді, қысқа мерзімді) болуы керек;

  • мақсаттар жетілуі тиіс;

  • мақсаттар өзара қолдаушы болуы керек.

Экономикалық стратегияның жергілікті мақсаты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құрылады. Осылардың қосындысының есебі кәсіпорынның негізгі бағытын, оның өндірістік жағдайын және бәсекеге қабілеттілігін бағалайды.

13- тақырып. Өнім өтімін ұйымдастыру

1. Коммерциялық дирекцияның функциялары

2. Өткізуді басқару концепциясы

3. Өткізудің ақпараттық жүйесі

4. Өткізуді басқару

1. Коммерциялық дирекцияның функциялары

Кәсіпорынның коммерциялық қызметі тек қана жабдықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар, тағы бір маңызды құраушысы дайын өнімді өткізу болып табылады.

Әр бір өнім тұтыну үшін өндіріледі, сондықтан да пайда табу үшін оны өткізу қажет, яғни тұтынушыға жеткізу арқылы оған өнімді сату керек. Осымен, кәсіпорынның жедел өткізу қызметінің мәні мен рөлі анықталады.

Кәсіпорында өткізуді басқарудың негізгі міндетеріне жасалған келісім шарттарға сай өнімді өткізу бойынша жоспарды толық және уақытылы орындауды жатады. Тұтынушыға өнім жеткізу, тұтынушы қажеттлігін қанағатандыратын ассортименттер мен көлемдер бойынша сәйкес, ырқақты, уақытылы болуы қажет.

Сату нарығынан сатып алушы нарығына өту барысында, кәсіпорынның бәсекеге қабілетті деңгейінің өсуі өнімді өткізу және оның маркетингіне байланысты болды.

Кәсіпорынның нақты маркетингтік концепциясын анықтап алу үшін, кәсіпорын басшылығына біріншіден, баламалы стратегиялық шешімдерді қабылдау қажет, онда кәсіпорынның дамуының жалпы саясаты, оның ішінде өткізу құрылады. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  • кәсіпорынның қандай нарықтық құрамына кіргісі келетіндігі;

  • нарықтық қандай позиция үшін күреседі;

  • бұларға қандай маркетингтік стратегия қолданылады.

Маркетинг концепциясы негізінде өткізу саясатының құралдары пайда болады. Бұл жоспарлы процестің нәтижесі, маркетинг құралдарының кешенін анықтайды. Бұған келесілерді жатқызуға болады:

  • өткізу бағдарламасы;

  • сату бағасы мен сату жағдайлары;

  • өткізу жүйесі;

  • сатуды ынталандыру және жарнама;

  • логистика;

  • сервис (қызмет көрсету).

Осы аталған барлық құралдарды дұрыс құру және қолдану нәтижесі өткізудің табысы болып табылады.

Сату - өткізу саясаты мен қатар өткізу жүйесінің бөлігі болып табылады. Сатудың міндеті - тұтынушымен қарым-қатынас жасау және оларды тауарды сатып алуға баулу. Егер тұтынушыларды сатып алуға қызықтыра алмаса, онда басқа маркетингтік қызметтер ысырап болады.

Сатуды оңтайлы ұйымдастыру өткізу саласында болып жатқан нақты жағдайларды білуді талап етеді. Көптеген кәсіпорындар үшін маңызды өткізу жағдайы келесі белгілермен сипатталады.

Нарық сипаттамасы:

  • қарқынды бәсекелестік;

  • жоғары ақпараттандырылған, жеке ұсыныстары мен өзгергіш мінез-құлқы бар талғағыш сатып алушылар;

  • көпшілік нарығын құру тенденциясы;

  • қаныққан нарық тенденциясы;

  • нарықтағы жағдайлардың жиі өзгеруі.

Кәсіпорын сипаттамасы:

  • кәсіпорынның үлкен көлемдері;

  • өткізудегі өсіп жатқан шығындар;

  • маман-маркетологтардың жетіспеушілігі;

  • массалық коммуникациялардың жаңа құралдары.

Бұл көрсетілген қорытындылардан кәсіпорын қандай сату саясатын ұстану керек деген сұрақтар туындайды.

Қарқынды бәсекелестік тұтынушыларға әртүрлі ұсыныстар арасында таңдау жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде, сатып алушы өзіне қолайлы ұсыныстарды таңдайды. Қатал бәсекелестіктің бағаға ықпал етуінен, ол төмендейді. Осының салдары бағалық бәсекелестік пайда болады.

Қарқынды бәсекелестік кәсіпорындардың өз қызметтерін қарқындатуға мәжбүрлейді, бірақ нарық сұраныстарын толық қанағаттандындыруға бағытталғандар ғана бәсекелестікті жеңіп шыға алады. Бұл дегеніміз бірінші кезекте сатып алушылар сұранысын ескеру қажет.

