
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
- •Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •2.3 Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •1 Тәжірибелік сабақ: Қазіргі кезеңдегі экономиканы дамыту сипаттамалары және экономиканы мемлекттік реттеу
- •2 Тәжірибелік сабағы Әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіп
- •3 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
- •4 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •5 Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құны
- •6 Тәжірибелік сабақ Нарықтық экономика шартындағы баға құру кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
- •7 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, кәсіпорынның салық саясаты
- •8 Тәжірибелік сабақ Кәсіпорынның инвестициялық шешімінің экономикалық тиімділігі
- •2.5 Студенттердің мұғалім басшылығымен өзіндік жұмыстар шеңберіндегі сабақ-тар жоспары (смөж)
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) кезіндегі сабақтар жоспары
- •2.7 Курс бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы
- •2.9 Өзін тексеру үшін тестік тапсырмалар
- •Өткен курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Экономика саласына Қатысты терминдерге түсiнiктеме
- •200_ Ж. “__” _________________ № ___ хаттамасы
- •200_ Ж. “___” __________________ № ___ хаттамасы
- •050708 – “Мұнайгаз ісі” мамандығына арналған Тайкулакова Гульнура Сериковна
6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
Өнімнің өзіндік құны және оның түрлері
Өнім өндіру және өткізу аймағындағы қызмет көрсету, жұмыс күшіне ақы төлеуде өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік қорлардың ақшалай түрдегі шығыны - өнімнің өзіндік құны деп аталады.
Өнімнің өзіндік құны – еңбек ақыны аударым арқылы және өнім өндіру, өткізу қызме-тіне ақы төлеуде, өндіріс қорларын пайдаланудағы ақшалай түрдегі барлық шығындар жиынтығы. Өнімнің өзіндік құны 2 түрде болады: өндірістік және толық өнімнің өзіндік құны.
Өндірістік өзіндік құны – кәсіпорын бойынша өнім өндіруге кеткен жалпы шығындар жиынтығы, яғни онда негізгі өндіріс бойынша қызмет көрсету, басқару, өндірісті ұйым-дастыру, техника, технологияны жетілдіруге кеткен шығындар есептелінеді.
Толық өнімнің өзінік құны – өнімді дайындауға, сондай-ақ оны өткізуге кеткен шығындар.
Өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда мыналар есептеледі:
өндірістегі шығындардың жалпы сметасы;
тауарлық (жалпы) өнімнің жоспарлы өзіндік құны;
бірлік өнімнің өзіндік құны;
1 тг тауарлық өнім шығыны және оны төмендету;
Жоспарлы көрсеткіштерді анықтау үшін келесілер анықталады:
кәсіпорынның негізгі және көмекші бөлімшелері бойынша өндірістегі шығын сметасы;
шығындар жиынтығы;
цехтық, жалпы өндірістік, өндірістік емес және басқада шығындар сметасы;
өзіндік құн калькуляциясы.
Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын жоспарлау – өндірістік өнімнің (барлық түрдегі) шығындар есебін, сондай-ақ өнеркәсіптік сипатағы қызмет көрсету мен жұмыс шығындарын болжамдау. Өндірістік шығындар экономикалық элементтер (өндірістегі шығындар сметасы) мен шығындар статьясы (өнімнің өзіндік құн калькуляциясы) бойынша есептеледі және жоспарланады.
Қазіргі кезде, өнеркәсіптегі экономикалық элементтер бойынша шығындар 1 топқа бірлестірілген. Яғни:
Шикізат және негізгі материалдар
Көмекші материалдар
Отын (шеттен)
Энергия (шеттен)
Негізгі қорлар амортизациясы
Еңбек ақы және әлеуметтік қамсыздандыру салымы
Басқа да ақшалай шығындар.
Экономикалық элементтер бойынша топтастырылған мұндай өнеркәсіптік шығындар кәсіпорынның жалпы қажеттіліктерін, яғни материалдық ресурстар, негізгі қор амортизациясының жалпы сомасын, еңбек ақы және басқа да ақшалай шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ айналым қорлары мен оларды қолдануды бақылау мен жоспарлауда қолданылады.
Өндірістік шығындар статьясы дегеніміз – бағытына қарай белгіленген және пайда болған орнына байланысты шығындар.
