Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭиУП_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру

Баға мәні, құрылуы және атқаратын қызметтері

Бұрын, шаруашылықтың жоспарлы-әкiмшiлiктiк жүргiзу жағдайында өнiмге бағалар жоспарлы түрде бекiтiлсе, нарықтық экономика жағдайында бағалар негiзiнде сұраныс пен ұсыныстың арқасында, яғни құн заңы бойынша құрылады. Экономикалық тұлғалар (кәсiп-керлер, капитал иелерi, үй шаруашылығы, фирмалар) үшiн маңызды категория болып баға табылады. Тауардың бағасы өндiрушiлер мен тұтынушылардың жеке мүдделерiн айқындау-ға қызмет етедi. Нарықта басты рөлдердi сатушы мен сатып алушы ойнайды.

Баға құрылуы – бағаның деңгейлерiң, ара салмағын және құрылымын қалыптастырып, өзгерту процессi. Еңбектiң қоғамдық қажеттi шығындары, тауарлардың құны, бағалардың объективтi негiзi болып табылады, олар ақшалай нысан арқылы бағада көрiнiс табады.

Баға – тауар құнының ақшалай көрiнiсi.

Нарықтық экономикада баға үш басты қызметтi атқарады:

  • Бағдар берушi – тауарлардың сатушы мен сатып алушылар әрекеттерi үшiн ақпарат бередi;

  • Бөлуші – бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндiрiстiк факторлар және игiлiктер бөлiнедi;

  • Ынталандырушы - өндiрiсте өте үнемдi әдiспен жүргiзуге және сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етедi.

Бұл қызметтердiң орындалуы тек қана бағалардың табиғи /еркiн/ динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркiн баға қозғалысы арқылы ғана мүмкiн болады. Бұл шарт бұзылса рынокта бейберекет, кездейсоқ құбылыстар орын алады.

Сондықтан, баға – тауар құнының ақшалай тұлғалануы, яғни тауардың немесе қызмет-тердiң бiр өлшемi үшiн төленетiн және алынатын ақша мөлшерi. Өндiрiске жұмсалатын шығындар мен пайданы қамтиды.

Өндiрiс бағасы – тауарлардың нарықтық бағасы негiзiнде жатқан құнның өзгерген нысаны. Тауарды өндiру шығындары мен орташа пайдадан құралады.

Баға түрлері

Нарықта бағаның әр түрлерi бар:

  • мемлекеттiк;

  • келiсiм бағалары;

  • әлемдiк.

Мемлекеттiк бағалар монополист - кәсiпорындар өнiмдерiне елдiң экономикасы үшiн базалық ресурстарға, әлеуметтiк маңызы бар тауарларға тағайындалуы мүмкiн. Мемлекеттiк бағалар жүйесi екi элементтерден тұрады:

  • үкiмет қатан тағайындап /ықтиярсыз/ отыратын бекiтiлген бағалар;

  • ұсыныс пен сұраныс арақатынасындағы өзгерiстердi есептеп отыратын, реттелетiн бағалар.

Келiсiм /шарттық/ бағалары – өнiмдi өндiрушi /сатушы/ және тұтынушы /сатып алушы/ келiсiмiмен бекiтiлетiн, яғни берiлген тауарға сұраныс пен ұсынысқа назар аудара отырып тағайындалатын бағалар. Келiсiм бағаларының үлес салмағы нақты елдiң экономикасының нарықтық дәрежесiң анықтайды. Келiсiм бағаларының iшiне өндiрушiлердiң көтерме сауда бағасы кiредi. Кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар өндiрiлген өнiмдi халықтан басқа кәсiпорындар мен ұйымдарға сатқанда қолданылатын баға - өндiрушiнiң көтерме сауда бағасы деп аталады. Осы баға екi түрге бөлінеді:

* кәсiпорынның көтерме сауда бағасыдайындаушы кәсiпорындар өнiмдi тұтынушылармен және өткiзу ұйымдарымен есеп айырысқанда қолданылатын баға.

* өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы - өнеркәсiптiң өткiзушi ұйымдары мен көтерме сауда базалары тауарларды саладан тыс жерлерге, негiзiнен, сауда жасаушы ұйымдарға сатқанда қолданылатын баға.

Әлемдiк баға – халықаралық саудада қолданылады, өте iрi экспорт-импорттық келiсiм-шарттары негiзiнде есептеледi. Әр елдiң баға деңгейi бар.

Баға деңгейi - елде өндiрiлген дайын өнiмдер мен қызметтерге төленетiн баға-лардың орташа шамасы. Баға деңгейiн индекс көрсетедi.

Баға құрамы және құрылымы

Баға құру тетiгiнiң арқасында нарықты экономика пайда болған дефициттi жояды /өте жоғары бағалар сұранысты азайтады және оған сәйкес өнiм өндiру көлемi қысқарады. Неме-се, керiсiнше, бағаны төмендетсе, сұраныс көбейедi, және оған сәйкес өнiм көлемiн жоғары-латады/.

Баға = Өзiндiк құн + Пайда

Пайда – бұл кәсiпорынның жалпы табысы мен шығындары арасындағы айырма, мұнда жалпы табыс шығыннан асып түседi. Өнiмдi өткiзуден алынған пайда – жалпы табыс пен айналыс шығындары арасындағы айырма, мұнда жалпы табыстан есептелген қосылған құнға салынатын салық шегерiп тасталады.