Талғағыш және сыншы сатып алушылар сатып алатын тауардың сапасын жақсы біледі. Олар сапа стандарттар көмегімен бағалайды, әртүрлі ұсыныстарды салыстыру арқылы сапа және баға қатынасы арасындағы қолайлысын таба алады. Талғағыш сатып алушы сатушыдан өз қажеттілігін ескере отырып тауар таңдауға көмектесуді және оның жағдайын түсінуді талап етеді.

Көпшілік нарығын құру тенденциясы. Ол көптеген сатып алушыларға арналған, табысқа кенелген өнімдердің сату көлемінің өсуіне негізделеді. Көпшілік нарығына өту бағаның төмендеуіне әкеледі, бұл көптеген кәсіпорындар үшін зиянды. Бұндай нарықта үнемі бағаға қысым жүргізіледі, сондықтан кәсіпорындар өз тауарын сату үшін сатып алушыларды көндіре алуы қажет.

Қаныққан нарық тенденциясы тоқтап қалған немесе төмендеген сұранысты білдіреді. Бұл тендеция әр нарықта бүгін немесе ертең кездесетін құбылыс. Бұндай жағдайда өндіруші-кәсіпорынға бастысы маркетинг қажет. Қаныққан нарық тенденциясын кәсіпорындар жаңа өнімді енгізу және жаңа нарықтарды игеру арқылы шеше алады.

Нарықтағы жағдайлардың жиі өзгеруі сату жүйесіндегі жаңа проблемаларға алып келеді. Сатып алушылар талабының өзгеруі, сұраныстың төмендеуі, бәсекелестердің пайда болуы, бәсекелестердің жаңа әрекеттері және де жаңа нарықтардың пайда болуы қосымша қиындықтар мен тәуекелдер әкеледі, бірақ кей жағдайда даму үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Үлкен кәсіпорынды басқару үшін осыған ұқсас кәсіпорын ерекшелігі туралы жан-жақты біліміне негізделген, кәсіби басқару қажет. Бұндай біліктілік кәсіпорынның сату жүйесін басқару үшін де қажет.

2. Өткізуді басқару концепциясы

Концепция ұйымды басқару бойынша негізгі шешімдерден тұрады. Концепция жедел және тактикалық шаралардың аясын, тізімін және бағытын анықтайды. Концепциялық жоспарлау көмегімен ұйымның немесе жобаның табыстылығын немесе табыссыздығын анықтайтын жолдар көрсетіледі.

Концепция келесідей құрылымдық элементтерден тұрады:

  • өткізу қызметінің аясы;

  • мақсаттар (негізгі мақсаттар, басты мақсаттар);

  • өткізу қызметінің стратегиясы;

  • өткізу жүйесі.

Концепция кәсіпорын қызметінің барлық бөлімшелерінің келісімді жұмысы мен тұтастылығын қамтамасыз ететін «жол көрсетуші» болып табылады.

Ұйым қызметінің аясын анықтау үшін негізгі пункті өнімді (қызметті) өткізу бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама әлеуетті тұтынушылардың орналасуын көрсетеді, ал бұл өз кезегінде әлеуетті өткізу аймағын анықтайды.

Кәсіпорынның өткізу құрылымының тиімді жұмысы үшін қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шеңберін нақты және айқын білу қажет. Егер тұтынушылар шеңбері анықталмаса, онда өткізу кәсіпорынның өндірістік бағдарламасына сай келмейді.

Кәсіпорынның өткізу қызметінің аясын белгілеу арқылы, оның өткізу әлеуеті анықталады және жүйелік, аймақтық, ұлттық, халықаралық өткізу көлемі туралы шешім қабылданады.

Өткізу аясын анықтау кезінде іскерлік ауданның түйіні ретінде, сату көлеміне және оның өсуіне қатысты жақсы мүмкіндіктерді таңдау қажет. Сонымен бірге, бұл іскерлік ауданның пайдалылығын анықтау керек. Қызмет аясын анықтауда сату көрсеткіштері маңызды рөлді атқарады.

Өткізу мақсаты. Өткізудің концептуалды мақсаты тұтас кәсіпорын жоспарлары мен стратегиялық саясатының мақсаттарымен анықталатын, ұзақ мерзімді шешімдерді жүзеге асыру болып табылады.

Нарық үлесі – нарықтағы кәсіпорынның қандайда бір позициясын бағалау кезіндегі шешуші көрсеткіш. Нарық үлесі көп болған сайын, кәсіпорын үлкен мүмкіндікке ие болады.

- бағаны төмендету арқылы бәсекелестік саясатта бағалық артықшылықтарға жетуге болады;

  • нарықтағы үстемділікке ие болу;

  • сатып алушылар алдыңда өз мәртебесін жоғарылату.

Өткізу стратегиясы. Стратегия белгіленген мақсатқа жету үшін, таңдалатын нақты әрекеттерді сипаттайды. Өткізу стратегиясын құру үшін кәсіпорын бәсеке артықшылығы көмегімен нарықтағы позициясын және іскерлік имиджін құру қажет.

