Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

Іі. Хіх ғ. Қазақ ағартушыларының философиясы

2.1. Ш. Уәлиханов- ағартушы, философ, энциклопедист

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов-(1835-1866) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғамдық қайраткер Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.

Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы (қараша, 1835, Құхмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, - сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тындаған (1861-62). Арғы атасы - Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) -Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері - оның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы, хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. "Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол астына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді", - деп жазды П.П.Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құхмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алғаны бар; Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша "жеті жұрттың тілін білуге" тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан-ақ жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының көмегімен кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең тандаулы оқу орны болып есептелетін корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, "ағартушылық пен патриотизмнің" жері болатын.

Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан "Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағыларды ғана емес, өзінен екі жас үлкендерді де идея жағынан басып озды" - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н.Ф.Костылеңкий (1818-67), мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.П.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал етеді. Костылеңкий арқылы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың "Хан жарлығына" талдау жасайды. Бұл - оның алғашқы ғылыми жұмысы.

Осылайша, Шоқан корпустың мұғалімдері мен Омбының алдыңғы қатарлы интеллигенциясының көзіне түседі. "14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді", -дейді Потанин. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқыды. Сирек кездесетін көне кітаптарды қол жете бермейтін фундаментальдық кітапханадан алып оқуға корпус басшылары оған арнайы рұқсат еткен. Орал, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал. Алтайды зерттеген П.С.Палластың (1741-1811) "Саяхатын", Еділ, Каспий, Оралдың тарихы мен этнографиясын жазған П.И.Рычковтың күнделікті жазбаларын, әсіресе кітаптардың туған жерге арналған беттерін қызыға оқыған. Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тянь-Шанский, Потанин, Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған.

1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шығады. Сібір қазақ-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқарған генерал Г.Х.Ғасфорттың (1790-1874) адьютанты қызметіне белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды.

1856 жылы Шоқан М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол "Манасқа" назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстық көлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. 1856-57 жылдары екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғылыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тянь-Шанский Орға Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған.

Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық қоллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстық көлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қалалардың мәдениетіне -көне заманғы суару жүйелерінің архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ресей қол астындағы Жоңғарияда, зеіресе Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, "Манас" жырын жазып алады.

Ш.Уәлихановтың тарих, география саласындағы даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл - оның орыс ғылымы алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.

1858-59 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылыми ағартушылық саласындағы шығармашылығы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты [7, 33-35 б. б.]

Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшыл ретінде қалыптасуына орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың кейбір көзқарастары мен идеяларын қуаттады. [4, 128 б.]

Ш.Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни 1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан, өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан 30 жылдық аз өмірінің ішінде этпография, Қазақстан және Орталық Азия тарихы мен мәдениеті саласында көптеген еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы, мәдениеттанушы. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда көптеген шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Ол "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Сахарадағы мұсылмандық жөнінде", "Тәңір" (Құдай) деген еңбектерінде философияның басты мәселелеріне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш.Уәлихановтың табиғат пен адамның үйлесімді өзара қатынаста болатындығына шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде "сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады" деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, "Тәңір" (Құдай) мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.

Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Ш.Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңданудың пәні болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның табиғатқа қатынасын танып білу қажеттілігін шамандықтан туды деп тұжырымдайды. Бұдан Ш.Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуының бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе адам, адамның терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді.

Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұхара молдаларының таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүргеп зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары "ой мен сезімнің дамуын тежейтіп өлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді" деп көрсетеді. Кейбір ислам дінің жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға болмайды деген пікіріне ол қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін емес дегенді бекерге шығарады.

