
- •1.Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •2.Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •3.Аралас емдік қойыртпақтар:
- •I типі -бекітуші(лютинг)цементтер
- •II типі-қалпына келтіруші(реставрациялық)цементтер
- •III типі-төсемдік (лайнинг)цементтер
- •Тісжегі қуысын егеп –тазалау
- •2.Ұлпаны оқшаулау.
- •3.Беткейлік кондиционерлеу.
- •4.Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •5.Ұнтақ пен сұйықтықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •6.Операциялық алаңды оқшаулау.
- •8.Материалды араластыру.
- •11.Пломбаны алдын ала өңдеу(II материалдар үшін)
- •13.Пломбаны соңғы рет жылтырату.
- •Vitrebond(3m espe фирмасы)
- •1.Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •II.Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •III.Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •IV.Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістердің кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI.Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII.Сэндвич-техникасының әртүрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •VIII.Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында
- •IX. Қызылиек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды
- •X.Композитті материал,амальгама және керамикалық салмалар астына
- •XI.Салмалар ,жасанды сауыттар,көпіртәрізді протезбен ортодонтиялық
- •XII.Өзекішілік және парапульпарлы металл штифтері мен тұқылды
- •XIII. Түбір өзектерін гуттаперча штифтермен пломбылау
- •XIV.Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты
- •XV.Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •II типтегі шыныиономерлердің қолданылуы:
- •II типтегі шыныиономерлер қышқылмен өңделе алады,егер материал қабатының қалыңдығы аз болмаса:
- •II типтегі шыныиономерлерден пломбаның алдын ала өңдеу ерекшелігі:
Қазақстан республикасының денсаулық
сақтау министрлігі
С.Ж.Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Бакбаев Б.Б.
Заманауи пломбылық материалдар.
(Оқу құралы)
Алматы 2009жыл
УДК 616.31:615.46(07)
Баскакова И.В.,Бакбаев Б.Б. Заманауи пломбылық материалдар.
Емдік төсемдер.Шыныиономерлікцементтер.Компомерлер.(оқу құралы).- Алматы,2009.66бет.
Құрастырған:С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының доценті,м.ғ.к.Баскакова И.В.
Аударған:С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стоматологиялық кафедрасының ассистенті Бакбаев Б.Б.
Рецензенттер:
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының профессоры,медицина ғылымының кандидаты Мезгілбаева Д.М.
Осы оқу құралында қазіргі кезде кеңінен қолданылатын пломбылық материалдар,емдік төсемдер,шыныиономерлік цементтер,компомерлер көрсетілген.Пломбылық материалдардың оның ішінде цементтердің даму тарихы жазылған.Емдік төсемге қойылатын талаптар аталып жазылған,оларды қолдану принциптері аталған,төсемді қою әдісі мен тактикасы,материалдардың толықтай сипаттамасы берілген.Шыныиономерлі цементтер мен компомерлік материалдардың құрамы,олардың қатаю механизімі,жіктелуі,клиникалық қолдануға маңызы бар негізгі қасиеттері жеке дара көрсетілген.Шыныиономерлік цементтер мен компомерлерді клиникалық ситуациялық жағдайда қолданудың практикалық аспектілеріне көңіл бөлінді.
Студенттерге,клиникалық ординаторларға,аспиранттарға,
<<Стоматология >>мамандығы бойынша жоғарғы медициналық оқу орнының оқытушылары үшін.
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................
Емдік төсемдер.........................................................................
Аралас емдік төсемдер............................................................
Дәріханада дайындалатын емдік төсемдер............................
Кальций гидрооксид құрамдас материалдар..........................
Цинк-эвгеолды цементтер........................................................
Беріктелінген цинк оксид
-эвгенолды цементтер,толықтырғышымен..............................
Ортоэтоксибензой қышқылымен цинк оксид
-эвгенолды цементтер...............................................................
Шыныиономерлік цементтер(тарихи анықтама)……………….
Шыныиономерлік цементтің құрамы......................................... Шыныиономерлік цементтің шығарылу түрі...........................
Шыныиономерлік цементтің қатаюы.........................................
Шыныиономерлік цементтердің негізгі қасиеттері....................
Шыныиономерлік цементтердің түрлері....................................
Түбір өзегіне арналған шыныиономерлік цементтер................
Металл құрамдас шыныиономерлік цементтер........................
Шыныиономерлік цементтермен жұмыс істеу ережесі.............
Гибридті шыныиономерлік цементтер.......................................
Компомерлер............................................................................... Шыныиономерлік цементтерді клиникада қолдану..................
Тестік тапсырмалар....................................................................
Тестік тапсырмалардың жауап эталондары..............................
Әдебиеттер.............................................................................
Емдік төсемдер
Емдік төсем(синонимі-суббазалық төсем)тіс ұлпасына ,қалған микрофлораға емдік әсер ету үшін тісжегі қуысының табанына,кальций қосындыларын жоғалтқан дентинге оның минералдануы үшін қойылады.
Емдік төсемдер құрамында дентин мен ұлпаның табиғи қорғаныс механизмдерін күшейтуге қайталама тісжегі мен ұлпаның қабынуын тудыруға қабілетті тісжегі
қуысының инфекциясын тежеуге қажетті белсенді дәрілік заттар бар.
Емдік төсемдер қойылатын көрсеткіштер:
1.Терең тісжегі
2.Тіс қуысының абайсызда ашылып кетуі
3.Ұлпа қабынуын консервативті әдіспен емдеу
Емдік төсемдердің жіктелуі:
1.Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
-өздігінен қатаятын
-сәулемен қатаятын
2.Мырыш-эвгенолды цементтер:
-меншікті мырыш-оксид -эвгенолды цементтер
-толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид -эвгенолды цементтер
-ортоэтоксибензой қышқылы бар мырыш-оксид -эвгенолды цементтер
3.Аралас емдік қойыртпақтар:
-официналды аралас емдік қойыртпақтар
-ex tempore дайындалатын аралас емдік қойыртпақтар
Емдік төсемдерге қойылатын талаптар:
Емдік төсемдер келесі қасиеттерге ие болу керек:
-тіс ұлпасына репаративті және қабынуға қарсы әсер етуі
керек
-дентиногенезді белсендіруі керек
-бактерияларға қарсы болуы керек
-пластикалық болу қажет
-адгезиясы жақсы болуы тиіс
-қатайғаннан кейін қысымды көтеру керек
Терең тісжегіні емдеу төмендегі нұсқауларға сай жүргізілуі мүмкін:
Тісжегі қуысын егеп-тазалау және оны бір қабылдауда пломбылау
Максималды түрде толық некроэктомия жасап,тісжегі қуысын егеп-тазалау,емдік төсем және уақытша пломба қою,12-14 күннен кейін тұрақты пломбы қою.
Дентиннің деминералсыздану аймақтары шекарасында бұзылған тіндерді толық алмай,тісжегі қуысын егеп тазалау,емдік төсем және бір айға уақытша пломба қою,кейін оны тұрақты пломбыға ауыстыру.
Емдік төсемдерді қою тәсілі:
Терең тісжегіні көрсеткіші бойынша 1немесе 2 кезеңде емдеуге болады.
Бір кезеңде емдеу реттілігі:
Жансыздандыру
Тісжегі қуысын егеп-тазалау
Тісті сілекейден мақта біліктермен немесе коффердаммен оқшаулау
Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3%хлоргексидин ерітіндісі, 002% фурациллин ерітіндісі және т.б.)дәрілік өңдеу.
Тісжегі қуысын мақта немесе поролонды анжы көмегімен, немесе ауамен кептіру.