Пайда = Баға - Өзiндiк құн

Бiр жылдың және бүкiл кәсiпорын масштабында пайданың деңгейi келесiдей анықта-лады:

Жалпы табыс = Өнiмдi өткiзуден түскен тұсiм – Жалпы шығын

Инвестициялық жобаның масштабында пайданың мөлшерi:

Таза ағымдағы құн = Күтiлiп отырған ақша қаражаттарының

таза ағыны /КОАҚТА/ – бастапқы инвестициялар /БИ/

Кәсiпорында табыстар төрт түрге бөлiнедi:

  • Жиынтық табыс;

  • Жалпы табыс;

  • Ағымдағы табыс;

  • Таза табыс.

Кәсiпорынның жиынтық табысы - тауарлық өнiмдi өткiзуден түскен пайдадан, басқа да өткiзуден түскен және тыс өткiзу операциялардан түскен табыстан құрылады. Жалпы табысты мұнай өндiру көлемiнiң құны, негiзгi iс-әрекеттерiнен түс-кен табыс немесе тауар-лық өнiмдi өткiзуден түскен пайда деп атауға болады.

Тауарлық өнiмдi өткiзуден түскен пайдасын анықтағанда - өткiзiлген өнiм түсiмiнен қосылған құнға салынатын салықты, акцизды және өнiмнiң өзiндiк құнын алып тастау керек. Яғни, жалпы тауар өткiзуден түскен табыстан материалдық және мiндеттi төлемдердi шегеру керек.

Басқа да активтердi откiзуден түскен табысы кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қор-ларды және пайдаланбаған мүлiктердi сатудан тускен табыс болып табылады.

Тыс өткiзу операциялардан түскен табыс бағалы қағаздардың дивиденттерi, жалғау-дан түскен төлемдерi мен аыйптар, өсiмдер және тұрақсыздық айыппұлдар қосындысынан құрылады. Кәсiпорынның ағымдағы табысы жалпы жиынтық табыстаң бастапқы инвести-циялар мен ағымдағы шығындардың шегерiп тастаған көрiнiсi болып табылады.

Қалған таза табыс анықтаған ағымдағы табыспен мемлекеттiк мiндеттi төлемдердiң айырмасын көрсетедi. Мемлекеттiк мiндеттi төлемдерге қойнау-пайдаланушыларға салынатын негiзгi салықтар: роялти, бонустар, жоғары пайдаға салынатын салықтар, корпоративтiк және өнiм бөлу туралы келiсiм шарттары жатады.

Кәсiпорынның басқа да қосымша iс-әрекеттерiнен түскен пайданы өткiзуден тыс пайда дейдi. Тауар мен басқа да өнiмдi өткiзуден түскен және өткiзуден тыс пайдалар бiрiгiп баланстық пайданы құрайды.

ПБАЛ = ПӨТК + ПБАСҚ + ПТЫСӨт

Кәсiпорынның негiзгi қызметiнен түскен пайдасы мұнайгаз өнеркәсiбiнiң мұнай техно-логиялық тiзбектiң әртүрлi кезеңiңде өз ерекшелiктерiн ескередi.

Технологиялық тiзбек үш үлкен стадияға бөлiнедi:

"апстрим" стадиясы

  • Барлау /барлаулық және жобалау-iздестiру жұмыстары/;

  • Бұрғылау /ұнғы құрылыстары/;

  • Мұнай өндiру /мұнайды жер бетiне көтеру/.

Мидстрим” стадиясы

  • Тасымалдау /құбырөткiзгiш арқылы немесе баржа және танкерлермен/;

"даунстрим" стадиясы

  • Мұнай өндеу /МӨЗ/;

  • Сақтау және өткiзу;

  • Маркетинг зерттеулер;

  • Түпкi тұтынушы.

Геологиялық барлауда түскен пайда атқарылған барлау жұмыстарының сметалық құны мен iс жүзiндегi өзiндiк құнының айырмасына тең болады. Бұрғылау кәсiпорындардағы пайдасы ұңғы құрылысының сметалық құнынан жалпы жылдық эксплуатациялық шығын-дарды шегерiп тастау керек. Мұнайгаз өндiру басқармасының пайдасы тауарлық мұнай мен газды өткiзуден түскен түсiм мен өндiрiс шығындардың айырмасын көрсетедi. Тасымалдау кәсiпорындарының пайдасы мұнай мен газды айдаған көлемiнен түскен табыстан жалпы эксплуатациялық шығындар алынады. Мұнай сақтау база және автомат-тандырылған құю станциялардаң түпкi тұтынушыға жеткiзудiн пайдасын аңықтау үшiн жалпы түскен табыстан айналыс шығындары шегерiледi.

Басқа да өнiм өткiзуден түскен пайда құрамына кiретiндер:

  • шетке өндiрiстiк қызмет атқарудан;

  • өнеркәсiптiк жұмыстар атқарудан;

  • ауылшаруашылығына көмек беруден /жанармай, дизотын/;

  • артық активтердi және бейматериалдық құндылықтарды сатудан түскен пайдалар.

    Өткiзу операцияларынан тыс пайдаға жататындар:

  • арендалық /жалғау/ төлемдер;

  • лизинг;

  • айып-пұлдар мен пенялар;

  • инвестициялардан түскен пайыздар;

  • бағалы қағаздардың дивидендтерi;

  • дебиторлық борыштар.

Баланстық пайдадан қойма пайдаланушылар мемлекеттiк салықтар мен барлық мiндеттi төлемдерiн жасайды:

  • заңды тұлғаның пайдаға салынатың салығы;

  • Қосылған құнға салынатын салық;

  • Роялти – қоймаларды пайдалану құқығына салынатын тұрақты салық /өнiм өндiру көлемiне тiкелей байланысты/;

  • Бонустар – қойма пайдаланушылардаң, белгiленген территорияда және келiскен операцияларды атқаруға, өзара шарт жасасылатын жағдайда, бiрақ рет алынатын мемлекеттiк төлемдер.

Осыдан қалған пайданы кәсiпорынның таза пайдасы деп есептейдi.