Шоқанның прогресті халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруымен тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан түсінудің бірден-бір белгісі деуімізге болады. Ерекше назар аударарлық нәрсе - Шоқанның демократиялық көзқарастары. Мысалы, "Сот реформасы жайында хат" еңбегінде патша үкіметі тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи түрде сұрыпталатын билер артық деген қорытындыға келді. Себебі би болу үшін ол адам әділдігімен, шешендігімен көзге түсуі керек. Егер әділ болмаса оған ешкім билік айтқызуға келмей қояды, ал патша үкіметі сайлаған сот билігі осы уақытқа шейін сот міндетін атқаратын болады, оның іс-әрекетінде немкетерлік пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Халық дұрыс даму үшін, алдымен оған қажет нәреслер - өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп және сақталып қалу үшін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық сипатына бейім болуы да керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша, дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зияндығын тигізеді. Сонымен бірге Шоқан халық өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп, өмір сүруі керек деген ойдап аулақ. Керісінше, еуропалық, жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеру қай елдің болмасын алдына қоятын мақсаты болуы керек деген ойды қолдайды. Әрине, еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халқы ағарту мәселесін іске асыру қажет. Бұл ретте қазақ жұрты үшін орыс мәдениетінің маңызын Шоқан ерекше жоғары бағалады. Осы себептен де көптеген мақалаларында қазақ даласында орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді қажет дейді. Қазақ жеріне дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кезде осы қиыншылықтардың бәрін патша үкіметі шеше алады деп сенді. Ресейдің мәдениетті көтермелемек тәсіліне үлкен үміт артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді жақсы меңгерсе де өз халқынан ажырамады, халқының мұңын, әсіресе, қалың бұқараның жоғын жоқтады. Г.Н. Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халқынан ажырата алмады, керісінше, ол тәрбиеленген еуропалық рух өз елінің қызметшісі болуын міндеттеді деп жазды [2,426-428 б.б.]

Ресей үкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе бастады. Әсіресе, генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс әскерлерінің отаршындық озбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен шығып, ел ішіне кетеді. Н.М. Ядринский Шоқан туралы естелігінде: "бұратана халықтың өкілі өркениет нәрін татып, білім алса да бөтен мәдениет халқының ырқын ығыстырғанын көзімен көргенде, біржақты ықпалдың болашағына сенбей өз жұртына оралуды жөн көрді" дейді. Қоғамды ұйымдастырудың жолдары мен әдістерінде Ш.Уәлиханов әкімшілік жолмен жасалатын реформаға шешуші мәселе деп қарады. Сондықтан отаршыл_үкімет орындарына бірнеше рет ұсыныстармен барып та жүрді. [4, 130-131 б.б.]

1864 жылғы 26 наурызда Шоқан Уәлиханов "Қазақтың көші-қоны" мақаласында өткен XVIII ғасырда қазақ елі қаншама қантөгіс соғысты, барымташылдықты бастан кешірсе де малы қазіргіден әлдеқайда көп, тұрмысы анағұрлым жоғары болғанын еске сала келіп, XIX ғасырда мал -жылдан жылға азайып, қазақ шаруаларының тұрмысы төмендеп кеткенін үлкен қынжылыспен атап көрсеткен. Олардың себебін қазақ жеріндегі құнарлы аймақтарды үлкен өзендер бойын жағалай салынған қамалдар мен бекіністерді, қазақ станицаларына берілуімен байланыстырады. Сөйтіп, малдың өрісі тарылып, өсімі баяулап, әнімі азайып кетті.

Ресейдің ықпалды таптарының өкілдерінің қазақтарға деген бұндай қатынасы қазақ ағартушылары тарапынан наразылық туғызды және олар отарлаушыларды қатал сынға алды. Олар, шып мәнінде, Қазақстандағы патша әкімшілігінің шенеуніктерінің тонау әрекеттерін қатты сынады. Мысалы, Ш.Уәлихановтың "Сот реформасы жайында хат" деген мақаласы, Ф.М.Достоевскийге, А.Н.Майковқа, К.К.Гутковскийге жәнс т.б. жазған хаттары, жұмыс нұсқасындағы еңбектері Қазақстандағы патша үкіметінің шенеуніктері қазақ халқының артта қалуы мен сауатсыздығын пайдаланып, ауқымды байлық жинағандарын көрсетіп жазады. Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, "рулық тұрмыс заңы" қазақтардың "табиғи" даму кезеңін жақсы көрсете, "ол тек қана, - деп жазды Ш.Уәлихаттов, - бай қырғыздардың мансапқұмарлығын қанағаттандыруға және лай суда балықты жақсы ұстай білетін орыс шенеуніктерінің баюына қызмет етті". Ф.М. Достоевскийге жазған бір хатында ол өзінің шынайы тапкырлығымен және айқын көрініп тұрған жек көрушілік сезімімен губернаторлық ханды, туған жері Мюнхенді тастап, аты "сһен"-мен аяқталатын қарындасымен бірге тәуелсіз Татариядағы қырғыздарды алдап, олардың ақшасына әйеліне арнап "цитрондық лентасы бар померанцтық көйлек тіктіргісі" келетін барвар немісі туралы жазады.

