
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
Өндіріс процесінің мәні және маңызы
Әрбiр кәсiпорын жұмысының негiзiн өндiрiс процесi құрайды. Елiмiздiң экономикасын көтеруде оны интенсификациялау, әрине, маңызды роль ойнайды. Басқа сөзбен айтқанда, өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарлату, оны интенсификациялау арқылы мүмкiндiк бередi, яғни, осы интенсификациялауға не жатады:
жұмыс уақытының жоғалуының қысқарту;
жұмыс уақытты тығыз пайдалану;
еңбек өнiмдiлiгiн көтеру;
жаңа техника мен технология енгiзу;
өндiрiс процесiн рационалды ұйымдастыру және т.б.
Мұнайгаз саласында өндiрiс процесiн интенсификациялау факторларына, оны жалпы механизациялау, автоматтандыру, конвеерлi өндiрiс енгiзу жатады.
Өндiрiс процессі дегенiмiз – технологиялық, табиғи процестердi және бiр-бiрiмен бай-ланысты еңбек процестерiнiң бiрлiгi. Еңбек процесi дегенiмiз не? Ол еңбектен, еңбек заты-нан /жыныс қабаты/, және еңбек құралынан /эксплуатациялық және баспа (айдау) жабдық-тары/ құралады. Ал, еңбек нәтижесi – мұнай мен газ.
Еңбек процесi дегенiмiз, еңбек затын, оның формасын, көлемiн, физикалық жағдайын, орналасуының, сыртқы түрiн және тағы басқаларды өзгерту.
Ол, әрине, адам еңбегiнiң арқасында немесе адамның бақылаумен автоматтандырылған өндiрiсте атқарылады.
Еңбек затының өзгеруi табиғи процестердiң әсерiмен де өтуi мүмкiн. Бұл табиғи процестерге жатады: жер қабатындағы өзгерiстер, тасымалдауға дайын тұрған мұнай немесе газ көлемiнiң азаюы және т.б.
Өндiрiс процестерi бiрқатар белгiлермен анықталады:
1) өндiрiстегi белгiленген мақсатына байланысты – негiзгi және қосалқы;
МГӨ негiзгi процестер – мұнай мен газды өндiру, құрғату, сепарациялау, алыс жолға дайындау. Сонымен, негiзгi ӨП – кәсiпорынның маманданған бағытына байланысты еңбек затын дайын өнiмге айналдыру. Жұмысы негiзгi өндiрiс мұқтаждарын қамтамасыздандыруға бағытталған процестер – көмекші деп аталады. Олар негiзгi процестердiң үздiксiз, дұрыс өтуiн қамтамасыз етедi.
Көмекші процестер - өндiрiс құралдарын сақтау және жөндеу, сумен, энергиямен, материал-техникамен қамтамасыз ету.
2) Жұмысшының өндiрiс процесiне қатысу дәрежесiне байланысты:
қол еңбегi процесi;
машиналы-қолды;
машиналық ӨП;
автоматтандырылған ӨП;
аппараттық ӨП.
3) ӨП мазмұны бойынша:
механикалық;
физико-химиялық;
Механикалық процестер – бұл механикалық әсерiмен еңбек затының формасы, көлемi, физикалық жағдайы, орналасуының өзгеруi (шикiзат немесе өнiмдi өндеу және қайта өндеу), еңбек заты әр түрлi құрал жабдықпен массивтен бөлiнiп, одан ары өнделiп, қайта жасалуға, тасымалдауға, сақтауға жiберу процестерi.
Физико-химиялық процестер – бұл материалдардың физико-механикалық және механи-калық қасиеттерi және олардың iшкi құрылымы өзгерiске ұшырайтын процестер (химиялық, жылу, диффузиялық, электрохимиялық және т.б. процестер).
4) Өту жағдайына және ұзақтылығына байланысты ӨП:
үздiктi;
үздiксiз болады.
Үздiксiз ӨП барысында бiр операция екiншi операциямен тоқтаусыз алмасады. Үздiктi процестер кезеңдiлiкпен және қайталануымен мiнезделедi. Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Мысалы, скважина құры-лысы ӨП келесiдей процестерге бөлiнген: мұнара /вышка/ құрылысы; бұрғылау; сынау. Геологиялық барлау ӨП екi этаптан құралған: iздеу және барлау (олар тағыда алажаулы операцияларға бөлiнедi).
Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:
кезектi;
параллельдi;
параллельдi – кезектi.
Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады. Операция-лардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.
Параллельдi-кезектi тәсiл – операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.
Кез-келген өндiрiс процесс оның орынды, тиiмдi (рационалды) ұйымдастырылуын қажет етедi. Өндiрiс процестердiң ұйымдастырудың негiзгi принциптерi:
үздiксiздiк;
ырғақтылық;
пропорциялылық.
Үздiксiздiк принципi еңбек заты үздiксiз өнделiп, дайын өнiм үздiксiз өндiрiлуiн бiлдiредi /мұнай, газ, газконденсаты, мұнайөнiмдерi/. Мұнайгаз салада мұнай технологиялық тiзбектiң өндiру, өндеу, тасымалдау кезендерiнде өндiрiс процестерi үздiксiздiк принцип бойынша ұйымдастырылған. Яғни, өндiру процесі тоқтаусыз, әрi үзiлiссiз өтедi. ӨП үздiксiздiгi негiзгi қорларды неғұрлым толық пайдалануға және айналым қорының айналу жылдамдығын тездетуге мүмкiндiк бередi.
Ырғақтылық принципi кәсiпорынның берiлген жоспары /графигi/ бойынша бiрқалыпты өнiм шығарып отыруын бiлдiредi. Өндiрiс процестерінiң ырғақтылығы кәсiп-орынның барлық цехтары мен бөлiмшелерiнде өндiрiстiң бiрқалыпты жүрiп отыруымен қамтамасыз етiледi. Өндiрiс процестердiң пропорциялылығы операциялардың ұзақтығы бойынша теңдiгiн немесе олардың еселiгiн, яғни бiр орындалғанда толығымен, аяғына дейiн атқарылуын бiлдiредi.
Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары
Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.
Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:
жаппай /потокты/;
сериялық /группалық/;
жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың жаппай әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi. Өндiрiстi ұйымдастырудың сериялық өндiрiсі өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Жаппай өндіріс әдiсімен ұйымдастырылған кәсiп-орындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады. Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шыға-рылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.
Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:
мамандандыру /специализация/;
бiрлестiру /кооперация/;
қиыстыру/комбинирлеу/;
шоғырландыру /концентрация/.