
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
Тапсырма 1
Кәсіпорын А өнімінен 10000 дана және В өнімінен 2000 дана өндірді және өткізді. А өнімінің данасына көтерме бағасы – 1500 тг, В өніміне – 1200тг, А өнімінің бірлігінің өзіндік құны – 1100 тг, ал В өнімінікі – 900 тг. Негізгі емес іс-әрекеттерден түсетін табыстар – 800 мың тг, ал негізгі емес іс-әрекеттерге кететін шығындар – 700 мың тг. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны – 30 млн тг, нормаланатын айналым құралдарының құны – 10 млн тг. Табыс көрсеткіштерін (өткізуден, негізгі емес іс-әрекеттерден, жалпы табыстан) және пайдалылығын (өзіндік құнға, өндірістік қорлар мен бұйымдарға) анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Өнім өткізуден түсетін табысты, жалпы табысты формуламен анықтайды.
Негізгі емес іс-әрекеттерден пайда болатын табыстар – бұл айналыстағы емес активтерді беру, негізгі құралдарды өткізу, биржадағы, айналыстағы бағалы қағаздар, субсидиялар және т.б. Өзіндік құнға пайдалылық (өнім пайдалылығы) 48-формуламен есептеледі. Өндіріс қорларға пайдалылық (өндіріс немесе кәсіпорын пайдалылығы) 49-формуламен анықталса, өнімдердің нақты түрлерінің пайдалылығы (өнім пайдалылығы) 50-формуламен есептелінеді.
Негізгі әдебиет 3 нег [718-725], 4 нег [168-186], 5 нег [142-170].
Қосымша әдебиет 7 қос. [331-335], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Пайдалылықтан, жалпы табыстан түсетін табыс көрсеткіштерін қалай анықтаймыз?
Негізгі емес іс-әрекеттерден түскен табыстарға не жатады?
Өзіндік құнға, өндіріс қорлары мен бұйымдарға пайдылылық көрсеткіштері қалай есептеледі?
Тапсырма 2
І тоқсан ішінде кәсіпорын 1200 бұйым, ІІ тоқсанда 1800 бұйым өндіріп, өткізді. Бұйымның жіберілу бағасы (қосымша құн салығын – 15 пайыз ескере отырып) – 1500 тг/дана. ІІ тоқсан ішінде өзгермеген. І тоқсанда бұйымның өзіндік құны 1100 тг/дана құрады. Өзіндік құндағы тұрақты шығыстар – 30 пайыз, ІІ тоқсанда олардың сомасы өзгерген емес. Жарты жыл ішінде бағалар және материалдық ресурстар шығысының нормалары, еңбек өнімділігі мен жалақының орташа деңгейі өзгермеген. ІІ тоқсанда кәсіпорын 250 т мөлшеріндегі металл артықшылықтарын 2000 тг/т бағасымен өткізді. Сатып алу бағасы 1760 тг/т еді. Шығыстар 18 мың тг құрады.
Жалпы табысты, негізгі емес іс-әрекеттерден түскен табысты және қарапайым іс-әрекеттерден түсетін табыс сомасын анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тұрақты шығыстар деңгейіне және өндіріс көлеміне байланысты өзіндік құн деңгейінің өзгеру пайызы формуламен есептеледі.
Жалпы табыс формуламен анықталады.
Негізгі емес іс-әрекеттерден пайда болған табыстар – бұл айналымдағы емес активтерді беру, негізгі құралдарды өткізу, биржадағы айналыс бағалы қағаздарды бағалау, субсидиялар және т.б. Салық салуға дейінгі қарапайым іс-әрекеттен түскен табыс (залал) формуламен анықталады.
Негізгі әдебиет 3 нег [18-25], 4 нег [168-186], 5 нег [142-170].
Қосымша әдебиет 7 қос. [331-335], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Тұрақты шығындар деңгейіне және өндіріс көлеміне тәуелді өзіндік құн деңгейінің өзгеру пайызы қалай есептеледі?
Қарапайым іс-әрекеттен түсетін табыс сапасын қалай анықтаймыз?
Салық салу базасын қай табыс қалыптастырады?
Тапсырма 3
Берілген көрсеткіштер негізінде 17-кестені толтырыңыз. Төтенше жағдайлардан түсетін табыстар мен шығыстар жоқ. Корпоративтік салық ставкасы (пайдаға салық) – 30%.