Емдік төсемді таңдау.Емдік төсемге ұлпаны тікелей немесе жанама жабуға арналған препарат немесе материалды қолдану мүмкіндігі ескеріледі.Терең тісжегіні бір кезеңде емдеуде жиі кальций негізіндегі емдік төсемдер қолданылады.
Сүңгі ұшымен немесе жіңішке тегістегішпен емдік төсемді салу.емдік төсемді бүкіл тісжегі қуысының табанына салу керек емес.Емдік төсемді ұлпа мүйізшелері проекциясы бойынша нүктелі түрде немесе тісжегі қуысының ең терең жеріне қояды(тікелей емес жабу)немесе ұлпа мүйізшесі ашылған жеріне ( тікелей жабу).
Аралық төсемді қою.Оның қалыңдығы мен қою деңгейі тұрақты пломбаның қалыптастырушы материал түріне байланысты болады.
Тұрақты пломба қою.
10Пломбаны тегістеу және жылтырату.
11 Мәрелік сәуле жібіру
Екі кезеңде емдеу реттілігі:
Бірінші қабылдауда:
Жансыздандыру
Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
Тісті сілекейден мақта біліктермен немесе коффердаммен оқшаулау.
Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3%хлоргексидин , 0,02%фурацилин ерітіндісі т.б.)дәрілік өңдеу.
Тісжегі қуысын мақта немесе поролонды анжы
көмегімен немесе ауамен кептіру.
Емдік төсемді таңдау.Үйлестірілген емдік пасталар немесе мырыш-эвгенолды цементтерді қолдану ұсынылады.
Сүңгі ұшымен немесе жіңішке тегістегішпен емдік төсемді қою.Емдік төсемді бүкіл тісжегі қуысының табанына салу мүмкіндігі бар.
12-14тәулікке жасанды дентиннен немесе 1-6 айға шыныиономерлі цементпен уақытша пломба қою.
Екінші қабылдауда :
Науқастың шағымы мен тістің температуралық тітіркендіргіштерге ауыру реакциясы жоқ болғанда:
Тістің электрқозғыштығын анықтау.Электродиагностика.
Уақытша пломбыны алу.
Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3%хлоргексидин , 0,02%фурацилин ерітіндісі т.б.)дәрілік өңдеу.
Емдік төсем қою.Кальций гидрооксиді негізіндегі немесе мырыш-эвгенолды цементтер.
Аралық төсем қою.Оның қалыңдығы мен қою деңгейі тұрақты пломбаның қалыптастырушы материал түріне байланысты болады.
Тұрақты пломба қою.
Пломбаны тегістеу және жылтырату.
Ұлпа қабынуын емдеу кезінде емдік төсемдерді қолдану қағидалары:
Қазіргі заманға сай стоматологияның негізгі принципі бұл тіс тіндерін оның ішінде тіс ұлпасын сақтап қалу болып табылады.Ұлпадағы патологиялық өзгерістер қайтымды болса және оны сақтау мүмкіншілігі бар болған жағдайларда ұлпаны алып бастауды әдетін емдеуде айналдырмау керек.Бұндай жағдайларда ұлпаға міндетті түрде сауықтандыратын фармокологиялық әсер ету қажет.Бұл мақсатпен қабыну процесін жоюға,оның ары қарай дамуын тоқтатуға және ұлпадағы репаративті үрдістерді белсендіруге қабілеті бар емдік пасталар қолданылады.Бұндай жағдайларда емдеу екі кезеңде жүргізіледі.
Бірініші кезеңнің міндеттері:
-ұлпадағы қабыну ұрдісін жою
-микрофлораға әсер ету
-анестезиялық әсер ету
Бұл үшін емдік қасиеті жоғары,бірақ қысқа уақыт әсер ететін препараттар қолданылады.Олар уақытша пломба астына бірнеше тәулікке емдік паста түрінде жиі қойылады.
Екінші кезеңнің міндеттері:
-орынбасушы дентиннің түзілуін белсендіру
-ұлпадағы зат алмасу үрдістерін қалыпты жағдайға келтіру
ұзақ жатқанда ыдырамайтын препараттар қолданылады.Олар тұрақты пломба астына емдік төсем ретінде қойылады.
Бірінші кезеңде қолданылатын емдік төсемдер құрамына кіретін заттар.
Ұлпадағы қабыну ұрдісін жоюға арналған заттар:
-стероидты қабынуға қарсы заттар(глюкокортикостероидтар)
-стероидты емес қабынуға қарсы заттар(салицилаттар,индометацин және т.б.)
Микрофлораға әсер ететін заттар:
-сульфаниламидтер(норсульфазол,сульфацил натрий және т.б.)
-антибиотиктер(левомицетин,тетрациклин,неомицин және т.б.)
-антисептиктер(хлоргексидин,фенол,тимол және т.б.)
-антипротозойлық заттар(метронидазол,этоний және т.б.)
Анестезиялық әсер ететін заттар:
-жергілікті ауру сезімін басатын препараттар(лидокаин,анестезин және т.б.)
Тағы басқалар:
-протеолиздеуші ферменттер(трипсин,химотрипсин)
-«өткізгіштер» -ұлпаға белсенді заттардың өткізгіштігін жоғарылататын заттар( гиалуронидаза,димексид,тизоль,эфтидерм және т.б.)
-пиримидин туындылары(пентоксил,метилурацил)
-көмекші заттар(каолин,мырыш тотығы,күкіртқышқылды барий,ақ балшық,натрий хлоридинің изотониялық ерітіндісі,глицерин,өсімдік майлары,майда еритін витаминдер)
Екінші кезеңде қолданылатын емдік төсемдер құрамына кіретін заттар.
Бұған кальций гидрооксиді,фторидтер,кальций глицерофосфаттары ,дентин үгінделері,сүйек ұны,табиғи және жасанды гидрооксиапатиттер,коллаген сияқты препараттар жатады.Олар орынбасушы дентиннің қалыптасуы мен ұлпадағы репаративті үрдістерді белсендіреді.
Емдік төсемдер ретінде жиі мырыш-эвгенолды цементтер немесе кальций гидрооксиді негізіндегі препараттар қолданылады.
Дәрілік препараттар комбинациясынан тұратын емдік төсемдердің артықшылықтарына қарағанда кемшіліктері көп.Негізгі кемшіліктері бұл ex tempore дайындаудың күрделілігі,жаман адгезия,беріктілік қасиеттері төмен.
Официоналды аралас емдік қойыртпақтар
Пулпанес(ВладМиВа фирмасы)
Компресс-паста Пульпанес негізінен тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың алдында және кейін ауру сезімді басатын зат ретінде қолданылады.
Құрамы:
-лидокаин гидрохлориді
-табиғи антисептиктер жиынтығы
Пастаны лидокаин типтес жансыздандыратын препараттарға аллергиясы бар науқастарға қолдануға болмайды.
Anesthopulpe (Septodont фирмасы)
Құрамы:
-тұзқышқылды тетракаин -15г
-тимол-20г
-гваякол-10г
-толықтырғыш-100-ға дейін
Жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді,талшықты паста түрінде шығарылады.
Негізінен тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың алдында және кейін ауру сезімді басатын зат ретінде қолданылады.
Anthocryl(septodont фирмасы)
Тіс ұлпасын виталды жағдайда сақтайтын аралық қорғаныс ерітінді.Екі ерітінді түрінде шығарылады.
Anthocryl A-мырыш хлориді негізіндегі сұйық ерітінді.
Anthocryl B-қанды тұз негізіндегі сұйық ерітінді.
