Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27.11.09 book by Koshenova.B.A.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
19.01.2020
Размер:
967.85 Кб
Скачать

17.1. Сурет. Негізгі талдау

Сонымен бағаны модельдеу үшін көп еңбек сіңіруді қажет қылатын зерттеу жүргізу керек. Онда биржалық активтің нарықтық құны оның нақты құнынан және болашақтағы пайдадан жоғары ма, әлде төмен бе және басқа да сондай жағдайлар анықталады. Негізгі талдаудың көмегімен түсетін табыстың болжамы жасалады. Ол активтің болашақтағы құнын анықтайды, демек ол бағаға да әсер етуі мүмкін. Осылардың негізінде сатып алу мен сатудың пайдалылығы туралы ұсыныс жасалады. Бұл оның техникалық талдаудан түбегейлі айырмашылығы.

Биржа ісіндегі техникалық талдау. Техникалық талдаудың негізгі объектісі – ол активке сұраныс пен ұсыныс және оларды сатып алу – сату бойынша операциялар көлемінің динамикасы мен бағам динамикасы. Техникалық талдау әдісін жақтаушылардың сипаттамасы бойынша бұл әдістің артықшылығы мынадай:

техникалық жеңілдігі;

талдаудың шапшаңдығы;

негізгі талдау жасағаннан гөрі, нарықтағы активті сату­шылардың көбіне бұл талдаудың қажеттілігі.

Алайда, техникалық талдауды пайдаланушы нарық операторлары нарық бағасының ұзақ перспективада өзгеруін дәл болжай алмайды. Сондықтан талдауды сапалы жүргізу үшін олар негізгі талдаудың мәліметтерін қолданып және әртүрлі әдістерді қоса пайдаланып істі ыңғайлы амалмен жүргізу керек. Бұл мәліметтерді биржалық нарықтың әрбір операторына ізденіп табу, оны пайдалану, сөзсіз, қиын әрекет.Іс жүзінде биржада істейтін әрбір маманға техникалық талдаудың құралдарына, аспаптар жиынтығына қол жеткізу оңай болғанымен, ал оны жүргізу негізгі талдаудікіне қарағанда – керісінше болады. Мысалы, негізгі талдауды жүзеге асырушы (талдаушы) активтің нарықтық құны оның «ішкі» немесе «іс жүзіндегі», яғни нақты құнымен салыстырғанда жоғары немесе төмен екенін анықтауы керек делік. Сонда бұл талдаудың мақсаты – нарық «бағаламаған» активті табу. Осының негізінде – активті сатып алу, сату керек немесе әзірше қоя тұру керек деген инвестициялық шешім қабылдау.

Алайда, егер нарық бұл активті қазір «бағаламаса», ол болашақта да солай істеуі мүмкін, нәтижесінде талдауға кеткен шығын қайтарылмайды, яғни талдаушылардың ұсынған негізгі бағасына нарық кепілдік берді деуге негіз жоқ. Оған қоса, негізгі талдау – ауыр және көп еңбек сіңіруді қажет ететін талдау және мәліметтер базасын құруды, соған сәйкес қаржыландыруды қажет ететін еңбек және де әрбір оператордың биржалық операциядан түсіретін табысы оның негізгі талдауды жүргізуге кеткен шығынын қаржыландыруға жеткіліксіз болуы мүмкін.

Экономикасы нарықтық жолмен дамыған елдерде эконо­миканың әртүрлі салаларында корпорацияны рейтингтік бағалау әдістерін кең қолданады. Негізгі талдаудың нәтижесі өнім болып шығады, яғни ол өнім – нарық тауары, ол тауар биржалық саудаға қатысушыларға бюллетень, есеп және басқа да формада сатылады.

Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі

Автоматтандыру құралдарының кең өрістеуі – биржа ісін басқарудың технологиялық базасын қалыптастыруда. Атап айт­қанда, биржалық ақпарат көлемінің күнбе-күн аса қарқынды дамуына байланысты оны сақтау, талдау, өңдеу, алыс қашықтыққа жеткізу және т.с.с. проблемаларды шешеді. Жалпы алғанда, биржа ісін компьютерлеуге ақпаратты өңдеудің жалпытехнологиялық мәселелері мен қатар осыларды орындау үшін қажетті технологиялық және техникалық құралдарды таңдау мәселелері де жатады.