Кесте 17
Кәсіпорын |
Негізгі іс-әрекеттен түсетін түсім |
Өзіндік құн |
Жалпы табыс |
Негізгі емес іс-әрекеттен түсетін түсім |
Негізгі емес іс-әрекеттен түсетін табыс |
Өткізуден емес түсетін түсім |
Өткізуден емес кеткен шығыстар |
Салық салуға дейін түсетін табыс |
Негізгі емес іс-әрекетке жұмсалатын шығындар |
Корпоративтік салық |
Таза табыс |
№1 |
36 |
|
8 |
|
2 |
|
6 |
7 |
10 |
2,1 |
|
№2 |
|
31 |
10 |
9 |
|
2 |
7 |
|
8 |
|
|
№3 |
50 |
38 |
|
6 |
3 |
4 |
|
|
|
|
5,6 |
Әдістемелік нұсқаулар:
Негізгі әдебиет 3 нег [18-25], 4 нег [168-186], 5 нег [142-170].
Қосымша әдебиет 7 қос. [331-335], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Таза табыс (үлестірілмеген табыс) қалай есептеледі?
Бюджетке төленетін корпоративтік салық сомасы қалай есептеледі?
Корпоративтік салық ставкасы қанша?
Тапсырма 4
18-кесте көрсеткіштері бойынша салық ставкаларының сипаттамаларын анықтаңыз.
Кесте - 18
Табыс |
Салық аударымдары |
табыс |
Салық аударымдары |
0 |
0 |
|
|
150000 |
19500 |
650000 |
84500 |
450000 |
58500 |
1000000 |
130000 |
Әдістемелік нұсқаулар:
Жауаптылық дұрыс нұсқасын таңдаңыз:
А) прогрессивті;
Б) регрессивті;
В) пропорционалды;
Г) дегрессивті;
Д) құрамалы.
Негізгі әдебиет 2 нег [53-55].
Қосымша әдебиет 7 қос. [266-274], 8 қос. [155-171].
Бақылау сұрақтары:
Салық ставкаларының түрлерін атаңыз.
Қандай салық ставкасы пропорционалды болып табылады?
Қандай салық ставкасы прогрессивті болып табылады?
Тапсырма 5
19-кесте көрсеткіштері бойынша салық сипаттамаларын анықтаңыз.
Кесте - 19
-
Жылдық табыс
1000 дейін
1500
2000
3000
Салық сомасы
0
15
20
30
Әдістемелік нұсқаулар:
Жауаптың дұрыс нұсқасын таңдаңыз:
А) пропорционалды;
Б) прогрессивті;
В) регрессивті;
Г) пропорционалды, регрессивті, прогрессивті деп те аталына алмайды, өйткені бір интервалда пропорционалды болса, екінші табыстар интервалында салық төленбейді.
Негізгі әдебиет 2 нег [503-515].
Қосымша әдебиет 7 қос. [266-274], 8 қос. [155-171].
Бақылау сұрақтары:
Салықтар түрлерін атаңыз.
Қандай салық пропорционалды болып табылады?
Қандай салық прогрессивті болып табылады?
Тапсырма 6
20-кестеде келтірілгендей бастапқы көрсеткіштер бойынша өнім бірлігіне келетін бұйымның жіберілетін бағасы мен акциз сомасын анықтаңыз.
Кесте - 20
Көрсеткіштер |
Нұсқалар |
|||||
І |
ІІ |
ІІ |
ІV |
V |
VІ |
|
Өзіндік құн, ақша бірл. |
30 |
150 |
142,5 |
130 |
50 |
150 |
Пайда, өзіндік құннан % |
20 |
30 |
20 |
25 |
19 |
24 |
Акциз ставкасы, % |
20 |
25 |
10 |
35 |
30 |
40 |
Әдістемелік нұсқаулар:
Бопт = С + П формуласы бойынша кәсіпорынның көтерме бағасын есептеу. Мұндағы С – бұйымның толық өзіндік құны, тг; П – жоспардағы пайда, тг.
формуласымен акциз есебімен бұйымның жіберілетін бағасын есептеу, мұндағы СА – акциз ставкасы, %.
- акциз сомасын есептеу, мұндағы N – натуралды мәндегі акцизделетін тауарларды өткізу көлемі, дана.
Негізгі әдебиет 2 нег [503-515].
Қосымша әдебиет 7 қос. [266-274], 8 қос. [155-171].
Бақылау сұрақтары:
Кәсіпорынның көтерме бағасын қалай есептеу керек?
Бұйымның жіберілетін бағасын қалай есептейміз?
Акциз сомасын қалай есептеу керек?