Екі ерітіндіні араластырғанда мырыштың ақ преципитаты түзіледі,ол дентин тініне сіңеді.ерітінділердің қоспасы қышқыл иондарына тығыз тосқауыл түзіп,олардың ұлпаға енуіне бөгет жасайды.
Қолданылу әдісі:
Өңделетін тісті сілекейден оқшаулау.
Тісжегі қуысын майсыздандырып ,мақта тампонмен құрғатып алу.
Мақтадан шарик жасап және оның көмегімен А ерітіндіні бүкіл дентин бетіне жағу.Араластыру уақыты-45 секундтан көп емес.
А ерітіндінің қалдықтарын сүртіп алып,кейін В ерітіндіні жоғарыдағы айтылған әдіспен қолдану (нәтижесінде сүт түстес преципитат түзіледі).1-2 минут күту.
Таза сумен жуып алу.
Pulpanest (Septodont фирмасы)
Құрамы:фенол,прокаин,ментол,тимол
Терең тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде жансыздандырушы әсер ету үшін қолданылады.
Қолдану әдісі:мақтадан анжы жасап,препаратты сіңдіріп ,тісжегі қуысына 1-2тәулікке уақытша пломбы астына қояды.
Pulperyl(Septodont фирмасы)
Құрамы:прокаин хлоргидраты,бензил спирті,дәрілік креозот,фенол,эвгенол,толықтырғыш.
Жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді.
Қолдануға көрсеткіш-терең тісжегі,ұлпаның жедел толық қабынуы.
Қолданылу әдісі Pulpanest препаратына ұқсас.
“Pulpomixine”қойыртпағы(Septodont фирмасы)
Құрамы:дексаметазон ацетаты,фрамицетин сульфаты,полимиксин В сульфаты,полиэтиленгликоль.
Глюкокортикостероид дексаметазон домбығу,тамырлар қысылуы мен ұлпа ишемиясын басады,бұл микроциркуляцияның тез қалпына келуін қамтамасыз етіп,патологиялық үрдіс қайтымды болады.Көрсетілген кең спектрлі антибиотиктер сенсибилизациялану туындатпай инфекцияны жояды,себебі ,олар жергілікті түрде қолданылады.
Қолдануға көрсеткіш-терең тісжегі,ұлпаны абайсызда ашылуы,ұлпаның жедел толық қабынуы.
Қолданылу әдісі.Пастаның аз мөлшерін тісжегі қуысына қысым көрсетпей ,уақытша пломба астына қояды.Екінші қабылдау сегіз күннен кейін.
Pulpovital(LEGE ARTIS фирмасы )
Жедел ағымды тісжегі ,ұлпа қабынуы мен тіс қуысын абайсызда ашып алу кезінде ұлпаны тірілей сақтауға арналған дәрілік төсем ретінде қолданылатын антибиотик-кортикостероидты композиция.
Дәріханада жасалынатын,аралас емдік қойыртпақтары.
Төменде дәріханада жасалынатын пасталар көрсетілген.
Бұл емдік төсемдер тобының көптеген кемшіліктері бар,ең негізгісі-дайындаудың күрделілігі,беріктілік қасиеттері төмендеу.Сондықтан оларды сирек қолданады.
Cүйек гепаринді қойыртпақ.
Бөлек сақталатын екі компоненттен тұрады-сүйек ұны мен 0,5% гепарин жақпасы.Қолданар алдында дайындалады.Қою паста консистенциясына дейін 10:1 қатынаста араластырылады.
Жедел ағымды терең тісжегі мен ұлпа қабынуларын консервативті емдеуде емдік төсем ретінде қолданылады.
Гепарин микроциркуляцияны қалыптастырады,ал сүйек ұны дентин түзілуін белсендіреді.
Лизоцим-витаминді қойыртпақ
.
3 компонеттен тұрады:лизоцим-0,01;А витаминнің майлы ерітіндісі -0,1;мырыш оксиді паста консистенциясына дейін.
Қолданар алдында дайындалады.
Жақсы антимикробты әсер етеді,ұлпаның репаративті қызметі мен бейспецификалық резистенттілігін күшейтеді.
ММП - қойыртпағы.
Прополис араның аналық сүт негізіндегі емдік төсем.
Қолданар алдында дайындалады.4% прополис тұндырмасы мен аналық сүтті 4:1 қатынаста араластырады.
Қабынуға қарсы,жансыздандыратын,иммунитет реттеушілік әсер етеді.
Кальций гидрооксиді (сутотығы)құрамдас материалдар.
Кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемдер терапиялық стоматологияда кеңінен қолданылады.
Құрамы:
Негізін кальций гидрооксиді құрайды.Бұл ұсақ дисперсиялы ұнтақ ,PH –12,4.Кальций гидрооксиді атмосфералық көмірқышқыл газына өте сезімтал болып келеді,ауадан сіңіріп кальций карбонатына айналдырады.
Қасиеттері.
Ұлпаны кальций гидрооксидімен тікелей емес жапқанда,оның жоғары pH-ына (10-12) байланысты дентин өзекшелерін толтырып,орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді.Препараттың жоғары сілтілік ортасы антисептикалық әсер етіп ,мырыш-фосфатты цементтерден шығатын қышқылдарды бейтараптандырады.
Препаратпен ұлпаны тікелей жапқанда алдымен дегенерациялану аймағы мен 50-150 мк тереңдікте некроз дамиды.Кейін ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуі қалпына келіп,ал бір айдан соң ұлпа мүйізшесі ашылған аймақта дентинмен құрылған көпірлер қалыптасады.
Шығарылу түрі .
Кальций гидрооксиді негізіндегі емдік пасталар ұнтақ-сұйықтық ,паста-паста және біркомпонентті паста (өздігінен және сәуле әсерінен қатаятын)түрінде шығарылады.
Сәулемен қатаятын емдік пасталар химиялық жолмен қатаятын препараттарға қарағанда компрессиялық беріктігі жоғарылау.Бірақ химиялық жолмен қатаятын препараттар бактериостатикалық қасиетке ие және тісжегі қуысы мен төсем арасында микробкеңістіктердің түзілу мүмкіндігі төмен.
Оң қасиеттері.
-Қабынуға қарсы
-Антисептикалық әсер етеді.
-Орынбасушы дентин түзілуін ынталандырады.
Теріс қасиеттері.
-pH деңгейінің(12-ге дейін)жоғары болуынан ұлпаның некроздануы мүмкін
.-дентикл мен петрификаттар түзілген мүмкін жағдайда тіс қуыстарының жартылай облитерациялануы мүмкін.
Материалдардың сипаттамасы
Кальрадент(ВладмиВа фирмасы)
Өздігінен қатаятын дайын паста түрінде шыгарылады,ол терең тісжегіні емдегенде және ұлпаны тікелей емес жабу үшін қолданылады.
Құрамы:кальций гидрооксиді,ренгеноконтрасты қосымша ,толықтырғыш.
Қолдану тәсілі.
Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау.Қалыптастырған тісжегі қуысын жуып,кептіріп алу.Кальрадент пастасын тегістегіш көмегімен тісжегі қуысының табанына салып,мақта анжымен нығыздап,артығын алып,ауамен кептіргеннен кейін,пломбылаудың келес кезеңдерін іске асырады.
Кальцесил (ВладМиВа фирмасы)
Химиялық жолмен қатаятын ренген айқын материал.Шығарылу түрі-паста-паста.Кальцесил бір жағынан дентин мен ұлпа арасындағы қорғаныс-тосқауыл қызметін атқарады,ал басқа жағынан материалдар мен қышқылды генераторлар арасында да.Орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді.Ұлпаны тікелей емес жабу үшін емдік төсем ретінде қолданылады.
