
- •0Қазақстан республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
- •Пайдалы кен орындарын қазып-өндіру кафедрасы «пайдалы кенді байыту және өңдеу»
- •Әдістемелік нұсқауы
- •2. Жұмысты жүргізу тәртібі
- •3. Есеп берудің мазмұны
- •Тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •2. Жұмысты жүргізу тәртібі
- •3. Жұмыстың мазмұны
- •4. Бақылау сұрақтары
- •3. Жұмыстың мазмұны
- •Тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Әсерлі илеудің анықтамасы
- •Фракциялық анализді орындау реті
- •3. Есеп берудің мазмұны
- •Тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •2. Жұмыс істеу реті:
- •Қаралды: бекітілді:
4. Бақылау сұрақтары
1. Көмірдің фракцияның анализінің мәні?
2. Көмірдің фракцияның анализдері қандай тығыздықтармен жүргізіледі?
3. Суспензияны дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?
4. Орташа өлшенген күлділік қалай анықталады?
5. Көмірді байытуды бағалауда қандай тәуелділіктер қолданылады?
ТӘЖРИБЕЛІК ЖҰМЫС №5
Флотациялық байыту
1. Жұмыстың мақсаты – зертханалық машинаның құрылысы мен флотация үдірісімен тәжірибе жүзінде танысу.
Флотация – органикалық сұйықтықтар мен сумен минералдарды әртүрлі ылғалдандыруға негізделген сулы ортада байыту үдірісі. Флотациялық әдіспен кесектігі -0,5 - +0 мм бұрыш және негізінен кесектігі -0,74 +0 мм дейін уатылады.
Флотациялық пульпа (лай, қойылтпа) – минералдардың ұсақ бөліктері мен су қосындысы. Ол 3 фазадан тұратын жүйе: қатты (минерал), сұйық (су), газ тәріздес (ауа).
Минералдардың бөліну үдірісі флотациялық машинаның камерасында орындалады, онда пульпаны ауамен қонықтырады. Суланбаған минерал түйіршіктері ауа көпіршіктерімен соқтығысып, оған жабысады да, пульпа бетіне минерал көбігін құрып шығады.
Суланатын минерал түйіршіктері ауа көпіршігі жабыспайды және пульпа құрамында болады.
Минерал түйіршіктің беткейінің сулануын өзгертуге болады, яғни арнайы заттармен өңдеу – флотациялық реагенттермен. Оларды тағайындауға қатысты реагенттер келесі түрлерге бөлінеді:
Жинағыштар (собиратель);
Көбін тудыратындар (пенообразные);
Депрессорлар;
Күшейткіштер (активоторы);
Ортаны реттеушілер;
Жинағыштар минералдың бетінде, оның суланбау қасиеті жоғарылатындай етіп шоғырланады. Олардың әрекеттері таңдамалы (қамтуы) керек. Көп тараған жинағыштар: керосин (көмір үшін), ксантогенаттар (сульфидті минералдар үшін).
Көбік тудыратын ауа көпіршіктерінің бұзылыуына кедергі келтіреді (пульпа бетіне олардың қалқып шыққан кезінде). Көп тараған көбік тудыратындар – қарағай майы.
Депрессорларды минерал түйіршіктерінде суланатын бетті жасау үшін қолданылады. Көп тараған депрессорлар – ционистті тұздар, цинкті купорос, әктас.
Күшейткіштер – минералдың флотациялық күшейткіштерін күшейтетін, қалыптастыратын реагенттер.
Күшейткіштер ретінде келесілер қолданылады: мысты купорос, күкірт қышқылы, күкіртті натрий.
Қоршаған ортаны реттеушілер – минералдардың сулану бетіне әсер етпейтін, бірақ шоғырлануды, пульпаның иондық құрамын реттейтін реагенттер.
Оған қышқылдар мен сілтілер жатады. Пульпаның қышқылығы немесе сілтілігінің өлшемі ретінде пульпада сутекті иондардың шоғырлануы қолданылады, рН 7 орта бейтарап, рН<7 орта қышқылды, рН>7 орта сілтілі болды.
Флотация үдірісі келесі операциялардан тұрады: реагенттерді енгізу, ауа көбігімен пульпаны қонықтыру, флотомашинадан минералданған көбікті және тұнған бөлшектерді жою.
Қазіргі уақытта қолданылатын флотациялық машиналар, оларда ауа көпіршіктерінің пайда болуы және пульпаны араластыруға қатысты келесі түрлерге бөлінеді:
Механикалық;
Пневматикалық;
Құранды;
Механикалық флотамашиналарда ауа жұтылады, импеллерді айналдыру арқылы орындалады, жұтылған ауа ұсақ көпіршіктерге бөлінеді және машинада пульпа көлемімен толық ыдырайды.
Пневматикалық флотамашиналарда ауа пульпаға қысыммен беріледі.
Құранды флотациялық машиналарда ауа импеллер астымен жүргізіледі және олардың көмегімен ұсақ көпіршіктерге бөлінеді. Сонымен қатар импеллер машинада рульпа көлемімен ауа көпіршіктерін бір қалыпты ыдыратады.