Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк 1-курс Қазақ тілі (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
14.43 Mб
Скачать

Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. З.С. Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған.

«Таным» Астана: 2003 ж.

2. З.С. Күзекова Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы.

«ІС-Сервис» ЖШС, 2010ж

3. Астана. Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2008

4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2010

5. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2001

6. «Берік болсын босаға». Деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар. Алматы, «Жалын». 1988 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан . Ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998-2007

2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы, 2000.

3. Күзекова З.С. Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренушілерге арналған. «ИИЦ Азия-Арна» баспасы. Алматы – 2010 ж.

4. Мұсабекова А. Қазақ тілі. Бастауыш деңгейге арналған Оқу құралы. Алматы: Navigat Print. – 2009 ж.

5.Сариева К. Қазақ тілі және елтану. Алматы. «Балауса». 1997 ж.

6. Құрманбаева Ш., Болатов С.Қ. Менің елім. Қазақ тілін жоғары деңгейде тереңдете оқыту құралы. Өскемен. «Medi.ASoft» - 2009ж.

Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Тапсырма – оқу материалы мазмұнын оқу жағдайына айналдыру тәсілі, студенттің оқу іс-әрекетінің мазмұны, білім алушының оқу материалын меңгеру тәсілі, әртүрлі оқу іс - әрекетінде білім алушылардың орындауына бағытталған, сонымен қатар оқу материалын меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған оқу тәсілі. Білім алуышының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардың жүйелілігі мен оларды құрастыру белгілі бір ұстанымдар мен талаптар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл ретте тәрбиелеп оқыту ұстанымы, грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрету ұстанымдары, теорияны практикамен ұштастыру және тұтастық ұстанымдары, оқытуды үйренушілердің өзіндік және жеке қабілеттеріне сәйкестендіру ұстанымы, оқытудың жағдаяттық ұстанымы, жүйелілік және сатылылық ұстанымдары өте тиімді. Сонымен қатар берілген тапсырманың шығармашылық сипатына басты назар аудару қажет. Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін логикалық операцияларды орындауға бағытталған тапсырмалар олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өзбетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады.

Жалпы білімгердің оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін тапсырмаларды мейлінше түрлендіру оқытушының шеберлігіне байланысты. Бүл тапсырмалар өтілген әрбір лексика-грамматикалық тақырыптардан кейін берілуі керек. Тапсырмалар қатысымдық әрекеттердің (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлеріне байланысты іріктеледі.

Бақылауға арналған сұрақтар

  1. Қазақ өнері

  2. Шылау

  3. Ұпттық әдебиет

  4. Септеулік шылау

  5. Классикалық әдебиет

  6. Есімше

  7. Мен және қоршаған орта

  8. Үстеу және оның түрлері

  9. Адам және табиғат

  10. Көсемше

  11. Саяхат және туризм.

  12. Сан есім және оның түрлері

  13. Қазақстанның көрікті жерлері

  14. Сын есімнің шырайлары

  15. Менің мамандығым

  16. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем

  17. Басшы келбеті.

  18. Ыңғайлас салалас

  19. Қоғам және жастар.

  20. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

  21. Қазақстан әлемдік кеңістікте

  22. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

  23. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі

  24. Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

  25. Білім де бәсекеге түседі

  26. Аралас құрмалас сөйлем

  27. Ғылым мен техника

  28. Мақсат бағыныңқы сабақтас