
- •1.Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •2.Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •3.Аралас емдік қойыртпақтар:
- •I типі -бекітуші(лютинг)цементтер
- •II типі-қалпына келтіруші(реставрациялық)цементтер
- •III типі-төсемдік (лайнинг)цементтер
- •Тісжегі қуысын егеп –тазалау
- •2.Ұлпаны оқшаулау.
- •3.Беткейлік кондиционерлеу.
- •4.Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •5.Ұнтақ пен сұйықтықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •6.Операциялық алаңды оқшаулау.
- •8.Материалды араластыру.
- •11.Пломбаны алдын ала өңдеу(II материалдар үшін)
- •13.Пломбаны соңғы рет жылтырату.
- •Vitrebond(3m espe фирмасы)
- •1.Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •II.Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •III.Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •IV.Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістердің кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI.Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII.Сэндвич-техникасының әртүрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •VIII.Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында
- •IX. Қызылиек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды
- •X.Композитті материал,амальгама және керамикалық салмалар астына
- •XI.Салмалар ,жасанды сауыттар,көпіртәрізді протезбен ортодонтиялық
- •XII.Өзекішілік және парапульпарлы металл штифтері мен тұқылды
- •XIII. Түбір өзектерін гуттаперча штифтермен пломбылау
- •XIV.Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты
- •XV.Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •II типтегі шыныиономерлердің қолданылуы:
- •II типтегі шыныиономерлер қышқылмен өңделе алады,егер материал қабатының қалыңдығы аз болмаса:
- •II типтегі шыныиономерлерден пломбаның алдын ала өңдеу ерекшелігі:
VII.Сэндвич-техникасының әртүрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
Техника тісті шыныиономерлі цементпен жартылай қалпына келтіруге негізделген,ал ШИЦ сыртынан беріктеу композитті материалмен қапталады.
Әдістің артықшылықтары:
Композитті материалдың отыру компенсациясы
ШИЦ-тің тісжегістатикалық эффектісі
Пломбаның қуыстың тереңдеу бөліктердегі химиялық адгезиясы
Қолданылатын материалдар бағасының төменділігі
Аз уақыт кетеді
Сэндвич-техникасының жабық әдісін қолдануға көрсеткіштер:
композитті материалдың отыруын қиын түрде компенсирлейтін қуыстарды пломбылау
жоғары беткейлік беріктілік пен эстетика қажет болғандағы уақытша тістерді реставрациялау
түбірлері қалыптаспаған тістерді уақытша немесе тұрақты пломбылау
тісжегінің декомпенсирленген ағымы жоғары эстетикалық талаптар кезінде
композитті материалды қолдануға альтернатив болғанда
Сэндвич-техникасының жабық әдісінде дентин ақауы жартылай немесе толық түрде ШИЦ- пен,ал кіреуке –композитті материалмен жабылады.Осындай мақсаттар үшін ең жақсысы ол ШИЦ-ті қолдану ,себебі оның дентинге де,композитке де адгезиясы жақсы,қысымға берік.
Сэндвич-техникасының жабық әдісінде жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер,күмісқұрамдас және гибридті түрлері қолданылады.Сонымен қатар төсемдік ШИЦ-ті қолдануға болады,егер де оның инструкциясында бұл материалды композитті материалдармен реставрация кезінде негізі ретінде қолдануға жарайды деп жазылса.
Пломбаны мүсіндегенде шыныиономерлі негіздің беті кіреуке-дентин шекарасынан сәл төмендеу және мүмкіндігінше оның пішінін қайталау керек.Бұндай жағдайда қалған дентиннің жұқа сызаты белгілі бір дәрежеде кіреукенің ,композит пен шыныиономерлі цементтің эластикалық модулінің әр түрлілігін компенсирлейді,өйткені дентин кіреуке мен композитке қарағанда эластикалылығы жоғарылау.
Егер де композит астына негіз әдеттегі ШИЦ-тен жасалса,онда цемент пісіп-жетілгеннен кейін кейінге қалдырылған сэндвич техникасын орындау керек.Олай болмаса,ШИЦ-пен байланысатын коипозитті материалдың полимер изациялық отыруынан пісіп-жетілмеген шыныиономер қуыс түбінен бөлінуі мүмкін.
Кейінге қалдырылған сэндвич техникасы кезіндегі кезеңдердің реттілігі:
композитке арналған кеңістікті шыныиономерлі материалмен 24 сағатқа жабу
келесі қабылдауда-уақытша пломбалық материалды немесе цементтен қойылған пломбаның жоғарғы қабатын алу,қуысты жуып-шаю
қажет болса- кіреуке жиектерін дайындау (финирлеу,скос жасау)
ШИЦ және қуыс қабырғаларын қышқылдандыру
жуып-шаю,кептіру
композитті салу,конденсациялау,мүсіндеу және полимеризациялау
пломбаны соңғы рет өңдеу
Сэндвич техникасының ашық әдіс қызылиек астына жайылған қуыстарда қолданылады.Әдетте бұл II, III, IV және V класс тісжегі қуыстары.
Техниканың негізі-тісжегі қуысының қызылиекасты бөлігі,сонымен бірге оның қызылиекүсті бөлігі жанаспалы пункте 1-2мм –ге ШИЦ –тен,ал жанаспа пункті және окклюзиялық бөлік-композитті материалдан жасалады.
Бұл әдіс ең критикалық және ең күрделі реставрация бөлігінде-қызылиекасты және үстінде химиялық адгезия мен тісжегістатикалық эффектіні қамтамсыз ете алады.
Бұл техника үшін тек қана гибридті немесе ылғалға төзімдірек берікті шыныиономерлерді қолдануға болады.
ШИЦ матрицаларды қолданумен мүсінделеді,қызылиекастына металды- матрицалар жақсырақ.Қатаюдан кейін тістерді бөліп,жанаспа пунктін қалыптастыру үшін мөлдір матрицаны қондыруға болады.Қалғанында техника сэндвичтің жабық әдісін қайталайды.5-сурет.II класс тісжегі қуыстарын реставрациялау:а-сэндвич-техникасының жабық әдісі,б-сэндвич-техникасының ашық әдісі,в-ламинерленген сэндвич –әдісі.