Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

V. Тұрақты тістердің кейінірек түрде уақытша пломбылау

Мұндай прцедура әдетте тістердің эндодонтиялық емімен байланысты болады,әсіресе,апексогенезді немесе түбірлері қалыптаспаған тістерде апексификация жүргізгенде.Өзекті уақытша бітегеннен кейін тіс қуысына ылғал мен микрофлораның түсуінің алдын алу үшін оның герметикалық жабылуы қажет.

ШИЦ-ті қолданып кейінірек пломбылау көбінесе аз минералданған кіреукеде немесе тісжегімен көлемді зақымдалуы кезінде жүргізіледі.Мұндай тістерде әдеттегі материалдарды қолданғанда қайталамалы тісжегінің пайда болу қаупі өте жоғары,ал пісіп-жетілмеген кіреукені қышқылдандыру композиттің бекітілуі үшін ретенциялық аймақтарының пайда болуын қиындатады.Реминералдандырушы ем жүргізгеннен кейін ,және кіреукенің соңғы рет минерализациясы мен тісжегі үрдісінің стабилизациясынан соң шыныиономерлі пломбаларды композиттерге ауыстыру жүргізіледі.Ереже бойынша,жүктелген реставрацияларға арналған немесе гибридті ШИЦ –тер қолданылады.

Жұмыстың кезеңдері жоғарыда айтылғандарды қайталайды ,сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

  1. Тіс шөгінділерін профессионалды алу

  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау

  3. ШИЦ түсін таңдау.

  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

  5. Терең тісжегі қуысы кезінде-кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою

  6. Қажет болса-сыналарды,матрицаларды,ретракциялық жіптерді қондыру

  7. 10-30 секундқа кондиционерді жағу

  8. кондиционерді жуып- шаю

  9. қуысты жеңіл түрде кептіру

  10. ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп,араластыру

  11. материалды салу

  12. пломбаны моделдеу

  13. пломба бетін оқшаулау

  14. біріншілік қатайғаннан кейін пломбаның артығын алып тастау

  15. пломба бетін оқшаулау

  16. пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

VI.Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу

ART-әдісі-атравматикалық қалпына келтіретін ем(atraumatic restorative treatment)-Taco Pilot- пен ұсынылған және бұл әдіс тісжегі қуысын егеп-тазаламай (экскаватормен некроэктомия жүргізгеннен кейін),тісжегіге қарсы әсері бар материалдармен пломбылауды қарастырады.

Техника тісжегімен зақымдалған тіндерді толық алуды қамтамасыз етпейді,бірақ ШИЦ-тің тісжегі дентинге адгезиясы егелгеннен дентиндікідей,ал фтордың бөлінуі тісжегістатикалық эффект пен тіндер реминерализациясын қамтамасыз етеді.

Бұл әдіс кең қолдануға ұсынылмайды және әдетте тісжегі қуыстарын сапалы егеп-тазалауға мүмкіндік жоқ болғанда орындалады.Ол 1994 жылы ВОЗ-бен кедей аймақтардың тұрғындарына,босқындар мен көшіп-қонушылар стоматологиялық көмек көрсету үшін ұсынылған.

Қажетті жабдықтар аса көп емес.Олар:қол экскаваторы,стоматологиялық айна,резіңке қолғаптар,мақта біліктер,пластмассалы шпатель,араластыруға арналған пластинасы бар шыныиономерлі цемент.Тісжегі қуыстарын I класс бойынша 3 жыл уақыт ішінде емдеу пломбалардың 90% сақталады.

Стоматологиялық кабинет жағдайында бұл әдіс келесі жағдайлар кезінде қолданылуы мүмкін:

  • бормашина алдында қатты қорқу

  • физикалық және ақыл-ес кемістігі бар адамдар

  • егде жастағы балалар мен науқастар

  • жалпысоматикалық патологиясы бар адамдар

Әдіс сүт тістерді емдеу үшін ыіңайлы.ART-әдісін көбінесе басты шарты-асқынбаған тісжегіні емдеу үшін қолданылады.Бірақ ол қуысқа жол болмағанда тісжегіні емдеу үшін,сонымен қатар пломба айналасындағы екіншілік тісжегі кезінде қолайлы емес.

Жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады.Бұл әдіске Ketac Molar A.R.T.(ESPE) шыныиономерлі цемент идеалды түрде жарайды.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Зақымдалған дентинді экскаватор көмегімен алу

  2. Операциялық алаңды мақта анжымен оқшаулау

  3. Қуысты кондиционерлеу. Ketac Molar A.R.T.(ESPE) немесе Kemplex (Dentsply) материалдарын қолданғанда кондиционер ретінде шыныиономерлер сұйықтығы қолданылады.Кондиционер мақта тампонмен қуысқа 10 секундқа енгізіледі.Мүмкіндік болмағанда кондиционерді жуып-шаймасада болады.

