Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

11.Пломбаны алдын ала өңдеу(II материалдар үшін)

Бірінші қабылдауда өткір кесетін қол аспаппен немесе ротациялы аспаптармен (силиконды бастар,ақ карборунд тастары немесе майысқақ дискілермен)тек қана материал қалдықтары алынады.Цементтің пісіп-жетілмеуін ескере отырып ,аспапты пломбадан тіске қарай жылжытқан жөн,ал керісінше тиімді емес.Бұл фазада сулы спрейді қолдану ұсынылмайды.Соңғы рет қатареетннан соң дегидратация мен машадан тыс қызып кетуді алдын алу үшін пломбаны судың астында тегістеп жылтыратады.

12.ШИЦ-ті оқшаулау.

Гидратация мен дегидратация алдын алу үшін пломбаның ашық бетін немесе бекітілген сауыттың қырын оқшаулауды 24 сағат ішінде жүргізеді.

Аралық материал ретінде арнайы лактар,толтырылмаған өздігінен және сәулемен қатаятын шайырлар,нитроцеллюлоза,метилметакрилат,амидті резина,полиуретанды материалдар қолданылады.Сіулемен қатаятын композитті бондингті жүйелер мен фиссуралық герметиктерді қолдану бүгінгі күнге жақсы нәтиже береді.

13.Пломбаны соңғы рет жылтырату.

Пломбаны соңғы рет жылтырлату цементтің толығымен пісіп жетілуінен кейін (24 сағаттан кейін кеш емес) су барда жүргізілуі керек.Тегістеу үшін алмазды бастар,абразивті дискілер,резиналы полирлер,ал жылтырату үшін-жылтырлатқыш дискілер,резиналы полирлер,щеткалар,қағаз штрипсалар қолданылады.

Өңдеуден кейін реставрация аймағы лак көмегімен ылғалдылықтан қайтадан оқшалануы керек.Қатайғаннан кейін науқас стоматологқа қайта келе алмайтын болса,пломбаның пішінін төмен жылдамдықтағы бор немесе сусыз металды штрписа көмегімен коррекциялау ұсынылады.Кейін пломба 20 минутқа лакпен оқшауланады,содан соң жоғарыда көрсетілген схема бойынша тегістеу мен жылтыратуды кезегімен орындайды.

14.ШИЦ-ті қышқылдандыру.

Сэндвич-техникасының жабық әдісін қолданғанда ШИЦ-ті қышқылдандыру оның композитпен микроретенция әсерінен жақсы байланысын қамтамасыз етеді.Ол цементтік матрицаның таңдап алуына әсер етіп,қышқылдандырылған кіреукеге ұқсас кедір-бұдыр бетті түзеді.

Бірақ та пісіп-жетілмеген цементті фосфор қышқылымен қышқылдандыру ШИЦ-тің сынуына әкелуі мүмкін.Қышқылдану ұзарту қышқылдың ШИЦ-ке соншалықты терең енуіне ,тіпті оны сумен жуып шаю мүмкіндігінің төмендеуіне әкеп соғады.Бұл ұлпаның жоғары сезімталдығын және ұлпа жағынан теріс реакцияны туындатуы мүмкін.Бұдан басқа,егер қалпына келтіру сэндвич-техникасының принципі бойынша бірмезгілде жүргізілсе,онда композиттік материал полимеризациялық отыру кезінде әлі пісіп-жетілмеген ШИЦ-ті дентиннен жұлып алады да,пломбаның герметизмін бұзады.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып,қышқылдауды 15-20 секундтан көп емес уақытта шприцтардағы тұтқыр гельдерді қолдана отырып жүргізген жөн.

Композиттік материалдың отыруынан болатын ШИЦ-тің дентиннен жұлынуының алдын алу мүмкін,ол үшін пломбылаудың кешіктірілген әдісін (композитті бір тәуліктен кеш емес енгізу,демек цементтің пісіп-жетілуінен кейін)қолданады немесе цементті қышқылдандырмайды.Дегенмен де мынандай ой-пікір бар,композиттің қышқылданған және қышқылданбаған ШИЦ-тің бетімен байланысында айырмашылық жоқ,сондықтан цементті қышқылдандыру міндетті емес.