Құрамы:
-кальций гидрототығы
-метилсалицилат
-ренгенайқынды толықтырғыш
-пастатүзгіш
-модифициялаушы қоспалар.
Қолдану тәсілі.Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау.Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып,кептіріп алу.Арқаулы немесе шыны пластинка бетіне базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерлерін сығып шығару.ломбылауға дайындау.Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып,кептіріп алу.Арқаулы немесе шыны пластинка бетіне базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерлерін сығып шығару.30 секунд аралығында араластырып,оны сүңгі немесе жіңішке тегістегіштің көмегімен тісжегі қуысының табанына салу.Дайындап және қою уақыты-2-2,5 минут.Пастаның артығы бірден алынуы керек.Содан кейін аралық төсем қояды.
Ескерту:кальцесилді ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу кезеңінде қолдануға болмайды.
Кальцесил LC(ВладМиВа фирмасы)
Ұлпаны тікелей емес жабуға арналған сәулемен қатаятын ренгенайқын біркомпонентті материал.
Құрамы:
-кальций сутотығы
-ренгенайқындылықты толықтырғыш
-олигокарбонатметакрилат
-полимеризацияның инициаторы
-полимеризацияның ингибиторы
Қолдану тәсілі.Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау.Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып,кептіріп алу.Материалмен тісжегі қуысының табанын жауып ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен 20секунд қатайту.Материалдың артығыын бордың көмегімен алып тастау.
Ескерту:метакрилатқа аллергиясы бар науқастарға қолданылмайды.
Эстерфил Са(Диас фирмасы)
Кальций құрамдас саулемен қатаятын композициялық төсемдік материал.
Қолдануға көрсеткіштері:
-емдік және аралық төсем ретінде ұлпаны тікелей емес жабу әдісі
-тістерді композиттермен реставрациялағанда байланыстырушы негіз ретінде
-фиссураларды герметизациялау
-V класс тісжегі қуыстары мен тісжегі емес зақымдануларды пломбылау
Материалдың құрамы мен қасиеттері.
Байланыстырушы негіз ретінде диметакрилді олигомерлер қоспасы,сонымен қатар фосфор құрамдас адгезионды-активті олигоэфиракрилат бар.Ал толықтырғыш ретінде биоактивті шыны қолданылады,ол кальций мен фтор бөле алады.
Материалдың құрамында 1мкм өлшемді толықтырғыш мөлшері 50%
пайызға дейін.Материал кіреукеге тікелей жабысады,ал праймер қолданғанда дентинге де жабысады.Толқынының ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен қатаяды.
Қолданылу тәсілі.
Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау.Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып,кептіріп алу.Материалды жұқа қабатпен тісжегі қуысының табанына салып,толқын ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен 10секунд қатайту.Материал артығын бормен алып тастау.
Calcicur(Voco фирмасы)
Қолдануға дайын біркомпонентті рентгенайқынды материал.Алынатын канюласы бар шприц түрінде шығарылады.
Су негізіндегі паста болып табылады және ұлпаны тікелей жабуға,түбір өзектерін уақытша обтурациялауға арналған.Құрамындағы кальций гидрототығы 45% дейін,pH-12.
Calcimol(VOCO фирмасы)
Өздігінен қатаятын рентгенайқынды екікомпонентті емдік төсемдік материал.Шығарылу түрі-паста-паста.
Барлық пломбылық материалдардың астына ұлпаны тікелей емес жабуға қолданылады.
Calcimol LC(VOCO фирмасы)
Сәулемен қатаятын рентгенайқын төсемді материал.Барлық пломбылық материалдардың астына ұлпаны тікелей жабуға қолданылады.Тұрақтылығымен,жақсы изоляциялық қабілеттілігімен және рН- тың бейтарап мәнімен ерекшеленеді.
Calcipulp(Septodont фирмасы)
Өздігінен қатаятын рентгенайқынды біркомпонентті төсемді материал.
Құрамы:
-кальций гидрототығы
-барий сульфаты
-толықтырғыш
Қасиеттері.
Сау ұлпамен жанасқанда немесе тікелей көршілескенде орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді.Тісжегі қуысының табанында цементтен түзілетін қышқылдарды бейтараптандырып,олардың ұлпаға енуіне кедергі жасайды.Егер материал жұқа қабатпен салынса,онда пломбылаудың сапасына әсер етпей тез қатаяды.
Қолдануға көрсеткіштер:
-терең тісжегі
-ұлпаның абайсызда ашылып қалуы немесе оны ампутациялаудан кейін тікелей жабу.
-жасанды сауыттар кигізу үшін егелген тістердің жоғары сезімталдығын жоюға арналған жабынды ретінде
Қолдану тәсілі.
Қолданар алдында препараттың шприцін пластикалық тюбиктен бөліп алу және шприцтің қара кнопкасын сағат тілі бағытымен айналдырып,материалдың қажет мөлшерін қысып шығару.Кейін шприцтің кнопкасын қарама-қарсы жаққа айналдырып,инені аппликатор сияқты қолданып,материалды дайын тісжегі қуысының табанына енгізеді.Пастаның артығын алып тастайды.Материал қарсы жаққа айналдырып,инені аппликатор сияқты қолданып,материалды дайын тісжегі қуысының табанына енгізеді.Пастаның артығын алып тастайды.Материал 30 секунд қатаяды.
Contrasil(Septodont фирмасы)
Өздігінен қатаятын лак болып табылады.Цементтің қышқылдық әсеріне тосқауылдық қызмет атқарып,ұлпада толық қорғанысты қамтамасыз етеді.Препараттың ағымдылығы оны тісжегі қуысының табанына жұқа,бірегей және тегіс қабатпен салуға мүмкіндік береді.Консистенциясы өзгермелі.Егер препараттың жоғары ағымдылығы керек болса,онда еріткіштің бірнеше тамшыларын қосуға болады.
Қолдануға көрсеткіштері:
-терең тісжегі
-силикатты цементтермен пломбылаған жағдайда қорғаныс қабат ретінде
-пломбыға күшбірек шайнау қысымы түскен жағдайда
Қолданылу тәсілі:
Лактың аз ғана мөлшерін кисточкамен немесе стерильді мақта тампонмен тісжегі қуысының табанына жағады.Буланып ұшқаннан кейін препараттың қорғаныс қабаты қалады.Қажет болса манипуляцияны қайтадан орындайды.
Ескерту:
Толық бірегейлікті қамтамасыз ету үшін құтыны қолданар алдында шайқау керек.
Шығарылу түрі.
Құрамында 1 флакон лак және1 флакон еріткіші бар қорап.
Dycal(Dentsply фирмасы)
Кальций гидрототығы құрамдас емдік-аралық төсем.Ұлпаны жабуға арналған классикалық материал .Оңай араластырылады,тез қатаяды.Қышөылдарға төзімді,түсі дентинге жақын.Қорытынды реставрациялаудың түсіне әсер етпейді.
Қолдану тәсілі.
Пластинада базалық және катализдік пасталардың тең мөлшерлерін 10секунд ішінде гомогенді түс пайда болғанша араластырады.
Шығарылу түрі.Паста-паста(базалық және катализдеуші)
Life(Kerr фирмасы)
Кальций гидрототығы құрамдас өздігінен қатаятын рентгенайқынды материал.Ұлпаны тікелей және жанама жабуға және барлық пломбылық материалдардың астына цементтік негіз ретінде қолданылады.Оңай араластырылады,жақсы қалыптасады.Пластинада базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерін 10секунд ішінде гомогенді түс пайда болғанша араластырады.Материалдың қатаю үрдісін оған сумен ылғалданған мақта тампонды жанастыру арқылы жылдамдатуға болады.
