
- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •9.4. Сурет. Биржаның түрлері Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Биржалық сауданы ұйымдастыру
Биржалық операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір биржа өзіне биржалық сауданың ережесін алдын ала бекітіп алады. Биржаның жұмысы тек өзі бекіткен ережемен ғана реттеліп қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің ұсыныстарын да ескереді. Әрине ол саудаға қатысушылардан арнайы білімді талап етеді.
Қазақстан «Тауар биржалары туралы» заңына сай биржалық сауда жан-жақты реттелуі қажет. Атап айтқанда, биржалық сауданы жүргізу тәртібі; биржалық мәміленің түрлері; биржаның құрылымдық бөлімдері; биржалық саудаға қатысушыларға алдыңғы өткен биржалық саудадағы мәмілелер туралы және биржалық баға кесу туралы ақпарат беру тәртібі; биржалық мәміле жасасқанда биржа мүшелерімен және басқа да қатысушылармен өзара есеп айырысу тәртібі; бағаны өзгерту мақсатында тәуліктік кенеттен ауытқуды болдырмау үшін баға белгілеуді бақылау шаралары және т.б. мәселелер биржаның ережесінде көрсетіледі.
Ереженің негізгі бөлімдері:
1. Биржалық сауданы жүргізудің тәртібі. Бұл бөлімде сауданы жүргізетін орын, сауда сессиясының уақыты және жұмыс сағаты белгіленеді. Биржа сессиясы деп әдетте биржа әкімшілігінің ресми белгілеген уақыттағы жүргізілетін сауданы айтады. Ол уақытта биржалық саудаға қатысушылардың мәміле жасасуға құқығы бар. Бұндай сауда кестесін дәл осындай тауарларды сататын басқа биржалардың жұмыс кестесін ескере отырып жасайды. Бұл саудаға қатысушыларға басқа нарықтардағы баға туралы ақпаратты пайдаланып арбитраждық операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Лондон металл биржасында әрбір сессия тек бір тауарға арналып, ол тек 5 минут аралығында өтеді. Биржа хатшысы металдың аты жазылған таблицаны жоғары көтеріп, «Темір, жентельмендер, темір» деген сөздерді даусын көтеріп айтады. Темір сағат 12-ден 12 сағат 05 минутке дейін; 12 сағат 0,5 минуттен 12 сағат 10 минутқа дейін – мыс; 12 сағат 10 минуттан 12 сағат 15 минутқа дейін мырыш сатылады.
Сауда биржа залында жүргізіледі. Саудаға барлық қатысушыларға компьютерлік жүйедегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік жасалады.
2. Биржалық мәміле түрлері. Биржалар жасалатын мәміле түрлерін айқындайды. Мыс., нақты тауарлармен мәміле, бағалы қағаздармен және фьючерстік шартпен мәміле. Биржа әрбір мәміле бойынша шарттың стандартын, мәміле көлемін және активтің стандартты мәліметтерін белгілейді. Сауда сессиясы аяқталған соң мәміле құжатпен рәсімделіп, биржа тізіміне тіркеледі. Қол қойылған және тіркеуден өткен шарттар брокерлік сыйақы төлеу үшін клиенттерге қайтарылады.
3. Биржалық ақпарат. Оның саудаға қатысушылар үшін маңызы аса зор. Себебі жасалған мәміле туралы дәл, толық және уақытында берілген ақпарат нарықтың жағдайын талдап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Биржалық ақпарат ағымдағы және жинақталған ақпарат деп бөлінуі мүмкін. Ағымдағы ақпарат – ол биржада жасалған соңғы мәлімет бойынша берілетін ақпарат. Көптеген биржаларда бұл ақпарат электрондық таблода жүгіртпелі жол түрінде көрсетіледі, оны «тикерлік ақпарат» деп те атайды. Қор биржасында бұндай ақпаратта компанияның символы, акция түрі, мәміледегі акцияның саны және әрбір акцияның бағасы көрсетіледі. Әдетте ағымдағы ақпаратта коммерциялық құпия сақталады, сондықтан оны осы биржалық саудаға аккредитивтенген (яғни сауда операциясын жүргізу үшін уәкіл етілген) жақ қана ала алады. Жинақталған ақпарат биржалық бір күннің қорытындысын көрсетеді. Саудаға қатысушылар күнбе-күн бағалы қағаздардың айналысы туралы; мәміленің соңғы, ең аз, ең көп бағасы туралы; сатып алушының ең жоғары, сатушының ең аз бағасы туралы; орташа баға туралы және жасалған мәміле саны туралы ақпарат алады. Саудаға қатысушылар жинақталған ақпаратты техникалық талдау жасау үшін қолданады. Сондай-ақ қорытынды ақпараттар келешекте сауда жүргізу үшін шешім қабылдауға да қолданады.
4. Биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртібі. Ол саудаға қатысушылардың өзара құқығы мен міндеттерін айқындап, олардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді. Есеп айырысу жүйесі әр алуан. Мыс. АҚШ-та есеп айырысу жүйесі ұлттық клирингтік корпорация арқылы жүргізіледі. Мәміле жасасқаннан кейінгі бес жұмыс күні аралығында бағалы қағаздарға ақы төлеу және оны жеткізіп беру жұмыстары жүзеге асырылады. Лондон қор биржасы да жеткізіп беру және есеп айырысу мәселелерін бес күн мерзімде атқаруға көшті.
Биржалық сауда ережесінің талаптарының орындалуын бақылауды биржалық комитет жүргізеді. Ол биржалық саудаға қатысушылардың ережені бұзу жағдайларын талқылап, ондай жағдайлар орын алғанда әр түрлі жаза қолданады. Ең ауыр жаза – биржа мүшелігінен шығару. Ондай жаза, мыс., өтірік ақпарат таратушыға, алаяқтық жасаушыға және алдаушылық жолға түскендерге қолданылады. Биржа әкімшілігі ережені бұзған жағдайлар туралы және оны бұзушы компанияның атауын немесе жеке тұлғаның аты-жөнін көрсетіп, сондай-ақ оларға қолданылған шаралар туралы саудаға қатысушыларға баяндап тұрады.