
- •Зертханалықжұмыс 5 Өлшем құралдарын салыстырып тексеру Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
- •5 Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі
- •6 Салыстырып тексеруді ұйымдастыру
- •7 Салыстырып тексеру барысында қолданылатын шама бірлігінің эталондары
- •А қосымшасы
- •Салыстырып тексеру туралы сертификат нысаны
- •Салыстырып тексеру туралы сертификат №* _____
- •В қосымшасы
- •Өлшем құралдарын салыстырып тексеру сұлбасының нысаны
- •Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесі
- •Анықтамалар, белгіленулер және қысқартулар
- •5. Салыстырып тексеру құралдары
- •1 Сурет -түрлендіргішті және салыстырып тексеру құралдарын қосу сұлбасы
- •6. Қауіпсіздік талаптары
- •7. Салыстырып тексеру шарттары
- •8. Салыстырып тексеруге дайындық
- •9. Салыстырып тексеруді жүргізу
- •1 Кесте - қпқ көмегімен түрлендіргіштерді салыстырып тексеру кезінде есептеу формулалары
- •10. Салыстырып тексеру нәтижелерін рәсімдеу
- •Қпқ көмегімен шығынның турбиналы түрлендіргішін салыстырып тексеру хаттамасы
- •Бастапқы деректер
- •Өлшемдер нәтижелері
- •Салыстырып тексерудің нәтижелері
- •Кезеңдердің үлестері есебімен түрлендіргіштің шығу дабылының импульстар санын есептеу
- •Өлшемдер нәтижелерін талдау әдістемесі
- •Сызықтық кеңею коэффициенттері және серпінділік модульі
1 Сурет -түрлендіргішті және салыстырып тексеру құралдарын қосу сұлбасы
Екінші аспаппен күшейтілген және қалыптастырылған түрлендіргіш дабылы АӨҚ кіруіне беріледі. Түрлендіргіш дабыггының импульстер санын есептеуді басқару «старт» және «стоп» арналары бойьшша ҚПҚ детекторының дабылымен жасалады. Сол дабылдармен уақыт ара қашықтығын өлшеу режимінде жұмыс істейтін Ж жиілік өлшеуді басқару жасалады. Егер КДҚ екі бағытты болса, онда «алға» и «артқа» поршені қозғалысы кезінде детекторларды ауыстырып қосу «П» ауыстырып қосқышымен жасалады. Түрлендіргіш дабылының импульстары поршень әр түрлі бағыттарда («алға» және «артқа») қозғалуы кезінде АӨҚ әр бағыт бойынша жеке жинақтайды. Импульстарды есептеудің реттілігі АӨҚ автоматты түрде детекторлар жұмысының реттілігіне байланысты (ауыстырып қосқышсыз) таңдап алына алады. Екінші аспаптардан термометрлер және манометрлер дабылы АӨҚ тиісті кірулеріне беріледі.
6. Қауіпсіздік талаптары
6.1 Салыстырып тексеруді жүргізген кезде мыналармен анықталатын талаптар сақталуы қажет:
• объектіде және МЕТ қолданылатын еңбек қауіпсіздігінің ережелерімен;
« пайдалану құжаттамасында келтірілген салыстырып тексеру құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен;
• [2] сәйкес;
• [3] сәйкес.
6.2 Салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын жабдықтың, және салыстырып тексеру құралдарынын пайдалану құжаттамасы болуы қажет.
6.3 Салыстырып тексеру кезінде қолданылатын жабдықтың және салыстырып тексеру құралдарының олардың пайдалану құжаттамасында көрсетілген жұмысшы қысымы салыстырып тексеру кезінде орын ала алатын ең көп қысымға тең немесе көп болуы қажет.
Гидравликалық сынақтан өтпеген орау элементтерін немесе шлангтарды пайдалану рұқсат етілмейді.
6.4 Мұнаймен толтырылған ҚПҚ және құбырларда тек датчиктер мен жарылыстан қорғауды орындау аспаптары қолданылуы қажет.
Датчиктер мен аспаптарда оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін орындалған шартты белгілер және анық жазулар болуы қажет.
6.5 Екінші аспаптар (20 ± 5)°С температуралы және ауа ылғалдылығы 30-дан 80%-ке дейін жылынатын орындарда қондырылуы қажет.
6.6 Салыстырып тексеру құралдарына және салыстырып тексеру кезінде қызмет көрсетілетін датчиктерге немесе жабдыққа жіберілу еркін болуы қажет. Қажет жағдайда сатылар және алаңшалар немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін шектеулі өтулер қарастырылуы қажет.
6.7 МЕТ жарықтылығы қолданылатын салыстырып тексеру кұралдарының анық көрінуін, аспаптардың көрсеткіштерін алуды қамтамасыз етуі және [4] сәйкес санитарлы нормаларға сәйкес келуі қажет.
6.8 ҚПҚ, жабдықты және салыстырып тексеру құралдарын басқаруды оқудан және білімін тексеруден өткен және МЕТ және ҚПҚ қызмет көрсеіуге жіберілген тұлғалар жүргізеді.
6.9 Салыстырып тексеру алдында 6.1-6.8 баяндалған қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеру қажет.
6.10 Мұнай ағуы пайда болған, газдалған және салыстырып тексеру жұмыстарының қалыпты жүруін бұзатын басқа жағдайларда салыстырып тексеру тоқтатылуы қажет.
7. Салыстырып тексеру шарттары
7.1 Түрлендіргіштерді салыстырып тексеру жүргізген кезде келесі шарттар сақталуы қажет:
• түрлендіргіштерді салыстырып тексеруді пайдалану орнында өлшеуіш желілердің (ағыстүзеткіштер, тік бөлімшелер және сүзгіштер) элементтерімен жиынтықта жүргізеді;
• МЕТ мұнай жабысқақтығының өзгеруі салыстырып тексеру процессінде жабысқақтық бойышпа коррекциямен пайдаланылатын түрлендіргіштерден басқа түрлендіргіштердің типін бекіту мақсатындағы сынақтар немесе метрологиялық аттестаттау кезінде белгіленген осы типті түрлендіргіштер үшін рұқсат етілген шектерден аспауы қажет;
• салыстырып тексеру процессінде мұнай шығынының белгіленген мәннен ауытқуы егер түрлендіргіш шығын бойынша коррекциясыз пайдаланылатын болса ± 2,5 %-тен аспауы, егер түрлендіргіш шығын бойынша коррекциямен пайдаланылатын болса ± 1,0 %-тен аспауы қажет;
• мұнайда бос газдың болуы мүмкін емес, ол үшін кұбырдағы артық қысым салыстырыл тексерілетін түрлендіргіштен және ҚПҚ кейін салыстырып тексеру процессінде мына формула бойынша анықталған ең аз мәннен төмен болмауы тиіс
Рнаим.=2,06-Рн+2-ΔР (1)
Ескерту - Рн мәнін жабдықтаушының немесе сатып алушының аналитикалық зертханасында анықтайды және зертхана басшысының қолы қойылған анықтама түрінде (еркін нысанда) ұсынады.
• поршеньнің бір детектордан басқа детекторға өту кезеңінде мұнай температурасының өзгеруі (екі бағыттағы ҚПҚ үшін - екі бағытта да 0,2 °С көп болмауы тиіс).