
- •Зертханалықжұмыс 5 Өлшем құралдарын салыстырып тексеру Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
- •5 Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі
- •6 Салыстырып тексеруді ұйымдастыру
- •7 Салыстырып тексеру барысында қолданылатын шама бірлігінің эталондары
- •А қосымшасы
- •Салыстырып тексеру туралы сертификат нысаны
- •Салыстырып тексеру туралы сертификат №* _____
- •В қосымшасы
- •Өлшем құралдарын салыстырып тексеру сұлбасының нысаны
- •Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесі
- •Анықтамалар, белгіленулер және қысқартулар
- •5. Салыстырып тексеру құралдары
- •1 Сурет -түрлендіргішті және салыстырып тексеру құралдарын қосу сұлбасы
- •6. Қауіпсіздік талаптары
- •7. Салыстырып тексеру шарттары
- •8. Салыстырып тексеруге дайындық
- •9. Салыстырып тексеруді жүргізу
- •1 Кесте - қпқ көмегімен түрлендіргіштерді салыстырып тексеру кезінде есептеу формулалары
- •10. Салыстырып тексеру нәтижелерін рәсімдеу
- •Қпқ көмегімен шығынның турбиналы түрлендіргішін салыстырып тексеру хаттамасы
- •Бастапқы деректер
- •Өлшемдер нәтижелері
- •Салыстырып тексерудің нәтижелері
- •Кезеңдердің үлестері есебімен түрлендіргіштің шығу дабылының импульстар санын есептеу
- •Өлшемдер нәтижелерін талдау әдістемесі
- •Сызықтық кеңею коэффициенттері және серпінділік модульі
5. Салыстырып тексеру құралдары
5.1 Түрлендіргіштерді салыстырып тексеруді жүргізу кезінде келесі салыстырып тексеру құралдары және көмекші жабдық қолданылуы қажет:
• 1 немесе 2 дәрежелі ҚПҚ: кателікті кездейсоқ құраушының ОША 0,015 %, салыстырмалы қателік 0,09 %-тен көп емес;
• алдын ала күшейткіш-қалыптастырушы немесе турбиналық есептегіштің екінші аспабы: салыстырып тексерілетін түрлендіргіштің шығу дабылымен кіру дабылы келістірілетін кез келген тип пайдаланылады;
• электрлік аналогті шығу дабылы бар қысым датчиктері: дәлдік сыныбы 0,5; ҚПҚ құрамына кіретін манометрлерді, сондай ақ сипаттамалары ұқсас шет елдік манометрлерді пайдаланады;
• электрлік аналогті шығу дабылы бар температура датчиктері: өлшемдердің дискреттілігі (бөлу бағасы) 0,1 ОС, қателік 0,2 0С; ҚПҚ құрамына кіретін термометрлер, сондай ақ шыны сынап термотерлері, сипаттамалары ұқсас шет елдік термометрлер пайдаланыла алады;
• электронды-есептейтін жиілік өлшеуіш: жиілікті, уақыт ара қашықтығын және кезенді елшеу режимінде жұмыс істейтін кез келген типті пайдаланады;
• шкала сыйымдылығы 60 мин, 60 с СОПпр-2а-2-010 секундомері;
• АӨҚ: осы әдістеме үшін дайындалған мамандандырылған қондырғыларды қолданады, немесе МЕТ кұрамына кіретін АӨЦБ, немесе ақпаратты автоматты түрде немесе қолдан енгізетін жалпы өнеркәсіптік микроЭЕМ, ҚПҚ құрамына кіретін қолданыстағы екінші аспаптармен ауыстыру мүмкін, немесе көп түрде шығарылатын импульстарды электронды есептегіштер, немесе өлшемдер нәтижелерін өңдеуге арналған жалпы өнеркәсіптік калькуляторларды пайдалану арқылы электронды-есептегіш жиілік елшеуіштер;
• ЦТҚ: АӨҚ кездесетін ЦТҚ кез келген типін қолданады; ЦТҚ жоқ болған жағдайда нәтижелерді қолдан тіркеу мүмкін;
• екінші аппаратурамен жиынтықталған автоматты ағымды тығыздық өлшеуіш:
МЕТ бар тығыздық өлшеуішті пайдаланады, тығыздық өлшеуіш жоқ болған жағдайда [1] сәйкес мұнай тығыздығын өлшеуге арналған аппаратураны пайдаланады;
• автоматты ағымды вискозиметр: МЕТ бар вискозиметрді пайдаланады; висжозиметр жоқ болған жағдайда ГОСТ 33 бойынша мұнай жабысқақтығын анықтауға арналған аппаратураны пайдаланады;
• бос газдың жоқтығын бақылаушы қондырғы: БГАҚ-ЮОМ бос газды анықтауға арналған қондырғыны, ИФС-ІВ фазалық жағдайдың индикаторын және басқаларды пайдаланады, егер жобамен осы қондырғыларды МЕТ қондыру қаралған болса.
