
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
Мемлекеттiк кәсiпорындар – мұнда негiзгi құралдар мемлекеттiң меншiгiнде болады. Мемлекеттiк органдардың қарамағында болатын кәсiпорындарды қазыналық деп атайды;
Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
Бiздiң республикада жеке меншiк секторы мына төмендегi бөлiмшелерден тұрады:
жеке кәсiпкерлiк;
толық серiктестiк;
командиттiк /сенiмгерлiк/ серiктестiк;
жауапкершiлiгi шектеулi қоғам;
қосымша жауапкершiлiк жүктелген қоғам;
ашық акционерлiк қоғам;
жабық акционерлiк қоғам;
өндiрiстiк кооперативтер.
Жеке кәсiпкерлiк – бұл жеке кәсiпкерлiктiң ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекеттi әрбiр азаматтың құқығы бар.
Толық серiктестiк – екi немесе оданда көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бiрлестiгiнiң түрi. Олар кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн бiрiгiп, жасасқан шарт негiзiнде өз мүлiктерiмен қоғам алдында жауапты болады. Толық серiктестiктiң мүлкi оның қатысушылардың үлес (пайыз) жарнасы негiзiнде ақшалай және басқа түрде қалыптасады.
Коммандиттiк /сенiмгерлiк/ серiктестiк – шаруашылық қоғамдарының бiр түрi. Оған шарт жасасу негiзiнде екi, одан да көп кiсi бiрiге алады. Алайда олар мүлiкке деген жауапкершiлiгiне қарай екiге бөлiнедi. Бiрiншi топқа жататындар толық үлесшiлер (пайшылар) немесе коммандiттiк серiктестiктiң толық мүшелерi деп аталады. Олар қоғамның борышы үшiн өз мүлiктерiмен толық жауап бередi. Ал коммандиттер, сенiм бiрлестiгiндегiлер деп аталатын екiншi топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемiнде жауапты.
Жауапкершiлiгi шектеулi қоғам – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн екi, одан да көп адамды бiрiктiретiн қоғамның түрi. Жауапкершiлiгi шектеулi қоғамның оның мүшелерi есебiнен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершiлiгi шектеулi қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесi өз үлесiн қоғамның басқа мүшелерiнiң келiсiмiмен басқа адамға немесе үшiншi кiсiге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзi қоғам мүшелерiне сырт жақтан қаржы тарту мүмкiндiгiн шектейдi.
Қосымша жауапкершiлiк жүктелген қоғам – қатысушылардың жарғылық қорға өздерiнiң мiндеттi салымдарымен жауап беретiн қоғам, ал бұл қаражаттардың жетiспейтiн кезiнде қосымша өздерiнiң мүлiктерiмен салған салымдарының ұйлесiмдi мөлшерi.
Ашық акционерлiк қоғам – бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бiрден үлесi бар, белгiлi мөлшерде бiр бөлшектенген негiзгi капиталы болады. Олардың негiзгi капиталы акцияларға бөлiнедi. Акцияның ақшалай сомасы негiзгi капитал көлемiне сай келуi керек.
Жабық акционерлiк қоғам – ашық акционерлiк қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдiсiмен өзгеше. Оның мәнi акционерлiк қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Мiне, осыдан барып, акционерлiк қоғамның өнеркәсiпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесiнде, экономиканың басқа да салаларында кеңiнен дамуына әсер етедi.
Өндiрiстiк кооператив - бұл қоғамның қызметi принципiнде табыс табу емес, қоғам мүшелерiне көмек етiп, ықпал жасау. Кооператив кәсiпкерлiк нысанына тән жағдай, оның мүшелерiнiң сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер.
Мұнайгаз саласының негізгі кәсіпорындары
Мұнайгаз саласының негізгі кәсіпорындар қатарына мұнай және газ өндіруші бірлестіктер, бұрғылау кәсіпорындары кіреді. Олардың негізгі өнімдері – мұнай және газ ұңғылары болып табылады.
Мұнайгаз өндіруші бірлестіктерге мұнайгаз өндіруші басқарма (МГӨБ) сияқты кәсіпорындар кіреді, сонымен бірге УБР, УРБ – құрылымдық бірліктері мен бірқатар көмекші қызмет көрсететін кәсіпорындар жатады.
Мұнайды тасымалдау және сақтау кәсіпорындары жаңа өнім түрін өндірмейді, олар дайын өнімдерді немесе шикізаттарды магистралды құбырлар арқылы тасымалдайды немесе қоймалар мен резервуарларда сақтайды, сол себепті өндіру мен тұтыну арасындағы басты маңызды буын болып табылады.
Мұнайды өндіруші кәсіпорындармен салыстырғанда, тасымалдау мен сақтау кәсіпорындарында шығындарында шикізат, негізгі материалдар және жартылай фабрикат баптары болмайды.
Мұнай мен газды тасымалдаушы, сақтаушы кәсіпорынның негізгі міндеттері келесідей:
кәсіпорындарды, қалаларды және басқа да субъектілерді мұнай өнімдері мен газбен қамтамасыз ету бойынша шаруашылық келісімдердің жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
мұнайдың МӨЗ-на және экспортқа сапаны сақтай отырып және жоғалтуларды болдырмай, үздіксіз түрде жеткізілуін қамтамасыз ету;
мұнайөткізгіш магистралдардың қуатын рационалды пайдалану және мұнай айдау станциялар, қабылдау-жіберу және құю пункттерінің жұмыс тиімділігін жоғарлату;
тізбекті құрылымдарды эксплуатацияға жіберу және жөндеу;
технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігін жоғарлату.
Сонымен, кәсіпорын – бұл қоғам үшін қажетті игіліктерді өндірумен айналысатын технико-экономикалық және әлеуметтік ерекше кешен.
Кәсіпорындардың қызмет ететін нарықтық аясын және кәсіпорынның барлық компоненттерін әрдайым ақшалай түрде бағалай отыру керек.
Мұнайгаз саласындағы кәсіпорынның барлық ресурстарының (мұнай, газ және мұнай өнімдері) да, кәсіпорынның іс-әрекет нәтижелерінің де ақшалай көрінісі болады.
Іс-әрекеттің нарықтық принциптері – рационадылық, тиімділік, үнемділік және бәсекелестік – кәсіпорын деңгейінде жүзеге асады.
Өндірілген немесе дайын өнімді өткізуден максималды пайда табу – кез-келген кәсіпорынның негізгі мақсаты мен қозғаушы мотиві болып табылады.