Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

III.Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау

Клиникалық тәжірибеден белгілі,ШИЦ-тің адгезивті жүйелері осындай типті қуыстарда бекітуге тиімді қолданылады.

Жиі жағдайда тіс жарып шыққанға дейінгі дамитын тісжегі емес ақаулар кезінде композиттер мен адгезивті жүйелерді қолдану қиындайды.Мысалы,тіс флюорозы кезінде тістің қатты тіндерінің құрамы мен құрылысы қалыпты жағдайдан біршама ерекшеленеді,сондықтан қышқылдандыру кезінде ретенциялық құрылымға жету күрделі мәселе болады.Осындай жағдайды кіреуке гипоплазиясы кезінде де байқауға болады.

Гипопластикалық кіреуке гиперестезиясы кезінде ШИЦ-пен уақытша пломбылау оның сезімталдығын төмендетуі мүмкін.(Грохольский А.П. және соавт., 2000 жыл)

Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау үшін эстетикалық реставрацияларға арналған ШИЦ-тер,гибридті ШИЦ-тер және де егер эстетикаға мән берілмесе,онда жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-тер қолданады.

Жұмыстың кезеңдері жоғарыда айтылғандардың қайталайды,сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

  1. Тіс шөгінділерін прфессионалды алу

  2. Қуысты егеп-тазалау.Сына тәрізді ақау кезінде қуысты машиналық түрде егеп- тазалаудың қажеті жоқ.Тазалау,жуып- шаю мен тіс бетін кондиционерлеу жеткілікті болады.Тазалауды тазартатын пастамен резеңке немесе ротанциялық щеткалар көмегімен жүргізіледі.

  3. ШИЦ түсін таңдау.

  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

  5. Терең тісжегі қуысы кезінде –кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою

  6. Қажет болса- сыналарды,матрицаларды,ретракциялық жіптерді қою.

  7. 10-30 секундқа кондиционерді жағу

  8. Кондиционерді жуып шаю

  9. Қуысты жеңіл түрде кептіру

  10. Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп,араластыру

  11. Материалды салу

  12. Пломбаны пішіндеу

  13. Пломба бетін оқшаулау

  14. Біріншілік қатайғаннан кейін пломба артығын алып тастау

  15. Пломба бетін оқшаулау

  16. Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырату

IV.Тіс түбірінің тісжегісі

Шыныиономерлер-мұндай жағдайда ең жиі қолдануға болатын жалғыз материал.Егер эстетика критикалық болмаса,онда жиі жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады.Үш рет қатаятын гибридті ШИЦ-терді қолдану тиімді,себебі мұндай қуыстарға материалды қабат-қабат енгізу және фотополимеризациялау әдетте қиындық туғызады.

Жұмыстың кезеңдері жоғарыда айтылғандарды қайталайды,сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

  1. Тіс шөгінділерін профессионалды алу

  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау

  3. ШИЦ түсін таңдау.

  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

  5. Терең тісжегі қуысы кезінде-кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою

  6. Қажет болса-сыналарды,матрицаларды,ретракциялық жіптерді қондыру

  7. 10-30 секундқа кондиционерді жағу

  8. кондиционерді жуып- шаю

  9. қуысты жеңіл түрде кептіру

  10. ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп,араластыру

  11. материалды салу

  12. пломбаны моделдеу

  13. пломба бетін оқшаулау

  14. біріншілік қатайғаннан кейін пломбаның артығын алып тастау

  15. пломба бетін оқшаулау

  16. пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]