Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

6.Операциялық алаңды оқшаулау.

ШИЦ гидрофилді материал болғанына қарамастан,операциялық алаңды мұқият түрде оқшаулау керек,өйткені қан мен сілекей тек қана қатаю үрдісін бұзбай ,сонымен қатар реставрациялық материалды ластап,тіс тіндеріне адгезиясын және эстетикалық қасиеттерді төмендетуі мүмкін.

7.ШИЦ-ті араластыру.

Цементтің ұсталу уақытын ұзарту қажет болған жағдайда,суыған ұнтақ пен сұйықтықты суыған пластинада араластыруға болады.Шыны пластинада материалды 3˚С температурада араластыру уақытын 9минутқа дейін ұзартады,дегенмен бұл цемент қасиеттерінің аздап нашарлауына әкеледі.

8.Материалды араластыру.

Материалды 18-23˚C з температурада шыны пластинаның тегіс жағында немесе қағаз бетінде араластырады(температура 25˚C-дан жоғары болғанда пластинаны суыту керек).Көптеген материалдарда бұл уақыт 45секундтан аспайды.

Ереже бойынша,ұнтақтың өлшенген порциясы екі тең бөлшекке бөлінеді.Оның біріншісі тез сұйықтыққа енгізіліп және 20секунд ішінде біртекті масса пайда болғанша араластырылады,кейін оған екінші порцияны қосып және қалған уақытта беті жылтыр біртекті массаға дейін араластырылады.Материалды пластмассалы шпательмен араластырған жөн,металл шпательді араластырғаннан кейін міндетті түрде оны сумен тазалау керек,себебі ШИЦ металға жақсы жабысады.

Цементтердің капсуладағы түрлерін қолданғанда капсуланы активация алдында сілку қажет.Материалды жоғары жиілікті амальгамаараластырғышта минутына 4000 тербеліс жиілігінде 10 секунд ішінде араластырады.

Әдеттегі амальгамаараластырғыштан басқа тағы да ротациялаушы жүйелер бар(Rotomix 3M ESPE),олардағы көлденең орналасқан капсула үлкен жылдамдықпен еңкейіс және айналым бойымен жылжиды,осының нәтижесінде цементті сапалы араластырады .Соңында ауа көпіршіктерін шығару үшін центрифуга компоненті қосылады.Ұсынылған жүйедегі цементтің араластырылу уақыты әдеттегіге қарағанда екі есе аз.

9.ШИЦ-ті енгізу.

Материал металл аспаптарға жабысатындықтан,ШИЦ-ті салу үшін пластмассалы аспаптарды немесе поршеньдік диспансерлері бар капсула қолданған жөн.

GC компаниясы ШИЦ-пен жұмыс істегенде металды аспаптарға жағу үшін кокос майын шығарады.Материалды нығыздау үшін суға малынған және жақсы сығылған мақта шаригін қолдануға болады.

ШИЦ-тің тістің қатты тіндеріне адгезиясы реакцияның тек бастапқы фазасында пайда болады,қатаю фазасы басталғанда және материал беті бұлыңғыланып,жылтырлық пен мөлдірлік жойылғанда материалмен жұмыс істеу оның қалыптастырушы құрылымының және тіс тіндеріне адгезиясының бұзылуына әкелуі мүмкін.

10.Жұмыс уақыты.

Көптеген ШИЦ-тер үшін жұмыс уақыт 1,5-4 минутты құрайды(орта шамамен-2минут).Бұл уақытта иондардлың бөлінуі мен көшуі жүреді,бұл қатаю реакциясының бірінші фазасы-еру фазасына сәйкес болады.

ШИЦ-тің қатаю уақыты

Төсемдік цементтер үшін –орта шамамен 4-5 минут

Қалпына келтіруші цементтер үшін-3-4минут

Бұл уақытта полиқышқылдар тізбекшелерінде металл иондарының отыруы жүреді,ол қоюлану фазасына немесе бастапқы қатаю фазасына сәйкес келеді.

Металл иондарының шайылып кету қаупін ескере отырып,цемент қатайған кезде ылғал түсудің алдын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]