
- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •9.4. Сурет. Биржаның түрлері Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
а) нарықта жаңа қаржы құралдарының, яғни туынды бағалы қағаздардың көптеген жаңа түрлерінің пайда болуы;
ә) бағалы қағаздармен сауданың жаңа жүйесінің пайда болуы – ол компьютерлерді және қазіргі байланыс құралдарын қолдану негізінде делдалдарсыз және де сатып алушымен сатушының бір-бірімен тікелей кездесуінсіз сауданы толығымен автоматты режимде жүргізуге мүмкіндік беретін сауда жүйесі;
б) нарықтың жаңа инфрақұрылымының қалыптасуы – ол қазіргі ақпараттық жүйе, клиринг және есеп айырысу, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына депозитарийлік қызмет ету жүйесі.
5. Секьюритизациялау. Ол – ақша қаражаттарының өзінің дәстүрлі формасынан (жинақтау, қолма-қол ақша алу, депозитке салу және т.б.) бағалы қағаздар формасына ауысу тенденциясы; көптеген капитал массасының бағалы қағаздар формасына өту тенденциясы; бағалы қағаздардың бір формасынан басқа көпшілік инвесторлардың қолына тиетін формасына ауысу тенденциясы.
Тауар нарығы
Базистік нарықтың келесі түрі – ол тауар нарығы. Тауар нарығы – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категория. Оның мәні нарықты жан-жақты қарастырғанда ғана толық көрінеді. Біріншіден, нарық тауар айырбасы ретінде көрінсе, екіншіден, тауардың өндірушілерден тұтынушыларға дейін қозғалысын атқаратын шаруашылық іс-шаралар және ұйымдастыру-экономикалық әрекет жүйесі ретінде көрінеді. Мұндай шаруашылық әрекеттер, мысалы, тауарларды өндіру мен сату механизмінің, сату формалары мен әдістерінің, тауарларды жарнамалаудың, халықтың сұранысын зерттеудің дамуымен баланысты туындайды. Сөйтіп, тауар нарығы деген тауар айырбасы, яғни тауарларды сатып алу, сату барысында туындайтын шаруашылық іс-шаралардың жиынтығы.
Тауар нарығының құрамдас элементтері – тауар ұсынысы, халықтың сұранысы және тауар бағасы. Осы элементтерді таратып айтсақ, тауар ұсынысы деген сатуға арналған тауар массасы. Оның негізгі көзіне тауар өндірісі, елдегі тауар қоры және шетелдерден сатып алған тауарлар жатады.
Тауарға сұраныс деген халықтың төлем қабілеттілік мұқтаждығы. Сұраныс – ол тұтынушының тауар ақысын төлей алатын мүмкіндігі. Сұраныстың тілектен айырмашылығы осы.
Тауар бағасы – ол тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға көптеген факторлардың әсерінен тауар құнынан ауытқиды. Ең алдымен ол ақша құнының көрінісі. Ол, біріншіден, алтынның ерекше тауар ретіндегі құнына байланысты болады. Себебі алтынның құны арқылы басқа бүкіл тауарлардың құны көрінеді. Екіншіден, тауар бағасы айналыстағы ақша санына байланысты өзгереді. Бірақ ол өзі алмастыратын алтынның санына сәйкес келмеуі мүмкін. Бұлардан басқа тауарлар тұтыну құнымен сатылады және сапасында да өзгешелігі бар. Міне осылардың бәрі тауар бағасына әсер етеді. Тауарлардың тұтыну қасиетін салыстыру кейбір тауарлардың бағасы мен түрлерінің арақатынасына әсер етеді. Сондай-ақ сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінен туындаған сату жағдайлары да бағаның конъюнктуралық ауытқуына әсер етеді. Тауар нарығында бағаның қалыптасуына әсер ететін факторларды бірінші және екінші кезеңдегі факторлар деп жіктеп, 11.1. Суретпен өрнектеуге болады [8;63.].
Кез-келген тауар нарығының қызметі мынандай негізгі көрсеткіштермен сипатталады:
тауар нарығының сыйымдылығы – ол дәл осы кездегі төлем қабілеттілік деңгейдегі сұранысқа, ұсынысқа және дара бағаға тауарларды сатудың ең көп мөлшері;
· кейбір салалық тауар нарығының даму динамикасы – ол елдің біркелкі тауар нарығының құрамдас бөлігі;
· тауар нарығының диверсификациялық деңгейі – ол халықтың географиялық, этникалық және төлем қабілеттілік ерекшеліктерін есептеп, әр түрлі тауармен (яғни ассортименті және бағасы бойынша) қамту деңгейі;
нарықта сатылатын тауарлардың сапасы – ол тауарларға тән олардың қасиеттері. Тұтынушылар тарапынан оның қауіпсіздігіне, экологиялық нормалардың сақталуына, буып-түйілуіне және таңбалауына (марка) жоғары талаптар қойылуы;
нарықта тауарлардың бәсекелестік қабілеттілігі – ол өнімнің дәл қаралып жатқан кезде осы нарықтың талаптарына сай келуі.
Тауар нарығын әртүрлі сипатына қарай жіктеуге болады. Солардың бірі географиялық нышанына қарай әртүрлі аймақтардың, мысалы, Африка нарығы, Латын Америкасы, Азия, Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Ресей нарығы және т.с.с. нарықтар. Сондай-ақ олар әр елдің дайын өнім нарығы (өз кезегінде олар машиналар мен құрал жабдықтар, тұрмыстық заттар нарығы), шикізаттар мен жартылай фабрикаттар нарығы (өз кезегінде олар отын, өнеркәсіп шикізаты, ауылшаруашылық және орман тауарлары нарығы және т.б.) және қызмет көрсету нарығы деп те жіктеледі. Одан әрі тауар нарығының әрбір тобы жеке тауар нарығы деңгейіне дейін бөлінеді. Мысалы, өнеркәсіп шикізаты өз кезегінде темір, болат, мыс, құнды металдар, алмас, химикаттар, медикаменттер және с.с. нарықтар болып бөлінеді.
Жеке-жеке тауар нарығында оған қатысушылар әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, халықаралық мұнай нарығына қатысушылар:
мұнай шығаруды барлау, оны өндіру, қайта өңдеумен және сатумен шұғылданатын мұнай компаниялары. Мұнан басқа көптеген мұнай компаниялары мұнай мен мұнай өнімдерін сату құқықтарын, яғни фьючерс, опциондарды сатуды, сондай-ақ фьючерсті нақты тауарға айырбастауды жақсы меңгеруде;
мұнайды қайта өңдеу заводтары – олар шикі мұнайды сатып алушы және өндірілген өнімді нарықта сатушы ролін орындаушылар;
тәуелсіз сауда компаниялары, мысалы, көпке белгілі Марк Рич, Витол, Аркадия компаниялары. Олар нақты нарықта, сондай-ақ жаңа нарықтарда жұмыс істейді;
қаржы инвестициялық компаниялар, банктер, сауда үйлері – олар нарықтың жаңа түрлеріне қызмет көрсетеді;
жеке және ұжымдық инвесторлар – олар мұнай және мұнай өнімдеріне жасалған фьючерстік және опциондық шарттарға өз қаржыларын салады.
Қазіргі кездегі мұнай нарығындағы баға баға белгілеудің нарықтық механизмінің қызметі барысында қалыптасады. Оған тұтынушылардың және ОПЕК-елдерінің жеке мүдделері әсер ете алмайды. Себебі олардың өздері нарыққа бағынышты.
Мұнай өнеркәсібі бұрынғыдай интернационалды сипатта дамыса да, мұнайдың көп бөлігі ұзақ мерзімді келісім негізінде сатылады. Ал оның бағасы қолма-қол «СПОТ» мәмілесі механизмі негізінде алдын ала қалыптасып, әрбір жөнелтуге бөлек-бөлек анықталады. Мұнай компаниялары мерзімді мәмілелерді (форвард) пайдалану арқылы баға тұрақсыздығынан туындайтын қаржылық тәуекелді азайту тәсілін жиі қолдануда.
Ауыл шаруашылығы мен орман тауарлары нарығының өзіне тән құрылымдық бөлімдері бар. Оның ішінде астық нарығы ерекше орын алады. Тауар нарығын зерттегенде нарықтың құрылымдық типі мен оның әрбір элементтерінің жіктелуіне көңіл бөлінеді.
Нарықтық құрылым деген оның қызмет ету ерекшелігін білдіретін жағдайлардың жиынтығы. Тауар нарығының құрылымын қалыптастырғанда монополизациялаудың дәрежесі мен сипаты ерекше роль атқарады. Оның негізгі варианттары:
монополия – нарыққа бір сатушы мен шексіз санды сатып алушылардың қатысуы;
монопсония – бір сатып алушы мен шексіз санды сатушылар;
олигополия – бірнеше сатушы мен шексіз санды сатып алушылар;
олигопсония – бірнеше сатып алушы мен шексіз санды сатушылар.
Қазіргі кезде тауар нарығын жоғарыда аталғандай шектеу абстрактылы түрде ғана болады, ал әлемдік тәжірибеде нарықтың құрылымына монополизация мен мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері әсерінен туындаған оның көптеген функционалдық формалары кездеседі.