Life-тің артықшылықтары:
-орынбасушы дентинді түзеді
-пластикалық қасиеті жақсы
-ұлпа жалаңаштанғанда ,оның өмірге қабілеттілігін сақтайды.
-шайнау қысымына жақсы төтеп бере алады.
-ұлпаны температуралық тітіркендіргіштерден қорғайды
-композиттік материалдардың полимеризациялануын тежемейді
-қышқылдармен өңдегенде тұрақтылығын сақтайды.
-ұлпаны пломбылық материалдың уытты әсерінен қорғайды
-рентгенайқынды
Жұмыс уақыты-2,5-6минутқа дейін
Сақтау шарты.
Материалды 10-25˚C температурада сақтап,18-24˚С температурада қолданған жөн.Температура мен ауа ылғалдылығының жоғарылауы жұмыс уақытын қысөартады.
Ескерту.
Кейбір композиттердің химиялық табиғаты әсерінен Life уақытша қызғылт түске боялуы мүмкін.Бұл қызғылт түс 2сағат ішінде жойылып,Life пен композиттің физикалық қасиеттері мен биологиялық сәйкестілігіне әсер етпейді.
Septocalcine ultra(Septodont фирмасы)
Кальций гидрототығы негізіндегі өздігінен қатаятын рентгенайқынды материал.Аралық төсем ретінде ұлпаны тікелей және жанама жабуға қолданылады.
Шығарылу түрі-паста-паста
Араластыру уақыты-10-15 секунд
Қатаю уақыты-2 минуттай
Мырыш-эвгенолды цементтер
Құрамы. Мырыш-эвгенолды цементтер ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.
Ұнтақ-мырыш оксиді,оған полимеризациялануды жылдамдату үшін 1-2% сірке-қышқылды мырыш,сірке ангидриді,канифоль және тағы басқалар қосылуы мүмкін.
Сұйықтық эвгенол немесе қалампыр майынан (85% эвгенол)тұрады.Сұйықтық құрамына полимеризацияны жылдамдату үшін этил спирті және сірке қышқылы ,сонымен қатар судың аз мөлшері қосылуы мүмкін.
Қасиеттері.
Ылғал бар жерде цемент 10минут ішінде тез қатаяды.Судағы ерігіштігі-1,5%.
Қатайту.
Ұнтақты сұйықтықпен араластырғанда төмендегі схема бойынша химиялық реакция жүреді:
Мырыш оксиді+эвгенол →мырыш эвгеноляты.
Цементтің қатайған массасы құрамында мырыш оксидінің бөлшектері болады,олар мырыш эвгенолятынан тұратын матрицада байланысады.
Оң қассиеттері.
-жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді.
-рентгенайқынды
-жұмыс уақыты ұзақ
Теріс қассиеттері.
-беріктілігі төмен
-ауыз және тін сұйықтығы әсерінен ериді
-композиттік пломбылық материалдармен сәйкес келмейді
-потенциалды аллерген болып табылады
Құрғақ шыны пластинкаға ұнтақ пен сұйықтықтың аз мөлшерін салып,шпатель көмегімен ұзақ және интенсивті араластырады.Шпательдің езетін қозғалыстарымен қоспаны қою қаймақ тәрізді консистенциясына дейін әкеледі.Тегістегіш көмегімен тісжегі қуысына салып,мырыш тотығына мақта анжымен нығыздайды.
Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
Бұл топ цементтері төсем,уақытша пломбалық материал ретінде және алынбайтын протездерді цементтеуге қолданылады.
Құрамы.
Ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.
Ұнтақ-мырыш оксиді,оған 10-40% табиғи (канифоль)немесе синтетикалық (полиметилметакрилат полистирол немесе поликарбонат) шайырлар және катализаторлар қосылады.
Сұйықтығы-эвгенол,оған жоғарыда айтылған шайырлар,катализаторлар(сірке қышқылы)және микробқа қарсы заттар(тимол немесе 8-гидроксихинолин)қосылады.
Қасиеттері.
Цемент 10 минут ішінде қатаяды.Судағы ерігіштігі-1,5%.
Оң қасиеттері:
-нағыз мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге қарағанда беріктілігі жоғары
-жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді
-рентгенайқынды
-жұмыс уақыты ұзақ
Теріс қасиеттері:
-ауыз және тін сұйықтығы ісерінен ериді
-композиттік пломбалық материалдармен сәйкес келмейді.
Қатайту және қолдану тәсілі
Мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге ұқсас
Ортоэтоксибензой қышқылы(EBA) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
Мырыш-оксид-эвгенолды цементтің қасиеттерін жақсарту үшін оның құрамына 50-60% ортоэтоксибензой қышқылын (EBA)қосады,бұл цементтердің беріктілігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызды.
Цементтер төсем,уақытша пломбалық материал ретінде және алынбайтын протездерді бекітуге қолданылады.
Құрамы:
Ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.
Ұнтақ-мырыш оксиді ,оған 20-30% алюминий оксиді немесе тағы басқа минералды толықтырғыштар мен метилметакрилат қосылады.
Сұйықтығы-эвгенол мен ЕВА(50-60%)
Қасиеттері.
Цемент 10минут ішінде қатаяды,судағы ерігіштігі-1,5%
Оң қасиеттері:
-меншікті мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге қарағанда беріктілігі жоғары,беріктілік жағынан мырыш-фосфатты цементтерге жақын
-жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді
-рентгенайқынды
-жұмыс уақыты ұзақ
-герметикалық қабілеттілігі жақсы
Теріс қасиеттері
-ауыз және тін сұйықтығы әсерінен ериді
Қатайту және қолданылу тәсілі
Қатаю механизмі толығымен анықталмаған.Қолдану тәсілі жоғарыда айтылғандай.
Материалдардың сипаттамасы
Биодент(Медполимер фирмасы)
Құрамында эвгенол мен иммунокорректоры бар емдік паста,құрамындағы заттар ұлпаның иммунологиялық реактивтілігінің қалпына келуін ынталандырады.Паста антисептикалық,жансыздандыратын,қабынуға қарсы әсер етеді.Қолдануға дайын біркомпонентті,өздігінен қатаятын материал.
Эвгецент-П(ВладМиВа фирмасы)
Композиттік материалдардан басқа кез келген пломбалық материалдар астына емдік және аралық төсем ретінде,уақытша пломбылауға ,алынбайтын протездерді бекітуге және де түбір өзектерін пломбылауға қолданылады.
Құрамы-ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.
Ұнтақ- бұл модифицияланған қоспасы бар мырыш оксиді.
Сұйықтығы-эвгенол.
Қолдану тәсілі.
Құрғақ шыны пластина бетінде ұнтақ пен сұйықтықты 4:1 қатынаста гомогенді консистенцияға дейін араластырады.
Араластыру уақыты-60 секунд.Цементтік қамыр пластикалығын шыныда 1,5-2 минут ішінде сақтайды.
Қатаю уақыты тісжегі қуысында-4-6 минут.
Мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге сонымен қатар төмендегі материалдар жатады:
Карисан-Spofa Dental фирмасы
Cavitec-Kerr фирмасы
Eugespad-SPAD фирмасы
СP-CAP-Lege Artis фирмасы
IRM-Dentsply фирмасы
Zinoment-Voco фирмасы
Шыныиономерлік цементтер
Тарихи анықтама.