Бәсекелік артықшылықтың жалпы түрі сатып алушыға қатысты қандай да бір әрекеттерді орындау кезіңдегі артықшылықтардан немесе өткізу бағасын төмендетуден тұрады. Артықшылықтарды құру үшін келесідей мүмкіндіктер қолданылады:

  • іскерлік (тауарды сатуға іскерлік тиімді ұсыныс);

  • психологиялық – тартымды ұсыныстарымен қызықтырылатын, клиенттердің (сатып алушылардың) жағымды әсері;

  • экономикалық (сату бағасы, төмен қолдану шығындары);

  • уақыттан ұту (сатып алушыға тауарды жеткізу уақыт);

  • орналасуымен байланысты (мекен жайы) - тауарды тұтынушыға тікелей жеткізу;

  • персоналды (арнайы) – сатып алушылармен (клиенттермен) сенімді және тұрақты тұлға аралық қатынасты орнату.

Артықшылық стратегиясы клиенттерге сапа деңгейі бойынша ерекше коммерциялық ұсынысты дайындаудан тұрады.

Сату бағасын төмендету стратегиясын қолдану кезіңде кәсіпорынның барлық өткізу қызметі – коммерциялық ұсынысты құру кезеңінен бастап баға деңгейі бойынша шектелген жағдайда болады. Осыған орай өткізу жүйесін таңдау айналым шығындарын төмендету есебінен жүргізілуі қажет.

Өткізу әдісі. Таңдалған стратегия негізінде өткізу әдісі бекітілуі қажет. Өткізу әдісі нарықта қандай жұмыс тәсілдері болу қажеттілігін сипаттайды. Ол үшін мынандай мәселелерді шешу қажет:

  • қандай өткізу жүйесін (тікелей немесе жанама өткізу) таңдаған жөн?

  • Өткізудің қандай формалары мен аспаптарын қолдану қажет?

  • Жарнама көмегімен өткізуді қолдау қаншалықты қарқынды болуы керек?

3. Өткізудің ақпараттық жүйесі

Өткізудің ақпараттық жүйесін құру. Негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін сенімді, уақытылы және нақтылы іскер ақпарат қажет. Бұл жүйе – кәсіпорынды басқарудың жалпы ақпараттық жүйесінің бір бөлігі.

Өткізудің ақпараттық жүйесі өткізуді ұйымдастыруға қажетті мәліметтерден тұруы қажет, оның ішінде:

  • стратегиялық және жедел жоспарлау;

  • басқару және де жоспардың орындалуын бақылау;

  • ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау барысында әлсіз жақтарын анықтау;

  • жағдайдың өзгеруіне әрекет ететін жедел шешімдерді күнделікті жұмыста қабылдау.

Ақпарат көлемі. Кәсіпорынның өткізу қызметін басқару бойынша ақпараттық жүйе келесідей ақпараттардан құрылуы қажет.

1. Кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижесі, даму процесі мен жағдайы туралы ақпарат:

  • жалпы нәтиже (айналым, шығын, пайда немесе зиян);

  • өткізудің жекелеген позициялары бойынша шығындарды өтеу үлесі және айналымы;

  • жұмыстың тиімділігі;

  • шығындар құрылымы.

2. Нарықта кәсіпорынның позициясы:

  • нарық үлесі;

  • сатушылар қызметінің аймағы;

  • танымалдылық деңгейі;

  • имидж;

  • іскерлік аймақ параметрлері.

3. Нарықтағы қатынас:

  • сұраныс;

  • сауда;

  • бәсеке;

  • арыз;

  • бәсекелестердің бағасы;

  • тапсырыстардан бас тарту себебі;

  • қоймада бар запастар және жеткізу мерзімі.

4. Өткізуді басқару

Өнімді өткізу – бұл өндіру, бөлу және тұтыну арасындағы делдал буын болып табылады. Кәсіпорын өткізу нәтижесінде кәсіпкерлік пайда алады. Өткізудің негізгі қызметтерін үш топқа келтіруге болады:

  • жоспарлау функциясы;

  • ұйымдастыру функциясы;

  • бақылау және реттеу функциясы;

Өз кезегінде жоспарлау функциясы келесілерден тұрады:

  • сатудың перспективті және жедел жоспарларын дайындау;

  • нарық сыйымдылығын бағалау және талдау;

  • сатып алушылардың тапсырысы бойынша өндірістің өнім ассортимент жоспарын құру;

  • тауар қозғалысының және өткізілуінің арналарын ұйымдастыру;

  • өткізуді ынталандыру бойынша шараларды дайындау және жарнама компанияларын жоспарлау;

  • өткізу және оларды оңтайландыру бойынша шығын сметаларын құру.

Өткізуді ұйымдастыру функциялары ішінде келесілерді бөліп көрсету қажет:

  • дайын өнім үшін қоймалық және салмақтық шаруашылықтарды ұйымдастыру;

  • сатуды ұйымдастыру және тұтынушыларға тауарды жеткізу;

  • тұтынушыларға сатуға дейінгі және сатудан кейінгі қызмет көрсету;

  • тауарды сату арналарын ұйымдастыру;

  • өткізуді ынталандыру бойынша шаралар мен жарнама компанияларын жүргізуді ұйымдастыру;

  • сату персоналын дайындау және сауда өкілдерінің қызметін басқаруды ұйымдастыру;

  • өткізу мақсатына жету үшін кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру.

