
- •1.Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •2.Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •3.Аралас емдік қойыртпақтар:
- •I типі -бекітуші(лютинг)цементтер
- •II типі-қалпына келтіруші(реставрациялық)цементтер
- •III типі-төсемдік (лайнинг)цементтер
- •Тісжегі қуысын егеп –тазалау
- •2.Ұлпаны оқшаулау.
- •3.Беткейлік кондиционерлеу.
- •4.Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •5.Ұнтақ пен сұйықтықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •6.Операциялық алаңды оқшаулау.
- •8.Материалды араластыру.
- •11.Пломбаны алдын ала өңдеу(II материалдар үшін)
- •13.Пломбаны соңғы рет жылтырату.
- •Vitrebond(3m espe фирмасы)
- •1.Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •II.Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •III.Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •IV.Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістердің кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI.Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII.Сэндвич-техникасының әртүрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •VIII.Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында
- •IX. Қызылиек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды
- •X.Композитті материал,амальгама және керамикалық салмалар астына
- •XI.Салмалар ,жасанды сауыттар,көпіртәрізді протезбен ортодонтиялық
- •XII.Өзекішілік және парапульпарлы металл штифтері мен тұқылды
- •XIII. Түбір өзектерін гуттаперча штифтермен пломбылау
- •XIV.Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты
- •XV.Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •II типтегі шыныиономерлердің қолданылуы:
- •II типтегі шыныиономерлер қышқылмен өңделе алады,егер материал қабатының қалыңдығы аз болмаса:
- •II типтегі шыныиономерлерден пломбаның алдын ала өңдеу ерекшелігі:
Тісжегі қуысын егеп –тазалау
ШИЦ-ті қолданғанда материалдың тісжегістатикалық қасиеттерін ескере отырып ,Блэк әдісі бойынша бұзылмаған тіндерді профилактикалық мақсатта алмай,тек қана тісжегімен зақымдалған кіреуке мен дентинді алу керек.Бірақ та жүктелген реставрация кезінде тісжегі қуысын егеп –тазалау классикалық түріне жақын болу керек.Кіреуке жиегі финирленеді,бірақ та егелмейді.Жиі мойын аймағындағы ақаулар(сына тәрізді ақаулар,кіреуке эрозиясы)бор машинамен егеп-тазалауды қажет етпейді-бұндай жағдайда тазалау,жуып шаю мен бетін кондиционерлеу жеткілікті болады.
2.Ұлпаны оқшаулау.
Терең аймақтарға кальций гилрооксиді негізіндегі төсемдерді қолданған жөн.Тісжегінің баяу ағымында,тығыз склерозданған дентин түзілгенде ұлпаны оқшаулау міндетті емес.
3.Беткейлік кондиционерлеу.
ШИЦ тістің қатты тіндерімен химиялық түрде байланысатындықтан,тіс беттерін алдын ала кондиционерлеу мықты байланысты қамтамасыз етеді.Кондиционер ретінде төмен концентрациядағы(10-25%)лимон қышқылы ,ЭДТА мен полиакрил қышқылы қолданылды.Бұндай кондиционердің химиялық құрамы мен ШИЦ-тің сұйықтығы келесі материалдың пайда болуына әкелді,ондағы сұйықтық екі қызметті атқара алады:бастапқыда ол тіс бетін кондиционерлеу үшін,ал кейін материалды араластыратын сұйықтық ретінде қолданады(Кемфлекс Денсплай цементі).Цементтің сұйықтығын кондиционер ретінде қолдану Кетак-моляр материалы да ұсынылады.Кондиционермен өңдеу әдетте 10-30секунд уақыт аралығында жүргізіледі,ал кейін тісжегі қуысы суме н жуып-шайылып,кептіріледі.
Дентинді егеп-тазалау қажетсіз жағдайда кондиционерлеу өте қажет.Бұл үшін егеп-тазаланбаған тіннен беткейлік шөгінділерді алу керек.Кондиционерлеу мен қышқылдану арасындағы шекараны өтпеу аса маңызды,себебі бұл кезде цементтің босап қалған коллаген талшықтарымен байланысы нашарлайды,дентинді шамадан тыс кептіріп алу мүмкіндігі туындайды,толық ионды алмасу үшін кедергілер пайда болады.
4.Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
ШИЦ-тің сусыздануға жоғары сезімталдығын ескере отырып,тіс тіндерін компрессор ауасымен кептіру керек емес.Мақта анжымен кептірген жөн,онымен тек ылғалдың артығын алады.Дентин салыстырмалы түрде ғана құрғақ болуы керек,бірақ аса құрғақ болмау керек
5.Ұнтақ пен сұйықтықтықты мұқият мөлшерлеу.
ШИЦ араластыратын компоненттердің арақатынасына аса сезімтал келеді.Сұйық пастаны алу мақсатымен қоспадағы ұнтақтың мөлшерін азайту цементтің қатаюының баяулауына және әлсізденуіне әкеледі,ал бұл оның ерігіштігін жоғарылатады.
Ұнтақты мөлшерден тыс қолдану қатаятын цементтің ұлпа тінінен ылғалдылықты өзіне тартып алып,гиперэстезияны туындауына әкеп соғады.
Материалды мөлшерлеудің келесі қағидаларын сақтау керек.
Ұнтақты алмас бұрын,ыдысты бірнеше рет сілку керек.
Ұнтақты жақық,қасықпен оны тығындамай өлшеу керек.
Тамшы бос қалу үшін сұйықтығы бар флаконды жеткілікті түрде жоғары ұстау керек.
Сұйықтықтың тамшы көлемдері бірдей болуын және де ауа көпіршіктері болмауын қадағалау керек.
ШИЦ-тің сұйықтығы бөлме температурасындай болу керек
Судың сұйықтықтан буланып кетуін және ұнтаққа ауадан ылғалдылықтың түсуін алдын алу үшін ұнтақ пен сұйықтықты алғаннан кейін бірден жабу қажет.