
- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •9.4. Сурет. Биржаның түрлері Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
Бірыңғай бағам белгілеу – ол бірыңғай баға белгілеуге негізделген әдіс. Мысалы, ол жабық қос аукцион негізінде неміс биржаларында қолданылады. Бұндай жағдайда биржалық бағаны белгілегенде бағамдық маклер деп аталатын ресми делдалдардың мәмілелері ғана ескеріледі. Қор құндылықтарының әрқайсысына, мыс., бағалы қағаздардың әртүріне сұраныс пен ұсыныс мәлімдемелерін арнаулы маклер қабылдайды. Олар белгілі-бір уақытта биржа залының нақты бір жеріне жиналып, нақты бағалы қағаздарды алуға мүдделі жақтардың қатысуымен сұраныс пен ұсыныстың ең көп сомасын өтей алатын бағамды белгілеуге кіріседі. Егер нарықта мәлімдеме саны аз болса, онда олар нарықты теңестіре алатын тапсырысты залда айғайлап айтады. Егер ол мәлімдемені өз атынан шығаратын қолдаушы бос маклер тапса, онда сол мәлімдемені бағамдық маклер компьютерге енгізеді. Сонда ғана сол нақты бағалы қағаз бойынша нарық тепе-тең қалыпқа келеді.
Бағам белгілегенде белгілі-бір тәртіпті қолдану керек:
биржалық бағамды ең көп мәміле санын қамтамасыз ететін деңгейде белгілеу керек;
барлық мәлімдемелер алғашқы баға ұсынысы шыққанда «кез-келген бағаммен сату», «кез-келген бағаммен сатып алу» деген ұсыныспен жүзеге асырылуы керек;
сатып алғанда бағаның ең жоғарғы деңгейі және сатқанда ең төмен баға көрсетілген барлық мәлімдемелер жүзеге асырылуы керек;
сатып алғанда бағаның ең жоғарғы, ал сатқанда ең төменгі деңгейі көрсетілген барлық мәлімдемелер жарым-жартылай сатылуы мүмкін;
сатып алғанда көзделіп отырған бағамнан төмен немесе сатқанда жоғары баға көрсетілген барлық мәлімдемелер сатылмайды.
Сонымен, бірыңғай бағам белгілеу әдісі бойынша белгіленген биржалық бағаны ақпарат құралдарында жариялау үшін қосымша өңдеудің және дайындаудың қажеті жоқ. Тек алдыңғы саудамен салыстырғанда бағаның өсуін немесе төмендеуін, яғни баға қозғалысын есептеу қажет.
Жай және үздіксіз аукциондарға тіркеу әдісі бойынша белгіленген баға бір-біріне сәйкес келеді. Себебі биржалық бюллетеньде биржалық күнде мәмілелердің нақты тіркелген бағасы көрсетіледі.
Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
Фиксинг деген шетел валютасын сату мәлімдемелерінің көлемі оны сатып алу мәлімдемелерінің көлеміне тепе-тең келген сауданың жағдайы. Фиксингке жету сәті – сауданың (аукционның) аяқталу сәті. Фиксингке жету үшін бірсыпыра ережелерді орындау керек.
1.Егер ұсыныс сұраныстан көп болса, онда маклер валюта бағамын төмендетеді; ал ұсыныстан сұраныс көп болғанда керісінше, маклер шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамын көтереді. Мысалы, валютаны сатып алу көлемі 1200 шартты бірлікке тең, ал сату көлемі - 800, яғни сатып алу көлемі сату көлемінен көп. Бұл валюта бағамын көтеру керектігін көрсетеді. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін я сатып алу көлемін азайту, немесе сату көлемін көбейту керек.
Егер сатып алу көлемі 800 шартты бірлікке теңгерілсе, ал сату көлемі - 1200 болса, яғни сату көлемі сатып алу көлемінен жоғары, онда валюта бағамы төмендей бастайды. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін, я сату көлемін азайту, немесе сатып алу көлемін көбейту керек.
2. Шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы алғашқы бағам өзгерісінен кейін бағамның қозғалысы бағытын өзгертпеу керек.
3. Сауда барысында шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамының өзгерісін тек маклер айқындайды.
4. Саудаға қатысушылар сатып алу немесе сату сомасының өзгеруі туралы қосымша мәлімдемелерді өз дилерлері арқылы береді.
5. Қосымша мәлімдемелерді өзгерткенде олардың мына түрлері қолданылады:
а) сатуға валютаны қосатын;
ә) валютаны сатып алу көлемін арттыратын;
б) валютаны сатып алу көлемін төмендететін;
в) валютаны сатудан шығаратын.
Қорыта айтқанда, фиксингке жеткеннен соң бағамдар сауда залының кестесіне енгізіледі. Биржа сатып алушы мен сатушының келіскен орташа бағамын баспасөзге дереу шығаруды ұйымдастырады.