Өзіндік құн калькуляциясы
Калькуляциялау үшін (бірлік өнімнің өзіндік құнын есептеу), сондай-ақ табиғи шығындарды анықтау, өнімнің өзіндік құнын төмендету шығындар статьясы бойынша келесі түрде топтастырылады:
Өнімнің өзіндік құнының әдісіне байланысты: тура және жанама;
Өндіріс көлемінің өзгеру сипатына байланысты: шартты түрде-тұрақты, шартты түрде-айнымалы;
Өндірістік процесске қатысуына байланысты: негізгі және үстеме (накладные);
Құрамына қарай: бірэлементті немесе кешенді.
Тура шығындар дегеніміз – көрсетілген өнім түрін өндіруге байланысты және оның жеке түрін есептегендегі шығындар. Мысалы: газ тасу және жинау газ шығындарына жатса, мұнайды айдау және сақтау – мұнай шығындарына жатады.
Жанама шығын дегеніміз – жалпы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетіне байланысты болғандықтан, өнімнің бр ғана түріндегі өзіндік құнының мақсатты және мүмкін емес болатын шығындары.
Шартты түрде-тұрақты шығындар дегеніміз – көлемі згерсе де, өнім түрі өзгермейтін, бірақ өнім деңгейі өзгеретін шығындар. Мысалы: ұңғы амортизациясы.
Шартты түрде-айнымалы шығындар – өнім көлемі өзгергенде, сомасы да өзгереді, ал бірақ бір өнім деңгейі тұрақты болатын шығындар. Мысалы: мұнайды сорапты өңдеудегі электроэнергиясы.
Негізгі шығындар - өндірістік процесске тікелей қатысатын шығындар.
Үстеме шығындар - өндірістік процессті басқару және ұйымдастыру шығындары.
Бірэлементті шығындар – бұл шығынның бастапқы элементтері.
Кешенді шығындар - бірнеше бірдей элементерден тұратын шығындар. Мысалы: негізгі қорды ағымдағы жөндеу.
Өнімнің өзіндік құн құрылымы дегеніміз – шығынның жеке бір түрінің жалпы қортындыға (%) қатынасы. Бұл экономикалық элементтер бойынша немесе шығындар статьясы бойынша да берілуі мүмкін.
Өндіріс сметасы – айналым қорының көлемін есептеуге негізделген, қаржылық жоспар құруға және осы кәсіпорынның жабдықтаушы кәсіпорындармен келісім жасауына қажетті, маңызды да жоспарлы құжат.
Өндірістегі шығындар сметасы 3 негізгі бөлімнен тұрады:
Шығындар элементі
Өнеркәсіптік цехтар қызметі, жалпы шаруашылық шығындары
Жалпы тауарлық өнім шығаруға кеткен шығындар.
Ұңғы құрылысындағы өзіндік құн
Жоспарды құру үшін ұңғының өзіндік құны бойынша жоспарланған жылда өндірілген ұңғы құрылысында белгіленген жұмыс көлемін орындау, жалпы бұрғылау кәсіпорынындағы барлық шығындар сомасы, сондай-ақ бұрғылау кәсіпорынның құрамына кіретін әрбір цехтар мен шаруашылықтар шығыны анықталынады.
Бұрғылау жұмысындағы өзіндік құнды жоспарлау үшін мыналарды анықтау керек:
Сметалық бағадағы бұрғы жұмысының көлемі;
Негізгі, көмекші және қосалқы өндірістегі үстеме шығындар, сондай-ақ әкімшілік, шаруашылық, басқа да шығындар;
Ұңғы құрылысындағы кәсіпорынның жалпы шығыны.
Ұңғы құрылысындағы шығындар сомасын анықтайтын сметалар 4 бөлімнен тұрады:
І. Ұңғы құрылысын дайындау жұмысы;
ІІ. Құрылыс-монтаж жұмысы;
ІІІ. Бұрғылау және нығыздау (крепление);
ІV. Ұңғы өнімділігін сынау.
Сметаны құру нәтижесі бойынша өзіндік құн сметасы мен ұңғының құн (баға) сметасы анықталады.
Ұңғы құрылысының сметалық құны – сметалық мөлшер мен баға бойынша техника-лық жоба негізінде есептелген шығындар сомасы болып табылады.
Жоспарлы қор жинау болып тапсырыс берушіге аяқталған ұңғы қызметін беру нәтижесінде алынған бұрғылау кәсіпорынның пайдасы табылады.
Ұңғы құрылысындағы шығындар 6 сметалық шығындардан құралады:
№1 сметалық есеп – бұрғылау алаңдарды жоспарлауға, жолдарды құру, құрылыс, құбыр өткізгіш, электро және телефон желілерін талқылауға байланысты ұңғы құрылысын дайындау жұмысының шығыны.