Стоматологиялық пломбалық материалдардың тарихы-бұл тіс тіндерінің табиғи түрлері мен сапасын құруға арналған тұрақты ұмтылыстың бір мысалы.Ескертетін бір жәйт,тісжегі қуыстарын әртүрлі материалдармен толтыру тәжірибесі тіс қызметі мен мақсатын көздемегені алғашқы әдебиет көздерден белгілі болды.Мвсалы,Авл Корнелий Цельс(б.з.д.30-40жж.)-әр түрлі ғылыми трактаттардың авторы,соның ішінде сегізінші кітап “De medicina”трактатының авторы,тістердегі үлкен тісжегі қуыстарын қорғасынмен және басқа да материалдармен тіс аспаптың қысымынан сынбас үшін пломбылауды ұсынды.
IX ғасырда майяның ежелгі халқы арнайы фосфат кальций негізіндегі цемент тәріздес массамен егелген қуыстары бар тістерге аса бағалы тастардан жасалған салмаларды бекіткен.
Бұзылған тістерді оларды пломбылау жолымен сақтау ойы Х ғасырға жатады және ол араб медицинасымен байланысты.Багдатағы госпиталь-мектептің басты емшісі Абу-Бакр Мухаммед ибн-Рази(841-926жж.),медицина бойынша екі коптомды еңбектердің авторы,тістердегі қуыстарды квасцы,мастика және балмен толтыруды ұсынған.
1840жылы Болонье(Италия)университетінде Джованни Арколани адам тісіне алғаш рет алтыннан жасалған пломбаны қойған.
Бұдан кешірек Джованни де Виго(1460-1520жж.)тісжегі қуыстарын алдын ала егегеннен кейін оларды толтыру үшін жапырақты алтынды қолданды.
1728 жылы атақты хирург және тіс емшісі Пьер Фошар медицина тарихындагы алғашқы еңбекті жазған,онда ол тістер мен ауыз қуысы ауруларын емдеу туралы қамтитын барлық білімін жүйеледі.Тістердегі қуыстарды қорғасынмен,қалайымен және алтынмен пломбылау ұсынылған.Бірақ негізінен қорғасынмен толтыру ұсынылды,себебі ол пластикалық және тісжегі қуыстарына деген адгезиясы жақсы болған.
1826жылы тісжегі қуыстарын күміс пастасы деп аталатын күміс пен сынап қоспасымен толтыру ұсынылды(O.Taveay,Париж),бірақ 1840 жылы алғашқы “амальгамалық соғыс”жарияланған және де тісжегі қуыстарын пломбылау үшін күміс амальгаманы қолдануға тыйым салынды Кейінірек тыйым жойылды,бірақ амальгама тек 1895 жылы реабилитацияланды,бұл кезде амальгама бойынша G.V.Black алғашқы толық зерттеуді жариялаған болатын.
1870 жылы Америкада алғашқы бормашина құрастырылды,бұл егеп-тазалау дәуірдің басталуына әсер етті.Тісжегі қуыстарын толтыру мәселесі актуальды болды.Бұл уақытқа тісжегі қуыстарын пломбылау материалдары ретінде алтын мен оның платинамен,қалайымен қоспалары,таза қаалйы,платина,мыс,фарфор,амальгама және гуттаперча қолданылды.Салмалар дайындауда шыны қолданылды,оны майда ұсақтап,азот қышқылы көмегімен тазалаған.Көбінесе лампалы қалпақшаларға арналған сүттік шыныны қолданған,ал түрлі түстерді алу үшін қосқан болатын.Стоматологиялық цементтердің дәуірі ХIХ ғасырдың бірінші жартысында басталды.”Цемент”деген термині ең басынан құрамы дегенді білдірген жоқ,ал құрылыс материалы ретінде қаралған(латын сөзінен caementum-щебень,ұрған тас).
Стоматологиялық цементтердің тарихы 1832 жылы Ostermann алғашқы фосфат цементін тапқан кезде басталады,бұл цементтің ұнтағы кальций тотығынан,ал сұйықтығы фосфор қышқылынан тұрған болатын.
1858 жылы пломбалық материал ретінде мырыш оксиді мен хлорлы мырыш қоспасын қолдану ұсынылды.Беріктілікті жоғарылату үшін цементке шыны ұнтақ немесе кремний қышқылын қосқан.
1880 жылы мырыш-фосфатты цемент ашылды,ал құрамында 81% мырыш оксиді мен 19% алюмосиликаты бар ұнтақ пен фосфор қышқылының сулы ерітіндісін араластыру арқылы түзіледі.Қатайған цемент ядролары реакцияланбаған мырыш оксидінен тұратын цементтелген дәндері болып табылады,ал қабық-матрицасы-ол мырыш фосфаты.Мырыш- фосфатты цементтердің басты кемшіліктерінің бірі-тіс тіндеріне деген нағыз адгезияның болмауы,алғашқы қышқылдығының жоғары болуы (ол тіс ұлпасына нағыз қауіп),төмен беріктілік пен қанағаттындырмайтын эстетикалық қасиеттері болды.
1873 жылы силикатты цементті ойлап тапты,оның ұнтағы бұл-кремний тотығы,алюмосиликаттар,фторлы қосылыстар мен пигменттерден тұратын жұқа майдаланған қышқылда еритін шыны,ал сұйықтығы-фосфор қышқылының сулы ерітіндісі.Кейінірек фторлы қосылыстардың жоғары болуы(15%) белгілі материалға тісжегіге қарсы қасиеттерін беретіні туралы ой-пікір ұсынылды.Силикатты цементтердің басты кемшіліктері бұл-алғашқы қышқылдықтың баяу түрде төмендеуінен тіс ұлпасына токсикалық әсері,майысуға төмен беріктілік ,ауыз қуысы жағдайларындағы салыстырмалы түрдегі жоғары ерігіштік,тіс тіндеріне адгезияның төмен болуы.
Жоғары сапалы пломбалық материалдарды ойлап табуға деген ұмтылыс ХХғасырдың 60жж.аяғында поликарбоксилатты цементтерді шығаруына әкелді.1966ж.құрамы мырыш оксиді мен полиакрил қышқыл қоспасынан тұратын цементтердің жақсы адгезиялық қасиеттері анықталды.Поликарбоксилатты цементтердің қатаюы полиакрил қышқылдың сызықты макромолекулаларын металдардың поливалентті катиондарымен тігілуі нәтижесінде кеңістікті-торлы құрылымның түзілуіне байланысты.Кальций гидроксиапатиттерінен хелатты байланыстардың түзілуі,сонымен қатар полиакрил қышқылының комплекстерді түзей білу мен дентин протеинімен реакцияға түсуі поликарбоксилатты цементтердің тіс кіреукесі мен дентинге деген адгезиясын қамтамасыз етті.
Ендеше,поликарбоксилатты цементтер тіс тіндеріне нағыз адгезиясына ие болған алғашқы пломбалық материалдар болып шықты.Бірақ олардың төмен беріктілігімен қанағаттындырмайтындығыэстетикалық қасиеттерінің оларды қолдану шектелді.
Кейінгі ізденістер 1971 жылы алғаш рет сипатталып жазылған жаңа класс цементтердің пайда болуына әкелді.Жаңа материалдың артықшылығы мырыш оксиді негізіндегі ұнтақтың жұқа майдаланған фторалюмосиликатты шыныға ауыстырылуына негізделді.Мырыш-поликарбоксилатты цементтердің адгезиялық қасиеттерін қосқан,құрамында фторы және де қаанғаттандыратын эстетикалық қасиіеттері бар жаңа материалдар шыныиономерлі цементтер(ШИЦ) деген атауға ие болды.
