
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
Курстың саясаты мен процедурасы
Оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін талап етуінен тұрады.
2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
6-кесте
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Тақырып атауы |
Академиялық сағат саны
|
|||
Дәріс |
Тәжірибелік сабақтар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
1 Нарықтық экономиканың мәні және қызмет ету механизмі |
2 |
1,0 |
3 |
3 |
2 Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіптік кәсіпорындар. Мұнай және газ саласы |
2 |
1,0 |
3 |
3 |
3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы |
2 |
2,0 |
3 |
3 |
4 Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы |
2 |
2,0 |
3 |
3 |
5 Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары |
2 |
1,0 |
3 |
3 |
6 Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау |
2 |
2,0 |
3 |
3 |
7 Нарықтық экономика жағдайында баға құру |
2 |
2,0 |
3 |
3 |
8 Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
|
2 |
- |
3 |
3 |
9 Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру |
2 |
2,0 |
3 |
3 |
10 Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру |
2 |
- |
3 |
3 |
11 Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру |
2 |
- |
3 |
3 |
12 Еңбекті техникалық нормалау
|
2 |
- |
3 |
3 |
13 Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
|
2 |
- |
3 |
3 |
14 Мұнайгаз саладағы техника мен технологияның экономикалық тиімділігі |
2 |
2,0 |
3 |
3 |
15 Бизнес-жоспарлау
|
2 |
- |
3 |
3 |
Барлығы (сағат)
|
30 |
15 |
45 |
45 |
1-тақырып. Нарықтық экономиканың мәні және қызмет ету механизмі
Нарықтың мәні және қызметтері
Кез-келген қоғам, ең басты проблеманы – яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыруы тиіс. Ол үшін қоғам экономиканың негізгі үш сұрағын: нені өндіру керек? Қалай және кім үшін өндіру керек? деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені шешу үшін қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастырудың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай-ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндігін де ескеруі керек.
Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономикалық еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл-ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл проблемалар тек нарықтық қатынастар жағдайында ғана тиімді шешіледі екен. Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, соған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.
Үшіншілері, нарықты шаруашылық субъектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді. Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескеру керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзеге асыру процесі, ал екіншіден, нарық- ол адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы-несие жүйесін, тауар-ақша байланыстарын және меншіктің әр түрлі формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизмі ретінде әрекет етеді.
Нарықтық қатынастарға айналыс сферасындағы құбылыстардан басқа мыналар кіреді:
кәсіпорындарды жалға берумен байланысты қатынастар;
бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен алмастыру процестері;
еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процесі;
белгілі бір процентпен несиелерді беру кезіндегі несие қатынастары;
тауар, қор, валюта биржалары мен басқа да сфераларын қамтитын нарық инфрақұрылымының басқару процесі;
Нарықтық экономика өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде әрекет етеді. Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне, тұтынудағы таңдау жасау еркіндігіне, кез-келген табыс әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлерін таңдаудағы жұмысшы-ның еркіндік принциптеріне неізделген. Нарықтық экономика жүйе ретінде бәсекелестік және монополизмді байланыстыруда белгілі бір оптималды тепе-теңдікке қол жеткізеді, сондай-ақ өндіріс құрылымын қоғамдық тұтыну құрылымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны енгізуді ынталандырады т.б.
Нарықтық экономика тауар өндірісі дамуының нәтижесі.
Нарықтық экономиканың да, тауар шаруашылығының да пайда болу шарттары – тауар өндірушілердің оқшаулануы мен қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әр түрлі елдер нарықтық экономикаға түрлі жолдармен жетті. Соған қарамастан оларға нарықтық экономиканың қалыптасуының ортақ заңдылықтары тән. Оларға мыналар жатады: тәуелсіз тауар өндірушілердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі мен әр түрлі экономикалық субъектілердің меншік құқына кепілдік берілуі; сұраныс пен ұсынысты теңестіретін еркін нарықтық баға; тауар өндірушілердің бәсекелесуі; қаржы, бағалы қағаздар, валюта еңбек нарығы; экономиканың дүниежүзілік интеграция процестеріне қатысуы және т.б.
Сондай-ақ, әр мемлекет экономиканы нарық арқылы басқаруда әр түрлі әдіс-тәсілдерге сүйенеді. Мысалы: АҚШ-та нарықты, экономиканы басқаруда әр адамның іскерлік қасиеті негізге алынады жән тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықтың бөлігіне белгілі уақытқа дейін жәрдем беріледі. Ал, Голландияда нарықты экономика кәсіби шеберлігі жоғары мамандарға сүйене отырып, өнімді көп өндіруге және әлеуметтік жағынан қорғалмаған адамдардың мұң-мұқтажын өтеуге бағытталған. Дамыған елдерде нарықтық жүйенің әр түрлі модельдері қолданылады. (Бұл туралы біз жоғарыда, екінші тақырыпта айттық).
