
- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •9.4. Сурет. Биржаның түрлері Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Аукционда баға белгілеу
Биржалық сауданы ұйымдастырудың тиімділігі аукционда баға белгілеу мүмкіндігімен анықталады. Биржалық сессия кезінде биржалық сауданы ұйымдастыру биржалық нарықтың тұрақты, әрі өтімді болуына әсер етеді. Биржалық сауданы ұйымдастыру формасы негізінен қор нарығының жағдайына, атап айтқанда, оның тереңдігіне, кең ауқымдылығына және төтепберушілігіне (төзімділігі) байланысты болады. Таратып айтсақ, бағалы қағазадарға сұраныс пен ұсыныс көлемі ұлғайған сайын нарық та кеңи түседі, инвесторлар мәлімдемесінің көлемі үлкейген сайын және сұраныс пен ұсыныс шоғырланған сайын, екінші нарық та тереңдей түседі. Нарыққа қатысушылардың бағаның әртүрлілігіне байланысты төтепберушілігі олардың бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға дайындығын білдіреді. Егер нарықтың қызмет ету жағдайы және сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық пайда болуының әсерінен баға өзгерсе, онда биржалық сауда аукцион формасында ұйымдастырылады. Ол 15.1. Суретте өрнектелген. Аукцион деген көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауданың түрі.
Егер сұраныс немесе ұсыныс көлемі онша көп болмаса онда сауда жай аукцион формасында ұйымдастырылады. Ондай аукционды сатып алушының ұсынысы бойынша я сатушы ұйымдастырады, я көптеген сатушылардан тиімді ұсыныс іздеген сатып алушы ұйымдастырады. Сатушы ұйымдастырған аукционды сатушы аукционы, ал сатып алушы ұйымдастырған аукционды сатып алушы аукционы деп атайды.
Жай аукцион типін ағылшын аукционы деп атайды. Онда сатушылар қор құндылықтарын бастапқы баға бойынша сату үшін өздерінің мәлімдемелерін сауда басталғанға дейін беріп қояды. Олар баға белгілеу бюллетеньдерінде топтастырылып, биржалық саудаға қатысушыларға үлестіріледі. Аукцион барысында сатып алушылар бәсекесінің негізінде баға бірден бірге көтеріліп, соңында бағалы қағаздар ең жоғарғы бағамен сатылады.
Голландиялық аукционда сатушының алғашқы ұсынған бағасы жоғары болады, сауданы жүргізуші бірден бірге төменгі ставка ұсынып, ақырында соның біреуін қабылдайды. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың ұсынылған бағамы көңілінен шыққан бірінші сатып алушыға сатылады.
Тәуекелге салу немесе сырттай аукционында барлық сатып алушылар бір уақытта бірден өз ставкаларын ұсынады. Бағалы қағаздарды ең жоғары ұсыныс жасаған клиент алады.
Қорыта айтқанда, жай аукцион я сатушылар, я болмаса сатып алушылар аукционы, ол сұраныс пен ұсыныс көлемі аз жағдайда ұйымдастырылады. Ал қор нарығы кең ауқымды дамыған жағдайда қос аукцион жүйесін ұйымдастыру тиімді болады. Онда сатушылар арасында да, сатып алушылар арасында да бәсекелестік болады. Қос аукцион «бір дүркін» және үздіксіз аукциондар болып бөлінеді.
Болашақта бағалы қағаздар нарығының жағдайын, атап айтқанда, оның өтімділігін қамтамасыз ететін қос акцион формасы деп есептеледі. Егер нарықта мәміле-шарт сирек жасалса, биржалық баға белгілеуде «спрэд» деп аталатын сатып алушы мен сатушы бағалары қабыспай алшақтаса, мәміледен мәмілеге дейінгі бағаның ауытқуы ауқымды және үнемі қайталанып тұрса, онда бұндай нарықты өтімді деп айтуға және де биржалық сауданы үздіксіз аукцион формасында ұйымдастыруға болмайды. Бұл жағдайда биржалық сауданы «бір дүркін» аукцион формасында ұйымдастырған тиімдірек болады. Себебі нарықтың өтімділігі төмен, әрі аукцион сирек өткен жағдайда бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға түскен мәлімдемелерді жинақтау мерзімі ұзақтау болғандықтан, кейін барлығын бір уақытта орындау үшін сауда залында «бір дүркін» аукцион жүргізіледі.
Аукцион жүргізудің техникасы жөнінен ол дауыс аукционы немесе ауызша аукцион түрінде жүргізіледі. Бұл жағдайда биржалық делдалдар өз портфельдеріндегі клиенттерден түскен мәлімдемелерді ауызша салыстыру үшін жиналады. Оның мақсаты – сатып алу мен сату мәлімдемелерінің арасындағы тепе-теңдікті анықтау. Дауыс аукционындағы у-шуда дұрыс бағыт алу оңай емес, сондықтан биржалық аукциондарда тарихи қалыптасқан белгілі бір дене қимылын (мысалы, «жұлқынып сөйлеу» аукционы) пайдаланбай сауда жүргізу мүмкін емес.
Брокер алдын-ала мәлімдемені ауызша беріп қойғанымен, кейін оны жазбаша берген жағдайда алдын-ала ауызша берген уақыты өз маңызын жояды. Жазбаша берген мәлімдеме бойынша мәміле жасалады. Сөйтіп, «дүркін-дүркін» аукционы нарықты көптеген ауызша тапсырыстан «тазартады». Өтімі жоғары нарықта бір биржалық бір күнде «дүркін-дүркін» аукцион бірнеше рет өткізіледі. Жиі-жиі өтетін бұндай аукцион бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тұрақты болып тұратынын, нарықтың өтімді екенін білдіреді. Сондықтан үздіксіз аукцион өткізуге болады. Үздіксіз аукционның үш түрі бар:
Біріншісі, тапсырма кітабын пайдалану. Оған брокерлердің ауызша берген мәлімдемесі жазылып, оны кейін клерк (биржа өкілі) орындайды.
Екіншісі – табло, онда әрбір шығарылғанда екі жұп баға көрсетіледі (яғни, сатылғанда – ең жоғары, сатқанда – ең төменгі). Маклер түскен мәлімдемелерді топтастырып, бағалы қағаздардың әрбір түрі бойынша бағамын айқындайды (яғни, сатып алғанда – ең жоғары, сатқанда – ең төменгі). Осы бағалар таблоға шығарылады.
Үшіншісі – «тобыр» немесе «жиын» аукционы. Онда саудаға шығарылған бағалы қағаздарды хабарлайтын клерктің айналасына трейдерлер жиналады. Кейін олар «тобырдың» ішінен контрагенттерін табу мақсатында бағаны айғайлап хабарлап, сөйтіп оларды өздері тауып алады.
Сонымен аукциондардың жіктелуін қарастыра отырып, баға тұрғысынан алғанда «бір дүркін» аукционы бірыңғай, әрі ең дұрыс бағаны белгілеуге мүмкіндік береді. Ал үздіксіз аукционда бағаның бір мәміледен келесіге дейін үнемі ауытқуы, сұраныс пен ұсыныс көлемінің аздығы, немесе саудаға қатысушылар санының шектеулілігі, мәлімдемелердің бір қалыпты түспеуі бағаның өсуіне соқтыруы мүмкін. Нарықта бұл әдісті қолдану әрекеті тіпті биржалық дүрбелеңге тіреуі мүмкін.