Алғашқы коммерциялық шыныиономерлі цемент ASPA-IV 70-шы жылдардың басында АҚШ-та De Trey компаниясымен шығарылған болатын.Алғашқы шыныиономерлер жұмыс жағынан жеткілікті түрде күрделі және ылғалдылық пен дегидратацияға өте сезімтал болған.ШИЦ- тер 1984жылы нарықта капсулалар түрінде цементтер (Ketac Aplicap жүйесі, ESPE)пайда болғанда жоғары әйгілікке ие болды.
Шыныиономерлі цементтердің құрамы
Шыныиономерлі цемент- бұл негізгі шыны мен қышқыл компоненттен тұратын,осы компоненттердің арасындағы қышқыл негіз реакциясы нәтижесінде қатаятын цемент. (McLean J.W. және қос.басқалар1994жыл)(1-сурет).
Ұнтақ.Алғашқы шыныиономерлі цементтердің ұнтағы 2:1 қатынасындағы кремний диоксиді мен алюминий және 23% фтордан тұрған.Қазіргі кезде шығарылатын шыныиономерлі цементтің ұнтағы келесі мысада келтірілген.
Кремний диоксидінің жоғары концентрациясы шынының жоғары мөлдірлік дәрежесін қамтамасыз еткенімен,цементтің ұсталу үрдісін тежейді,қатаю уақыты мен жұмыс уақытын ұзартады,сонымен қатар қатайған материалдың беріктігін біршама төмендетеді.
1-кесте.Шыныиономерлі цементтің құрамы (Bayne S.C.61998 жыл)
Компонент |
Құрамы % |
Кремний диоксиді |
29,0 |
Алюминий оксиді |
16,6 |
Кальций фториді |
34,3 |
Алюминий фосфаты |
9,8 |
Натрий фториді |
5,3 |
Алюминий фториді |
5,0 |
Алюминий оксидінің көп мөлшері материалдың мөлдірлігін төмендетеді,бірақ оның беріктілігін,қышқылға төзімділігін жоғарылатады,қаатю және жұмыс уақытын азайтады.Ұнтақта кальций фторидінің жоғары мөлшерде болуы материалдың мөлдірлігін төмендетеді,бірақ құрамындағы фтор мөлшерінің көп болуынан оның тісжегіге тұрақтылық қасиеттерін қамтамасыз етеді.Қолданыстағы шыныиономерлі цементтердің құрамындағы фтордың орташа мөлшері-20-25%.
Алюминий фосфаты материалдың мөлдірлігін төмендетіп,оның беріктілігі мен механикалық тұрақтылығын жоғарылатады.
Иондардың босау деңгейі мен материалдың эстетикалық қасиеттері(пигменттердің болуы ,шағылу және сыну көрсеткіштері) шыныға тәуелді болады.Ұнтақ бөлшектерінің көлемі материал тағайындауға байланысты болады-ол реставрациялаушы материалдар(40-50 мкм)мен төсемдік және бекітуші цементтерде көбірек(20-25 мкм).
Ұнтақ құрамына күміс немесе күміс амальгама ұнтағының бөлшектері кіретін материалдар-керметтер құрастырылды.
Полиқышқылдар.Полимер ретінде молекулярлық массасы,формуласы мен конфигурациялары көп түрлі поликарбон қышқылдарының әр түрлі комбинациялары қолданылады.Полимеризация үшін әдетте үш қанықпаған карбон қышөылдары қолданылады:акрилді,итаконды және малеинді.Бұл қышқылдардың полимерлерінде карбоксилді топтар көп ,олардың арқасында полимер тізбектерінің тігілуі жүріп,тіс тіндеріне адгезиясы қамтамасыз етіледі.
Шыныиономерлік цементтердің шығарылу түрлері
Сулы цементтер (құрамына полиқышқылдар мен су кіреді) ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.Ұнтағы-ұсақ майдаланған фторалюмосиликатты шыны мен қажетті қоспалар,ал сұйықтығы-карбон қышқылдар кополимерінің сулы ерітіндісі мен 5% шарап қышқылы болып табылады.
Сусыз цементтер (сусыз полиқышқыл құрамдас)-бұл дистилденген суда араластырылатын су құрамдас цементтердің түрі.Сусыз материалдардағы төмен температурада кептірілген полиқышқыл мен шарап қышқылы шыны ұнтаққа қосылған.Мұндай материалдардың артықшылығы сұйықтық тұтқырлығының төмен болуына байланысты оңай араластырылуы,ұнтақ немесе сұйықтықтың мөлшерден артық болмауы,тасымалдағанда және сақтау кезіндегі өте ыңғайлы болуы.Бірақ сусыз шыныиономерлердің бастапқы қышқылдығын жоғары болуы операциядан кейінгі сезімталдылықтың басқа материалдармен салыстырғанда жоғары болуына әкеледі.Сусыз цементтердің ұнтақтары ауадағы ылғалдылықты белсенді түрде сіңіріп алатындықтан оларды тығыз жауып сақтау керек.
Жартылайсулы цементтер сулы және сусыз цементтердің арасындағы аралық орын алады.Себебі полиқышқыл ұнтақ және ерітінді де түрінде де болады.
Көптеген ШИЦ-тер жұқа қалқаны бар капсулаларда шығарылады,ұнтақ пен сұйықтық дұрыс қатынаста сақталады.Капсуланың белсенділігі мен материалды араластырғаннан кейін жылдамды араластырғышта 10 секунд ішінде оптимальды технологиялық қасиеттерге ие масса түзіледі.Капсулалық
жүйелердің кемшілігі материал порциясының мөлшерін нұсқалаудың мүмкінсіздігі болып табылады.Қазіргі заманға сай капсулалар тісжегі қуысына материалды жеткізу үшін поршень мен мұрынмен жабдықталған.
ШИЦ-тердің қатаюы.
ШИЦ-тердің қатаюы бірінен соң бірі жүретін үш кезеңнен тұрады:
Еру(гидратация,иондардың бөлінуі,иондардың сілтіленуі)
Қоюлану(алғашқы гельдің түзілуі,бастапқы тұрақты емес қатаю)
Қатаю(дегидратация,пісіп-жетілу,соңғы рет қатаю)
Еру кезеңі.Бұл кезеңде ерітіндіге ауысқан қышқыл шыны бөлшектерінің беткей қабатымен реакцияға түсіп,одан алюминий,кальций,натрий және фтор иондарын бөледі,кейін бөлшектердің бетінде тек қана силикагель қалады.Иондардың бөліну үрдісі 24 сағат ішінде аяқталады,бірақ материал өзінің соңғы физикалық және механикалық қасиеттеріне жетпей 3-6 минуттан кейін ғана қатаяды.Қышқыл әсер етуінен шамамен 20-30% шыны бөлшектері декомпозицияланады.
Қоюлану кезеңі.Шамамен 7 минутқа созылады.Бастапқы қатаю полиқышқылдар молекулаларының кальций иондарымен тігілу жолымен жүзеге асады.Полиқышқылдардың молекулалары гельге ауыса бастайды.Бұл кезеңде цементтің рН жоғарылай бастайтыны байқалады.
Қатаю кезеңі.7 тәулікке дейін созылуы мүмкін.Ол негізінен полиқышқылдар молекулаларының кальций иондарымен тігілу жолымен жүзеге асады.Алюминий иондарының үш валенттілігі жоғары дәрежедегі көлденең байланыс пен кеңістікті құрылымның түзілуін қамтамасыз етеді.Бірақ кальций және алюминий тізбектері үзіліп,реставрацияның бүкіл кезеңі бойында орын ауыстыра алатыны туралы мәліметтер бар.Бұл кезеңде сонымен қатар шыны бөлшектердің бетіндегі силикагель түзілу үрдісі аяқталады.Бұдан кейін материал ылғалдылыққа төзімсіз болады.Қатайған це менттің соңғы құрылымы шыны бөлшектер болып табылады,олардың әрқайсысы силикагеьмен қоршалып,көлденең байланысқан полиқышқылдар молекулалардың матриксінде орналасады.(2-сурет).
