Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................3

І. ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен

тарихи кезеңдері............................................................................................4

1.1. Ағартушы философиясының туындалу шарттары мен халыққа ықпал ететін факторлар.....................................................................................................4

1.2. Ресей еліндегі ағартушы философиясының дамуы..............................9

ІІ. ХІХ ғ. Қазақ ағартушыларының философиясы..............................13

2.1. Ш. Уәлиханов- ағартушы, философ, энциклопедист..........................13

2.2. Көрнекті қазақ ағартушысы –Ыбырай Алтынсарин...........................20

Қорытынды..................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................28

Кіріспе

Қай жерде болмасын дін мен шіркеу ғылымының дамуы мен ойының еркін қозғалысы жолында кедергі болып тұрса, ондай жерде ағартушылық пайда болады. Ендеше, ағартушылық теоцентризмді жену қажеттілігін көрсетеді. Сөйтіп, адамзаттың ғылым мен білім ұстанымына өтуін танытады. Бұндай жалпыға бірдей тәртіптен Қазақстан да тыс қалмады. Дегенмен де, Еуропа және Ресеймен салыстырғанда діни ойлау дағдарысының себептері бізде басқаша болды. Батыстағы теоцентризмнің дағдарысы жас әрі қайсарлы буржуазия мен оның идеялық жетекшілерінің өз әрекеттерінің теологтар қағидаларымен сай келмейтіндігін тез арада жеңу идеясымен шартталатын болса, Қазақстанда бұл үрдіс Ресейге қосылудың салдарымен байланысты болды.

Сондықтан да ағартушылыққа тән әлеуметтік-саяси құрылыстың буржуазиялық жаңару қажеттілігін бейнелеуді, қазақ ағартушылығы өзгеше түрде білдіреді.

Ол Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын нығайтуға шақыру сипатында сөйтіп, қазақ қоғамының Ресейдің прогрессивті мәдениетін қабылдау ретінде көрінеді. Қазақстанда ағартушылар қазақ халқының ортасына еуропалық, соның ішінде, орыс өркениетінің енуіне негіз дайындалады, қазақ ағартушыларының сауатсыздыққа қарсы күресі, қоғамда ғылым-білім тарату үшін жүргізген күресі, адамдарды қанауға қарсы жүргізген күресі, әділеттіліктің орнығуы үшін күресі, азиялық деспотизмге қарсы күресі, демократия жолындағы күресі басқа мақсаттарды көздеп, басқа нәтижелерге алып келеді.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері қазақ ағартушылығын қалыптасу кезеңдерін қарастыру, оның Қазақстанда ағартушылықтың орнын және рөлін анықтау, ағартушылардың ағарту мәселесіндегі ерекшеліктерін қарастыру, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу, қазақ ағартушыларын Батыс және Ресей ағартушылықтарын айырмашылығы, ХІХ ғасырда Қазақстанның, саяси-әлеуметтік жағдайын қарастыру, Шоқан Уәлихановтың өмірін, ағартушылығының ерекшеліктерін және Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, философиялық ойларын қарастыру.

Тақырыптың өзектілігі ағартушылардың тек белгілі бір кәсіппен айналыспай жан-жақтылығы, ағартушылардың философиялық ойларының ерекшелігі.

Тақырыптың басты өзектілігі қандай болмасын қоғамның ағартушылық жағдай, мемлекетте ғылыми білімнің таралуы, оның жетістіктерінен мемлекеттің қандай деңгейде екенің білуге болады. Ғылыми жаңалығы ағартушылықтың қазақ халқында қалай дамыған анықтау, қазақ қоғамы үшін сол тарихи жағдайда ағартушылық қозғалыс ауадай қажет болғанын білу.

ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері