
- •0Қазақстан республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
- •Пайдалы кен орындарын қазып-өндіру кафедрасы «пайдалы кенді байыту және өңдеу»
- •Әдістемелік нұсқауы
- •2. Жұмысты жүргізу тәртібі
- •3. Есеп берудің мазмұны
- •Тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •2. Жұмысты жүргізу тәртібі
- •3. Жұмыстың мазмұны
- •4. Бақылау сұрақтары
- •3. Жұмыстың мазмұны
- •Тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Әсерлі илеудің анықтамасы
- •Фракциялық анализді орындау реті
- •3. Есеп берудің мазмұны
- •Тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •2. Жұмыс істеу реті:
- •Қаралды: бекітілді:
4. Бақылау сұрақтары
1. Ірілік сипаттамасы деп нені айтады?
2. Електік шәкілі, шәкіл модулі және електік шәкілінің негізі деп нені айтады?
3. Електік талдауды қолдану аясында қандай қызмет атқарады?
4. Берілген електік талдауда қосынды сипаттамалары қалай құралады?
5. Зертханалық жұмыстың жасалу нәтижесінде, класс кірісін, м 18+8, +6, -12 құралған қосынды сипаттама арқылы анықтау.
ТӘЖРИБЕЛІК ЖҰМЫС №2
Пайдалы қазбаларды уату
1. Жұмыстың мақсаты. Жақты және балғалы уату құрылғысын меңгеру. Жақты уатқыштың уату дәрежесін немесе жақты және балғалы уатқыштың өнімділігін анықтау.
Уату – белгіленген іріліктегі өнімді алу мақсатында сыртқы күштердің әсерінен кесектердің бұзылу үдірісі. Пайдалы қазбаны уату, оны қирату, соғу, езу және жылжуы арқасында жүзеге асырылады. Байыту фабрикаларда қолданылатын уату және ұсақтау мәшинелері өзінің механикалық, конструктивтік белгісіне және уату әдісіне байланысты 5 негізгі класқа: жақты, конусты, білікті, барабанды, соққылы (балғалы, роторлы, дезинтеграторлы) операцияларды технология тарапынан ірі уату (ірілігі 200...500мм-ге дейін), орташа уату (80...150мм-ге дейін) және майда (25мм және одан кіші) деп бөледі.
Уату дәрежесі (i) сіңіргендегі кесектің максималды өлшемнің (D) уатылған өнімдегі кесектің максималды өлшеміне (d) қатынасын қабылдайды.
i = D/d;
Сіңіргендегі орташа шамамен өлшенген диаметрдің Dсрв және өнімдегі орташа шамамен өлшенген диаметрге dсрв қатынасымен уату дәрежесін і0 былай да өрнектеуге болады.
і0 = Dсрв/dсрв;
Dсрв және dсрв мәндерін келесі формуламен анықтауға болады:
Dсрв = ∑d’срγ / 100
Мұндағы, d’ср - әр кластың кесегінің орташа өлшемі, мм; γ - әр кластың шығысы, %; ∑d’срγ - әр кластың орта өлшемінің туындысының қосындысы, оның шығысына көбейтіндісі.
Кеннің уатылуы және әр түрлі табиғи материалдарды уату мәшинесінде кеннің бұзылуына қарсыластығы және ірі кесектердің төмендеуіне (азаюына) кеткен энергия шығынымен сипатталады.
Уатқыштың өнімділігі уатқыштың конструктивтік ерекшеліктеріне және уатылатын материал параметрлеріне (беріктік, ылғалдылық құрамына және т.б.) байланысты болады. Жақты уатқыштар үшін есептік өнімділігі Q(м3/Н) номиналды төгу саңылауы және уатудың орташа жағдайына қатысты болады да, мына формуламен анықталады:
Q = (150 + 750·B) ·L · b;
Мұндағы, В – қабылдаушы саңылаудың ені, м; L – қабылдаушы саңылаудың ұзындығы, м; b – төгу саңылауының ені, м; (жақтың тұйық күйінде өлшенеді).
Балғалы уатқыштардың өнімділігі мына формуламен анықталады:
Q = kLD2n2 / 3600(i – 1), т/ч;
Мұндағы, k – уатылатын материалдың қаттылығына (көмір үшін 0,12 – 0,22) және уатқыштың конструкциясына байланысты коэффициент; L – ротор ұзындығы, м; D – балғалардың сыртқы айналу шеңберінің диаметрі, м; n – ротордың айналу жиілігі, мин -1; і – уату дәрежесі.