
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
Тапсырма 1
Жылдың басындағы МГӨ негізгі қорларының бастапқы құны 16 млрд. теңге құраған. Бизнес-жоспар бойынша наурыз айында тұтынуға 210 млн тг, шілдеде – 130 млн тг және қарашада – 560 млн тг НҚ енгізіледі. Сондай-ақ, кәсіпорында сәуір мен қазанда 120 және 180 млн тг сәйкесті НҚ істен шығуы жоспарланған.
Анықтаңдар:
НҚ ортажылдық құнын;
Шығу және жаңару коэффициенттерді.
Әдістемелік ұсыныстар:
9-формуланы қолдану;
13,14-формуланы қолдану.
Негізгі әдебиет 1 нег [12-21], 3 нег [70-77], 4 нег [53-76], 5 нег [84-106].
Қосымша әдебиет 7 қос. [320-327], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны қалай анықталады?
Шығу коэффициентін қалай анықтайды?
Жаңару коэффициентін қалай анықтайды?
Тапсырма 2
Егер жеткізу және монтаж 50 мың тг және сатып алу бағасы 450 мың тг екені белгілі болса, құю-құйып алу құрылғысының баға құнының барлық түрін анықтау керек. Амортизация 15 пайыз нормасымен құрылғыны 5 жал пайдаланады. Кейін бұл модификациялы құрылғының бағасы қайтадан қаралып, көтерме бағасы 460 мың тг, ал жеткізу және монтаж шығыны 54 мың тг болады.
Әдістемелік нұсқаулар:
Алғашқы, қалпына келтірілген және қалдық құнын 1-3 формулаларымен анықтау керек.
Негізгі әдебиет 1 нег [12-21], 3 нег [710-717], 4 нег [53-76], 5 нег [84-106].
Қосымша әдебиет 7 қос. [320-327], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Негізгі өндірістік қорлардың алғашқы құнына не кіреді?
Негізгі өндірістік қорлардың толық қалпына келтірілген құны нені көрсетеді?
Негізгі өндірістік қорлардың қалдық құны қалай анықталады?
Тапсырма 3
Кәсіпорынның айналым қорлары – 128 млрд тг құрады. Сонымен қатар (млрд тг-мен) өндірістік қорлар – 46,5, аяқталмаған өндіріс – 2,5 пайыз, алдағы уақыт шығыны – 27, дайын өнім – 18, жүктен түсірілген өнім – 16,5, дебиторлық борыштар – 3,5, қаржылық қор – 14.
Кәсіпорынның айналым қорларының құрылымын анықтау, сонымен қатар өндіріс саласындағы және айналым сферасындағы нормаланған және нормаланбаған.
Әдістемелік нұсқаулар:
Айналым қаражатының құрылымын анықтау үшін барлық сомадағы әр бір топтың үлесін есептеу керек.
Өндірістік айналым қорларына кіретіндер: өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезең шығындары.
Айналу қорларына – дайын өнім, түсірілген өнім, дебиторлық борштар, ақша құралдары.
Негізгі әдебиет 1 нег [21-25], 3 нег [71-77], 4 нег [53-76], 5 нег [107-128].
Қосымша әдебиет 7 қос. [327-328], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Өндірістік айналым құралдарына не жатады?
Айналу қорларына не жатады?
Тапсырма 4
Жылына 500 бірлік мұнайкәсіпшілік құрал-жабдықтарын шығаруды қамтамасыз ету үшін мұнай машина жасау зауытында мынадай материал қорлары болуы керек: негізгі материалдардың 1 өнімге шығыны 110 мың тг, қор нормасы 30 күн, қосымша материалдар қоры 5 млн тг. Қор нормасы 48 күн болғанда: отын 2,8 млн тг, қор нормасы 30 күн болғанда құрал-жабдықтар және босалқы бөлшектер 7 млн тг, қор нормасы 80 күн болғанда басқа да өндірістік қорлар 1,5 млн тг, қор нормасы 40 күн болғанда.
Бірлік өнімді дайындау ұзақтығы 48 күн. Шығынның өсу коэффициенті 0,73. Бірлік өнімнің өзіндік құны 160 мың тг. Алдағы кезең шығындарының қалдығы 10 млн тг құрайды. Дайын өнімді дайындау және түсіруге керек уақыт 7 күн.
Мұнай машина құрылыс зауытының жеке және жалпы нормативтерін анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Жалпы норманы 27-формуламен есептеу.
Жеке нормативтерді, сонымен қатар аяқталмаған өндірістегі өндірістік қорлар норматив-терін дайын өнімдердегі және алдағы кезең шығынын – 29-31 формулалармен анықтаймыз.
Негізгі әдебиет 3 нег [710-717], 4 нег [53-76], 5 нег [107-128].
Қосымша әдебиет 7 қос. [327-328], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Айналым қорларының жалпы нормативтері неден құралған?
Өндірістік қорлардағы норматив қалай есептеледі?
Аяқталмаған өндірістегі нормативтер қалай есептеледі? Дайын өнімдегі? Алдағы кезең шығындары?
Тапсырма 5
Өндірістік бағдарлама бойынша мұнай өңдеу зауыты IV тоқсанда 3,9 млн тонна мұнай өңдеу керек. Олардың 2,8 млн тоннасы құбырға жіберіледі. Ал 1,1 млн тоннасы темір жолға. 1 тонна мұнайдың бағасы 18 мың тг. Сонымен қатар зауытта негізгі материалдар түрінде 51 млн теңгеге присадки және 44 млн теңгеге этил сұйықтығы пайдаланады. Қор нормалары бекітілген: құбырға түсетін – 3 күн, темір жолмен жүретін мұнайға – 12 күн, присадкілерге – 25 күн, этил сұйықтығына – 35 күн.
Мұнай өңдеу зауытының айналым қорларының нормативтериін анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Өндірістік қорлардың нормативтерін 27-формуламен анықтайды. Сонымен қатар, 28-29 – формулаларды пайдалану керек.
Негізгі әдебиет 3 нег [710-717], 4 нег [53-76], 5 нег [107-128].
Қосымша әдебиет 7 қос. [327-328], 8 қос. [172-196].
Бақылау сұрақтары:
Өндірістік қорлардағы норматив қалай есептеледі?
Ортатәуліктік материалдар шығыны қалай анықталады?
Қор нормасы қалай бекітіледі?