Өткізуді бақылау мен реттеу функциясының жиынтығына келесілерді жатқызуға болады:

  • өткізу қызметінің нәтижесін бағалау;

  • өткізу жоспарларының орындалуын бақылау;

  • жағымсыз ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, кәсіпорынның өткізу қызметін жедел реттеу;

  • өткізу апаратының қызметін бағалау және ынталандыру;

  • статистикалық және бухгалтерлік реттеу.

14- тақарып. Өндірістік бағдарламаларды қалыптастыру

1. Кәсіпорынды дамыту стратегиясы және өндірістік бағдарламаларды қалыптастыру

2. Өнім номенклатурасы және өндіріс көлемін натуралдық түрде жоспарлау

1. Кәсіпорынды дамыту стратегиясы және өндірістік бағдарламаларды қалыптастыру.

Әрбір кәсіпорын өзінің болашақтағы қызметін жоспарлайды және өндіретін өнімдерінің қаншалықты сұранысқа ие болып отырғанына қарап өнім өндіруді ары қарай дамытудың ерекшеліктерін айқындайды. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын, өнім сапасы мен қызмет көрсетулерді жақсарту, жұмысшылардың жеке табыстарының өсіп отыруын қадағалап жоспарлайды.

Жоспардың негізін өнімді тұтынатын тұтынушылармен (сатып алушылар) жасалған келісімшарт, материалды-техникалық жабдықтармен жабдықтаушылар арасында жасалған келісімшарттар құрайды. Тұтынушылар ретінде ауылшаруашылығының түрлі салалары бойынша жұыс істейтін кәсіпорындарды, материалды-техникалық жабықтармен жабдықтаушы мекемелерді, сауда-саттық кәсіорындарын, шетел фирмаларын қарастыруымызға болады.

Қажеттіліктердің көптүрлілігі, оларды қанағаттандыра алу мүмкіндіктерін кәсіпорындар арасында келісімшарт жасалғанда анықтауға болады. Мұнда ұсынылатын өнім ассортименті, өндіріске жіберілетін өнімнің ерекше қасиеттері белгіленеді. Осыған байланысты өнім түрі қаншалықты жаңарып отыратыны және оның сапасының қай деңгейде артып отыратыны ескеріліп өнім бағасы белгіленеді. Жабдықтаушы өзінің өндірісіне қажетті шикізат көздерін, қажетті материалдарды, жабдықтарды, қажетті өнім көлемін өндіріп шығаратын мамандарды табудың мүмкін болатын жолдарын қарастырады.

Өндірістік бағдарламаны құру әрқашанда жоспарланатын өнімнің құрылымын қарастырумен тығыз байланысты, ал еңбек сиымдылығы өндіріс қуаты мен сондай-ақ еңбек ресурстарымен материалды-техникалық қамтамасыздандырумен, жартылай фабрикаттарды дайындаумен байланысты.

Өнімді айналымға жіберу жоспары негізінде тауарлы өнімдерді(ТӨ) өндіру жоспары қарастырылады. Өнімді айналымға жіберу жоспары кәсіпорынның табысын анықтайтын және де кәсіпорын шығындарын жабатын негізгі қор (база) болып табылады. Өндірістің айналым көлемінің есебін қоймада қалып қойған тауар қалдықтарын есепке ала отырып өнімнің әрбір түрі бойынша есептейді.

Жоспардың бастапқы кезеңінде тауар күйінде тиелген бірақ тұтынушы тарапынан әлі төленбеген (Қ’) қоймадағы дайын өнімнің қалдығы (Қ) күтілетін қалдықтар ретінде қарастырылады. Олар есеп жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде анықталады, яғни фактылы қалдықтардың нормативтен ауытқу кезеңінде және олардың айналым жоспарында болжанған және өзгеріске ұшыраған жоспардың басынан есеп жұмыстары жүргізілетін кезеңге дейінгі барлық қалдықтар есептеледі.

Жоспар кезеңінің соңында тиелген (Қ’) және қоймадағы дайын өнімдердің қалдықтары (Қ) қоймадағы өнім қалдықтарының бір күнгі нормативімен, ал тиелген тауарлар бойынша құжаттардың нормативті уақыты негізінде өнім өндірушінің шотына қажетті өнім құралдары түскенге дейін банкіге есеп жұмысы көрсетілгеннен бастап анықталады.

Қоймадағы дайын өнімдердің және де тиелген тауарлардың (Zk) нормативтік қоры тиеуге дейінгі (Тот) өнімді дайындау уақытының ұзақтығымен, өнімнің дайындалу құны (Nбірл) мен құжаттарды кәсіпорынның есепшотына төлем түсімдері түскенше банкке инкассоға өткізу:

Zk = Тот*Nбірлр* Nбірл = Тк+Т’k

Нормативтік мерзім (Тр) банкте сатушы мен сатып алушы арасындағы құжаттардың рәсімделу уақытымен (төрт күнге жуық ), акцепт уақытымен (үш күнге жуық), құжаттардың екі реттік рәсімделуімен белгіленеді.