Қазіргі нарықтың еркін бәсеке дәуіріндегі нарықтан елеулі айырмашылығы бар. Өйткені, қазіргі нарық тауарлардың өтіміне кепілдік береді, мемлекет ақша және қаржы-несие саясатын белсенді жүргізеді, халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешеді. Қазіргі цивилизацияланған нарық теңгермешілікке және арқа сүйеушілікке жол бермейді.
Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтерінен көрініс алады және ең маңызды қызметтеріне жататындар:
тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Ол тауарға сұраныс өскенде тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайтқанынан және бағаны өсіргенінен көрінеді.
ынталандыру қызметі – фирмалар үстеме пайда табу мақсатында жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбек процесін тиімді ұйымдастыру арқылы қосымша мүмкіндіктерді іздестіреді.
реттеуші қызметі. Нарықтың көмегімен экономикада микро және макро экономикалық тепе-теңдік қалыптасады, шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принципін жүзеге асыру арқылы экономикадағы зиянды, тиімсіз өндірістерді біртіндеп жояды және перспективалы өндіріс орындарына жол ашады.
Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Нарықтың артықшылықтарына жататындар:
әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті;
өндірушілер мен тұтынушылардың дербестілігі;
экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделуі;
ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін қабілеті, нарық тұтынушыларға аса қажетті тауарларды өндіру үшін ресурстардың көпшлігін сол тауарларды өндіретін өндіріске қарай бағыттауды қамтамасыз етеді.
Нарықтың кемшіліктеріне мыналар жатады:
нарықтың тек ақша төлей алатын адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы;
нарықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларды (жол, білім және денсаулық сақтау жүйесі, қоғамдық көлік, ғылым т.б.) өндіруге мүдделі еместігі;
нарықтың жұмысбастылық пен тұрақты табысқа құқықтық кепілдік бермеуі;
нарықтың қоршаған ортаны қорғау, қалпына келмейтін ресурстарды сақтаудағы өте төмен қабілеттілігі;
нарық коньюнктурасының тұрақсыз болуы жұмыссыздықты, өндірістің тепе-теңдігін бұзылуын, инфляцияны және т.б. келеңсіз құбылыстарды туғызуы.
Нарықтың мұндай жағымсыз жақтары абсолютті түрде болмайды, олар қоғамдағы нарықтың ішкі құрылысымен және тағы басқа да жағдайлармен байланысты.
Нарық құрылымы және нарық механизмі
Нарықтың қызметтері оның құрылымымен тығыз байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналысының элементтері кіреді. Нарықтың құрылымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызметтер нарығы, нарық қатынастарының тарихи бірінші объектісі болып табылады.
Еңбек бөлінісінің дамуы барысында тауар және қызмет көрсету нарығы біршама өзгерістерге ие болды. Тауар және қор биржалары, көтерме және бөлшек сауданың әртүрлі формалары, маркетингтік ұйымдар пайда болып, дами бастады.
Тауарлар мен қызметтер нарығына – тұтыну тауарлар нарығы – азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммунальдық, көліктік, тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады.
Объективті экономикалық жағдайлардың пісіп жетілуіне байланысты, бұл нарықтан жер, еңбек, капитал, яғни өндіріс факторлары нарығы бөлініп шықты.
Өндіріс факторлар нарығы деп өндіріс құрал-жабдықтарын (капиталды), жұмыс күшін, жерді сату және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз.
Өндiрiс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi.
Игiлiктер деп қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттарды айтамыз.
Өндiрiс үш элементтен: адам еңбегi, еңбек заты және еңбек құралдары өзара әрекетi арқасында жүзеге асырылады.
Еңбек – бұл адамдардың материалдары, рухани игiлiктер өндiруi мен қызмет көрсетуiне байланысты мақсатты, нәтижелi қызметi.
Еңбек заты – адамның дайын өнiм өндiру мақсатында өз еңбегi арқылы әсер ететiн зат.
Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететiн қаруы.
Экономикалық теорияда әрбiр ресурстарға сәйкес келетiн өндiрiс факторлар деген ұғымы бар.
Өндiрiс факторы - өндiрiс процесiне нақты енгiзiлген ресурстарды айтамыз, яғни өндiргiш ресурстар. Оларға:
жер;
капитал;
еңбек жатады.
Ресурстар - өндiрiс фактор - табыс
Табиғи - жер - рента
Материалдық, - капитал - пайыз
Қаржылық
Кәсiпкерлiк - бизнес - пайда
Жер – терминi кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық пайдалы заттарын қамтидi, яғни жер, ауа, су мен орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы.
