
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
Кез келген өндiрiстiк процес оны қатаң, дәл ұйымдастыруды қажет етедi. Кәсiпор-нының құрылымы өндiрiстiк процестiң сипатына және оның ерекшелiгiне байланысты болады. Мұнай газ өндiру кәсiпорынның құрылымы заттық мамандандырумен бiрлестiруге негiзделген. Мұнай және газ өндiрудiң ұйымдастыру формалары бiрнеше факторлармен анықталады. Олардың көпшiлiгi мұнай кәсiпорындарының табиғи жағдайларына (мұнай шоғырының көлемi, оның режимi, коллекторлардың физикалық қасиеттерi, ұнғылардың тереңдiктерi және т.б.) байланысты.
Қосалқы өндiрiстер: өндiрiстi автоматтандыру, энергия мен жабдықтау, өндеу-меха-никалық цехi және ұңғыларды күрделi жөндеу, материал-техникалық ресурстарымен қамтамасыздандыру, көлiктiк қызмет көрсету және т.б.
Өндiрiстiк процестi жүргiзуде ең маңызды қойылатын талаптар:
тағайындалған технологиялық процестердi қатаң бақылау;
өндiрiстiң бiрқалыпты процесiнiң бұзылу жағдайында жұмыстың календарлық графиктерiнiң орындалуын қадағалау, шаралар жасау және оларды енгiзу.
Өндiрiс процесiнiң белгiлi түрi орындалатын календарлық уақыт өндiрiс циклi деп аталады. Кез келген циклдың мiнездемесi үшiн оның ұзақтығы мен құрылымы бiрден бiр маңызды нәрсе болып табылады.
Цикл ұзақтылығы – бұл белгiлi процестiң бiрiншi операциясынан соңғы операцияға дейiнгi уақытты қамтитын календарлық уақыт мерзiмi.
Цикл құрылымы – циклдiң жалпы ұзақтығын құрайтын жеке уақыт шығындардың көрiнiсi.
Әрбiр циклдi өндiрiс операцияларын орындау уақытына, үзiлiс уақытына бөлуге болады. Өндiрiс процесiнде үзiлiстер келесi түрлерге топталады:
толық үзiлiстер;
әдiс аралық;
әдiс iшiндегi немесе өндiрiс процесiндегi үзiлiстер.
Бұл топқа кәсiпорынның жұмыс тәртiбiмен байланысты (жұмыс емес күндер, түскi тамақ үзiлiсi, смена аралық демалыс) және ұйымдастық, ауа-райының жағдайларымен байланысты үзiлiстер кiредi. Мұнай газ табу өнеркәсiпте өндiрiс әрекетiн мiнездеуден цикл ұзақтығы негiзгi көрсеткiшi болып келедi. Осы көрсеткiштiң арқасында өндiрiс ұйымдас-тырудағы өзгерiстер туралы негiзгi және айналым қорларын пайдаланылуы туралы мәлiметтердi бiлуге болады. Өндiрiс циклы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым бiр мезгiл iшiнде көбiрек өнiм шығарылады, соғұрлым аяқталмаған өндiрiс көлемi әрi негiзгi және айналым қорларында қажеттiлiк азаяды.
Мұнай газ саласы өндiрiсінің құрылымы
Кәсiпорын құрылымы өндiрiс процесстiң мазмұны мен ерекшелiктерiне байланысты болады. Кәсiпорын құрылымы оның өндiрiс және қызметтер құрамын, олардың бiр-бiрiмен байланысын көрсетедi. Құрылым - өндiрiс процессiнiң механизация, автоматизация дәреже-сiне мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi дәрежесiнiң көлемiне байланысты болады. Елiмiздiң әр түрлi аймақтарындағы мұнай газ кең орындарының табиғи, климаттық мiнез-демесi, газ құрамы т.б. жағдайлар бойынша бiр-бiрiнен түрлi ерекшелiктерi болуы мүмкiн. Сондықтан, бүкiл МГӨ аймақтарына арналған мұнай газ кәсiпорындарының құрылымы жасалмаған.
Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
Кәсiпорынның, әсiресе оның негiзгi өндiрiс жұмысы бiрқалыпты үздiксiз өтуiнiң бiрден-бiр шарты жабдықты жұмыс күйiнде ұстау, жұмыс орындарын энергияның әр түрiмен, негiзгi және қосалқы материалдарымен, көлiкпен қамтамасыздандыру.
Негiзгi өндiрiс объектiлерiнiң бiрқалыпты жұмысын қамтамасыздандыратын процессi – көмекші процесс деп аталады. Қосалқы жұмыстардың негiзгi өндiрiстен бөлiнуi, мамандан-дырылған қосалқы цехтармен қызметтердi ұйымдастыру – геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру және өңдеу кәсiпорынның техника-экономикалық көрсеткiштерiн жақсартуға себеп болады.
Көмекшi өндiрiс - өндiрiстiк процесстiң жабдық пен құрал саймандар әзiрлеу және оларды жөндеу жұмыстары, сондай-ақ негiзгi өндiрiске қызмет көрсету жұмыстары орындалатын бөлiмдерi. Көмекшi өндiрiске құрал-сайман, жөндеу, энергетикалық, көлiк және басқа осындай цехтар мен шаруа-шылықтар жатады. Кәсiпорында қосалқы өндiрiстiң бөлiнiп шығуы өндiрiстi ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды. Мұнай газ өндiрiстiң кәсiп-орындарында қосалқы өндiрiс бөлiмдерiнiң үлесi өте жоғары.
Мұнай газ кең орындарында шектеулi қуаттылығы өндiрiстiң техникалық жете қамтамасыздандырылмауы - нашар материалдық-техникалық қамтамасыздануы, квалифика-циялы мамандардың жетiспеушiлiгi, кiшiгiрiм жұмыс көлемi және өзiнiң қосалқы цехтармен, қызметтер комплекс бар тәуелсiз шаруашылық түрiнде кәсiпорынның пайда болуына жағдай жасайды. Әр бiр жаңа кең көзiнде қосалқы өндiрiс шаруашылықтары ұйымдастырылды, нәтижеде мұнай газ өндiру аудандарында кәсiпорын саны бiрталайға жеттi. Олардың әркайсысы техникалық базасы, әрi мамандандырылуы нашар, майда құрылымдар ретiнде өз қосалқы өндiрiс кешенiне ие болады.
Қосалқы өндiрiстi ұйымдастыруға жетiлдiру жолында бiртектес процесстердiң маман-дануы мен шоғырлануы маңызды болып келедi. Себебi олар неғұрлым қуатты, прогрессивтi жабдықты пайдалануға, өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруда, прогрессивтi әдiстердi қолдануға жағдай жасайды.
Негiзгi өндiрiске қызмет етiп оның бiрқалыпты өтуiне жағдай жасайтын қосалқы өндiрiс мiндеттерi келесiдей:
Мұнайгаз өндiрiсiндегi барлық жабдықтардың, бұрғылау жабдығың, инструмент-терiнiң рационалды пайдаланудың, оларды жөндеп қайта құру, бөлек бөлшектер жасауды қамтамасыздандыру;
Өндiрiс объектiлерiн энергиямен, сумен, бумен қамтамасыздандыру;
Өндiрiс объектiсiне бақылау өлшегiш аспаптарды орнату;
Көлiкпен қамтамасыз ету.