Қазақстандағы отаршылдық үкіметтің жоғарғы дәрежедегі шенеуніктері жеке бас пайдасы үшін бір-бірімен үздіксіз қырқысып, бір-бірлерінің артынан сөздер айтты және әр біреуі өз шаруасын бітіруге тырысты. Осының нәтижесінде өлкеде тәртіпсіздік, озбырлық және шенеуніктердің өз білгенін істеуі кең етек алып, оясыз да қазақ еңбеккерлерінің қиын жағдайын ауырлата түсті.

Зардап шеккен халықтың ауыр тағдырын жеңілдету жолдарын табу үшін шын ниетімен қам жеген Ш.Уәлихаиов Ресейдің прогрессивті адамдарына үндеу тастап, күреске көмектесуді сұрады және олардан қолдау іздеді. Ш.Уәлиханов қатты ашу-ызамен әлгілердің алдында қазақ даласына орныққан орыс қанаушыларының халық байлығын бөлу үшін өзара күресін және олардың шексіз сараңдықтарын, еңбекшілер арасында шексіз пайда табу ниеттерін ашық көрсетіп, 1864 жылдың наурызында К.К.Гутковскийге былай деп жазады: "Облыстық басқарма мен канцелярия өзара соғысуда. Канцелярия жағынан жауынгер болып Крохолев шықты және қырғыздардың ақшасын өзіне алды, басқаруға ешкім аяқ баспайды. Ивашкевич ашулы және Майделді азғыруда, бірақ тікелей әрекет етуге батылы жетпейді, дегенмен де клуб ішінде ұрысып-керісуде.

Барлығы да жаңа тәртіпті күтуде және жартылай патшашылдық күйді пайдалануда. Ашық әрі сұмдық алады, жұмыстан кетті деп бүгін жазады, ертең ақшаны алып, шешімді жояды және тағы сол сияқтылар[2, 429-430 б.б.]

Н.Г.Чернышевскийдің "Философиядағы антропологиялық ұстын" атты Батыс Еуропа экопомистерінің, оның ішінде Ст.Милльдің идеяларын қарастыратын еңбегінде автордың реформа мәселелеріне көзқарастарын қолдауы көңіл аударарлық. Уәлиханов соңғысының еңбектерімен де жақсы таныс болған. Чернышевскийдің ойын дамыта отырып, реформа қарастырып отырған әлеуметтік қауымдастықтың тұрмыстық, ұлттық, тектік, топтық психологиялық және салт-дәстүр ерекшеліктері ескерілуі тиіс еді. [5, б.]

Революцияшыл демократтар реформа мәңін теріске шығармағанымен, алдыңғы қатарға революциялық күрес жолын қойса, Ш.Уәлиханов типтік ағартушылықты ұстанып, халық бұқарасының өмірін материалды және рухани жағынан жақсарту көзі реформа деп білді. Қоғамдық прогрестің бірінші шарты ағарту мен ғылым, білімді таратуда, содан соң реформа жүргізуде деп түсінді. Ш.Уәлиханов жалпы әлеуметтік бақытсыздықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді. "Әділетті басшы" идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға шарттылығы жайлы айтылған жеке ойлары болғанымен жалпы алғанда ағартушылық позицияны ұстанды. Бірінші кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою қажет. Олай болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, әкімшілік және сот реформаларының мәнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат - әлеуметтік теңсіздік пен ұлттық қанаудан арылған еркін, тәуелсіз қоғам құру. [2, 430-431 б. б.]