Жоспарлау кезеңі бойынша өнімнің тиелу көлемі (ТК) мен айналым көлемін (ӨА) мына формула арқылы анықтауға болады:

ТК=ТӨ+Қнк; ӨА=ТК+ Т’k- Қк;

Кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыздандыру

Өндіріс кәсіпорындарына материалдық ресурстар тауарлар мен қызмет көрсету нарығынан алынады. Бұл үшін нарық конъюктурасын, потенциалды жабдықтаушылардың мүмкіндіктерін зерттеп, баға қозғалысы туралы ақпараттармен хабардар болып отыру керек. Өндіріске қажетті ресурстар өнім өндірушілерден, көтерме сауда орындарынан, аукциондар мен материалдық-техникалық ресурстардың көтерме сауда орындарынан, жәрмеңкелерден, сондай-ақ өзге де делдал мекемелерден алынады. Мұндай делдалдық мекемелер ретінде тауарлы биржаларды алуымызға болады. Тауарлы биржалар әлемнің алпауыт қалаларында қызмет етеді.

Кәсіпорынды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету жоспары мыналарды қарастырады:

  • материалдық ресурстарға жалпы қажеттілігін анықтау;

  • материал қорының көлемін анықтау;

  • жыл соңында қалатын материал қалдықтарының болжамдық есебі;

  • материалдық ресурстардың көлемін белгілеу.

Кәсіпорынды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету жоспарының бастапқы мәліметтері болып: өндірістік бағдарлама, материалдар номенклатурасы, шығындар нормасы, жоспарлы-есептелген бағалар, қоймада қалған өнім қалдықтары туралы мәліметтер табылады.

Бағдарламаға қажетті негізгі материалдарға қажеттілік (Рн) n номенклатурасын есепке ала отырып бағдарлама бойынша өнім көлемін материал шығындары (Hi) нормаларына көбейту арқылы анықтайды:

Кәсіпорынның техникалық дайындығын қамтамасыз етуде және кәсіпорынға техникалық қызмет көрсетуге қажетті негізгі және көмекші материалдарды (Р’) бағдарламаларды негізгі немесе көмекші материалдарға (Hj) көбейту арқылы анықтаймыз:

Өндірістік фирмаларда және компанияларда өндірістік қорларды басқару келесі функцияларды қарастырады: мекемелер тұтынатын материалдардың барлық номенклатурасы бойынша қорлардың нормаларын дайындау, қорларды қоймаға дұрыс орналастыру, қоймадағы қорлардың дұрыс жағдайда сақталуын, олардың деңгейін бақылайтын оперативтік бақылауды ұйымдастыру.

Бұл функциялардың ішіндегі ең ауқымдысы қорларды нормалау. Өндірістік қорлардың нормасы (Zн) мына формула бойынша табылады:

Zн = Zr + Zстр + Zпод ,

Ағымдық қор кәсіпорынды материалдармен жабдықтау үшін қажетті материалдардың әрбір түрі бойынша құрылады және жабдықтаудың максималды көлеміменкелесі жабдықтауға дейінгі минималды көрсеткіштермен құрылады.

Оның өлшемі жабдықтаудың орташа интервалы көлемімен және материалдардың ортатәуліктік шығындарымен анықталады:

Zt = tср х Wсут / 2

Сақтандыру қорлары ағымдағы қорларға белгілі бір пропорциямен есептеледі:

,

мұндағы, tфі-1-ші жабдықтаудың фактілік интервалы; Ві-1-ші жабдықтаудағы келіп түскен материалдардың көлемі; і-қарастырылып отырған материалдардың реттік номері; m-материалдарды жеткізу саны.

Қорлардың есептік нормалары абсолютті, салыстырмалы бірліктермен беріледі. Өлшембірліктердің бір материалдан басқаларына көшіп отыруы мына формула бойынша анықтал ады:

Za = Zo x Wсут ; Zo = Za / Wсут ; Zc = Za x Б,

Мұндағы, Za , Zс – натуралды құн өлшеміндегі абсолютті қорлар; Zo – қорлардың салыстырмалы нормасы; Б–материалды өлшеу құнының бағасы.

Өндірістік цехтарды, бөлімшелерді жабдықтауда жоспарлы тапсырмаларды белгілеу үшін әр цехқа қажетті материалдардың максималды көлемі негізінде лимитті жүйе қолданылады. Лимитті (Л) есептеу мына формуламен жүргізіледі:

Л = Рц Рн + Нц – Оесеп ,

Рц –цехтың материалдарды қажетсінуі;

Рн – цехтың материалдарды бітпеген кәсіпорынды өзгерту үшін қажетсінуі;

Нц – материал түріндегі цехтық қорлардың нормалары;

Оесеп –цехтағы материалдардың күтілетін қалдығы.