Биржаны компьютерлеу барысында мына факторлардың айтарлықтай маңызы бар:

биржаның әрбір қызметкері өзінің мамандығын жетілдіруге мүдделі болуы өз еңбегінің технологиясын өзгертуге да­йындығының дәрежесі (яғни психологиялық жағдайы, білім деңгейі және т.б. көрсеткіштер бойынша);

биржа ісіне қатысушыларға дамыған сервис инфрақұ­рылымының қалыптасқан дәрежесі болуы (методологиялық, техникалық және бағдарламалық қызмет көрсетуді қоса алғанда);

нақты биржаның қалыптасқан жүйелі ақпараттық тех­нологиясын өзгертуге дайындығы болуы керек.

Биржада қызмет істеуші мамандар жеке электрондық есептегіш машиналардың (ЖЭЕМ-ПЭВМ) көмегімен өз ісін белгілі бір дәрежеде интенсивтендіруге, әрі жеңілдетуге мүмкіндік алады. Ол іс үш кезеңде жүргізіледі.

Алғашқы кезеңде әдетте ежелден келе жатқан істер, мысалы, брокерлер мен брокерлік кеңселерді тіркеу, биржалық ведомостыны дайындау, мәмілені тіркеу үшін құжаттарды дайындау және с.с. қызметтер автоматтандырылады.

Екінші, аса күрделі, кезең – онда маман өзі дербес ЖЭЕМ-да белгілі-бір істі атқару үшін қолданатын арнайы тілді дайындау, соның көмегімен ЖЭЕМ-да, мысалы, биржалық саудаға қатысушы кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін талдау, кез-келген брокерлік фирманың жұмыс нәтижесін бағалау және т.с.с. қызметтерді өз алдына жүргізе алады.

Ақырғы, үшінші кезең – ол өте күрделі процесс – онда биржа маманының шығармашылық қызметі ішінара автоматтандырылуы мүмкін. Онда ЖЭЕМ биржа қызметіндегі маманданған нақты істі сақтаушы ролін атқарады. Мысалы, биржалық нарықты сараптап, осы нарықтың белгілі бір проблемасын шешуде және с.с. басқа жағдайларда нақты кеңес береді немесе осы тәрізді жағдайдағы шешімді ұсынады.

Айтылған үш кезеңде де биржа қызметкерлері өз ісінде ЖЭЕМ-ды белсенді пайдаланады.

ЖЭЕМ-ды қолданушының жұмысы нәтижелі болуы үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып, автоматтандырылған жұмыс орны дайындалады.

Жаңа ақпараттық технология деген ақпаратты, оның ұйымдық-басқару концепцияларын дайындауды және қолдануды өңдеу әдісі, сондай-ақ ақпараттық техниканың барлық түрлерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, жаңа ақпараттық технология деген биржаның техникалық құралдар кешенін пайдалану, оның ұйымдық құрылымында ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу қызметтерін орындаудағы процедуралары.

ЖЭЕМ-ның базасында жаңа ақпараттық технология биржаны ұйымдық басқаруды орталықсыздандыр жүйесінің негізі болып саналады. Онда:

Біріншіден, басқару объектілеріне (операциялық зал, мәмілені тіркеушілер және т.б.) мәліметтерді өңдеу құралдарын жақындату есебінен ақпараттарды өңдеуді жеделдету және жедел шешім қабылдау қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, биржаның ұйымдық құрылымының икемділігінің өсуі қамтамасыз етіледі.

Үшіншіден, биржа қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырады.

Төртіншіден, биржаны автоматтандыру жүйесінің қуатын (модульін) кезең кезеңмен арттырады.

Бесіншіден, биржада құжат айналымының көлемі азаяды.

Алтыншыдан, басқару үшін мәліметтердің қажетті санын көбейту есебінен ақпараттық жүйенің тиімділігін өсіру, олардың дәлдігін арттыру және өз уақытында орындалуы қамтамасыз етіледі.