ШИЦ-тің жақсы байланысын қамтамасыз ету үшін төмен тұтқырлықты композиттерді қолдану ұсынылады.

Гибридті шыныиономерлі цементтер

ШИЦ-тердің ерігіштігін төмендету мақсатымен әдеттегі ШИЦ-терді жетілдіру классикалық ШИЦ-терге радикалдар реакциясынан полимеризацияға қабілетті полимерлік матрицаны қосу болжамданған.Бұл технология DMG компаниясымен 1985 жылы құрастырылған болатын және “полимеризацияға қабілетті цементтік қоспалар”деп атанды.DMG фирмасы Ионозитті сауда маркасы ретінде енгізген.1988 жылы нарықта екіншілік қатаятын ШИЦ атанған алғашқы материал пайда болды-сәулемен қатаятын шыныиономерлік төсемдік материал Vitrebond(3M компаниясы).Бұл класс материалдары гибридті ШИЦ-тер немесе полимермен модификацияланған ШИЦ-тер деген атқа ие болды.

Гибридті ШИЦ-тердің құрамы.

Ұнтақ-рентгенконтрастты фторалюмосиликатты шыны болып табылады,кейде оган кептірілген кополимеризатты қосады.

Сұйықтығы-негізінен қышқылдардың кополимер ерітіндісі болып табылады,бірақ полиқышқылдардың молекулалары оларға біршама қанықпаған метакрилат топтарының қосылуымен модификацияланған.Бұл модификацияланған радикалдар молекулалары соңында сәуле әсерінен бір-бірімен байланысады.

Сұйықтықта сонымен қатар гидрооксиэтилметакрилаттың сулы ерітіндісі (HEMA),шарап қышқылы және де сәулемен қатаюға қажетті фотоинициатор(камфорахинон типтес)бар.Сұйықтық фотоактивті,сондықтан қара бөтелкеде немесе капсулада сақталуы қажет.

Гибридті ШИЦ-тердің қатаю механизмдері.

Бұл ШИЦ-тер класының қатаю механизмдері үшеу:

Бос радикалдардың фотоынталандырылған метакрилатты полимеризациясы,ұнтақ пен сұйықтықтың қоспасын сәулелендіргенде жүреді және мықты құрылымның түзілуімен жүретін жедел реакцияны және қолданудағы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді;

Қышқылды-сілтілі шыныиономерлік реакция кезінде фтор бөлініп,тіс тіндерімен ион алмасу жүреді,ол ұнтақ пен сұйықтықты араластырғанда пайда болады және де материалға тән қасиеттер береді.

Сәуленің әсерінсіз бос метакрилатты радикалдардың өздігінен полимеризациясы,ол ұнтақ пен сұйықтықты араластырғанда жүреді,және сәуле жетпейтін жерлерде толық қатаюды қамтамасыз етеді.

Кейінгі жылдары сауыттарды,көпіртәрізді протездерді,салмаларды,штифтер мен ортопедиялық құрылымдарды бекітуге арналған гибридті ШИЦ-тер шығарылды,олар сәуле әсерінсіз қатаяды.

Гибридті ШИЦ- тер қасиеттері жағынан қарапайым ШИЦ- терге жақын,бірақ біраз ерекшеліктер бар.

Дентин ,кіреуке мен цементке химиялық адгезия.Химиялық адгезия қышқылдандыруды жасамай-ақ сақталады,бірақ адгезияның негізгі компоненті болып табылмайды.Әдеттегі шыныиономерлік байланысқа пластмассалық матрицаның бекітілуі қосылады.Кополимер сұйықтығы қышқыл бола тұра,ШИЦ-ті қуысқа салғаннан кейін өзіне тән кондиционер қызметін атқарады.Өзі жағылған дентин қабатын ыдыратып,түрлендіреді,дентинді иондар мен төменмолекулалы НЕМА шайырлары үшін аса енгіш етеді.Олар ыдыраған тінге еніп және бірмезгілде өзінде модифицирленген полиқышқылдардың метакрилат топтарын бекітеді.Сәулелендіргеннен кейін барлық осы құрылым тіс тіндерінің бетінде бекіп,берік болады.Демек,адгезия механизмі адгезивті жүйелердің 3-нші өкілінің әсер етуін елестетеді.