  4. ШИЦ-ті мөлшерлеу және араластыру

  5. Материалды бір порциямен салу

  6. Материалға қолғап киіп,саусақпен басу.Егеп-тазалау қажет болмас үшін пломба беті окклюзиялық деңгейден төмен болуы керек.

  7. Пломбаны модельдеу (бұл кезең міндетті емес,себебі үнемі жасалынбайды)

  8. Қажет болса-қатайғаннан кейін пломбаны соңғы рет пішіндеу

Классикалық ART-тәсілі екі түрде жүргізілген.Олардың біреуі жоғарыда сипатталған .Ал екіншісінің ерекшелігі-егеп –тазалағаннан кейін дентинге 40% күміс фториді ерітіндісінің аппликациялық жүргізіліп,содан соң шыныиономерлермен пломбыланады.

Фиссураларды герметизациялау

ШИЦ-терді фиссуралардың герметиктері ретінде 1974 жылы ұсынылған болатын (J.W.Mclean).Олар қышөылдандыру қажет етпей,жақсы бекітіледі және фтор бөле алатын қабілеті бар,бірақ олардың кемшіліктері бар-тұтқырлығы үлкен,беріктілігі төмен және қажалуы жоғары,сондықтан оларды мұндай жағдайларда қолдануды шектейді.ШИЦ фиссуралардың тереңіне енбейді,сондықтан мынандай ой-пікір бар –“герметизация”термині осы материалды қолданғанда нақты емес,дұрысы “профилактикалық қорғаныс қабатты жағу”деген анықтама берілсе.

Материал инвазивті герметизация кезінде жақсырақ бекиді,бірақ та алдын ала фиссураларды ашпай да нәтижелі болады.

Қышқылдандырмайтын әдіс әлсіз минерализацияланған фиссуралар жағынан ең аяйтын болып табылады және де сол себептен тек қана жарып шыққан немесе жарып шығып бара жатқан тістерде қолдану ұсынылады.Мұндай герметизация уақытша болуы мүмкін.Профилактикалық эффект шыныиономерлі герметиктің сақталу фактіне байланысты емес,ал ол материалдың тіспен қатынасу уақытына байланысты болады.Кіреукеге фтор түсу әсерінен кіреукенің минерализациялану дәрежесі шыныиономерлі жабу астында 10-20%-ға жоғарылайды.Бұндай тістердің қышқылға тұрақтылығы 20%-ға жоғарылайтындығы анықталған.Шыныиономерлі герметиктің тұрақты профилактикалық эффектісі 6-12айдан кейін дамиды,ал тісжегінің жоғары дәрежелі редукциясы(80-90%) ұзақ уақыт ішінде сақталады.

Фиссуралардың герметиктері ретінде герметизация үшін фирмамен ұсынылған цементтер,немесе тұрақты пломбылауға арналған цементтерді қолдануға болады.Ең тиімдісі-бұл төсемдік шыныиономерлер,әсіресе гибридті(Vitrebond).Төсемдік цементтер ағымдырақ келеді,бұл олармен фиссураларды жақсы толтыруды қамтамасыз етеді,бірақ олардың қажалуға беріктілігі мен тұрақтылығы реставрациялық ШИЦ-терге қарағанда төмендеу.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Тіс шөгінділерін алу.Енді ғана жарып шыққан немесе фиссуралар минерализациясы аяқталмаған тістерді профилактикалық тазалау кезінде пісіп- жетілмеген кіреукені зақымдамас үшін абразивті пасталарды қолданылмаған жөн.3% сутегі асқын тотығын қолданып,пастасыз жасауға болады.Кішкентай балаларда кәдімгі тіс щеткасын,ал үлкендеу науқастарда-айналмалы щеткаларды қолдануға болады.

  2. Көшірме қағаздың көмегімен антогонист-тістермен контактілерді анықтау.Герметикті енгізгенде тісте із қалдыратын контактылы нүктелерді материалмен жабуға болмайды,ол окклюзияның биіктеп кетуін алдын алады.

  3. Операциялық алаңды оқшаулау.

