Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

XV.Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу

Эндодонтиялық емнің бұндай асқынуларында ШИЦ-тер қуысының герметизмін жеткілікті қамтамасыз ете алады.

Бифуркациялар аймағындағы перфорацияларды жапқанда реставрациялық беріктетілген және гибридті ШИЦ-терді қолдданған тиімді.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Перфорацияны абайлап керіконусты бормен тереңдету

  2. Қанды тоқтату,перфорациялық тесікті антисептикалық ерітіндімен өңдеу,жуып-шаю,кептіру

  3. Эндодонтиялық аспаптарды немесе гуттаперчалы,үлкен көлемді қағаз штифтерін өзектер сағаларының цементпен толтырылуын алдын алу үшін түбір өзектеріне енгізу

  4. Материалды араластыру және салу

  5. Материалды қатайту(өздігінен немесе фотополимеризация)

  6. Түбір өзектерінің кейінгі өңделуі мен обтурация

  7. Егер перфорация ерте жасалынған болса,онда 6 айдан кейін стабилизация мен сүйек тінінің деструкция ошағын төмендегенін анықтау үшін контрольды рентген суретін түсіріп алу дұрыс болар.Егер де сүйектің сорылу ошағы сақталған немесе үлкейген болса,онда консервативті- хирургиялық емге жүгіну керек(мысалы,корона-радикулярлы сепарация немесе гемисекция)

Түбір қабырғаларының перфорацияларын консервативті жолмен жапқанда, қатаятын кальций құрамдас материалдарды қолдану тиімді болып есептеледі,бірақ та түбір өзектерін обтурациялауға арналған ШИЦ-терді қолдануға болады,бірақ дегенмен жақсы нәтижелерді төсемдік және гибридті шыныиономерлер береді.

Тест тапсырмалары

1 тапсырма

Тісжегістатикалық қасиетке ие:

  1. Мырыш-фосфатты цементтер

  2. Мырыш- оксид эвгенолды цементтер

  3. Поликарбоксилатты цементтер

  4. ШИЦ-тер

  5. Силикатты цементтер

2 тапсырма

Шыныиономер құрамындағы кварцтың жоғары болуы қамтамасыз етеді:

  1. Жоғары мөлдірлікті

  2. Жоғары беріктілікті

  3. Қышқылға тұрақтылықты

  4. Ұзақ уақыт қатаюды

  5. Механикалық беріктілікті

Шыныиономер құрамындағы кальций фторидінің жоғары болуы қамтамасыз етеді:

  1. Жоғары мөлдірлікті

  2. Жоғары беріктілікті

  3. Қышқылға тұрақтылықты

  4. Ұзақ уақыт қатаюды

  5. Тісжегістатикалық эффектіні

4 тапсырма

Шыныиономер құрамындағы алюминий оксидінің жоғары болуы қамтамасыз етеді:

  1. Жоғары мөлдірлікті

  2. Жоғары беріктілікті

  3. Қышқылға тұрақтылықты

  4. Ұзақ уақыт қатаюды

  5. Тісжегістатикалық эффектіні

5 тапсырма

Әдеттегі ШИЦ құрамындағы фтор иондарының орта мөлшері:

  1. 5-10%

  2. 10-15%

  3. 20-25%

  4. 30-50%

  5. 50% жоғары

6 тапсырма

Шыныиономер полимері ретінде төмендегі қышқылдар комбинациясы қолданылады:

  1. Акрил қышқылы

  2. Ортофосфор қышқылы

  3. Итакон қышқылы

  4. Малеин қышқылы

  5. Пирожүзім қышқылы

7 тапсырма

Шыныиономер цементтер келесі түрлерде шығарылады:

  1. Сулы жүйелер

  2. Сусыз жүйелер

  3. Жартылайсулы жүйелер

  4. Ұнтақ пен сұйықтығы бар капсулалар

  5. Базалық және каталикалық пасталар комплекті

8 тапсырма

Лютингті шыныиономерлердің қолданылуы:

  1. Ортопедиялық иконструкцияларды бекіту

  2. Фиссураларды герметизациялау

  3. Жүктелген реставрация

  4. Эстетикалық реставрация

  5. Аралық төсем материалы ретінде

9 тапсырма

Лайнингті шыныиономерлердің қолданылуы :

  1. Ортопедиялық иконструкцияларды бекіту

  2. Фиссураларды герметизациялау

  3. Жүктелген реставрация

  4. Эстетикалық реставрация

  5. Аралық төсем материалы ретінде

10 тапсырма

Лютингті шыныиономерлерге тән:

  1. Шыны бөлшектерінің икіші көлемі

  2. Жоғары механикалық беріктілік

  3. Жұмыс уақыты ұзақ

  4. Төмен механикалық беріктілік

  5. Төмен ерігіштік

11 тапсырма

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]