Ш.Уәлиханов мәңгілік шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін түрлерінің ішімде Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді "гуманды ілім" деп бағалады. Жалпы алғанда, Ш.Уәлиханов дүниетанымы, оның шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орталық Азия мен Қазақстаннық рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады. [5, 243 б.]

Ш.Уәлиханов білімділік пен ар-ұждан туралы түсінік болмай тұрып өнегелілік туралы сөз қозғау артық деп есептейді. Бұл қасиеттердің болмауы дегеніміз өнегелілік жоқ деген сөз. Яғни оның орнын өнегесіздік басады деген қорытындыға келеді ойшыл. Ол өнегелілік түсініктердің бесн туралы түсіпылған еркін, тө мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық млгілі бір шегімен анықталады, ал тазалық дегеніміз адамның ішкі дүниесінің таза болуы деп түйіндейді. Білімділік пен ар-ұждан, нағыз өнегелілікті қамтамасыз ететін, адами құндылық. Ш.Уәлихановтай оқымысты, Ш.Уәлихановтай ақсүйек үшін білімділік пен ар-ұждан әрі биік адами құндылық болып саналады.

Қазақ ағартушысы еркіндік адамда жағымды өнегелілік қасиеттің дамуына ықпал етуге ең қажетті нәрсе дегенді баса айтты. Бірақ толыққанды өнегелілікке жетуге бір ғана еркіндік жеткіліксіз, себебі, сол еркіндікті дұрыс пайдалана алу керек. Осы еркіндікті көзі ашық адам ғана пайдалана алады, надан адамның қолынан бұл келмейді. Мұнымен қоймай ойшыл надандық еркіндікті дұрыс пайдалануға кедергі жасап қана қоймайды, сонымен қатар адамдарды азғындауға итермелейді деп түйіндейді.

Сот реформасын дайындауға Ш.Уәлиханов та тікелей қатысты. Бірақ оның әрекеті патша әкімшілігі мен қазақ компрадорлық аристократиясының істеріне қарама-қарсы келді. Ш.Уәлиханов "Сот реформасы жайында хат" деп аталған еңбегінде үкіметтік комиссиялық жұмыс жасау әдістерін қатты сынға алды, себебі олар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен даму деңгейін елемей, халық пікірімен санаспай, өз тұжырымдарында тек қана даланың жоғарғы аристократиясының пікіріне сүйенеді. Комиссия жұмысының негізі болып табылатын әдістерінің жамандығы мен жарамсыздығын Ш.Уәлиханов деректермен дәлелдеп, ашып көрсетті, яғни ауызша сауалнаманық сауатсыздық жайлаған және басылып, қорғалақ болып қалған халықтың шынайы мүддесі туралы дұрыс көрініс беруі мүмкін еместігін көрестті. Билеуші таптың пікіріне келетін болсақ, қазақ ағартушысының талабы бойынша, олардың пікірін көңілге алуға да болмайды, себебі реформа жеке сословиенің пайдасы үшін емес, жалпы ұлттың пайдасы үшін жасалып отыр ғой. "Сұлтандардың және билердің пікірі аз құрметке лайық, - деп жазды ол, - өйткепі бүтіндей ұлттың мүддесі, әділдікке орай, жеке сословиелің пайдасынан да артық көріну керек". Ол батыл түрде: "Қоғамда артықшылығы бар таптардың пікірлерін, халық қажеттілігінің керісінше бейнесі ретінде қарастыру керек, себебі жоғарғы өркениетті қоғамдардың өзінде де олар көп жағдайларда көпшіліктің мүддесіне қайшы келеді".

Бай-феодалдардың билерді сайлауды формалды сайлауға бағындыру әрекетіне орай қазақ ағартушыларының үрейленуінің негізі болды. Бұл сайлау олардың қолында әртүрлі келісімдер арқылы мансапқұмарлық мақсатқа жету және халықты қанау құралына айналып кетуі мүмкін деген қорқыныштар негізсіз емес еді. Ол осыған орай былай деп тікелей жазды: "Егер де қырғыз шенеуніктері мен бай жылқы табындарының иелерінің мансапқұмарлық ынғайларына сүйенсек, билерді сайлау формалды сайлауға бағындырылады, бұл өз алдына даладағы сот төрелерінің ақшалай келісімдер және т.б. істер арқылы табын-табын жылқылары бар байлар мен бай саудагерлердің қолына өтеді..."