Өндірістік бағдарламаларды дайындау кәсіпорынның сату көлемінен түскен табыспен нарықты зерттеу арқылы анықталады :

2. Натуралды мәндегі өндіріс көлемі мен өнім номенклатурасын жоспарлау

Өндірістік бағдарлама натуралды, шартты-натуралды ,еңбек көрсеткіштері

Өнім номенклатурасы – шығаруға дайын өнімдердің реті.

Өнім ассортименті – өнімдердің көптүрлілігі. Бірыңғай өнімдерді өнім көлемінің санына бөлдік.

Тауарлы өнім – бұл өнім ақшаға айналдыру үшін емес, айналым жүйесін қалыптастыруға арналған

  • дайын өнімдердің құны

  • кәсіпорынның өз ішінде жартылай фабрикаттарға белгіленген баға

  • стандартты емес жабдықтар

  • өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетулер.

Валдық өнім – белгілі бір кезең ішіндегі кәсіпорынның бар нәтижелерінің жалпы құны.

Валдық өнім зауыттық әдіс бойынша екі тәсіл көмегімен орындалады:

  1. ВӨ= Во-валдық айналым

  2. Тауарлы өнімнің жалпы сомасы

ВӨ= ТП + (Нн - Нк),

Мұндағы, Нб және Нс – берілген кезеңдегі материал қалдықтарының құны;

Нк = Nтәул х Қ х Тц х Кд немесе Нс = (Қтө / 90) х Тц х Кд ,

Nтәул – натуралды мәндегі тәуліктік шығарылатын өнім;

Қ - өнім бірлігінің өзіндік құны, тг;

Тц- өндірістік циклдың ұзақтығы;

Кд - аяқталмаған өндірістің дайындық коэффициенті;

ӨҚтө - төртінші кварталға тауарлы өнімнің өзіндік құны,тг;

Айналымдағы өнім тауарды тұтынушыларға жеткізуге бағытталған құн ретінде анықталады.

Жоспар бойынша айналымдағы өнім (АӨ) көлемі мына формуламен анықталады:

АӨ=ТӨ+Қнк

мұндағы, ТӨ тауарлы өнімнің жоспар бойынша көлемі;

Қн, Қк – жоспарлы кезеңнің басы мен аяғындағы айналымға түспеген өнім қалдығы.

Жыл басындағы айналымға түспеген өнім қалдықтары құрамына:

  • қоймадағы дайын өнім, оның ішінде тиелген тауарлар, банкке өткізілмеген құжаттар;

  • төлем мерзімі жетпеген тиелген тауарлар;

  • сатып алушы тарапынан мерзімінде төленбеген тиелген тауарлар;

  • сатып алушының жауапкершілігіне берілген сақтаулы тауарлар.

Бухгалтерлік есепте тиелген және тапсырыс берушіге мерзімінде тапсырылған өнім көрсетіледі, осы сәттегі айналым жабдықтаушының сатып алушы тарапынан жабдықтаушының жеке есепшотына келіп түскен ақша қаражаттары болып табылады. Кәсіпорын есепке алу саясатының кез келген бір нұсқасын таңдай алады: сату құнының түрлілігі бойынша пайданы анықтай алады және тиелген тауарлардың өзіндік құнын немесе тапсырыс беруші тауар құнын төлегеннен кейін пайданы анықтай алады. Кәсіпорын ағымдағы жыл ішінде есепке алу саясатын өзгертуге құқы жоқ.

15-тақырып. Өндірісті жедел (оперативті) басқару

1. Өндірісті жедел басқарудың мазмұны мен міндеттері

2. Цех арасындағы және цех ішіндегі жоспарлау

3. Өндірісте диспетчерлеуді ұйымдастыру

1. Өндірісті жедел басқарудың мазмұны мен міндеттері

Өндірісті жедел басқарудыңнегізгі мазмұны уақыт пен кеңістікте өнім шығару жоспарын нақтылаудан, үздіксіз бақылаудан және оның орындалуын реттеуден тұрады.

Жедел жоспар жүйесінде бірнеше фаза бар: жоспарлау, есеп, бақылау, талдау және реттеу, соңғы төрт фазаны жиі диспетчерлеу функциясына біріктіреді (3.13.1 - сурет).

Талдау

Өзін-өзі жетілдіру

Өндірісті жедел

басқарудың сапалық

көрсеткіштері

Ө

Есеп

Бақылау

Жоспарлау

ндірістік Өндірістік

процестің процестің

сапасы барысы

т

Реттеу

Талдау

уралы туралы

ақпарат ақпарат

Диспетчерлеу

Жоспарлы Түзету

міндеттер енгізу

Өндірісті жедел

басқаруды ұйымдастыру

Өндірістік процесс

3.13.1-сурет. Өндірісті жедел басқарудың функционалдық құрылымының сызбасы

Жедел басқарудың басты функциясының бірі жоспарлау болып табылады. Жедел жоспарлау ағымдық жоспарда бекітілген, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді және нақтылайды. Сонымен бірге, берілген кезеңде орындалуға тиіс, өнім номенклатурасы мен көлемін нақтылайды. Әрбір цехтар мен оның бөлімшелеріне өндірістік бағдарламалардың айлық және он күндік күнтізбесі бекітіледі.

Жедел басқарудың міндеті – нормативті өлшемдермен нақты өндіріс барысы туралы мәдіметтерді және технология параметрлерін салыстыру.

Жедел басқару кәсіпорынның әрбір өндірістік бөлімшесінде өнім, бөлшек және дайындама (загатовка) қозғалысын, операцияларын және жұмыстарын орындау барысын уақытылы, нақты және толық көрсетуін қаматамасыз ететін, жедел есеп нәтижесінде алынған, ақпараттар негізінде жүзеге асады.

Жедел талдау үздіксіз өзгеріп отыратын өндіріс барысын уақытылы бағалауға арналған. Талдау объектілеріне жұмысшылардың және жабдықтың жұмысы, запас материалдарының жағдайы, аяқталмаған өндіріс және т.б. жатады.

Талдау нәтижесінде жоспарланған өндіріс барысының ауытқу себептері анықталып, осы себептерді жою бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралар ұсынылады.

Жедел басқаруды аяқтайтын кезең – талдау және бақылау нәтижелерінің негізінде өндірістік процесс барысын реттеу. Мұндай реттеудің қажеттілігі, кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде нақты өндіріс процесінің жоспардан ауытқуын немесе бастапқы жоспарға өзгертулер енгізу мүмкіндігіне негізделеді.

Жедел басқарудың әрбір фазасын толығырақ қарастырып көрейік.

Жедел жоспарлау - жедел басқару жүйесіндегі бірінші фаза және кәсіпорында барлық жоспарлау жүйесінің қорытынды буыны болып табылады. Жедел жоспарлаудың негізгі мақсаты – өнім өндіру бойынша жоспарлы міндеттерді уақытылы және сапалы орындау үшін қажетті, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің біріккен, айқын және қатыстылы жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсат өндіріс барысының ырғақтылығын қамту мен сәйкестендіру, жабдықты жоспарлы жүктеу, аяқталмаған өндіріс көлемін мен өндірістік циклдерді қысқарту жолымен орындалады.

Жоспарлау процесінде кәсіпорынның ағымдық жоспар көрсеткіштері кеңістік кесіндісінде (өндіріс, цех, учаскелер бойынша) және уақытта (кәсіпорын және бөлімшелерге жоспарлы міндеттер он күнге, тәулікке, ауысымға, сағатқа беріледі) нақтыланады.

Осылайша, әрбір өндірістік бөлімше өзінің күнтізбелік жоспарын алады. Барлық жоспарлар өзара келісілген, егер қандай да бір жағдайға байланысты бөлімшелердің біреуі жоспардан ауытқыса, онда өндірістік жүйе тұрақсыздық жағдайына өтеді. Ауытқуларды үнемі бақылау және олардың салдарын жою диспетчерлеудің функциясы болып табылады.

Жедел жоспарлау жүйесінің негізігі элементтері төменде көрсетілген:

  • күнтізбе-жоспарлы нормативтер – өндірістік циклдың ұзақтылығы, партия көлемі мен озу мөлшері, өндірісте өнімді шығару мерзімі, дайындамалар көлемі және т.б.;

  • материал сыйымдылық мөлшері – өнім бірлігіне жұмсалған материалдар, жартылау фабрикаттар және шикізат шығыны;

  • өндірістік қуатты қолдану мөлшері – жабдықтың өнімділігі және ауысмдық коэффициенті;

  • Өндірістің материалдармен қамтамасыз етілу мөлшері – технологиялық, фирма ішіндегі және цех арасындағы дайындамалар мөлшері, жартылай фабрикаттар мен шикізат запастарының мөлшері.

Жедел жоспарлаудың әрекет ету сферасы бойынша цех арасындағы және цех ішіндегі деп бөледі.

2. Цех арасындағы және цех ішіндегі жоспарлау

Цех арасындағы жедел жоспарлаудың міндеттері:

  • тапсырмаларды есептеу үшін бастапқы мәліметтерді анықтау;

  • тұтас кәсіпорын және цех үшін өндірістік күнтізбе жоспарларын және айлық міндеттерін құру;

  • бір ай ішіндегі міндеттерді құру.

Жедел өндірістік бағдарламаларды құру кезінде келесідей мәліметтер қолданылады:

  • жылдық және кварталдық бағдарлама;

  • өнімді өткізуге жасалған келсім-шарт және тапсырыстар портфелі;

  • өткізу болжамы;

  • күнтізбе-жоспарлы нормативтер: партия көлемі және оларды шығару кезеңділігі, өндірістік циклдық ұзақтылығы, дайындамалар көлемі;

  • еңбек сыйымдылығының мөлшері;

  • өндірістік аудандардың және жабдықтардың өнімділігі мен жүктілігін есептеу нәтижесі;

  • өтіп кеткен уақыт аралығындағы цехтердің техника-экономикалық жұмысын талдау нәтижесі.