Биржаны басқаруды орталықсыздандырған жағдайда авто­маттандырылған жүйе ұзақ мерзім қызмет көрсетеді, себебі бір ЖЭЕМ-ның істен шығуы бүкіл басқару жүйесінің істен шығуына әсер ете алмайды. Орталықтанған жүйеде техниканы ендіру үлкен ЭЕМ-ды сатып алудан, оны қондырудан және байланыс каналдарын ұйымдастырудан басталады. Бұл жағдайда көптеген материалдық қаражат және адам күші шығындары жұмсалады.

Қорыта айтқанда, биржаны басқаруды орталықсыздандыр жүйесінің принциптік артықшылығы. Техниканы ендіргенде тәуекелдің азаюды. Себебі, жүйені дамыту кезең-кезеңде жүзеге асырылады, әрбір кезеңде аздаған балансталған материалдық шығындар болып тұрады.

ЖЭЕМ негізінде биржа ісіне қатысушылардың, мысалы, брокердің, маклердің, биржаны басқарушының автоматтанды­рылған жұмыс орны олардың жұмыс столындағы жай ЖЭЕМ-ды пайдаланудан айтарлықтай ерекшелігі бар. Оны мына анықтамадан түсінуге болады. Биржа қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) деген биржа қызметінде ЖЭЕМ-ның жұ­мы­сын қамтамасыз ететін әдістемелік, тілдік, ақпараттық, бағ­дарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Ол 18.1. Су-­ ретте өрнектелген.

АЖО-ның ең негізгі құрылымдық бөлігі – ол ЖЭЕМ мен оны қолданушы арасындағы диалогтың арнаулы тілі, сондай-ақ биржа бойынша қажетті мәліметтердің базасын құратын және осы тілді қолданатын бағдарлама жүйесі. Ол тілдің негізін биржалық саудаға қажетті терминдер құрайды. Биржа қызметкерінің АЖО қамтамасыз ету бөлігіне биржа қызметіне қатысушылардың өзінің басқару және ұйымдық міндеттерін шешу үшін қолданатын ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету істері кіреді. Сөйтіп ол АЖО-ның ақпараттық-материалдық негізін құрайды.

Ақпараттық қамтамасыз ету деген биржа қызметкерінің АЖО үшін қажетті көлемі, орналастыруы және ақпараттық-ұйымдастыру формасы бойынша орындалған шешімдердің жиынтығы. Ол биржа қызметі бойынша нормативтік-анықтамалық ақпаратты, техникалық-экономикалық ақпараттың бірыңғайланған және арнаулы классификаторын және құжаттар жүйесін (мысалы, тауар топтары кодының классификаторы, брокерлік қызмет бойынша құжаттар жүйесі және т.б.) біріктіреді.

Бағдарламалық қамтамасыз етуге операциялық жүйе жатады. Ол жүйенің негізгі қызметі: қолданбалы бағдарламаның қолданыстағы техникалық құралдарға тәуелсіз болуын қамтамасыз ету, бағдарламаны басқа есептеу жүйесіне аударуды жеңілдету, қолданбалы бағдарламаларды жетілдіруге және өңдеуге кең мүмкіндік беру. Қазіргі кезде Windows 95 операциялық жүйесі кең қолданыста болуда.

Техникалық қамтамасыз етуге әдетте ЖЭЕМ-ды және коммуникация құралдарын жатқызады. Жеке электрондық есептегіш машина деген көпшілік қолданушылар қол жеткізе алатын және әртүрлі міндеттемені шешуде қолданатын әмбебап электрондық есептегіш машина.

Биржа қызметінде ЖЭЕМ-ды кең қолдану, шын мәнінде, бірсыпыра жұмыс орындарын автоматтандыруды талап етеді. Онда ЖЭЕМ және биржа қызметіне қатысушылар кешенді автомат­тандырылған модульмен өзара байланыста болады. Бұл жағдайда «автоматтандырылған» деген термин белгілі бір дәрежеде тек метафора (ауыспалы астарлы мағынада) болып қалады. Себебі көптеген басқаруға байланысты шешімдер объективті және субъективті факторлардың жиынтығына байланысты қабылданады. Олар творчестволық сипатта болып, автоматтандыруға келмейді.