  4. Кіреукеге кондиционер салу

  5. Тісті жуып-шаю,аяп кептіру

  6. Шыныиономерді араластырып,фиссураларға салу,зонд немесе гуттаперчалы штифт көмегімен материалды бүкіл фиссуралар бойымен жайғастыру

  7. Модельдеу

  8. 5-7 минутқа тіс бетін оқшаулау

  9. Қажет болса-тістем бойынша коррекция жасау

  10. Материал бетін 24сағатқа оқшаулау

  11. Сапалық қарап тексерулер 3-6 айда 1реттен кем емес

Тісжегі қуысын егеп- тазалаудың тоннельді техникасын қолданып,қуыстарды пломбылау.

Бұл егеп-тазалаудың кең қолданылатын түрі емес,бұл әдіс алғаш 1963 жылы сипатталған(Jinks).

Тоннельді егеп-тазалау техникасының мәні-ілінген қырларды алумен тісжегі қуысының толық ашылуы жүргізілмейді,ал тіс тіндері,соның ішінде төмпешіктері сақталып тоннельге ұқсас бір затты қалыптастырады.(Hunt P.,1990 жылы).

J.W.Mclean (1985) бұл техниканы ”ішкі егеп-тазалау”деп атауды ұсынды.Бұл кезде бүйір тістің жанасу бетіндегі тісжегімен зақымдану ошағы шайнау бетіне оперативтік жолмен жету арқылы кіреуке жиегінің сақталуымен алынады.

деп атауды ұсынды.Бұл кезде бүйір тістің жанасу бетіндегі тісжегімен зақымдану ошағы шайнау бетіне оперативтік жолмен жету арқылы кіреуке жиегінің сақталуымен алынады.

3-сурет.Тістердің тісжегісін оперативті емдеудің тоннельді техникасы:а-тісжегі қуысы,б-оперативті қуысытың пішіні ,в- қуысты шыныиономерлі цементпен толтыру.

Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолдануға көрсеткіштер:

  • шайнау тіс апроксимальды бетінің кішігірім тісжегі зақымдануы жанасу нүктесінен төмен

  • жиектік қырдың сақталуы кезіндегі кіреукенің минималды зақымдануы

  • көлемді окклюзиялық тісжегі қуыстарың болмауы

Бұл әдіс шектелген тісжегі тіндерінің жетккілікті түрде алынуына кепілдік бермегендіктен,тісжегістатикалық белсенділігі мен дентинге жақсы адгезиясы бар материалдарды қолдану қажет,мұндай материалдар шыныиономерлі цементтер болып табылады.

Тоннельді егеп-тазалау техникасына “латеральды тоннель” немесе “Slot-егеп -тазалау” ( ағ.Slot-паз,саңылау)(Wilson A.D.,Mclean W.W.,1988.Jones P.1995) техникасы жақын.Ол тістердің жанасу беттеріндегі кішігірім тісжегі қуыстарында қолданыла алады және оның негізі- оларға вестибулярлы немесе оральды беттерден тар доступ жасау.Бұндай жағдайда беріктілігі жоғары рентгенконтрастты ШИЦ-терді қолдану ұсынылады.

Жұмыс кезеңдері жоғарыдағы сипатталғанды қайталайды,тек егеп-тазалау техникасымен ерекшелінеді.

  1. Тіс шөгінділерін алу

  2. Қуысты егеп-тазалау.Классикалық тоннельдік егеп-тазалау әдісін қолданып,қуысты дайындағанда тіс экваторымен төмен апроксимальды қуысқа жолды орталық фиссура және жиектік қырды бөлетін үшбұрыш тесігі арқылы жүргізеді.Көрші тіс әрқашанда металл матрицамен қорғалады.

1999 жылы С.В.Радлинский тоннельді егеп- тазалаудың модифицирленген принципін ұсынған,бұндағы зақымдану ошағына доступ үшбұрыш тесігі арқылы тігінен жүргізіледі,бұл кезде апроксималды деминерализацияланған кіреуке алынбайды(4-сурет).Бұл әдісте шыныиономерлі цементтердің орнына композитті немесе компомерлі материалдармен реставрациялау ұсынылады.

4-сурет.Тоннельді егеп-тазалаудың әдістері:а-әдеттегі,б-С.В.Радлинскиймен модифицирленген.

3.ШИЦ реңін таңдау

4.Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

5.Матрицаны қондыру

6.10-30секундқа кондиционер жағу (инструкцияға сай)

7.Кондиционерді жуып шаю

8.Қуысты жеңіл кептіру

9.Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият түрде мөлшерлеу және араластыру

10.Материалды салу

11.Пломбаны мүсіндеу

12. Пломба бетін оқшаулау

13.Біріншілік қатаюдан кейін пломба артығын алу

14.Пломба бетін оқшаулау

15.Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

Пломбаның окклюзиялық бөлігін сэндвич-техникасын қолдана отырып композиттен жасауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]