Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

XI.Салмалар ,жасанды сауыттар,көпіртәрізді протезбен ортодонтиялық

аппараттарды бекіту

ШИЦ-тің қалған лютингті материалдарға қарағандағы артықшылықтары:

  • салыстырмалы түрде төмен ерігіштік

  • тиксотропты эффект

  • жұқа қабат жағу мүмкіндігі

  • фтор иондарының бөлінуі

  • гиперсезімталдық пен тірі ұлпасы бар бекіту кезіндегі асқынулардың пайда болудың төмен мүмкіншілігі

  • тіс тіндеріменн жоғары биосәйкестілігі

Лютингті ШИЦ-терді қолдануға қарсы көрсеткіштер:

  • металлокерамикалық сауыттарды бекіту

  • винирлерді бекіту

Мұндай ШИЦ-терді тісжегі пайда болудың жоғары қаупі бар науқастар үшін қолдану тиімді.Тістерде ортодонтиялық сақиналарды шыныиономерлермен бекіту тіс қағының пайда болуын төмендетеді және реминерализациялық эффектіні қамтамасыз етеді.I типтегі лютингті цементтер қолданылады.

XII.Өзекішілік және парапульпарлы металл штифтері мен тұқылды

салмаларды бекіту

I типтегі ШИЦ-тер қолданылады.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Штифт немесе тұқылды салманы және олар астына өзекті дайындау

  2. Түбір өзегін натрий гипохлоридімен және ЭДТА-мен 5 минуттай өңдеу

  3. Түбір өзегін жуып-шаю және кептіру

  4. ШИЦ-ті мөлшерлеу және жартылай сұйық консистенциясына дейін араластыру

  5. Түбір өзекке материалды енгізу

  6. Материалдың аз мөлшерін штифт бетіне салу

  7. Штифтті бекіту

  8. Біріншілік қатаюдан кейін материал артығын алу

  9. Кейінгі реставрация

XIII. Түбір өзектерін гуттаперча штифтермен пломбылау

Дентинге химиялық адгезиясы әсерінен ШИЦ өзектің жақсы герметизациясын қамтамасыз етеді.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған арнайы ШИЦ-тер қолданылады.Гуттаперчаны қолдана отырып обтурацияның кез келген техникасын қолдануға болады,тек біреуінен басқасы-қыздырылған гуттаперча техникасы.

Түбір өзекті обтурациялауға дайындау-әдеттегі.Шыныиономерлі силерді гуттаперчасыз қолдануға болмайды,себебі материалдың жоғары адгезиясы мен беріктілігі оны қажет болғанда алуға мүмкіндік бермейді.Бұдан басқа,эндодонтиялық ШИЦ-тердің рентгенконтрасттылығы жеткілікті түрде жоғары болмайды,ал бұл обтурацияның сапасын бағалауға қиындатады.

XIV.Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты

пломбылау

ШИЦ- тің дентинге деген химиялық адгезиясы апикальды бөліктің жақсы герметизациясын қаматмасыз етеді,ал материалдың жоғары биосәйкестілігі операциядан кейінгі тіндердің жағымсыз реакциясын алдын алады.Жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-тер қолдданылады,жақсысы әдеттегі немесе беріктілігін,бірақ гибридті емес(метакрилаттарға реакция болуы мүмкін).

Жұмыс кезеңдері:

  1. Түбір өзектің әдеттегі обтурациясы

  2. Түбір ұшына оперативті жол ашу,оны резекциялау

  3. Бормен түбір ұшы кесіндіде материалды толтыру үшін ретенциялық пункті жасау.Оны оптимальды тереңдігі резекцияның 45 градус бұрышында -2,5мм, 30градус бұрышында -2мм, 90градус бұрышында-1мм.

  4. Түбір ұшын антисептикалық өңдеу,гемостаз.

  5. Түбір ұшын кептіру

  6. Кондиционерлеу,жуып-шаю,кептіру

  7. Материалды араластыру

  8. Резекция бөлігіндегі тереңдіктерді ШИЦ-пе пломбылау

  9. Материал қатқаннан кейін хирургиялық опрацияны аяқтау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]