Қазіргі кезде толық көлемде автоматтандыру туралы тек кейбір процедураларды айтуға болады. Мысалы, бағдарламалармен қамтамасыз етілген ақпараттық технологиялар – тексті және кестелі процестер, экранға шығатын формалар, мәліметтер базасы және т.с.с. Тіпті техникалық қызметкерлер үшін оларға қажетті ақпараттың тек кейбір бөлігін ғана автоматтандыруға болады.

Қорыта айтқанда, биржалық саудаға қатысушының жұмыс столындағы ЖЭЕМ «жоғары өндіруші интеллектуальды ассис­тенттің» қызметін атқаруы тиіс – ол ақпаратты сақтауды ұйымдастырушы (файлдық құрылым, іздеу, сараптау, есептеу, экранда мәліметті ұдайы көрсету).

Биржаны басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ББАЖ-АСУБ) – ол биржаның, оның аймақтық бөлімшелері мен брокерлік бөлімдерінің қалыпты қызмет етуі үшін қажетті ақпараттарды жинақтайтын, сақтайтын және оны қолданушыларға беретін орталықтандырылған құрылым. Ол жаһандық есептеу желісінің құрамында қызмет ететін техникалық және бағдарламалық құралдардың кешені. ББАЖ-дың жалпы құрылымы кесте түрінде 18.2. Суретте өрнектелген.

Орталық ББАЖ-дың құрамына сол аймаққа қызмет көрсететін және сол жерде бір уақытта сауда-саттық жүргізетін биржаны басқарудың аймақтық автоматтандырылған жүйелері де (ББААЖ-РАСУБ) кіреді.

ББААЖ деген биржаға қызмет көрсететін және қашық орналасқан аймақтық бөлімшелерді іске қосатын, сондай-ақ брокерлік кеңселерге, атап айтқанда, брокерлердің АЖО-ға қызмет көрсететін Орталық биржа жүйесінің бөлімшесі. Биржа жүйесінің бұндай бөлімшелерінің қалалық, қалааралық және халықаралық байланыс желілеріне шығу мүмкіндігі болуы керек. Сондай-ақ олардың биржа қызметіне қатысушы банк бөлімшелерімен, сақтандыру қорларымен және т.б. мекемелермен өзара байланыста болу мүмкіндігі қарастырылған жөн. ББААЖ-дың ішкі құрылымы кесте түрінде 18.3. Суретте өрнектелген.

Биржаға қызмет ететін бөлімше құрылымы бойынша – ол биржа басшысының және биржаның басқа бөлімдерінің автомат­тандырылған жұмыс орнын біріктіретін жергілікті есептеу желісі.

Биржадағы сауда операцияларын жүргізу технологиясына сәйкес төмендегі процестер автоматтандырылуы керек:

клиенттерге қызмет көрсететін брокерлік кеңселердің қызметі және жолдама құжаттарды дайындау процестері;

брокерлік кеңселерден биржаға жіберілетін мәлімдемелер;

биржалық ведомостьлерді қалыптастыру;

биржалық ведомостьлерді түзету;

мәмілелерді тіркеу үшін құжаттарды дайындау;

сауда кезінде электрондық таблоны пайдалану;

биржалық орталықтың биржаның аймақтық бөлімшелеріне мәлімдемелерді жеткізу;

бір уақытта жүргізілетін сауданың аукционын жүргізу;

ұсыныс жағдайларын сатушы-брокерлер және сатып алушы-брокерлер арасында келісу;

әртүрлі биржалар арасында, биржа мен брокерлік кеңсе арасында пайдаланылатын ақпарат текстісін (хаттар, құжат­тар, хабарлар және т.с.с.) дайындау және тарату;

биржаның автоматтандырылған жұмыс орны (басшының, баға белгілеу комитетінің, маклердің және т.б.) жүйесін құратын әртүрлі бөлімшелерді біріктіретін биржаның ішкі қызметтері автоматтандырылуы тиіс.

Қорыта айтқанда, биржа ісін автоматтандыру құралдары биржаның жұмысын жеңілдетіп және жеделдетіп, биржалық тауарлар айналымын, қызмет көрсететін брокерлік кеңселер және т.б. қызметтер санын көбейтуге мүмкіндік жасайды.