
- •1.Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •2.Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •3.Аралас емдік қойыртпақтар:
- •I типі -бекітуші(лютинг)цементтер
- •II типі-қалпына келтіруші(реставрациялық)цементтер
- •III типі-төсемдік (лайнинг)цементтер
- •Тісжегі қуысын егеп –тазалау
- •2.Ұлпаны оқшаулау.
- •3.Беткейлік кондиционерлеу.
- •4.Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •5.Ұнтақ пен сұйықтықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •6.Операциялық алаңды оқшаулау.
- •8.Материалды араластыру.
- •11.Пломбаны алдын ала өңдеу(II материалдар үшін)
- •13.Пломбаны соңғы рет жылтырату.
- •Vitrebond(3m espe фирмасы)
- •1.Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •II.Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •III.Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •IV.Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістердің кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI.Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII.Сэндвич-техникасының әртүрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •VIII.Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында
- •IX. Қызылиек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды
- •X.Композитті материал,амальгама және керамикалық салмалар астына
- •XI.Салмалар ,жасанды сауыттар,көпіртәрізді протезбен ортодонтиялық
- •XII.Өзекішілік және парапульпарлы металл штифтері мен тұқылды
- •XIII. Түбір өзектерін гуттаперча штифтермен пломбылау
- •XIV.Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты
- •XV.Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •II типтегі шыныиономерлердің қолданылуы:
- •II типтегі шыныиономерлер қышқылмен өңделе алады,егер материал қабатының қалыңдығы аз болмаса:
- •II типтегі шыныиономерлерден пломбаның алдын ала өңдеу ерекшелігі:
1.Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
Мұндай жағдайларда ШИЦ-терге альтернатив ретінде микрофильді және аққыш композитті материалдар,сонымен қатар компомерлер болып табылады.
ШИЦ-тердің ерекшеліктері:
тісжегінің декомпенсирленген ағымы
ауыз қуысының нашар гигиенасы
тісжегі үрдісінің тіс түбіріне,қызылиек астына жайылуы
композитті материалдарды қолдануға (композит компоненттеріне аллергиялық реакциялар) немесе фотополимеризацияға (фотосезімтал препараттарды қабылдау,фотобиологиялық реакцияларға қабілеттілік)қарсы көрсеткіштердің болуы
композиттік материалдарды техникалық жағынан қолдана алмау
Эстетикалық реставрациялау үшін әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады-ең тиімдісі гибридті түрлері (егер фотополимеризацияға қарсы көрсеткіш болмаса).Егер эстетикалық параметрлер ешқандай мән берілмесе,онда жүктелген реставрацияға арналған цементтерді қолдануға болады.
Жұмыс кезеңдері:
1.Тіс шөгінділерін профессионалды алу
Тісжегі қуысын мұқият тазалау,кіреуке жиектерін финирлеу
ШИЦ түсін таңдау
Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
Терең тісжегі қуысы кезінде-кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою(Calcimol LC,Reocap E,Urbical LC және т.б.)
Қажет болса-сыналарды,матрицаларды,ретракциялық жіптерді қондыру
10-30 секундқа кондиционерді жағу
Кондиционерді жуып шаю
Қуысты кептіру
Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп,араластыру
Материалды салу.Әдеттегі ШИЦ және үш рет қатаятын гибридті ШИЦ бір порциямен салынады.Қосарланып қатаятын гибридті ШИЦ-ті фотополимрлі композиттер сияқты қалыңдығы 2 мм-дей салып,әр қабаттарын қатайтқан жөн.
Металл аспап көмегімен модельдеу.Материалды суландырып тығыз сығылған мақта анжымен конденсациялауға болады.Материал жылтырлығы мен ағымдылығын жоғалта бастағанда ,пішіндеуді бірден тоқтату керек.
Пломбаны ылғалдан арнайы сәулеленбеген фотоқатаятын адгезивпен 5-7 минутқа біріншілік қатаю аяқталғанша оқшаулау қажет.Бұл кезең гибридті ШИЦ-терден пломбыларға тән емес.
Материлдың артығын өткір қол аспабымен немесе төмен жиіліктегі ротациялы аспаппн алып тастау.Гибридті ШИЦ-ті қолданғанда,пломбаны соңғы рет тегістелді және жылтырлатуды бірден жүргізуге болады.
Пломба бетін оқшаулау
Пломбаны 24 сағаттан кейін соңғы рет тегістеу мен жылтырлату.
II.Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
Бұл жағдайда ШИЦ-ті қолданудың артықшылықтары балалар үшін өзекті мәселелердің бірі-тістің қатты тіндерін көп алып егеп- тазалауды қажет етпейді және де бұл материалдардың тісжегістатикалық қасиет бар.
Уақытша тістің салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қызмет ету цементтерді айқын жүктемеге ұшырайтын жерлерде қолдануға болады.
Композиттерді уақытша тістерді пломбылау үшін келесі себептер қатарынан қолданбайды:
қатты тіндердің төмен дәрежелі минерализациясынан тотальды қышқылданудың мәнсіз болуы
композитті қолдану техникасының күрделілігі
тісжегіпрофилактикалық эффектінің болмауы
Сүт тістерді пломбылау үшін жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-ті,күмісқұрамдас ШИЦ пен гибридті ШИЦ-ті қолдануға қолайлы.
Жұмыс істеу кезеңдері жоғарыда айтылған қайталайды,сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:
Тіс шөгінділерін профессионалды алу
Тісжегі қуысын егеп-тазалау
ШИЦ түсін таңдау.
Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
Терең тісжегі қуысы кезінде-кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою
Қажет болса-сыналарды,матрицаларды,ретракциялық жіптерді қондыру
10-30 секундқа кондиционерді жағу
кондиционерді жуып- шаю
қуысты жеңіл түрде кептіру
ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп,араластыру
материалды салу
пломбаны моделдеу
пломба бетін оқшаулау
біріншілік қатайғаннан кейін пломбаның артығын алып тастау
пломба бетін оқшаулау
пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату