Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
darhan kursavoy новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

I. Алкатель-1000 s -12 негізгі ерекшеліктері және техникалық сипаттамасы.

1.1 Жүйенің жалпы сипаттамасы

Алкатель-1000 S -12 толық сандық телефон станциясы болып табылады. Оның ең негізгі ерекшелігі қарапайым және аппаратты мен бағдарламалық модулдердің ең кіші станциядан үлкен станцияға дейін қосуға мүмкінділігі бар.

Алкатель-1000 S -12 коммутация жүйесі:

  • қашықтықтағы абонент блоктарын;

  • кіші, орташа және үлкен сйымдылықты станцияны;

  • кіріс және шығыс хабар түйіндерін;

  • қалааралық және халықаралық станцияны;

  • жүйенің оператормен қызмет етуі және желінің қызмет ету орталығын;

  • ұялы байланыстың коммутация орталығын;

  • транзитті сигнализация пунктерін ұйымдастыра алады.

Негізгі техникалық сипаттамасы:

  • абоненттік желі саны – 200000 жоғары АЛ;

  • жалғастырғыш желі саны – 85000 жоғары;

  • коммутациялық қабілеттілігі- 35000 Эрл.;

  • ЧНН шақыру саны – 2000000 жоғары;

  • Сигнализация желісін басқару қондырғысы – ОКС № 7 1024 желі;

* электрмен қоректенуі- -48 В және тұрақты тоқ – 60 В.

    1. Алкатель-1000 S-12 негiзгi архитектурасы келесі принциптерге негізделген:

  1. ішкі коммутация элементтері өзіндік машрутты қамтамасыз етеді және ішкі блокировканы тудырмайды;

  2. таратылумен басқару әдісі қымбат емес кеңінен қолданылатын микропроцессорды қолданады;

  3. әртүрлі сйымдылықты станцияны құруда бір және сол элементтерді қолданады;

  4. станцияның қондырғы көлемі талап етілген сйымдылық пен жүктемеге тәуелді;

  5. бағдарламамен қамтамасыз ету модулі соңғы хабар машинасын (FMM) және жүйені қолдайтын машинасын (SSM) қолданады;

  6. бағдарламамен қамтамасыз ету физикалық таралуға тәуелді емес;

  7. мәліметтерді анықтау физикалық таралуға тәуелді емес.

Алкатель-1000 S-12 негiзгi архитектурасы сандық коммутация өрiсiнен (DSN) және оған қосылатын әртүрлi терминалдi модулдерден тұрады. Әрбiр модулде басқару логикасы мен есте сақтау қондырғысынан тұратын терминалдi басқару элементi (TCE) болады. Олар стандартты интерфейс арқылы DSN -мен жалғанады. Коммутация өрiсi бiрдей сандық коммутация элементiнен тұрады. Олардың әрқайсысы коммутация өрiсiн басқару үшiн логика мен жадыдан түрады.

Сурет. 1 Алкатель-1000 S -12 құрылымдық схемасы

Құрылымдық схемасы және оның модулдерiнiң аталуы

TC- терминалдi басқару элементi;

ACE – қосымша басқару элементі;

ASM- аналогты абонент модулi;

ISM- интеграция қызметiндегi сандық торап

DTM- сандық жол модулi;

IPTM- интегралдi коммутация пакетiндегi жол модулi;

IRIM- интегралдi коммутация пакетiндегi интерфейс модулi;

HCCM- жоғарғы өндiргiштiң ортақ канал модулi;

DTUB- В-түрiндегi сандық жол қондырғы платасы;

DIAM- интегралдi автоматты жауапбергiш динамикалық модулi;

SCM- қызмет комплектiлер модулi;

ECM- жаңғырықтан қорғағыш модулi;

TTM- жолды тесттiлеу модулi;

OIM- оператордың интерфейс модулi;

DСM- сандық конференц байланыс модулi;

CTM- тон және тактілі сигнал модулi;

P& L- периферия және жүктеме модулi;

MIM- жылжымалы байланыстың өзара қатынас модулi.

Кейбір ТСЕ модулдері Алкатель-1000 S -12 жүйенің ішінде орналасады, ал кейбірі сыртқы желіге қосылады. Сыртқы желіге қосылған модул (интерфейс және басқарудан тұратын) қосымша басқару элементі (АСЕ) болып табылады. Бұл модул бағдарламамен қамтамасыз етуге қосымша қызмет етеді. Қалған модулдердің барлығы қосарланған, яғни біреуі активті екіншісі- пассивті жұмыс істейді. Біреуі істен шықса екіншісі жедел түрде жұмысты өзіне алады. Сондықтан бірнеше модулдер бірдей функцияны орындауы мүмкін. Барлық ішкі байланыстар 32 каналды ИКМ трактісін құрайды, ал код сөздері 16 бит/с ұлғаяды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]