Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tasilova_Aynura_ainura_stom_mail_ru.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

VIII.Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында

реконструкциялау

Бұл жағдайда ШИЦ жоғалған тіс дентинін жартылай түрде қалыптастырады,ал жасанды сауыт кіреукені орынбасады.

Тек қана күмісқұрамдас немесе реставрацияларға арналған гибридті шыныиономерлі цементтер қолданылады.

Ең тиімдісі-тіс тұқылын түбірішілік штифтерді қолдана отырып,шыныиономерлі цементпен қалпына келтіру.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Тіс шөгінділерін алу

  2. Қуысты егеп-тазалау.Шыныиономермен тіс тінінің жанасу алаңын барынша жоғары қамтамасыз ету.

  3. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

  4. Қажет болса-сыналарды,матрицаларды,ретракциялық жіпті орналастыру.

  5. 10-30 секундқа кондиционер жағу

  6. Кондиционерді жуып-шаю

  7. Қуысты аздап кептіру

  8. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу және араластыру

  9. Материалды салу

  10. Тіс тұқылын тістің анатомиясы мен сауыт конструкциясына сай мүсіндеу

  11. Тұқыл бетіне аралық материал салу(тек қана берікті ШИЦ үшін)

  12. Біріншілік қатаюдан кейін пломбаның артығын алу

  13. Пломба бетін оқшаулау

  14. Тұқылдың кеуіп кетуін алдын алу үшін гидрофильді немесе сулы қалыптық материалмен қалып алу

  15. Сауытты дайындау мен өлшеп көру.Уақытша бекітуші цемент ретінде эвгенолсыз материалды қолдданған жөн.

  16. Сауытты тұрақты бекіту

IX. Қызылиек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды

ақауларын толтыру

Сауытты жылдам түрде ауыстыру мүмкіндігі жоқ кезінде уақытша процедура түрінде жүргізіледі.Екінші подтиптегі реставрациялық шыныиономерлі материалдар қолданылады.Жоғары эстетикалық талаптар кезінде эстетикалық реставрацияларға арналған ШИЦ-терді қолдануға болады.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Тіс шөгінділерін алу

  2. Қуысты егеп-тазалау.

  3. Материал түрін таңдау

  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

  5. 10-30 секундқа кондиционер жағу

  6. Кондиционерді жуып-шаю

  7. Қуысты аздап кептіру

  8. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу және араластыру

  9. Материалды салу

  10. Пломбаны мүсіндеу

  11. Біріншілік қатаюдан кейін пломбаның артығын алу

  12. Пломба бетін оқшаулау

  13. Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырату

X.Композитті материал,амальгама және керамикалық салмалар астына

төсемдік материал

Шыныиономерліт цементтер материал отыруы кезінде қалыптасатын ішкі кернеулікті компенсациялайды,пломба деформациясына кедергі жасайды,пломбалық материалдың тіс ұлпасына қолайсыз әсер етуін алдын алады,сонымен қатар композиттік материалды қолданғанда төсемдік материалды кондиционер мен праймердің қышқыл әсер етуінен қорғайды.

ШИЦ-ті қолдану көрсеткіштері:

  • уақытша тістердің тісждегісі

  • түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістердің тісжегісі

  • тез ағымды тісжегі кезінде кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсеммен оқшаулау

  • күрделі конфигурациялы тісжегі қуыстары

  • эндодонтиялық емнен кейінгі түбірішілік пломбалық материалды оқшаулау

III типтегі ШИЦ-тер қолданылады(төсемдік немесе лайнингті).Төсем ретінде II типтегі реставрациялық цементтерді қолдануға болады,бірақ олардың консистенциясы қоюлау.Берілгент цементтерді эндодонтиялық емнен кейінгі плдомбыланған түбірлер сағаларын оқшаулау үшін қолдануға тиімді.Төсем ретінде қолданылатын реставрациялық цементтің қалыңдығы 1мм-ден аз болмау керек.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Тіс шөгінділерін алу

  2. Қуысты егеп-тазалау.

  3. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

  4. Терең тісжегі қуысы кезінде-кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою.

  5. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу және араластыру

  6. Материалды салу жіне тісжегі қуысының табаны бойымен жайғастыру.ШИЦ дентиннің ашық бетімен жеткілікті түрде жанасып,төсемдік материалды толығымен жабуы керек.Егер де пломба амальгамадан болса,онда төсем кіреуке-дентин шекарасына жетпей тісжегі қуысының табаны мен қабырғасын жабуы керек.

  7. Фотополимеризация,егер де гибридті ШИЦ қолданылса

  8. Тұрақты пломба қою.Композитті материалды қолданғанда кондиционерлеу техникасының ерекшеліктерін ШИЦ түріне байланысты ескерту қажет.Әдеттегі лайнингті цементтерді қышөылдандыруға болмайды.Гибридті цементтердің олардың фотополимеризациясынан кейін бірден қышқылдандыруға болады.Егер төсем рет інде берікті реставрациялық ШИЦ қолданса,онда оны біріншілік қатаюдан кейін қышқылдандыруға болады,бірақ тек мына жағдайда-егер төсем қалыңдығы 1мм-ден аз болмаса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]