Капитал – бұл тауарлар мен қызметтер өндiруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндiрiс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.
Еңбек – бұл адамның өзiндiк дене, интелектуалдық және рухани күш қуатын жұмсау процесi, яғни жұмыс күшiн тұтыну процесi.
Рента - капиталдан, мүлiктен немесе жер учаскесiнен түскен белгiлi бiр табыс, ол өзiнiң алушыларынан кәсiпкерлiк қызметтi талап етпейдi. Рентанын iшiне кiретiндер:
Пайыз, процент /несие пайызы/ - несиегер несиеге берiлген ақшаны немесе материал-дық құндылықтарды пайдаланғаны үшiн қарыз алушыдан алатын ақы. Несиенiң шамасымен, сипатымен және мерзiмiмен айқындалады;
Жалгерлiк ақы – жалгерлiк тәртiбiмен берiлген мүлiк үшiн заттай, ақшалай, немесе аралас нысандарда төленетiн ақы;
Дивиденд – акционерлiк қоғамның есептi бiр кезеңде алған және акционерлердiң иелiгiндегi акциялардың саны (сомасы) мен түрiне сәйкес олардың өз арасында бөлiске түсуге тиiс пайдасының бiр бөлiгi.
Жер нарығы – тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін фермерлер пайдаланылатын жерлер, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, құрылыстар, ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.
Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.
Капитал нарығы - өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.
Қаржы нарығы – бұл нарықта сату және сатып алу объектілері ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтық тепе-теңдіктің нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез-келген өзгерістерге әсер етеді.
Осы аталған нарықтың үш түрі бір-бірімен өзара байланыста болады. Егер олардың арасында тепе-теңдік орын алса, онда экономикада макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жетеді. Егер осы нарықтардың біреуінде тепе-теңдік бұзылса, онда экономикада диспропор-ция орын алады.
Шаруашылықтың жеке субъектілері экономиканың негізгі үш проблемасын шешумен айналыспайды, онда нарықтық тепе-теңдік қандай жағдайда орын алады деген сұрақ туады. Нарықтың жеке субъектілерінің іс-әрекеті экономиканың жалпы тиімді жұмыс істеуі емес, жеке мүдделеріне бағытталған. Бұл жағдайда нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы нарық механизмі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауарлар жөнінде қабылдаған шешімдері бір-біріне жеткізіліп отырады және осы шешімдер баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырылады.
Нарық механизмі, ең алдымен баға арқылы нарық жүйесінде белгілі бір тәртіп орнықтырады.бағалар қызмет көрсету мен тауар өндірісінің өсуін немесе төмендеуін ынталандырады. Мысалы: егер де, қандай да бір тауарға қажеттілік өсетін болса, онда сатушы шектеулі ұсынысты сәйкестендіру үшін тауар бағасын өсіреді, ал жоғары баға тауар өндірушілерді өнімді көп өндіруге ынталандырады. Егер сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы келетін тауарлардан көп болатын болса, онда сатушылар тауарларды артылып қалмауы үшін, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушылар тауарларды көптеп сатып ала бастайды, ал өндірушілер өнімді өндіруді азайтады. Осының нәтижесінде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас тұрақтанады.
Мұндай нарықтық тепе-теңдік, нарықтық экономиканың маңызды элементі сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.
Нарық механизмінде бәсеке ең маңызды ролді атқарады. Бәсеке баға сияқты өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмі үш принциптерге негізделеді:
маржиналды (шекті) талдау;
шығындарды баламалы таңдау;
экономикалық ұтымдылық;
Нарықтық механизмнің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрылымының даму дәрежесіне байланысты болады. Нарық инфрақұрылымы қызметтер мен тауарлардың нарықта еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.
Сонымен қатар, нарықтық экономика тиімді жұмыс істеу үшін жарнама, ақпарат және консултативтік қызметтер, бақылау және аудиторлық мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.
2 тақырып. Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіптік кәсіпорындар. Мұнай және газ саласы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған «Меншiк туралы» 1991ж., «Кәсiпорындар туралы» (наурыз, 1991ж.) заңдары нарықты экономикаға көшудің аса маңызды құжаттары болып табылады. Экономиканың әр түрлi салаларында оның әрбiр кезеңiндегi нарық қажеттiлiгiне, тұтынушылар сұранымына және осы саланың ерекшелегiне сәйкес әр түрлi меншiкке жататын кәсiпорындардың көптеген нысандары қызмет етуi керек.