2-сурет.Шыныиономерлі цементтің қатаю кезеңдері:полиқышқылдар молекулаларымен үш валентті алюминий иондарының көлденең түрде тігіліп,кеңістікті полимер құрылымның түзілуі.
Шыныиономерлі цементтердің негізгі қасиеттері:
ШИЦ-тер өзінің қолданысына байланысты үш топқа бөлінеді:
Бекітуші
Қалпына келтіруші
Төсемдік,соның ішінде базисті(композитті материалдармен реставрациялаудың негізі ретінде)
G.J.Mount ШИЦ–терді“қазіргі күнгі жалғыз биологиялық белсенді реставрациялық материалдар”деп атады,себебі олар тістің қатты тіндерімен байланысып,құрамынан фтор бөле алады.
Кіреуке,дентин және цементке химиялық адгезиялануын екі механизммен түсіндіріледі.
Полиакрил қышқылы молекулаларының карбоксилатты топтары кальциймен,соның ішінде дентин мен кіреукенің кальций гидроксиаппатиттерімен байланысқа түсе алады.Поликарбон қышқылдары азоттың белокты молекулаларына туыстас келіп,соның ішінде коллагенге,бұл дентин коллагеніде полиакрил қышқылының абсорбциясымен көрінеді.Көптеген материалдарға химиялық адгезиясы (композиттер,амальгамалар,эвгенол,азот,платина,оксидтелген фольга ,тоттанбайтын болат,қалайы,алтын қоспасы бар материалдар)ШИЦ-тердің әр түрлі субстраттар мен хелатты және сулы байланыстар түзілуімен қамтамасыз етіледі.
Фтортәуелдес тісжегістатикалық әсер ШИЦ-тердің қатаю және қатайғаннан кейінгі кезеңдерде жүретін екі үрдіске негізделген-фтордың бөлінуі және пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шекарада фторқұрамдас апатиттер қабатының түзілуі.
Фтор иондарының бөлінуі еру фазасында басталады және иондардың бүкіл уақыт бойы бөліну үрдісіне дейін созылады.24-28сағаттан кейін ол шегіне жетіп,72 сағаттан кейін жедел түрде төмендейді.Шиц бөлетін фтордың бірнеше айлар бойы дентиннің 25-50мкм тереңдігінде сақталатыны туралы мәлімет бар.Фтордың диффузиясы қоршаған қатты тіндердің минералдануын күшейтіп,дентин өткізгіштігін төмендетіп,бастапқы зақымданулардың реминерализация үрдістің тоқталуын немесе қалған тісжегі үрдістің тежелуін қамтамасыз етеді.
ШИЦ-тердің антибактериалдық қасиеттері бөлінетін фтор әсерімен байланысты.Мырышфосфатты немесе мырышполикарбоксилатты цементтерге қарағанда ШИЦ-терден қойылған пломбалардың бетінде бактериялар мөлшерінің деңгейі төмендеу екені дәлелденген.
Жақсы биосәйкестілік,антитоксикалық қасиеттері.ШИЦ-тер жоғары биосәйкестілікке ие.Жануарларға жасалған ШИЦ-ті теріастылық имплантациялау тәжірибесінде қоршаған тіндерде ешқандай патологиялық реакциялар анықталмаған.Материалдың бастапқы кездегі жоғары қышқылдылығының ұлпаны тітіркендіру мүмкіндігі терең тісжегі қуыстарында кальций құрамдас төсемдерді қолдануды қажет етеді.
Жылудан кеңею коэффициентінің тіс тіндеріне жақын болуы.Бұл пломбыланған тістердің сынып кетуін немесе ауыз қуысында температура өзгергенде пломбаның жиектік жабысуының бұзылуының алдын алады.Басқа материалдармен салыстырғанда ШИЦ-тің жылу өткізу коэффициенті дентинге жақынырақ.
Қатаю үрдісі кезінде жылудың бөлінуі.Айқын емес,ұлпаға жағымсыз термиялық әсер етуді алдын алады.
Қысымға жоғары беріктілігі.ШИЦ-тердің бұл қасиеті оларды сэндвич-техникасы кезінде композиттік материалдар астына қолдануға мүмкіндік береді.
Диаметрлік созылуға төмен беріктілік.Бұл қасиет ШИЦ-терді тістердің қысым анық түсетін аймақтарында қолдануды шектейді(кесу қырлары,шайнау төмпешіктері).
Эластикалық төмен болуы.ШИЦ-тердің салыстырмалы ригидтілігі шыны бөлшектер мен ионды табиғаттың бар болуымен және полимер жіпшелерінің арасындағы байланыстың болуымен түсіндіріледі.Бұл қасиет ШИЦ-терді V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылауға мүмкіндік береді.
Отыруы.Шиц-тердің көлемдік отыруы оларды қойғаннан кейін 30-секунд өткенде 1-3,6%,ал 24сағаттан кейін -2,8-7,1% құрайды.Бұл отырудың күші композиттік материалдарды полимеризациялағанда пайда болатын отыру күшінің 40%-ын құрайды,бұл ШИЦ-терді сэндвич-техникасымен композиттермен бірге қолдануға мүмкіндік береді.
Жиектік тұрақтылықтың жақсы болуы.Ол ШИЦ-тің қасиеттері арқасында жүзеге асып,басқа пломбалық мавтериалдарға қарағанда микро ағып кету мүмкіншілігінің минимальды түрде болуын қамтамасыз етеді.
Ерігіштігі.Судағы жоғары ерігіштік-көптеген цементтердің кемшілігі,соның ішінде ШИЦ-терге тән,дегенмен ШИЦ-тердің басқа цементтерге қарағандағы артықшылығы-ол қышқылдардағы ерігіштігінің төмен болуы.
Қажалуға төмен болуы.Жүктеменің жоғары дәрежелі бар жерлерде ШИЦ-терді қолданбайды.
Эстетикалық қасиеттері.ШИЦ-тердің түсі шыны түрімен және түрлі түсті пигменттердің қосылуымен қамтамасыз етіледі.ШИЦ-тер түсі тіс тіндеріне түсіне жақын болып келеді,бірақ қатаю жағынан төмендеу.
Химиялық жолмен қатаятын ШИЦ-тердің кемшіліктері:
Салыстырмалы қысқа уақыты кезінде соңғы қатаю уақытының ұзақ болуы.
Алғашқы РН мәнінің ұзақ уақыт ішінде төмен сақталуы,бұл ұлпаға жағымсыз әсерін тигізеді.
Қатаюдың барлық кезеңдерінде ылғалдылықтың тапшылығы мен артық болуына өте сезімтал келеді
Қатты кептіріп алғанда микротесіктердің пайда болуы.
Қатты кептіріп алғанда кондиционердің тежеліп қалу мүмкіндігі(қышқыл мина деп аталатын заттың түзілуі)
Пломбыланғаннан кенйінгі тістің жоғары сезімталдығы
Тұрақты емес адгезиялық қасиеттерінің тұрақсыздығы
Бүйір және жұлынатын күштерге сынғыш және беріктілігінің төмен болып келуі
Эстетикалық қанағаттандыру жеткіліксіз,төмен беріктілік,пломба мен тіс тіндері арасындағы оптикалық шекараны алып тастаудың қиыншылығы,қанағаттандырмайтын жылтырату.
ШИЦ-тердің типтері