Фтортәуелді тісжегітұрақтылық эффекті бар материалдар тобында сақталады,себебі фтор бөлінуімен жүретін қышқылды- сілтілі реакция әдеттегі ШИЦ-тердегідей жүреді.

Биосәйкестілік,антитоксикалық қасиет.Фотоқатаятын ШИЦ-тердің араластырғаннан кейінгі инициальды қышқылдығы аздау,сондықтан да оның ұлпаға тітіркендіре әсері төмен.

Жоғары беріктілік.Жаңа материалдар өздігінен қатаятындарға қарағанда беріктеу,себебі оларда пластмассалы матрица бар,олардың беріктілігі микротолтырылған композиттер беріктілігіне жақындайды.Материалдың бетін өңдеу міндетті түрде ол қатайғаннан кейін жүргізілуі керек.

Төмен эластикалық модулі.Гибридті ШИЦ-тердің эластикалық модулі композиттерге қарағанда төмендеу.Сондықтан бұл материалдарды сэндвич-техникасының ашық және жабық әдістерінде қолданған жөн.

Отыруы. Осы генерацияның көптеген материалдарындағы пластмассаның құрамы онша жоғары емес,сондықтан да отыруы да әдеттегі ШИЦ-терге қарағанда онша көп емес.(3,8-4,8%)

Ылғалдылыққа төмен сезімталдық.Материалдың тез полимеризациялануы оны ылғалдылықтың артығына немесе жетіспеуіне тұрақты етеді.

Эстетикалық қасиеттер.Пластмассалы матрицаның болуы гибридті ШИЦ-тердің ең жақсы эстетикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді.Олар мөлдірлік және жылтырлық.

Гибридті ШИЦ-тердің артықшылықтары:

  • Материалдың тез қатаюы

  • Фотополимеризациядан кейінгі жоғары беріктілік,сынғыштығының төмендігі,микротесіктердің болмауы.

  • Тіс тіндеріне берік адгезиясы

  • Ылғалдылық пен құрғап кетуге тұрақтылық

  • Тез арада жылтырлату мүмкіндігі

  • Жұмыс істеуге ыңғайлы(біруақытта енгізіледі,барлық қалыңдығымен сапалы қатаяды.)

Гибридті ШИЦ-терді қолдануға көрсеткіштер әдеттегі ШИЦ-тердігідей.Гибридті материалдар сэндвич-техникасының ашық әдісінде қолданыла алады.

Гибридті ШИЦ-термен жұмыс істеу ережелері:

  • пломбылау алдында әдеттегі кондиционерлер қолданылады.

  • қосарланып қатаятын ШИЦ-пен жұмыс істегенде оларды қалыңдығы 2 мм-дей қабаттармен салу керек,әр қабатты фотополимеризациялау қажет.Егер терең тісжегі қуысында сәулеөткізгіштің тореці материалға тығыз жанаспаса,ал одан біршама қашықтықта орналасса,онда фотополимеризация уақытын ұзарту керек.

  • полимеризациядан кейін ылғалдылықты мұқият түрде бақылау қажет емес,пломбаны 24 сағатқа оқшаламауға болады.

  • пломбаны соңғы рет өңделуі сол қабылдауда жүргізуге болады.

  • қажет болса цементті полимеризациядан кейін қышқылдандыруға болады.

  • композиттік материалдың гибридті цементтің қышқылданбаған бетімен химиялық байланыс түзетінін ескере отырып,ШИЦ-ті тек мына жағдайда ғана қышқылдандыру қажет – егер кесетін аспаппен цементтік базаны түзету керек болса.Егер түзету жүргізілмесе,цемент бетіне бірден кіреуке адгезиві мен композиттік материалды қоюға болады.

Гибридті ШИЦ-тердің өкілдері:

Қалпына келтіретін материалдар.

Vitremer TC

PHOTAC-Fil(Quick)(3M ESPE фирмасы)

Fugi II LC (GC фирмасы)

Төсемдік цементтер:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]