Кәсiпорын - өндiрiс-шаруашылық әрекетiн ұйымдастырудың негiзгi формасы болып табылады, және кәсiпорын – қоғамдық меншiк қатынастары жүйесiндегi өндiрiс құрал- жабдықтары мен жұмыскерлердiң iс-әрекетiн өзара ұштастыратын буын екенi анық.
Нарық жағдайында әрбiр кәсiпорын тұтынушылардың (халықтың және басқа кәсiпорындардың) сұранымын ойдағыдай қанағаттандыратын өнiмдер өндiрiп және сол деңгейде қызмет көрсетулерi өзектi мәселе. Кәсiпорындардың мақсатты қызметi тұтынушылардың қажеттiлiгiн толығырақ қамтамасыз етуге негiзделуi қажет. Мұндай мақсат пайданы барынша арттыра отырып, сонымен қатар, нарықта қолайлы жағдайға ие болу үшiн ұқсас өнiмдер өндiретiн кәсiпорындардың бәсекелестiк жағдайында ғана жүзеге асырылады. Кәсiпорын өнiм шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетедi, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негiзiн қалайды.
Кәсiпкердiң нарықтық экономиканың басқа агенттерiнен айырмашылығы - өзiнiң экономикалық әрекетiнiң нәтижесiнде пайда түсiре бiлетiндiгi. Пайда – кәсiпкердiң сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Кәсiпкердiң пайдасын меншiк иелерiнiң табыстарынан ажырата бiлу қажет. Акция бойынша, дивиденд, депозиттерге процент, жер үшiн алатын рента, бұлар – меншiк иесiне түсетiн табыстар.
Кәсiпорын құрылымы:
негiзгi өндiрiс;
көмекшi өндiрiс бөлiмшесi;
қызмет көрсету, жанама және қосалқы бөлiмшесi;
басқарушылық қызметi және бөлiмшесi.
Мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорын өндірістік-техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бірігуімен және әкімшілік-шаруашылық тұрақтылықпен сипатталады:
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірігуі кәсіпорынның өндіретін өнімнің мақсатты тағайындалуына, негізгі және көмекші өндіріс бөлімшелер іс-әрекетінің мақсат-тарының біріділігіне, технологиялық кезеңдер мен өнім өндіру операциялардың өзара қатынасына байланысты. Қаншалықты кәсiпорын тиiмдi жұмыс iстедi, оның қаржылық жағдайы қандай екенi экономиканың барлық саулығына және мемлекеттiң индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негiзгi белгiлерi мыналар:
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық бірігуі – бірыңғай еңбек ұжымының, өндірісті басқаратын басқарманың, кәспорынға жалпы қызмет көрсететін бөлімшелердің бар болуы.
Экономикалық бірігуі – жоспарлы мақсаттардың, есеп берудің бірыңғайлығымен, материалды, техникалық және қаржы ресурстарының, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттің эко-номикалық нәтижелерінің және жалпы ынталандыру жүйесінің жалпылығымен сипатталады.
Кез-келген кәсіпорын толығымен шаруашылық есеп негізінде жұмыс істейді. Сондық-тан, ол өзінің табыстары есебінен өндірістік-шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде болатын барлық шығындарды өтеп және сонымен қатар, өзінің пайдалылығын, өз бетінше қаржыландырылуын өтеу керек.
Әкімшілік-шаруашылық тұрақтылық кәсіпорынның заңды тұлға ретінде қандай да бір құқықтар мен міндеттердің бар болуымен байланысты болады, яғни:
қармағындағы меншікті өз бетінше қолдану;
басқа кәсіпорындармен шаруашылық қатынастарға түсу, материалды-техникалық құралдарды сатып алу туралы келісімдерді өз бетінше жүргізу;
бюджетке төленентін төлемдерді өз бетінше төлеу;
тұтынушылар алдында өзінің өндірістік-шаруашылық әрекетінің нәтижелері бойынша материалды түрде жауап беруі;
өзінің жеке балансының және банктегі есеп шотының бар болуы;
түскен табысты өз бетінше пайдалану.
Кәсіпорын өндірістің технологиялық деңгейін және ұйымдастырылуын, өндірілетін өнімнің халықаралық нарықтық талаптарға сай келетін өнімді өндіру үрдісін жақсарту үшін негізгі қорлардың құрылысын, қайта құруын және техникалық жарақтануын, капиталды жөнделуін жүзеге асырады.
Кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік іс-әрекетінің негізі жоспарлау болып табылады. Сондықтан, кәсіпорын саланың ұзақ мерзімді мақсаттарына сай өзінің даму перспективаларын өзі анықтайды. Еңбек және жалақы мәселесі бойынша еңбекақына төлеу жүйесі мен нысандарын, жұмыс орындарын ұйымдастыруды кәсіпорын өзінің мүмкіндігі бойынша, өз бетінше анықтайды.