Жедел-өндірістік жоспарлау жүйесінде өндірістік аудандардың және жабдықтардың оңтайлы жүктілігін есептеу маңызды рөл атқарады. Бұл мәселе жиі қарастырылып отырады, яғни жедел міндеттердің цех қуатына сәйкес келуі тексеріледі.

Цех ішіндегі жоспарлау процесіне участкілер, ауысымдар және жұмыс бригадаларының жедел айлық жоспарлары; кысқа уақыт кесіндісінде (он күн, апта және т.с.с.) участкілер, ауысымдар және жұмыс бригадаларының күнтізбе жоспарлары мен міндеттері; участкілер, ауысымдар және жұмыс бригадалары үшін тәуліктік ауысым міндеттері құрылады.

Массалық және ірі сериялық өндіріс кезінде цех ішіндегі жоспарлаудың негізгі міндеттері:

  • өнім шығару бойынша айлық жоспарлы – міндеттің өндірістік қуатқа, бір айға бөлінетін шикізат ресурстарына, жабдықтаушылардан жартылай фабрикаттарды алу мүмкіндігіне сәйкес болуын тексеру;

  • бөлімдерге, ауысымдарға міндеттерді дайындау;

  • өнім шығару бойынша күнтізбе жоспарын дайындау;

  • цехтар, бөлімдер, аралас бригадалардың міндеттерін орындауын ескеру және бақылауын ұйымдастыру.

3. Өндірісте диспетчерлеуді ұйымдастыру

Диспетчерлеу - бұл дайындалған күнтізбе кестесіне сәйкес жоспардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндіріс барысын жедел реттеу және үздіксіз бақылау жүйесі. Диспетчерлеу өндірісті жедел басқарудың соңғы кезеңі, оның мақсаты – өндірістік-шараушылық қызметте қамтылған кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару. Осыған сәйкес диспетчерлеуге келесідей жұмыс түрлері кіреді:

  • орындау үшін дайындалған және қабылданған өндірістің күнтізбесі кестесінің орындалу барысы туралы ақпарат жинау және үздіксіз есеп беру;

  • қабылдаған жоспарлы міндеттердің ауытқуын анықтау және олардың себептерін талдау;

  • жоспардан ауытқуды жою және әрі қарай алдын алу бойынша жедел шараларды қабылдау;

  • күнтізбе кестесіне сәйкес өндірістің нақты ырғақтығын қамтамасыз ету үшін өзара байланысқан өндіріс буындарының ағымдық жұмысын реттеу;

  • өндірісті жедел дайындауды басқару.

Өндірісті жедел басқарудың жүйесі кәсіпорынның барлық негізгі қызметтері үшін ақпарат көзі және бас қабылдағыш рөлін атқарады. 3.13.2 –суретте өндірісті жедел басқару жүйесі тұтынатын және көздері болып табылатын ақпараттар ағымы көрсетілген.

Материалдық-техникалық жабдықтау

Техникалық-экономикалық жоспарлау

Өндірісті техникалық дайындау

Шығару Тапшы Жоспардың Өндірістік Технологиялық

жоспары, материал- орындалуы бағдарлама және конструк-

материал- дар мен туралы торлық

дардың жинақ- есеп құжаттама

шығындар тауыш-

е себі тарға

цех Шығындарды жедел

лимиті есептеу мәліметтері

к елісіл-

г

Өндірісті жедел

басқару

ен

с пеци

ф

Бухгалтерлік есеп

ика

с ы Аспапты

жөндеу

Өткізу

жоспары

Қосалқы өндіріс

Күнтізбе және

жоспары Жедел тапсырыс

Шығару жоспары есеп беру

Негізгі

өндіріс

және дайын

өнім есебі

3.13.2- сурет. Өндірісті жедел басқару қызметінің кәсіпорынның басқа да қызметтерімен байланысы

Өндірісті жедел басқару мәліметтері негізінде, кәсіпорынның барлық өндірістік-шаруашылық қызметін жедел басқару жүргізіледі.

Диспетчерлік бақылау мен реттеу үшін жекелеген бөлімшелердің жұмысында пайда болатын істен шығулар мен бұзылулар туралы уақытылы және нақты жедел ақпарат негіз болады. Оның сапасы, уақыты және көлеміне байланысты оңтайлы шешімдер қабалданады. Кәсіпорындағы жедел есеп қолданылатын жедел жоспарлардың нысандарына сай құрылады, яғни бірінші кезекте өндірістің сипаты мен типіне байланысты анықталады. Қиындатылған өндірістік процесс жағдайында жедел шешімдердің оңтайлылығына, сәйкесінше оларды құруға қажетті ақпаратқа да талаптар жоғарылайды.

Бақылау және реттеу диспетчерлік жүйесі алдын-ала белгіленген сипатқа ие болады, ол шикізат сапасы мен жеткізудегі өзгерістер, жабдықтың істен шығуы, брактың пайда болу жағдайында жоспардан ауытқу мүмкіндігін болжауы тиіс.

2