Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод. указ. по ПИОПИ (каз.).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

0Қазақстан республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Пайдалы кен орындарын қазып-өндіру кафедрасы «пайдалы кенді байыту және өңдеу»

пәні бойынша орындалатын зертханалық жұмыстың

Әдістемелік нұсқауы

Қарағанды 2007

қазақстан республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

«Тау-кен ісі» 050707 мамандығы студенттеріне арналған

«Пайдалы кенді байыту және өңдеу»

пәні бойынша орындалатын зертханалық жұмыстың

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Оқу түрі - күндізгі

Қарағанды 2007

ӘОЖ: 622.2.002+624.11(075)

«Пайдалы кенді байыту және өңдеу» пәні бойынша орындалатын зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.- 20 б.

Әдістемелік нұсқау «Пайдалы кенді байыту және өңдеу» пәнінің бағдарламасы және оқу жоспары талаптарына сай құрылған және курс бойынша орындалатын барлық керекті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқау «Тау-кен ісі» 050707 мамандығы студенттеріне арналған

Пікір жазған:

Исабек Т.К. – Редакциялық – баспалық кеңестің мүшесі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы

Университеттің Редакциялық – баспалық кеңесі ұсынған.

©Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2007

ТӘЖРИБЕЛІК ЖҰМЫС №1

Пайдалы кеннің түйіршікөлшемдік құрамы

1. Жұмыстың мақсаты. Пайдалы кеннің түйіршікөлшемдік құрамын анықтау және ірілік сипаттамасын құрастыру.

Ірілік тобы бойынша кесектерді тарату, кесекті материалдың құрамын, соңғы өнім бағасын және жабдықтарды үнемді қолданудың маңызын сипаттайды. Белгілі өлшеммен шектелген кесектер тобы ірілік тобын құрайды. Түйіршік өлшем құрамын анықтау үшін минерал үлгісін әрқилы тесіктері бар електік құрылғысынан өткізу арқылы електік талдау қолданылады. Тізбекті електі өлшем (үлкеннен кішіге), кесек екшеу кезінде қабылданған қатары, кесек екшеу шәкілі деп аталады.

Кесектер тобын -L1 + L2 немесе L2 – L1, ал кейде үлкен немесе кіші өлшемі бойынша -L1 немесе + L2 деп белгілейді. Мысалы: -50+13 мм, 13-50 мм немесе -50 мм, +13 мм.

Сусымалы материалдың түйіршікөлшем құрамының графикалық суреті ірілік сипаттама деп аталады.

Ірілік сипаттамаларды декарттық координат жүйесінде салады: меншікті – жеке кластардың шығысынан және жиынтық – кластар шығысының қосындысы (1-сурет).

Материалдың түйіршікөлшемдік құрамын 0,04мм-ге дейін кең көлемде жиынтық сипаттамасын салу.

0,04-тен 6мм-ге дейінгі ұсақ бөлшектердің судағы түсу жылдамдығының айырмасына негізделген кесектер үшін (електік талдау) қолданылады. 5 – 10 мм-ге дейінгі бөлшектер үшін сыртқа тебуші алаңда тұндыру қолданылады. Микрометрдің бөлшектердің ондық үлесі жіңішке аралықта микроскоп арқылы жіктеледі.

Сәйкес стандарттарға електік талдауды өту әдісі бірыңғайланған. Қатты отындар үшін келесі електік талдауға кесте формасы ұсынылатын ГОСТ 2093-82 қолданылады.

Таблица 1.1 – Електік талдау

Класс, мм

Массасы, кг

Шығысы, %

Шығысының қосындысы, %

Төменнен

Жоғарыдан

1

2

3

4

5

+20

-20+10

-10+5

Барлығы