№2,3 сметалық есеп – құрылыс пен төбе, жоғарғы құрылыс, монтаж, құрал-жбдықтарды қайта монтаждауды талқылауға байлнысты шығындар.
№4 сметалық есеп – бұрғылау шығыны.
№5 сметалық есеп – нығыздау (крепление) шығыны.
№6 сметалық есеп – ұңғыны пайдаланудағы шығындар.
Өндірістік шығындар сметасы – бұрғылау кәсіпорындағы ұңғы құрылысының барлық шығындар жиынтығының жоспарын құрайды.
Ұңғы құрылысының жоспарлы өзіндік құны – оның сметалық құнынан (ССМ) жоспарлы қор жинау П көлемімен белгіленген міндеттегі өзіндік құнның төмендеуінен ΔС аз болуы тиіс, яғни:
Сt+1 = CСМ – П – ΔСt+1
Ұңғы құрылысындағы жиынтық шығын дегеніміз – арнайы түрде әзірленген және өзіндік құн бойынша өріс алған жоспар. Онда бұрғы жұмысы бойынша және шеттегі қызмет түрі бойынша шығындар көрсетіледі. Жиынтық шығындарды құру үшін негізгі және көмекші өндірістің өндірістік бағдарлама көрсеткіші, еңбек және еңбек ақы жоспары, МТЖ жоспары, ұйымдастыру-техникалық шығындар жоспары қолданылады. Материалдар шығы-ны осы технологиялық жоба негізінде олардың қажетті санын анықтайтын шығын мөлшерін және осы материалдарға әсер ететін баға бойынша есептелінеді.
Электроэнергия шығыны жоғары вольтті желідегі қуаттылық қосылған, қолданылған энергия ақысының шығыны бойынша есептеледі. Негізгі қорлардың амортизациялық шығыны тереңдік ара қашықтығы бойынша тозу мөлшері (тг/м) мен ұңғы сомасы арқылы есептеледі. Кәсіптік-геофизикалық жұмыс шығыны әрбір өлшем түріндегі әрекеттік баға мен көлем бойынша анықталынады. Транспорттық шығын әрбір түрдегі транспорттық баға мен транспорттық кәсіпорын қызметінің көлемі бойынша белгіленеді.
Пайда және пайдалылық (рентабельділікті)
Пайда – кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегі арқылы материалдық өндіріс аймағында пайда болған таза кірістің бір бөлігі.
Жоспарлық пайда мөлшері кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша өнім өткізу мен өнімнің өзіндік құн жоспарының арасындағы түсім бойынша анықталынады.
Кәсіпорында: жалпы (баланстық) және есептегі пайда жоспарланады.
Жалпы пайда – бақылау саны бойынша, ал рентабелділік – есептік көрсеткіш бойынша белгіленеді.
Жалпы (баланстық) пайда Пб құрамына кіретіндер:
негізгі әрекеттегі пайда По (тауарлық өнімді өткізу және ұңғыны тәжірибеге беру бойынша);
басқа да өткізу бойынша пайда Ппр;
өткізуден тыс пайда Пвпр.
Пб = По + Ппр + Пвпр
Баланстық пайданың жалпы сомасы негізінен өткізу көлеміне, өнімнің өзіндік құнына және осы кәсіпорынның белгіленген сату бағасына (95 %-дейін) байланысты болады. Есептік пайда мемлекеттік бюджетке қорға ақы Пф және банкке несиелік пайыз енгізгеннен кейінгі қалған баланстық пайданың бір бөлігінен анықталынады:
Прасч = Пб – Пф - Пкр
МГӨК бойынша және өнімді өткізу өнеркәсібіндегі Пт біріккен пайда - өнімді өткізу көлемінен оның өзіндік құнын (Ср) алғанға тең.
Пт = Qр - Ср
Өнімді өтізудің өзіндік құны (Ср) МӨ-гі тауарлық өнімнің жалпы өзіндік құн сомасы (Ст), өнеркәсіптің басқа саласындағы тауардың өзіндік құны (Сдр) және өткен жыл бойнша өнімді өткізуден тыс қалдықтар құнынан (Соt), жоспарлы жыл аяғындағы өнімді өткізуден тыс қалдықтарды шегеру бойынша анықталынады:
Ср = Ст+ Сдр +Соt - Соt+1
Жалпы пайдалылық (рентабельділік) (Роб) %-тік түрде жоспарланады:
Робt+1=
*100%
(20)
Пб – баланстық пайда;
Фос, Фоб – айналым қоры мөлшері мен орта жылдық негізгі қор құны.