Осындайдан құтылу үшін Ш.Уәлиханов орыс үкіметіне "қазіргі уақытқа дейін жеткен қазақ халқының билер сотын бұрынғы күйде сақтап қалуын ұсынады, яғни сотқа жүгінген қырғыздың сотты істерде гепоттесі бар кез келген адамға жүгінуге құқығы бар, тура біздегі сияқты, ауру адам медициналық беделі бар адамға баратын болса, сол сияқты болмақ. Сотталушы атақты қорғаушыларға (адвокаттарға) жүгінеді".

Ресми сайлауға келсек, Ш.Уәлихановтың пікірінше, "жоғары талаптарды ешқашан қанағаттандыра алмайды", себебі, ол әрі қарай былай деп жазады "сайланған шенеунік болып алғашқы соң, олар (яғни билер - О. С.) біздің басшыларға ұқсап кететін болады, олар барлығынан пара алады және барлығына өзі де пара береді" .

Ш.Уәлихановтың мәдениетке біртұтас әлеуметтік феномен ретінде қарауы, даму логикасы ойшылдың саяси-идеялық эволюциясына сәйкес келетін, біршама тиянақталған тұжырымдардан тұратынын айта кету жөн. Мәдениет мәселелері оның аса көпқырлы мұраларын іштей жақындастырып тұрған шиеленісті де, өткір болып табылады. Ш.Уәлихановта "мәдениет" ұғымының өзі, оның әр жақты әрі шын мәні, тек нақтылы кең мәтінде ғана айқындалады. Көбінесе, "білімділік", "сауаттылық" сөздері "мәдениет" сөзінің синонимі ретінде жұмсалады. Сол сияқты "мәдениет" тәрбиелілік, өнегелілік жай-күй, адам мен қоғам ізеттілігі ретінде түсіндіріледі. Жоғарыда айтылған мағыналарды жинастыра келе Ш.Уәлиханов "мәдениет" деп адамның іс-әрекеттерінің нәтижесін (рухани немесе материалдық, не екеуін де қоса), табиғи және Құдай жаратқан әлемнен ерекшеленетін, адам өз қолынан тұрғызған әлемді түсінеді деп айтуға болады. Ол адамның шығармашылық күшін іске асырушы мәдениеттің ізгіліктік мәні туралы терең ой айтты.

Ш.Уәлиханов Шығыс халықтарының өмірін терең зерттеу барысында олардың мәдени және мәдени-тарихи даму үдерістері туралы айтқандары, сол кезде пайда болған прогресшіл бағыттағы шығыстануға қосылған баға жетпес үлес болып табылады. Оның мәдениеттанулық тұғырнамалары (тұжырымдары) шығыстанудағы нәсіпшілдік, шовинистік және еуропаорталықтық теорияларға қарсы бағытталған.

Қазақ ағартушысы қазақ халқының төл мәдениетін қорғауға бел шешіп кірісті және дәстүр мен жаңаның үйлесімді қосылуы нәтижесінде мәдениеттің интернационалдануы туралы терең прогресшіл идеялар айтты. Ш.Уәлиханов, шын мәнінде, этникалық тұйықтықтан шығуға және әлемдік мәдениетке қосылуға бағдарланған жаңа қазақ мәдениетінің бастамашысы болды. Ол өз халқын тіпті де орыстандырғысы келген жоқ, өз Отаны, Қазақ даласының, мәдени өрлеуі - көне ұлттық дәстүрлердің жалпыеуропалық мәдениет элементтерімен үндесе қосылуы, әлемдік өркениетті елдердегі жағымды нәтижелерді сіңіруі деп түсінді. Оның айтуынша, барлық жаңалықтар дәстүрді ескере отырып, енгізілуі керек. Жаңа өміршең мазмұн ала отырып, мәдениет өзінің ұлттық төл тумалылығын сақтауы керек. [2, 431-436 б.б.]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]