Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Vitrebond(3m espe фирмасы)

Aqua Cenit (Voco фирмасы)

Fugi Bond LC (GC фирмасы )

Fugi Lining LC(GC фирмасы)

XR-Ionomer(Kerr фирмасы)

Бекіткіш материалдар:

Rely X Luting (3M ESPE фирмасы)

Fugi Plus(GC фирмасы)

Fugi Plus EWT(GC фирмасы)

Fugi Cem(GC фирмасы)

Fugi ORTHO LC (GC фирмасы)

Компомерлер

Компомерлердің қосарланып қатаятын ШИЦ-терден принципиальды ерекшелігі-полимерлі матрица мөлшерінің көп болуы және полиқышқылды компоненттің аз болуы.Полиқышқылды компоненттің аз болуынан қышқылды –сілтілі шыныиономерлі реакциямен материалдың қатаюы жүре алмайды.

Компомерлер әдетте бір компонентті паста тәріздес материалдар болып табылады,олар өздігінен метакрилат топтарының полимеризациялану жүйесінің ынбасынсыз қатаймайды.Нарықта алғаш рет пайда болған коммерциялық материалдар Expaliner(Pierre Rollan)-1985 жылы, Ionosit(DMG)-1987 жылы болды.

1993 жылы нарықта Dyrect(De Trey∕Dentsply) пайда болды және “компомер” деген сауда атқа ие болды.

Компомер құрамы

Компомерлер композит типтес, полимеризацияға түсетін композиттік материалдар болып табылады.

Толықтырғыш-бұл әр түрлі қосындылары бар реактивті фторалюмосиликатты шынының бөлшектері.Толықтырғыш 52-60% құрайды.Шыныдан басқа толықтырғыш құрамына инициаторлар,стабилизаторлар мен пигменттер кіреді.

Органикалық матрица-мономер,оның құрамында полимеризациялайтын композиттік шайырлар тобы да,шыныиономерлік полимердің қышқылды топтары да бар.Бұл шайырлар ароматты (Bis-GMA),уретанды (UDMA),алифатикалық (TEGMA),диметакрилаттар.

Қазіргі кезде компомерлердің екі өкілі белгілі.

Бірінші өкілдегі материалдар.Толықтырғыш ретінде фтор-кремний-алюминий-стронций шыны бар.Құрылымы бойынша олар ШИЦ-терге жақын келеді,төмен механикалық беріктілік пен жоғары қажалу деңгейі тән.

Екінші өкілдегі материалдар.Толықтырғыш ретінде фтор-кремний-алюминий-барий шыны бар.Толықтырғыш құрамына қосымша сферосил кіреді,ол механикалық беріктіліктің жоғарылауы мен оның сусорғыштығын төмендетіп,материалдың жоғары оптикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Компомерлердің адгезиясы.

Компомерлерді композиттерге арналған әдеттегі адгезивті жүйелермен және қышқылдандыруды қажет етпейтін меншікті адгезивті жүйелермен бірге қолдануға болады.Әдетте мұндай адгезивті жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен қышқылданатын немесе өздігінен кондиционерленетін болып табылады,сондықтан компомерлердің адгезия түрі кез келген жағжайда қазіргі заманға сай композиттер адгезиясына ұқсас және микроретенцияға негізделеді.

Компомерлердің ерекшеліктері:

  • ШИЦ-терге қарағандағы ылғалдылыққа төмен сезімталдық

  • жеткілікті беріктілік

  • эстетикалық қасиеттері жақсы

  • фтордың бөлінуі

  • жақсы биосәйкестілік

  • қышқылдануды қажет етпейтін адгезивті жүйелермен бірге әсерлеседі.

Компомерлердің кемшіліктері:

  • жоғары шайнау қысымы түсетін аймақтарға қолданылмайды

  • жеткіліксіз жылтырлануы (композитті материалдармен салыстырғанда)

  • материалдың гигроскопиялық түрде кеңеюінен пломба-тіс шекарасының боялу мүмкіншілігі

  • тісжегістатикалық эффекті жеткіліксіз

Компомердің қолдану көрсеткіші:

  1. Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын

пломбылау

  1. Уақытша тістерді реставрациялау (барлық класс тісжегі қуыстары)

  2. Тістердің қатты тіндерінің тісжегі емес I жәнеII класс тісжегі қуыстарын пломбылау

  3. Тұрақты тістерде үлкен емес I және II класс тісжегі қуыстарын пломбылау

  4. Тұрақты тістерде I және II класс тісжегі қуыстарын уақытша пломбылау

  5. Фиссураларды герметизациялау(арнайы компомерлі герметиктермен)

  6. Барлық кластағы аса үлкен емес тісжегі қуыстарын протез қою алдында пломбылау(керамикалық сауыттардан басқа)

  7. Сэндвич-техниканың ашық әдісін қолданғандағы дентиннің орынбасуы

  8. Амальгама астына төсемдік материал ретінде қолдану

  9. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау

  10. Түбір қабырғасы мен тіс қуысы табанының перфорациялары кезінде оперативті және оперативті емес жабу.

  11. Ортопедиялық және ортодонтиялық аппараттарды бекіту(химиялық жолмен қатаятын бекіткіш компомерлерді қолдану)

  12. Ветеринарлық стоматологияда

Компомерлермен жұмыс істеу ережесі тәжірибе жүзінде композитті материалды қолданудың барлық кезеңдерін қайталайды,біреуінен басқасын-тотальды қышқылдандыру.

Компомерлердің кең таралған түрлері болып табылатын Dyrect AP,бекіткіш материалдар Dyrect Cem (Dentsply фирмасы ),Compoglass және Compoglass Flow (Vivadent фирмасы),Elan (Kerr фирмасы).

Компомерлер шығарудағы технологиялық жетістіктер олардың физико-механикалық қасиеттерін жақсартуға ,жоғары ағымды материалдарды жасауға,химиялық жолмен қатаятын бекіткіш компомерлерді шығаруға бағытталған.

Уақытша тістерді реставрациялауға арналған арнайы компомерлер бар.Бұл материалдардың әр түрлі түстері бар(алтын,қызғылт,көк,сары,жылтыры бар),ал бұл балалардың емдеуге деген қызығушылығын тудырады(Twinki Star,DMG MagicFil).

MagicFil компомері-паста-паста түріндегі алғашқы қосарланып қатаятын компомерлік жүйе.Материалды бір қабатпен салып,оның біртекті полимеризациясын қамтамасыз етеді.

Comp Natur компомердің опакерлік жүйесі мен қызыл иек түстісі бар,ол қызылиек рецессиясы кезінде тістің мойын бөлігіндегі қызылиек ақауын реставрациялауға арналған.

Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]