Ескерту - кейбір салыстырып тексеру құралдары (негізінен екінші электронды аспаптар) конструктивті немесе функционалды түрде бірлесе алады. Мысалы, АӨҚ екінші аспаптардың, соның ішінде алдын ала күшейткіш-қалыптастырушының (турбиналы есептегіштің екінші аспабы), электрлік шығу дабылы бар манометрлер мен термометрлердің және уақыт өлшеуіштің (жиілік өлшеуіштің орнына) кызметтерін атқара алады.
5.2 Салыстырып тексеру кезінде қолданылатын барлық өлшем құралдары салыстырып тексерілген (аттестатталған) болуы қажет және салыстырып тексеру (аттестаттау) туралы қолданыстағы сертификаттары және салыстырып тексеру таңбаларының басылулары бар болуы қажет.
5.3 Түрлендіргіштерді ҚПҚ көмегімен салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеру құралдары 1 суретте келтірілген сұлбаға, және түрлендіргіштін және салыстырып тексеру құралдарының пайдалану кұжаттамасына сәйкес бір бірімен және салыстырып тексерілетін түрлендіргішпен қосылған болуы тиіс.
Салыстырып тексерілетін түрлендіргішті және ҚПҚ рет ретімен қосады, олардың өзара орналасуының реттілігі маңызды емес.
Түрлендіргіш пен ҚПҚ арасындағы, ҚПҚ кіру және шығу арасындағы бөлімшелердегі мұнайдың сыртқа кету мүмкіндігі жойылуы тиіс. Осы бөлімшелерді басқа құбырлармен қосатьш желілерде, немесе КЦҚ кіруі мен шығуы арасындағы (1 сурет, З1 З2, З3 ысырмалар) тармақтарда орналасқан ысырмаларда оларды жабудың герметикалығын бақылауға арналған қондырғы болуы қажет, мысалы, корпустардың төменгі бөлігіне немесе ысырмалардың қақпақтарына қайырылған бақылаушы крандар түрінде. Ысырмаларда мұндай қондырғылар болмаған жағдайда араларына бақылаушы кран орналасатын екі ысырманы рет ретімен қондыруды қарастыру қажет. Егер бақылау кұралы жоқ болса, онда 1 суретте келтірілген З1, З2, З3 ысырмалар салыстырып тексеру процессінде сөндірілген болуы қажет.
Мұнай шығынын реттеуді түрлендіргіштен және ҚПҚ кейін орналасқан 3 шығын реттеуші (ысырма) көмегімен жасайды.
I - салыстырып тексерілетін түрлендіргіш; 2 - ҚПҚ; 3 - шығын реттеуші; 4 - қысым датчигі;
5 - температура датчигі; 6 - реттеушіні басқару органы (задатчик); 7, 8, 9 - термометрдің,
манометрдің және турбиналы есептегіштің екінші аспаптары; Ж - жиілік өлшеуіш; П -
ауыстырып қосқыш; Д1, Д2 - ҚПҚ детекторлары;